Балалардағы ЭКГ ерекшелегі Жүрек дыбысының (тон) пайда болу механизм


Slide 1 Slide 2

Балалардағы ЭКГ ерекшелігі. Жүрек дыбысының (тон) пайда болу механизмі

Орындаған: Байтлеуова Дана

07-018 топ,

Жалпы медицина

Тексерген: Артықбаева У. С

Slide 3

Жоспар

Балаларда ЭКГның тіркеу ерекшеліктерін білу.

Балаларға тән ЭКГ ерекшеліктері.

Жүрек дыбыстарының (тон) пайда болу механизмін және балалардағы ерекшеліктерін білу.

Slide 4

Электрокардио-графия

ЭКГ миокардтың деполяризация және реполяризация процессі кезінде пайда болатын жүректің электро қозғаушы күшін тіркейтін әдісті айтады.

ЭКГ жазу үшін бір каналды немесе көп каналды аппараттар пайдаланылады.

Практикалық өмірде, көбінесе I, II, III стандартты тіркемелер қолданылады.

Slide 5

Балаларда кеуде электродтарды төмендегідей етіп орналастырылады:

2 жасқа дейін

2 жастан кейін

V1 3-ші қабырға аралықта төстің оң қырында

V1 4 -ші қабырға аралықта төстің оң қырында

V2 3-ші қабырға аралықта төстің сол қырында

V2 4-ші қабырға аралықта төстің сол қырында

V3 V2 мен V1 нүктелерінің ортасында

V3 V2 мен V1 нүктелерінің ортасында

V4 4-ші қабырға аралықтың бұғана ортасы сызығы мен қиылысқан жерінде

V4 5-ші қабырға аралықтың бұғана ортасы сызығы мен қиылысқан жерінде

V 5 V4 деңгейде қолтықтың сызығының бойында

V 5 V4 деңгейде қолтықтың сызығының алдыңғы бойында

V 6 V4 деңгейде қолтықтың ортаңғы сызығының бойында

V 6 V4 деңгейде қолтықтың ортаңғы сызығының бойында V

Slide 6

ЭКГ жазғанда тиісті электродтар қолданылуы керек. Сегіз жастан үлкен балаларда ересек адамдарға қолданылатын электродтарды қолдануға болады. Басқа балаларға электродтардың төмендегідей мөлшері ұсынылады: 1 жасқа дейін 35x25мм, 1-3 жаста - 40- 30мм, 3-8 жас аралығында 45x35мм. Кеуде электродтарының диаметрі 1 жасқа дейін - 10мм, 1-3 жаста 20мм, 3-8 жаста 25мм дөңгелек болып келеді. ЭКГ жазғанда таспаның жылжу жылдамдығы 50 мм. с Аппараттың үдеткішін 10мм/мВ деңгейіне қойады.

Slide 7

Жүрек дыбыстары.

Жүрек қызметі кезіңде пайда болатын дыбыстық құбылыстар жүрек дыбыстары(тондары) деп аталады. Дені сау балалардың жүрегін тыңдағанда екі дыбыс жақсы естіледі. Бірінші дыбыс систола кезіңде пайда болатын систолалық және екінші дыбыс диастола кезінде пайда болатын диастолалық дыбыс.

Slide 8

Жүрек тондарын тыңдайтын орындар(Луисада бойынша) .

Жүрек ұшы (митральды қақпақ) ;

Өкпе артериясының қақпасы(сол жақ екінші қабырғааралық) ;

Аорта қақпасы(оң жақ екінші қабырғааралық) ;

Үш жармалы қақпақ;

Боткин нүктесі.

Slide 9

Баланы тыңдағанда, онша қалың емес сүйек және жұмсақ тканьдердің жүрек дыбысын жұтуынан, стетаскоп арқылы адам құлағына жеткенде дыбыс жаңғырып ІІІ дыбыс естіледі.

Slide 10

Бірінші дыбыс төрт компоненттен тұрады:

Қақпақтық компонент атриовентрикулярлық қақпақтардың жармаларының изометриялық жиырылу сатысындағы толқуы.

Ет компоненті изометриялық жиырылу сатысы кезіңдегі миокардтың толқуы.

Тамыр компоненті аортаның бастапқы бөліктерінің толқуының және өкпе сабағының қайта айдау сатысы кезінде созылуынан болатын толқу.

Жүрекше компоненті жүрекшелердің жиырылуынан пайда болатын толқу.

Slide 11

Балалардың жүрек дыбысы үлкен айқындылығымен, дауыстылығымен ерекшеленеді. Дыбыстың әлсізді өмірінің бірінші күндерінде байқалады.

Жүрек соғуының дыбыстылығының қатынасы балаларда әр түрлі болады. Жаңа туған балада бастапқы екі үш күндігінде жүрек ұшында және Боткин нүктесінде ІІ дыбыс І дыбыстан басым болады.

Содан кейін теңеліп екі, үш айлығында І дыбыстың естілуі басым бола бастайды.

Slide 12

Жаңа туған балада жүректің негізінің тұсында ІІ дыбыс басым болады, сосын І мен ІІ дыбыстың дыбыстылығы теңеліп, 1-1, 5 жасында қайтадан II дыбысының дыбыстылығы басым болады. 2-3 және 11-12 жаста II сол жақтан 2-ші қабырға аралығында жақсы естіледі. Ол көбіне жіктеліп естіледі. 12 жасында жүрек дыбыстарының күші теңеле бастайды да ІІ дыбыс оң жақтан жақсы естіледі.

3-ші дыбыс жүрек ұшы тұсынан және терең дем алғанда абсолюттік дыбыссыздық аймағында және шамалы жұмыс істеп қимылдағанда естіледі.

Slide 13

Пайдаланған әдебиеттер:

Балаш Түсіпқалиев “Балалар аурулалының пропедевтикасы” Ақтөбе, 2002жыл.

Әділман Нұрмұхамбетұлы “Ұрық дамуы немесе балалық шақ ауруларының патофизиологиясы” Алматы, 2004жыл.

Б. Н. Айьбембет “Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы” Алматы, 2007жыл.

www. google. ru

Slide 14

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!

Slide 15 Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІ
Жүрек қан тамырлар аурулары
Гинекологиялық УДЗ
Электрокардиография және фонокардиография туралы
Жүрек ырғағы
Электрокардиография. Диагностикалық мағынасы
Электрокардиография және фонокардиография
Қарынша ішілік ырғақ
Жүректі тыңдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz