Агрохимия ғылымының міндеттері мен зерттеу әдістері
Презентация қосу
Агрохимия ғылымының міндеттері
мен зерттеу әдістері.
Сұрақтар:
1 Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен
даму тарихы
2 Агрохимия ғылымының міндеттері мен
зерттеу әдістері
3 Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы
дақылдарының өнiмiн арттырудың басты
факторы
• 1 Агрохимия ғылымының қалыптасуы
мен даму тарихы
• Агрономиялық химияның дамуы егіншілік
мүддесімен тікелей байланысты. Ол
адамзаттың қажетін қамтамасыз ету
мақсатына орай, теориялық жағынан нақты
тұжырымдалмастан, бірден практикада
қолданыла бастады. Мысалы, ертедегі
римдіктер мал көңінің, күл, гипс, әк сияқты
заттардың топыраққа әсер ететін қасиетін
біліп, оларды пайдалану арқылы жердің
құнарлылығын арттырған. Римдіктер сол
сияқты, бірдей мөлшерде тыңайтқыштарды
қолдана отырып, бір дақылды алмастырып
еккен кезде мол өнім алатынын да ескерген.
• Француздың табиғат зерттеушісі Бернар Палисси
1563 жылы топырақтағы минералдық заттардың
өсімдік үшін қоректік элементтердің көзі екендігі
туралы пікір айтты. Ол минералдық
тыңайтқыштардың тегі, әсері жөнінде жазған
шығармасында “тұз дегеніміз тірішіліктің және
барлық егістің өсіп-өнуінің негізі болып табылады”,-
деген.
• Осыдан кейін 1656 жылы Глаубер “Өсімдіктің
өсуіне селитра негіз болады”,-деген жорамал
(гипотеза) ұсынды.
• 1766 жылы профессор Валлериус өсімдік күліне
химиялық талдау жасап, оның құрамы
топырақтағыдай емес екенін көрсетті де мынадай
қорытынды жасады: топырақтағы органикалық
заттар ғана өсімдік үшін қорек болады. Топырақтың
басқа құрамдас бөліктері көмекші қызмет атқарады.
• Жалпы XVIII ғасырда француз ғалымдары
О.Б.Соссюр (1804 ж.) мен Ж.Б. Буссенго
(1836 ж.) және неміс оқымыстылары
Х.К.Шпренгель мен Ю.Либих (1840 ж.)
өсімдіктің қоректенуі туралы ілімнің дамуына
үлкен үлес қосты.
• О.Б.Соссюр өсімдік күліне тыңғылықты
талдау жасап, минералдық заттардың
өсімдік организміне енуі кездейсоқ емес
деген қорытындыға келді.”Тұздардың өте аз
мөлшерде болуы олардың пайдасыз
екендігінің дәлелі емес”‚-деп жазды Соссюр.
Ол құнарлылыққа қатысты шіріндінің
маңызына тоқтала келіп, оның өсімдік
құрамында да кездесетінін айтты.
• Ж.Б. Буссенго өсімдіктің көміртегі мен азотты
ассимиляциялауы жөніндегі жүйелі
жұмыстары арқылы әйгілі болды. Ол
ауыспалы егістегі жеке элементтердің кірісі
мен шығысын есептеп шығаруға әрекет
жасады. Бұршақ дақылдарының топырақты
азотпен байытатындығын көрсетті.
• Сол сияқты О.Б.Буссенгоны ең алғашқы
агрохимиялық тәжірибе стансасының негізін
қалаушы деп санауға болады. Сонымен
бірге О.Б.Буссенго Тэйердің гумус
теориясын қоштамай, орнына өсімдіктің
қоректенуі жөнінде өзінің азот теориясын
ұсынды.
• Германияда өсімдіктің қоректенуі
жөнінде Шпренгель: “Өсімдікте
топырақтан және ауадан алатын
органикалық емес заттардан,
жарықтың, жылудың, электрдің және
ылғалдың көмегімен органикалық
заттар құралады”‚-деген. Шпренгель
минералдық заттардың маңызы және
оларды топыраққа қайтару қажет
екендігі туралы айтқан.
• Өсімдік қорегін топырақтағы шіріндінің және
минералдық заттардың маңызы жөніндегі
көзқарасқа, неміс оқымыстысы Ю.Либихтің
1840 жылы “Химияны егіншілікте және
физиологияда қолдану” атты кітабының
жарық көруі өзгеріс енгізді. Бұл кітапта
А.Д.Тэйердің гумус теориясы қатал
сыналды. Ю.Либих шіріндіні топырақтағы
көмірқышқыл газдың тұрақты көзі деп
есептеді. Топырақ құнарлылығын сақтау
үшін, одан өсімдік алған заттарды оған
қайтару жөніндегі Ю.Либих ілімінің зор
маңызын атап айту керек. Өйткені бұл
ілімнен, адам мен табиғат арасындағы зат
алмасуды саналы түрде реттеу туралы
нақты пікірді кездестіріп отырмыз.
• Бұл жөнінде К.А. Тимирязев былай дейді:”Топыраққа
қайтару қажеттігі жөніндегі ілімнің маңызын шектеуге
қаншама тырысқанымен ол ғылымның аса ұлы
жетістіктерінің бірі болып табылады”. Ю.Либих өз
кітабында өсімдіктердің минералдық қорегі жөніндегі
идеяны ұсынып, өсімдіктің минералдық қоректенуі
жөніндегі теорияның негізін қалады. Алайда,
Ю.Либих практикалық нұсқауға көшу кезінде,
тыңайтқыштардың жеке мәселелері жөнінде қате
пікірлер айтты. Мысалы, Ю.Либих жалпы тыңайтқыш
ретінде азотқа аса мән бермеді, ол ауадағы азот
топыраққа жауын-шашынмен өсімдіккке жеткілікті
мөлшерде барады, сөйтіп оның азотқа деген қажетін
өтейді деп ойлады. Ю.Либихтің азотты осылай
шеттетуі азот тыңайтқыштарының маңызын
төмендетті. Ю.Либих пікірі бойынша, көңнің ең
бағалы заты оның күлі ғана болып табылады. Ол
көңді кептіріп, оны өртеп, одан алынған күлді егістікке
төксек жеткілікті болар еді дейді.
• Француз және неміс агрохимиясының
көрнекті өкілдерінің алшақ көзқарасына
байланысты, 1843 жылы Англияда Лооз
жүргізген тәжірибенің маңызы зор болды.
Лооз Ротамстед тәжірибе стансасының
негізін қалады, кейіннен стансаның атағы
бүкіл әлемге жайылды. Ю.Либих пікірін
тексеру үшін Лооздың жасаған тәжірибесі,
күлдің өзі көңді алмастыра алмайтынын, ал
азотты күл заттармен бірге тыңайтқыш
құрамына енгізу қажет екенін дәлелдеді.
• Егер өсімдіктер қоректенуі жөніндегі ілімнің
дамуы Батыс Еуропа елдерінде басталса,
одан кейінгі кезеңде жалпы агрохимия
ғылымын дамытуда орыс ғалымдарының
еңбектері көрнекті орын ала бастады.
• XVIII ғасырдың соңында және XIX ғасырдың
бас кезінде ауыл шаруашылығында
тыңайтқыштарға ерекше көңіл бөлген, орыс
оқымыстыларынан А.Болотов, И.Комов және
А.Пошман еңбектерін атауға болады. Бұлар
батысеуропалық тәжірибелерді көрсетумен
қатар, тыңайтқыш ретіндегі көңнің рөлі
жөнінде өз ойларын ортаға салды.
• Ресейде өсімдіктің қоректенуі саласындағы жүйелі ғылыми-
зерттеу жұмыстарының басталуы, тыңайтқыштар қолдану,
оған байланысты белгілі бір әдістемені жетілдіріп
пайдалану Д.И.Менделеев пен К.А.Тимирязев есімдерімен
байланысты. Д.И.Менделеев еңбегінің аса маңызды жағына
тыңайтқыштардың тиімділігін анықтау үшін, Ресейдің түрлі
аймақтарында жүргізген тәжірибелері жатады. Ол егістік
тәжірибені бірнеше рет жасап, және тәжірибе нәтижелерін
математикалық жолмен өңдеу қажет екенін көрсетті.
Химияны ауыл шаруашылығында қолдану жөнінде
Д.И.Менделеев былай деп жазды: ”Егіншілік ғылымы ұзақ
уақыт бойы өзінің өркендеуіне тірек таба алмады, егер
жаңадан бір нәрсе таба қалса, оның өзі де кездейсоқ
болды, әрі қажетті талап қойылмады. Химия осы түнек
жолға жарық берді, жүйелі қорытынды жасады, сондықтан
істі дұрыс жүргізгісі келетін әркімнің соған ілесуі қажет”.
Д.И.Менделеев ғылыми болжам туралы айта келіп, егер ол
адамдарға пайда келтірмесе, онда оның маңызы
болмайтындығын атап көрсетті.
• Фотосинтез туралы тамаша зерттеулері
нәтижесінде әйгілі болған, өсімдіктер
физиологиясы саласындағы аса ірі ғалым
К.А.Тимирязев, өзінің ғылыми қызметінің
бастапқы кезінде Д.И.Менделеев
бағдарламасы бойынша тыңайтқыштармен
тәжірибе жүргізді. К.А.Тимирязев егін
шаруашылығында, бұршақ тұқымдастардың
азот жинаушы өсімдіктер ретінде ерекше
бағалы екенін ескертті. Ресейде
агрохимиялық зерттеу жұмысын дамытудағы
К.А.Тимирязевтің еңбегі - вегетациялық әдісті
енгізуі болды. Ол сонымен қатар
агрономиялық мәселелерді шешуді
вегетациялық және далалық әдісті үйлестіре
қолдану керек екенін көрсетті.
• Өткен ғасырда Ресейде агрохимиялық
зерттеулердегі ғылыми жұмыстардың дамуы
А.Н.Энгельгардт есімімен де тығыз байланысты.
А.Н.Энгельгардт фосфорит ұнын қолдану жөнінде
тәжірибе жасады. Фосфорит ұны құнарсызданған
күлгін топырақ құнарлылығын жоғарылатуда өте
тиімді болып шықты. Ол фосфаттармен қатар
топырақты азотпен байытуға зор мән берді.
• Өсімдіктің қоректенуі мен тыңайтқышты қолдану,
топырақ химиясын зерттеумен тығыз байланысты.
Ал топырақ химиясы жөніндегі ғылымның белгілі
өкілінің бірі К.К.Гедройц болып саналады. Оның
топырақтың сіңіру қабілеті жөніндегі ғылыми
жұмысы тыңайтқыш қолдануда үлкен рөл
атқарады.
• Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды
қолдануда Д.Н.Прянишниковтың ғылыми
жұмыстарының маңызы ерекше. Ол
өсімдіктің аммиакпен, нитратпен қоректену
теориясының негізін салды. Өсімдіктегі
азотты заттардың алмасуы жөнінде
теориялық мәселелерді шешіп, талдады.
Оның ғылыми жұмыстары егіншілікті
химияландырудың және түрлі аймақтарда
өсірілетін дақылдарға тыңайтқыш қолдану
арқылы, олардың шығымдылығын
арттырудың теориялық негізі болып
саналады.
• Агрохимия ғылымының дамуына
Д.Н.Прянишников оқушылары В.М.
Клечковский, П.Г.Найдин, Ф.В.Чириков,
А.Н.Лебедянцев, Ф.В.Турчин, И.И. Синягин,
Н.С.Авдонин, А.В.Петербургский тағы
басқалары үлкен үлес қосты. Бұл ғалымдар
өз еңбектерінде тыңайтқыштар әсерінің
географиялық заңдылығын, минералдық
және органикалық тыңайтқыштарды қолдану
деңгейіне байланысты ауыспалы егіс
дақылдарының өнімінің жоғарылауын,
тыңайтқыш әсерінен топырақтың
агрохимиялық, агрофизикалық және
биологиялық қасиеттерінің өзгеруін,
тыңайтқыштың өнім сапасына әсерін
зерттеді.
• 1926 жылы Қазақстанда жер
шаруашылығы комиссиараты жанынан
топырақты зерттеу бюросы
ұйымдастырылды. Бұл бюро кейінірек
Қазақтың жер тыңайту және
агротопырақтану институты, одан соң
1935 жылдан бастап В.Р. Вильямс
атындағы Қазақ егіншілік институты болып
аталды. Осы уақыттан бастап біздің
республикамызда ауыл шаруашылығы
дақылдарына тыңайтқыштарды
қолданудың ғылыми жүйелері қалыптаса
бастады.
• Ауыл шаруашылығы дақылдарына
минералдық тыңайтқыштардың
тиімділігін зерттеу жөніндегі алғашқы
тәжірибелер, Қазақстанда 1929 жылы
жүргізіле бастады.
• Бұл тәжірбиелердің нәтижелері Н.П.
Корбут, И.И. Синягин, Н.Е. Крутиков,
Г.М. Лобанов, К.И. Иманғазиев
еңбектерінде жинақталып‚ қорытынды
жасалды.
• И.И. Синягин Оңтүстік Қазақстанның
топырағындағы фосфордың органикалық және
минералдық түрлеріне сипаттама беріп, түрлі
фосфор тыңайтқыштарының ауыл шаруашылығы
дақылдарына әсерін тексерген. Оның жетекшілік
етуімен Қазақстанда тұңғыш рет 1934 жылы
тыңайтқыштарды қолдану жөнінде анықтамалық
жарық көрді.
• Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы
мен дамуына үлкен еңбек сіңірген К.И.Иманғазиев
болды. К.И.Иманғазиев Қазақтың В.Р. Вильямс
атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институтының
агрохимия бөлімін 30 жылдан астам уақыт
басқарды.
• Оның көп жылдар бойы жүргізген ғылыми
жұмыстары, Қазақстанның оңтүстік
аймағында минералдық және органикалық
тыңайтқыштарды дұрыс қолданылса,
суармалы боз және қара қоңыр
топырақтардың құнарлылығын
жақсартатынын, одан қант қызылшасы,
күздік бидай, жоңышқа, мақта, күріш сияқты
дақылдардың түсімінің күрт артатынын
дәлелдеді. Оның “Қазақстанда тыңайтқыш
қолдану жүйесі” атты еңбегі кәзірде
тыңайтқыш қолдануда бірден-бір құнды
нұсқау болып саналады. Ол Қазақстанда
тұңғыш рет агрохимияның ғылыми мектебін
құрды.
• Кейінгі жылдары агрохимия саласында Д.К.Мәденов,
А.Т.Пономарева, Б.С.Бәсібеков, тағы басқа көптеген
ғалымдар өсіп жетілді.
• Д.К.Мәденовтің жетекшілік етуімен Алматы және
Қызылорда облыстарында қант қызылшасы, жүгері, күріш,
қарбыз, жүзім, күздік бидай дақылдарына сұйық азот
тыңайтқыштары мен карбамиформ, мочевина, Қаратау
фосфориті негізінде алынған күрделі және метафосфаттар
мен полифосфаттар сыналды.
• Б.С.Бәсібековтің ғылыми жұмыстары негізінен күздік бидай
және қант қызылшасы ауыспалы егісіндегі дақылдарға
тыңайтқыш әсерін зерттеуге арналды. Сонымен қатар
Б.С.Бәсібеков тыңайтқыштың ауыл шаруашылығы
дақылдары өнімінің сапасына әсерін де зерттеді.
• Қазақстанда агрохимия ғылымы саласындағы
оқымыстылардың тәжірибелері мен зерттеулері
республикамыздың түрлі топырақ-климат аймақтарында
өсірілетін дақылдарға қолданылатын тыңайтқыштардың
мөлшерін, мерзімін, тәсілін анықтауда рөлі үлкен. Мұның өзі
ауыл шаруашылығы дақылдарынан сапасы жоғары мол
өнім алуға жағдай жасайды және Қазақстанда агрохимия
ғылымының дамуына едәуір әсер етеді.
• 2 Агрохимия ғылымының міндеттері мен
зерттеу әдістері
• АГРОХИМИЯ өсімдіктің, топырақтың және
тыңайтқыштардың өзара қатынасын, ауыл
шаруашылығы дақылдарының өнімін
арттырып, сапасын жақсарту үшін, топырақ
құнарлылығын ұдайы жоғарылатуды
зерттейтін ғылым.
• Агрохимия әрі биологиялық, әрі химиялық ілім
болып саналады. Өсімдік шаруашылығын
дамытуда және жетілдіруде тыңайтқыш қолдану ең
тиімді әдістің бірі болып есептелетіндіктен,
агрохимияның агрономия ілімдерінің ішіндегі
алатын орны үлкен.
• Агрономиялық химияның МАҚСАТЫ -
өсімдіктің қоректенуіне қолайлы жағдай
жасау, тыңайтқыштардың жеке түрлері
мен формаларының топырақпен
әрекеттесуін зерттеу және оларды
қолданудың тиімді әдістерін анықтау.
• Агрохимия ілімі егіншілікті химияландырудың
ғылыми негізі болып саналады. Өйткені мұнда,
ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды
қолданудың мерзімі, мөлшері, әдістері сияқты
мәселелер жан-жақты қарастырылады.
• Орыстың ұлы ғалымы, академик
Д.Н.Прянишников, тыңайтқышты тиімді
қолдану топырақ химиясымен,
өсімдіктер физиологиясымен тығыз
байланыстыру арқасында ғана мүмкін
болатындығын көрсетті. Ол сонымен
қатар өсімдік, топырақ, тыңайтқыштар
арасындағы өзара әсерін зерттеуде
климат және тағы басқа факторлардың
да тигізетін әсерін ескерту қажет деген.
Д.Н.Прянишников осы объектілер
арасындағы өзара байланысты
қарапайым үшбұрыш түрінде өрнектеді.
Өсімдік
АГРОХИМИЯ
Тыңайтқыш Топырақ
Д.Н. Прянишниковтың үшбұрышы
• Агрохимияда теориялық, практикалық
мәселелерді шешу үшін әр түрлі зерттеу
тәсілдері қолданылады:
• 1. Биологиялық тәсілдер. Бұған тыңайтқыштармен
жүргізілетін егістік, вегетациялық тәжірибелер мен
лизиметриялық зерттеулер жатады. Биологиялық
тәсілдермен өсімдіктің қоректенуіне жеке
элементтердің рөлін, мөлшерін, қоректік заттарды
сіңіру механизмі сияқты мәселелер зерттеледі.
• 2. Лабораториялық тәсілдер арқылы өсімдікке,
топыраққа және тыңайтқыштарға сандық, сапалық
талдаулар жасалады.
• 3. Математикалық тәсілдерге тәжірибелер
нәтижелерін статистикалық өңдеу және
процестерді математикалық жолмен модельдеу
жатады.
• 4. Биофизикалық және микробиологиялық
тәсілдер.
• Агрохимия өсімдіктер физиологиясы, топырақтану,
биохимия, микробиология, егіншіліктану, өсімдік
шаруашылығы, агрометеорология, химия, физика,
математика, биология ғылымдарымен тығыз
байланысты.
• Агрохимия ғылымының жетістіктерін талдай
отырып, қазіргі кезеңде оның алдында шешуді
қажет ететін мынадай басты міндеттер анықталды:
• 1. Өсімдіктің қоректенуі мен оның өсу кезеңдерінде
жүретін органикалық және минералдық заттардың
алмасу құбылысын зерттеу. Физиологиялық -
биохимиялық процестерді, қоректік элементтердің
рөлін тереңірек талдау. Сөйтіп өсімдіктің
қоректенуінің минералдық теориясын жетілдіру.
• 2. Егіншілікте қоректік заттардың айналымы мен
балансын зерттеу.
• 3. Тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың
қасиеті мен құнарлылығының өзгеруін зерттеу.
Топырақ құнарлылығын арттыру жолдарын
белгілеу.
• 4. Өсірілетін дақылдардың биологиялық
ерекшіліктеріне сәйкес әрбір аймақтың
топырағының ғылыми тұрғыдан айқындалған,
қоректік элементтердің жылжымалы түрлерімен
қамтамасыз етілуі деңгейін жасау.
• 5. Тыңайтқыштың қоршаған ортаға тигізетін зиянды
әсерін төмендету жолдарын іздестіру.
• 6. Өсімдік өнімінің сандық және сапалық
көрсеткіштерінің мөлшерін қалыптастыру.
• 7. Топырақ пен өсімдік құрамындағы макро-
микроэлементтердің мөлшерінің шекті деңгейін
белгілеу.
• Әдебиеттер:
• 1 Агрохимия (под ред.Б.А.Ягодина) – М.,
1989
• 2 Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М.,
2001
• 3 Елешев Р.Е., Бекмағанбетов А. Агрохимия.
– Алматы, 1989
• 4 Елешев Р. Е., Смағұлов Т.С., Балғабаев
Ә.М. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану
жүйесі. – Алматы, 2000 ж
• 5 Прянишников Д.Н. Избранные сочинения.
Т.1, 2, 3 - Москва, 1967
• 6 Минеев В.Г. История развития агрохимии в
России и за рубежом. – М., 2005
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz