Будан ұрықтағы хромосомалардың селективті жойылуы арқылы арпадан гаплоидтар алу: гаплопродюсер әдісінің принциптері мен қолданылуы


Slide 1

Б у д а н ұ р ы қ т а ғ ы х р о м о с о м о л а р д ы ң с е л е к т и в т і ж о й ы л у

ә д і с і м е н г а п л о и д т а р д ы а л у

Презентация

Орындаған: Нұрдын Рыскүл

Slide 2

Бұл әдіс гаплопродюсер әдici деп аталады. Keйбip өсімдіктеерді әріден будандастырғанда бұдан ұрықтың ерте даму кезеңінде аталық немесе аналықтың хромосомалары селективті (ipiктеліп) жойылады. Бұл құбылыс арпада жете зерттелген. Диплоидтық арпаның екпе түрін (Hordeum vulgare) көп жылдық диплоидтық жабайы пиязшық түріне (Hordeum bulbosum) будандастырған соң Hordeum vulgare түріне тән гаплоидтық хромосомалар жиынтығы бар өсімдік пайда болады. Ұрық пен эндо сперм өсе бастағанда жабайы түрдің хромосомалары элиминацияға ұшырайды, яғни жойылып кетеді.

Slide 3

Ұрықтандырудан кейін 5 күн өткен соң, ұрық пен эндосперм клеткалары бөлінген кезде Н. bulbosum хромосомалары толық жойылады. Әpбip бөлінуде генетикалық сыйымсыздықтың салдарынан 3 хромосома жойы­лады. Тозаңданудан кейін 15 теулік өткен соң, аналық өсімдіктегі будан ұрықтың ecyi тоқтайды. Дегенмен, сол ұрықты in vitro жағдайында өcipin, сактап қалуга болады, лайықты қоректік ортада одан нормалы өскін шығады.

Slide 4

Н. bulbosum түрін аналық немесе аталық ретінде пайдаланғанда да гаплоидтық өсімдіктер шығады. Аталық ретінде пайдаланғанда, андрогендік (микроспорадан шыққан) гаплоидтар алынады. Аналық ретінде қолданғанда, матроклиндік (жұмыртка клеткасынан шыққан) гаплоидтар шығады. Ұрықты жасанды ортада өcipin, диплоидтық (2п=14) арпаның, моногаплоидтарын (п=7) алуға болады, ал тетраплоидтық (4п =28) арпадан дигаплоидтарды (2п= 14) алуға болады.

Slide 5

Гаплоидтар ұрпақсыз болады, сондықтан оларды міндетті түрде дигаплоидтық деңгейіне көшіреді. Ол үшін колхицинді қолданады. Гаплоидтық организмнен алынған дигаплоид - нағыз гомозигота, таза линия болады. Сөйтіп, бұл әдісті қолданып, гомозигота алудың мерзімі қыскарады. Сонымен бipre организм рецессивтік гендерден айырылады. Бұл едіспен арпаның әр түрлі сорттары мен будандары алынады, сонымен қатар оның тиімділігі жоғары және альбинос өсімдіктepi болмайды.

Slide 6

Осы әдісті қолданып, кейін бұдан ұрықты in vitro өcipin Одессада Селекциялық генетикалық институтында жаздық арпаның Исток пен Одесский-15 деген жаңа сорттары төрт-ақ жылдың iшiндe шығарылды, ал әдеттегі селекция әдістерімен оған 10-12 жыл кетер еді. Осы жолмен Канадада арпаның Минго мен Родео сорттары шығарылган.

Slide 7

Арпаның жабайы түрін тозаңдандырғыш ретінде пайдаланып, қара бидай мен бидаидың гаплоидтарын алуға болады. Қазакстанда гаплопродюссер әдісімен К. Жамбакин бен Б. Анапцяев арпаның диганлондтық линияларын табысты шығаруда.


Ұқсас жұмыстар
Гетерозис құбылысы мен оның селекциядағы қолданылуы: заңдылықтары мен будан алу әдістері
Қаржы есептілігін тексеруде сұрыптау әдісінің принциптері мен қолданылуы
Сүткоректілердің хромосомадан тыс экспрессиялаушы векторлары: құрылымы, селективті маркерлері және қолданылуы
Бумеранг әдісінің бастауыш сыныптардағы қолданылуы мен тиімділігін зерттеу
Жүгері дақылының морфологиялық ерекшеліктері, сорттары және будан алу әдістемелері
Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру: Монтессори әдісінің принциптері мен аймақтары
Статистикалық анықталмаған жүйелердегі эпюралық талдау: күштер әдісінің теориясы мен қолданылуы
Дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің теориясы мен әдістемесі
Хромосомалардың жіктелуі, морфологиясы және генетикалық-цитологиялық карталау
Хромосомалардың жіктелуі, морфологиясы және адамның хромосомалық картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz