АУСКУЛЬТАЦИЯ


Slide 1

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық

Медицина Университеті

Кафедрасы : Ішкі аурулар

АУСКУЛЬТАЦИЯ

Орындаған: Кемелхан К:Ж

Факультеті: Тіс емдеу

Тобы: 302

Қабылдаған: Рысбеков Е:Р

Алматы 2010

Slide 2

Жоспары. Кіріспе. 1. Аускультатция туралы жалпы сипаттамасы. 2. Кеуде алдынан жүректі тыңдаудың нүктелер мен олардың орындары. 3. Жүрек соғуының өзгерулерінің түрлері. 4. Жүректің сырты массажы және емдеуі.

Slide 3

Аускультация- латынша ‘тыңдаймын’ деген сөз. Организмднгі өзінен өзі пайда болған дыбыстарды, көбінесе ауалық, сұйықтық қозғалыстардың дыбыстарын тыңдау. Бұл әдіс Гиппократтан бастау алады. Оның еңбектерінде плевраның үйкеліс шуылы “теріден жасалған белдіктің сықырына”, ал ылғалды сырыл уксустың қайнаған кезіндегі дыбысына ұқсатылған. Аускультация әдісінің ауруларды анықтаудағы, әсіресе жүрек, өкпе және іш қуысы ауруларын зерттеуде маңызы зор. Стетоскоп немесе фонендоскоптың тыңдау жанамалы аускультатцияға жатады.

Slide 4

Кеуде алдынан жүректі тыңдайтын нүктелер мен олардың орындары.

Жүректі қақпақшаларының кеуде клеткасында тыңдау нүктелері.

Ең бірінші жүрек ұшынан екі жармалы қақпақшада пайда болатын дыбыстар.

Екінші қабырға аралық оң жақтан қолқа қакпақшасы.

Үшінші сол жақ екінші қабырға аралығында өкпе артерия қақпақшасы.

Төртінші төстің төменгі жағында семсер тәрізді өсіндінің негізінде үш жармалы қақпқша.

Ең соңында Боткин нүктесі, ол үшінші мен тқртінші қабырғаның арасында төстің сол жағында орналасқан.

Slide 5

Жүректің нүктелік орындары.

Slide 6

Жүректі тыңдаудың нүктелік зоналары.

Slide 7

Жүрек соғуының өзгерулері және түрлері.

Тахикардия-жүректің тез соғуы, кей кезде физиологиялық жағдайда да кездеседі. Әр түрлі патологиялық жағдайларда: дене ыстығының көтерілуі, созылмалы жүрек аурулар, эндокардит, миокар инфаркті т. б. Ерекше жылдам соғуын пароксизмальді тахикардия деп атайды.

ПАРОКСИЗМАЛДЫҚ ҚАРЫНШАЛЫҚ ТАХИКАРДИЯ

Осы терминнің мағанасы 5 қатарлы қарыншалық экстрасистоладан, сонымен қатар импульстарының жиілігі минутына 130-250 Гисс шоғырының бифуркациясынан дисталды орналасқан, эктопиялық ошақтардан шыққан, ырғақты айтады. Эпизодтар 30 сек. артық болса - тұрақты, ал 30 сек. аз болса тұрақты емес қарыншалық тахикардия деп атайды. Сонымен қатар қарыншалық комплекстің тұрақтылығы мен өзгерулеріне байланысты, моно - және полиморфты деп ажыратады. Қысқа уақыттық қарыншалық тахикардияның эпизодттары симптомсыз өтуі мүмкін, ал тұрақты тахикардияда гемодинамикалық бұзылыстар болады. Жүректің органикалық аурулары.

Slide 8

Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ пуркинье талшығында немесе қарыншалар миокардында жоғары автоматизмдік ошақтардың болуына негізделген. Себептері: миокард инфаркты (көбінесе төменгі), дәрілік заттардың жанама әсерлері (оның ішінде гликозидтік улану), миокардиттер. ЭКГ: кең комплексті QRS (>0, 12 с), ЖСС - 60 - 110 мин дұрыс немесе дұрыс емес ырғақ. Жеткілікті жоғарғы жиілікте синусты ырғақты толығымен басуы болады. Кейде қосарланған немесе қосылған қарыншалық комплекстер болуы мүмкін. P тісшесі бар не жоқ, не олар интертирленген (жүрекшеге импульстің ретроградты өтуіне байланысты), не АВ-дисосация болады. әдетте емді қажет етпейді. Синусты ырғақтың жиілігі идиовентрикулярлы ырғақтың жиілігіне жеткеннен кейін аритмия басылады. Егер гемодинамикалық бұзылыстар болса (қарынша мен жүрекшенің жиырылуының координациялық бұзылыс-тарында), көктамырға атропин немесе изопреналинді енгізеді немесе жүрекшелік ЭКС жүргізеді.

Slide 9

.

Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ

. Қарыншалық тахикардия

Қарыншалар фибрилляциясы

. Пируэттік тахикардия

Slide 10

ЖҮРЕКШЕНІҢ ПАРОКСИЗМАЛЫҚ ЖЫПЫЛЫҚТАУЫ

Жүрекшелік жыпылықтау дегеніміз 7 тәуліктен артық емес ұзақтықтықтағы және спонтанды алдын алу мүмкіндігі бар жағдайды айтады. Жүрекшелік жыпылықтаудың ұстамалары ерекше, олар норма- не брадисистолия түрінде болып, айқын гемодинамикалық бұзылыстармен және науқастың жағдайының нашарлауын тудырмаулары мүмкін. Бұл жағдай шұғыл антиаритмиялық емді қажет етпейді себебі, ол пациенттің жағдайын нашарлатуы мүмкін.

Slide 11

ПАРОКСИЗМАЛЫҚ ЖҮРЕКШЕНІҢ ТЫПЫРЛАУЫ

Жүрекшелердің тыпырлауы жыпылық аритмиясының бір түрі болып табылады, клиникасы бойынша жүрекшелердің жыпылықтауынан аз ерекшеленеді, бірақта пароксизмдердің тұрақтылығымен және антиаритмиялық препараттарға резистенттілігінің жоғарлығымен сипатталады. Аритмияның дұрыс және дұрыс емес түрін ажыратады. Соңғысы клиникасы бойынша жүрекшелердің жыпылықтауына ұқсас. Сонымен қатар, жүрекшелердің тыпырлауының екі негізгі түрін ажыратады: 1 - классикалық (типті) ; 2 - өте тез (атипті) .

Slide 12

Жүрек шуылдары.

Жүректі тыңдаған кезде кей жағдайларда жүрек дыбыстарынан да басқа да құбылыстар естіледі, оны жүрек шуылары деп аталады. Жүректің кейбір ауруларын оған: жүре кездесетін аурулар, іштен туған жүрек аурулары, эндокардиттер, жүрек бұлшық еттерінің ауруы, перикард, жүрекке жақын жатқан жерлерінің қабынуы, анемия, қалқанша без ауруы т. б шуылдар естіледі.

Шуылдардың жіктелуі.

Жүрек аймағында естілетін шуылдардың себептері жүректің өзінен болады, мұндай шуылдарды жүрек ішіндегі шулар деп атаймыз.

Жүрек сыртындағы себептерденболатын шуылдарды жүректің сыртқы шулары деп аталады.

Slide 13

Жүрек шуының көрнісі.

Slide 14

ЖҮРЕКТІҢ СЫРТҚЫ МАССАЖЫ

Жедел тыныс жетіспеушілігі.

Белгілері:

Жеңіл дәрежесі. Артериялдық қандағы газдың құрамының бұзылуынсыз минутына 25 ке дейін ентігу. Тахикардия минутына 110 рет. АҚ қалыпты мөлшерде.


Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу жолдарының аурулары
Клиникада дыбыстық зерттеу әдістері
Үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі
Ауру тарихы
Бірінші жүктіліктен туылған бала
Обьективті және субьективті тексеру
Балалардың тыныс алу жолдарының бұзылысының семиотикасы және синдромдары
Буаз малдың жағдайын бақылау
Бронхопневмония ауруының этиологиясы
Әртүрлі жастағы дені сау балалардың зәр шығару жүйесін функциональды және құрал-саймандармен зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz