Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы туралы




Презентация қосу
����������1.lnk
����������1.lnk
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Кафедра: Жалпы хирургия

Тақырыбы: Хирургиялық бөлімдегі
науқастардың тамақтануы.

Орындаған: ЖМ, 07 – 055топ.
Құлтасова А.Ж.

Қабылдаған: Бекішов Бақтияр Мырзашұлы.

Алматы 2009
Мақсаты

Хирургиялық бөлімдегі
науқастарды
тамақтандыруды
ұйымдастыру.
Жоспар

Кіріспе
Тамақтану -биологиялық қажеттілік.
Негізгі бөлім:
Ауруханадағы тамақтануды ұйымдастыру;
Стационардагы науқастардың тамақтану
ерекшеліктері;
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың
тамақтану ерекшеліктері және
ұйымдастырылуы;
Қорытынды
Тамақтану

- тірі организмнің негізгі физиологиялық
қажеттілігінің бірі болып табылады;

Адам организмндегі барлық тіршілік
процестерінің негізгі организм мен сыртқы
орта арасындағы тұрақты зат алмасу;
Емдік тамақтар сырқаттың тағамдық заттарға
физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз етеді және
аурудың патологиялық механизмдеріне әсер етеді.

Емдік тамақтардың міндеттері:
бұзылған зат алмасуды қалпына келтіру және
терациялық әсер етуі;
тамақтануды ұйымдастыру арқылы науқастардың
өмір сүруге белсенділігін қалпына келтіру және
арттыру;
Емдік тамақтануды ұйымдастыруда қойылатын
талаптар:

Азықта адам тіршілікке қажетті белок, май, көмірсу, сутегі,
минералды тұздар, су, витаминдер мен организмнің қажеттерін
толтыруға арналған басқа да заттар болуы керек;
Емдік тамақтану адамның жынысына, жасына, салмағы,
бойына, жұмсалатын күш ұуатына байланысты сәйкес болу
керек;
Стационарда жатқан сырқатқа арналған тағамның колориясы
дене еңбегімен шұғылданбаған адамдарғақойылатын талаптан
аспауы тиіс;
Тамақтың толық жарамдылығы, алуан түрлілігі және орынды
тамақтануы қадағалануы тиіс;
Тамақтың толық залалсыздығын қамтамасыз ету керек;
Тамақты белгілі уақытта қабылдау керек;
Дене салмағын арттыру үшін колориясы мол тағамдар, ал кеміту
үшін колориясы төмен тағамдар қабылдауы керек;
Тағамның қажетті құрамдас
бөліктері:

Белоктар;
Майлар;
Көмірсулар;
Минералды тұздар;
Витаминдер;
Ферменттер;
Диета
- сырқатты емдеу тәсілі ретінде немесе оның
асқындырмау мақсатында жасалатын рацион
әрі тамақтану режимі;
Тамақтың белгілі бір әсері оның сезім
мүшелеріне әсер етіп, тамақ қорыту
мүшелерінің қызметін күшейтетін рефлекстер
жасауымен сипатталады.Кез келген диета
жасау кезінде алдымен сырқатының түріне,
жынысына, жасына салмағына, бойына,
жұмсалатын күш қуатына сәйкес болуы
тиіс.Адамның денсаулығы мен жұмыс істеу
қабілеттілігі, сондай ақ ұзақ өмір сүруі дұрыс
тамақтануға байланысты.
Стационардағы сырқаттардың емдік
тамақтарын ұйымдастыру:

Диеталық тамақтандыру - комплексті
терапияның міндетті түрдегі компоненті, ол
бірқатар аурулардыемдеудің негізгі әдісі.
Диетотерапия

- тамақты емдеу мақсатында қолдану. Ол
алдымен ауру мүшеге химиялық және
механикалық аяушылық көрсету, бұзылған
функцияны қалпына келтіру үшін немесе
сырқат организміне жететіндей қажетті
қоректік заттарды өндіру үшін бір тағамды
екіншісімен ауыстыру.
Медицина Ғылым Академиясының тамақтандыру
институтының клиникасында, емдеу мекемелерінде
диеталарды белгілейді:

Белгіленген номенклатура бойынша 1-15 дейінгі
диеталар қолданылады:
№1 диета -созылмалы гастрит, асқазан қышқылы көбейген, асқазан
ұлтабардың ойық жаралары;
№2 диета -созылмалы гастрит, асқазан қышқылы азайған;
№3диета-Іш қату;
№4диета-Іш өту;
№5диета-Бауырдың және өт жолдарының аурулары;
№7диета-Бүйрек аурулары;
№8диета-Семіздік;
№9диета-Қант диабеті;
№10диета-Жүрек қан системасы аурулары;
№11диета-Туберкулез;
№13диета-Қызба кезеңдері;
№15диета-Жалпы стол;
Хирургиялық бөлімдегі науқастарды
тамақтандыру ерекшеліктері:

Тамақ ішуден бұрын барлық емдеу процедуралары мен
физиологиялық қызметтерін аяқтап, палатаны жинап
желдетіп, ауыр науқастардың қолын жууға көмектесу
керек.Науқас кереуеттен өздігінен тұра алмаса, оның
басын көтеріп немесе жауырынына бірнеше жастық салып
жартылай отырғызу керек. Мойын мен кеудесіне клеенка
немесе алжапқыш жабады. Төсек тартып жатқан
сырқатты тамақтандыруда кереуеттен жылжытып
шығаратын үстелшелер пайдаланады да, оған ас
қойылады. Жүдеген, әлсіреген, қажыған сырқаттарды
әртүрлі тетіктерді пайдалана отырып, барынша
ыңғайлырақ отырғызып тамақтандырады.Егер сырқат
тамақты жұта алмаса, аузына зорлап құюға болмайды,
өйткені тамақ тыныс жолына түсіп кетсе, ауруды
асқындырады. Бұндай халдегі науқастарды жасанды
тамақтандыру арқылы тамақтандырады.
Жасанды тамақтандыру:

- организмге асқазан зондының, клизманың
көмегімен немесе парентеральды (веналық
немесе тері астылық) қоректік заттарды
енгізу.
Түрлері:
1. Асқазан зонды арқылы;
2. Операциялық қарын тесігі немесе аш
ішек арқылы;
3. Клизманың көмегімен;
4. Парентеральды;
Асқазан зонды арқылы тамақтандыру:

Вазелинмен немесе глицеринмен майланған
зарарсызданған жіңішке зондты сырқаттық
асқазанына енгізеді. Зондтың бас жағына воронка
енгізеді, оған дөрекі тағамдар араласпаған (сүт,
айран, шикі жұмыртқа, маңыз сорпа, кокао
ерітіндісі, жеміс шырыны) құяды. Күніне бірнеше
рет шағын қысыммен ептеп жібереді. Кейде
зондты апта қалдырып қояды.тЕгер зондты
мұрын жолы арқылы енгізуге болмаса, оны ауыз
арқылы енгізеді де беттің терісін пластырмен
жақсылап бекітеді. Қоректік заттарды енгізіп
болған соң ондағы тағамның қалдықтарын жуу
үшін зондқа таза су құяды.
Сырқатты асқазан тесігі арқылы
тамақтандыру

- асқазан тесігін жасап, ол арқылы тамақтандыру
өңештен тамақ өтпейтіндіктен, қарын
қатқысының тарылуынан , стеноз салдарынан
болады. Жылытылған тағамды шағындап, күніне
(150-200мл) күніне 5-6рет құяды. Құятын
тамақты біртіндеп 250-300 мл дейін көбейтеді,
бірақ жіберуді 3-4ретке дейін азайтады. Воронка
арқылы ұнтақталған қатты тағамдарды сұйыққа
ерітілген, ұсақтап тартылған ет, балық, нан,
кепкен нан құюға болады. Воронкаға көп
тамақтар құюға болмайды, себебі қарын немесе
бұлшық етінің тарылып, тамақ тесік арқылы
сыртқа шығуы мүмкін.
Клизма арқылы тамақтандыру

Клизма арқылы тамақтандыру үшін
тік ішекке тамшылама ретінде 300-
500мл 37С жылытылған 5% глюкоза
ерітіндісі, натрий хлоридтің
изотониялық ерітіндісі немесе
аминоқышқыл ерітіндісі қолданылады.
Ерітіндінің аз мөлшерін груша тәріздес
баллонмен жіберуге болады.
Парентеральды жолмен
тамақтандыру:

Ас қорыту жолдарының
өтімсіздігінде, ісік ауруларында және
өңеште, асқазанда операция жасалған
жағдайда, әлсіреген науқастарға
беріледі. Ол үшін белок препараттары
(аминоқышқылдар, гидролизин, казеин,
фибриносол), майлы эмульсиялар, 10%
глюкоза ерітіндісі қолданылады. Мына
дәрі дәрмектердің: гидролизин,
Пайдаланылған әдебиеттер:

Л.С. Заликина * Сырқаттың жалпы күтімі*
2005ж.
Хирургиялық бөлімдегі науқастарды күтім
ерекшеліктері. Әдістемелік құрал. 2008ж
Google- интернет сайт (ауруханалардағы
тамақтану ерекшеліктері; суреттер);

Ұқсас жұмыстар
Стационардағы сырқаттардың емдік тамақтарын ұйымдастыру
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы
Хирургиялық науқастардың тамақтануы
Хирургиялық науқастардың тамақтануы туралы
Хирургиялық науқастардың тамақтануы науқастардың тамақтану
Операциядан кейінгі кезең
Емдеу қорғау тәртібі
Пульмонология бөлімшесінің мейіргерінің міндеттері
Эндовидиохирургия
Қант диабеті бар пациенттерді АББ бойынша бақылау
Пәндер