Хирургия мен травматологиядағы жаңа синтетикалық материалдар
Презентация қосу
С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық
Медицина Университеті.
Жалпы хирургия, анестезиология және реаниматология
кафедрасы.
Слайд-көрсетілім.
Тақырыбы:. Хирургия мен
травматологиядағы жаңа синтетикалық
материалдар.
Орындаған: Шәкір Г.А., 3-курс ЖМ факультетінің
07-055-топ студенті
Тексерген: м.ғ.к, доцент Бекишев Б.М.
Қазіргі кездегі хирургияда операциядан кейінгі
асқынулардың көбі тігіс материалын дұрыс
емес таңдаумен байланысты болып отыр.
Хирургиялық жіпті таңдау тігілетін жіптің
регенерацияға қабілеттілігіне, инфекцияның
бары жоқтығына,науқастың жалпы жағдайына
және сырқатына байланысты. Жіптің
биодеградация қарқыны жарақаттың жазылу
қарқынына сәйкес келуі шарт.
Инфекцияның таралуының алдын алу үшін
инфицирленген тіндерді монофиламентті
немесе өрілген жіптермен тігу керек.
Кетгуттің айқын реактогенді қасиеті бар. Бұл
анафилактикалық шок әсерін шақыратын
бірден- бір жіп болып табылады. Қазіргі кезде
кетгуттің орнына “Хирлак рапид” және
“Монолак” жіптері қолданылады, олар
табиғаты жағынан синтетикалық болып келеді.
“Хирлак рапид”- гликоль қышқылының
полимерінен тұратын қабықшасы бар
синтетикалық өрілген жіп.Беріктігінің 50%-ға
жоғалуы 5-7 күннен кейін, толық абсорбция 12-
14 күннен кейін болады.
“Монолак”- гликолид пен эпсилон-
капролактоннан тұратын синтетикалық
монофиламентті жіп. Беріктігінің 50%-ға
жоғалуы 7-8 күннен кейін, толық абсорбция 90-
120 күннен кейін болады.
Caprosyn (Капросин) – бүгінгі күні белгілі
барлық жіптердің ішіндегі сіңетін уақыты ең аз
сіңбелі жіп. Жарада сақталуы 10 күн, беріктігі
және түйіннің сенімділігі өте жоғары.
- Polysorb (Полисорб) и Dexon (Дексон)- жарада
сақталу мерзімі үш апта болатын өрілген
жіптер.
- Biosyn (Биосин)- жараны ұстауы төрт апта
болатын монофиламент. Беріктігі белгілі
өрілген жіптерден жоғары және түйінінің де
беріктігі жоғары.
- Maxon (Максон)- жараны ұстау уақыты 6 апта.
Бұл жіп репаративті үрдістер жай жүріп жатқан
науқастарда қолданылады.
- Ти-крон- полиэфирлі сіңбейтін жүрек хирургиясы,
ортопедия, травматологияда қолданылатын жіп.
- Surgipro II (Сурджипро)- монофиламентті
полипропиленді жіп, көбінесе жүрек- қан тамыр
хирургиясында қолданылады.
- Surgipro Mesh™ - өрілген полипропиленді
жіптерден жасалған сіңбейтін инертті
стерильді хирургиялық тор.
-Vascufil (Васкуфил) - әдеттегі
полипропилендерден беріктігі жоғары
монофиламентті полибутилді жіп,тіндерден
жақсы өтеді және шынайы эластикалық қасиеті
жоғары.
-Novafil (Новафил)- қасиеттері васкуфил жібіне
ұқсас пластикалық және косметикалық
хирургияда қолданылатын жіп. Диаметрі
бойынша жақсы керілу қасиетінің арқасында
ісікті тіндерді тігуде қолданылады.
- Monosof (Монософ)- Premium Point Spatula
инелері бар монофиламентті нейлон.
Косметикалық, пластикалық және
офтальмологиялық хирургияда қолданылады.
Синтетикалық протездер.
Хирургияда синтетикалық материалдар қолдану
қажеттілігі мәселесін ең алғаш 1959 жылы Кунц
(Koontz) және Кимберли (Kimberly) көтерді. Итке
жасаған тәжірибесінде олар дакрон, нейлон,
стекловолокно, майлар
(магнитофонға арналған жасанды плёнка),
орлон, полиэтилен, поливинилді губка,
полиэтилен, винион материалдарын қолданды.
Бірақ инфекцияның әсерінен бұл заттарды кері
итеру реакциялары (абсцесс түрінде) болды.
Протездерге қойылатын талаптар.
Жоғары эластикалық болу қажет (қан
тамырлық протездер үшін);
Берік және сапасы жоғары болу қажет;
Ареактивтілік (кері итеру реакциясы
болмауы);
Кеуектілік (пористость);
Айналасындағы тірі тіндер үшін өткізгіш
болу қажет;
-поливинилді губка (Ивалон) - поливинилді алкоголь
мен формальдегиден тұратын полимер. Губкаға
белгілі бір көлем беру үшін оған сұйық пластик
арқылы ауа үрленеді. Көп жағдайда рецидивті
грыжаларды емдеуде қолданылады. Егер губкада
инфекция болса, бұл әдістің грыжаны емдеуде
қолдануға болмайтындығын Адлер дәлелдеді.
-нейлон- хирургияның кең салаларында қолданылатын
және минимальді реакция шақыратын тігіске арналған
берік материал ретінде белгілі.
-силастик- оттегі атомдары мен силикон атомдары
кезектесіп орналасқан полимер. Тек педиатрияда ғана
үлкен кіндікті грыжаларды немесе педиатриялық
басқа да мақсаттарда қолданылады.
-тефлон (политетрафлюороэтилен) –қабыну және тіндік
реакция шақырмайтын кең қолданылатын инертті
материал.
Қан тамырларының жаңа протездері.
"ПКСТ-Север" синтетикалық
жіптерінен өрілген протездері қан
тамырындағы патологиялық
өзгерістерді шунттау және
ауыстыру үшін қолданылады.
Тікелей және бифуркационды
өрілген протездер полиэфирлі және
фторлонды жіптерден
дайындалады. Ішкі диаметрі 6 мм-
ден 30 мм-ге дейін.
Сүт безінің имплантанттары.
Ең алғаш 1887 жылы Джерсани сүт бездері
көлемін үлкейту үшін сұйық парафинді
қолдануды ұсынды.Бірақ нәтижесінде қан
айналым бұзылып, өлімге алып келгеннен соң
парафиннен бас тартуға тура келді. 1962
жылдан бастап хирургияда бұл мақсатта
силикон- гельмен немесе тұз ерітіндісімен
толтырылған силиконды герметикалық
қапшықтар қолданыла бастады.
Қазіргі кезде гель-толтырушының орнына
когезивен қолданылады. Артықшылығы болып
аққыштық қасиетінің жоқтығы және берілген
формада жақсы тұратындығы саналады.
Силикон.
Силикон- кремний, оттегі, сутегі, көмір қышқыл
газынан түзілетін химиялық зат. Алғашқы кезде
сұйық силикон медицинада құрал-саймандарды
майлау үшін қолданылып келді. Имплантантты
орналыстыру үшін операция жасаудың бірнеше
тәсілдері бар: периореолярлы (сосково-
ореолярлы комплекс арқылы), субмаммарлы
(сүт безінің астыңғы жағынан),
трансаксиллярлы(қолтықасты аймағында).
Қасты көтеруде қолданылатын протездер.
Қасты көтеру қазіргі кезде пластикалық
хирургияда кеңінен қолданылатын
операция түрлерінің бірі. Қасты көтерудің
бірнеше тәсілдері бар. Соның бірі
қабақты кесу болып табылады. Бұл кезде
"эндотайн" типтес синтетикалық
протездер қолданылады. Бұндай
операцияларды қазіргі кезде Израиль
хирургтары кеңінен қолданады.
Байламдардың үзілуінде синтетикалық
материалдарды қолдану.
Жаңа үзілген байламдарды емдеуде оларды бір
біріне тігеді де, жақын жатқан фасция немесе
бұлшық еттің сіңірімен бекітеді.
Егер байламның үзілуіне біраз уақыт өтсе, тігу
жүргізілмейді. Бұл кезде эндопротездеу әдісі
қолданылады. Протез орнына лавсан жіптері
немесе басқа да синтетикалық материалдар
қолданылуы мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер.
Ортопедическая хирургия –
OrthopedicSurgery.ru
Основы микроскопической техники и
восстановительной хирургии.
Н.Г.Губочкин, В.М.Шаповалова.
www.beautymed.ru
www.surgerycom.net
General surgery. R.Smith, F.Braun. 2003y.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz