Цитокиндер


Slide 1

Цитокиндер

Slide 2

Цитокиндер

Цитокиндер тарихы, анықтамасы

Цитокиндердің түрлері

Қызметтері

Әсер механизмдері

Рецепторларының түрлері

Slide 3

Цитокиндер - сүйек кемігінің қан түзетін жасушаларымен синтезделетін, ерігіш белоктар тобы. Олар иммундық жүйеге жауапты полипептидтерден тұрады. Цтиокиндерге жатады

-интерлейкиндер

-интерферондар

өсу факторлары

хемокиндер

Slide 4 Slide 5

ауруларды емдеу үшін цитокиндерді қолдану медицинада көптеген жетістіктерге жол ашты.

Әлемдік зерттеулерде клиникалық тәжірибелердің нәтижесі цитокиндердің айқын ісікке қарсы, вирусқа қарсы және иммуномодуляторлық әсерлері бар екенін дәлелдеді.

Биотехнологияның жетістіктерінің арқасында көптеген цитокиндер рекомбинанттық препараттар түрінде шығарылады.

Slide 6

Цитокиндер жоғары арнайылыққа ие болғандықтан олардың әсері басқа химялық препараттарға қарағанда айқынырақ, сонымен бірге басқа прпараттардан ерекшелігі цитокиндер организмге зиянсыз.

Slide 7

Цитокиндер - иммундық жүйенің модуляторлары

Цитокиндер иммундық жүйенің әр түрлі клеткаларының бір-бірімен ақпарат алмасуын және әсер туындатуын қамтамасыз етеді.

Цитокиндік орта- жасуша мембаранасындағы рецепторларға әсер ететін бір-бірімен байланысқан және өзгермелі ақпараттардан тұратын цитокиндер тобы. Бұл ақпараттар бір уақыттыа бірнеше процесстердің активтенуін қамтамасыз етеді:

Өзінің және басқа цитокиндердің синтезі

Жасуша бетінде цитокиндік рецапторлардың түзілуі мен пайда болуы

Slide 8 Slide 9

Иммундық жүйенің жасушааралық сигнализациясы жасушалардың контакты арқылы немесе жасушааралық медиаторлар арқылы жүзеге асырылады. Жасушааралық сигналдар- дың берілуін цитокиндердің “аралық белоктар“ деп аталатын түрлері қамтамасыз етеді. Бұлар химиялық сигнализацияның берілуіне жауап бере отырып, организмде тіндердің морфогенезі мен регенерациясын реттейді. Организмнің реттеуші жүйесін- де цитокиндер ең негізгі орталық рольді атқарады.

Қазіргі кезде адам организмінде 100 ден астам цитокиндер табылып, зерттелген. Гендік инженерия жолымен

цитокиндердің аналогтары да алынған.

Slide 10

Цитокиндік рецепторлар

Цитокиндер цитокиндік рецепторларды белсендіре отырып әсер етеді.

Цитокиндік рецепторларды үлкен 3 топқа жіктейді.

Slide 11

1 тобы

Цитокиндік рецепторлардың ең үлкен тобы. Оған: ИЛ-2, ИЛ-3, ИЛ-4, ИЛ-5,

ИЛ-6, ИЛ-7, ИЛ-9, ИЛ-12, гранулоцитарлы колония стимулдеуші фактор (Г-КСФ) және гранулоцитарлы-макрофагарлы колония стимулдеуші фактор (ГМ-КСФ) және иммундық жійеден тыс гуморальдық факторлардың рецепторлары жатады

Slide 12

2 тобы

Бұл топтың рецепторлары иммуноглобулиндік тұқымдастыққа жатады. Бұл топқа

Барлық интерферондардың рецепторлары

ИЛ-1 альфа

ИЛ-1 бета

М-КСФ рецепторлары жатады

Slide 13

3 тобы

ФНО альфа

ФНО бета (лимфотоксин)

Жүйкелердің өсу факторы жатады.

Slide 14

Цитокиндік рецепторлардың көбі бір ғана доменнен тұратын 1-типті мембраналық гликопротеиндер болып табылады. Бірақ, нағыз функциональды рецепторлар 2 немесе одан да көп субьединицадан тұрады. Олардың кейбіреулерінің құрылымы әр түрлі арнайылығы бар рецепторларда да бірдей болуы мүмкін.

Slide 15

Цитокиндік рецепторларды клондау арқылы цитокиндік аминқышқылдаының бірізділігін анықтады. Демек, цитокиндік рецепторлар 1 немесе 2 гендік тұқымдастыққа жатады.

Slide 16

Цитокиндердің қызметі

Цитокиндердің негізгі атқаратын қызметі- иммундық жүйенің дамуының барлық кезеңдерінде иммундық жауаптың берілуін реттеу.

Иммунокомпетенттә жасушалардың пролиферациясы мен дифференциациясы

Хемотаксис

Әр түрлі антигендер мен маркерлердің экспрессиясын өзгерту

Иммуноглобулиндер синтезі

Макрофагтардың цитотоксикалық индукциясы

Қабыну ошағының қалпына келуіне қатысу

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Цитокиндердің әсерлері
Цитокиндер, стресс пен гормондардың иммундық қызметке әсері
Тіндердің гомеостазын қамтамасыз ететін механизмдер, жүйені қалыптастырушы факторлар
Жауаптың жіті кезеңі
Дендритті жасушалар
Өсу факторы
Дендриттік жасушалар
Өсу факторлары
Табиғи киллерлер
ҚАБЫНУ ОШАҒЫНДА ЗАТ АЛМАСУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz