Ойық жара дамуында Hp(хелико-бактер) ролі


Slide 1

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Кафедра: Саясат және денсаулық сақтауды басқару

Тақырып: Ойық жара дамуында Hp(хелико-бактер) ролі

Орындаған: Искакова А, Шайхаттарова М, Бейсебаева Ү. III курс, 07-048 топ, жалпы медицина факультеті.

Тексерген: Рамазанова М. А.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Ойық жара ауруы

2. Асқорыту жүйесінің ферменттері

3. Асқазандағы Helicobacter, Helicobacter pylori дің рольдері

4. Ойық жара ауруының клиникалық көрінісі

5. Асқынуы

Емі

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Жара (vulnus) деп- терінің, шырышты қабықтардың немесе терең жатқан тіндердің және ішкі ағзалардың сыртқы қабаттармен қоса механикалық зақымдалуын айтады.

Жара- бұл ашық жарақат. Жараларды зерттейтін ғылымды вульнерология деп атайды.

Slide 4

Ойық жара ауруы (morbus ulcerosus) дегеніміз- үдеу және уақытша оңалу кезеңдерінің алмасуымен өтетін созылмалы рецидивті ауру, оның негізгі көрінісіне асқазанның және он екі елі ішектің қабырғасында ойық жараның пайда болуымен сипатталады.

Slide 5

Ойық жара ауруының таралуы шамамен 7-10℅ болады, ер адамдар жиірек ауырады. Ойық жара он екі елі ішекте, асқазанға қарағанда 4 есе жиірек кездеседі. Ойық жара ауруы асқазанның кілегей қабатының бүтіндігін қамтамасыз етіп отыратын қорғаныш механизмдері мен зиянды себептердің әсерінен баланстың бұзылуы кезінде дамиды.

Slide 6

Пепсин - асқазан сөлінің негізгі ферменті болып табылады, бұл ферменттің әсерінен тағамның күрделі белоктары қарапайым альбумозалар мен пептондарға ыдырауы жүзеге асады. Ал липаза асқазанда шамалы бөлінеді де, майдың ыдырауына қатысады.

Slide 7

Химозин - жас балалардың асқазанында болады, химозиннің әсерінен сүт ыдырап ұйыйды. Шырыш - асқазанның шырышты немесе кілегейлі қабығының бетін жаба отыра, оны тұз қышқылының әсерінен және де тағамның өте қатты түйірлерінен зақымданудан сақтайды.

Slide 8

Асқзанның ойық жарасы, гастрит ауруларында Helicobacter туыстастығына жататын иілген пішінді бактериялар анықталады, олар көптеген патологиялық процесстердің этиологиялық факторы болып табылады.

Slide 9

Созылмалы гастриті бар адамдарды зерттеу кезінде олардың асқазанынан көптеген бактериялар да болады. Ол бактериялар Helicobacter pylori болып табылады. Гистологиялық зерттеулердің нәтижесінде олар 95-70℅ жағдайда он екі елі ішек және асқазан ойық жара мен ауыратын сырқаттарда табылған.

Slide 10

Сондай-ақ иммундық бұзылыстар, асқазанның кілегей қабатының созылмалы қабынулық инфильтрациясы, гастриннің гипер секрециясы да өз әсерлерін тигізбей қоймайды. Кейде Helicobacter pylori сау адамдарда да кездесуі мүмкін.

Slide 11

Әртүлі жағымсыз себеп шарттар (физикалық қатты күштүсіру, маскүнемдік) ойық жара ауруының асқынуы мүмкін. Науқастардың 15-20℅ ойық жарадан қан кетуі ықтимал, оның клиникалық көрінісі құсықтың түрі “кофе тәріздес” болуы және нәжістің қара түске боялуы .

Slide 12

Ойық жара асқазанның бүкіл қабдаттарын тесіп шығуы мүмкін, бұл кезде эпигастрий тұсында “пышақ кескедей” ауыру сезімі, коллапс, алдыңғы құрсақ еттерінің ”ағаш тәрізді” қатаюы, іш пердесін тітіркендіру симптомдары байқалады. Ойық жараның көршілес ағзаларға өтуін пенетрация деп атайды. Оның клиникалық көрінісі: қатты ауыру сезімі, дененің қалтырауы, ЭТЖ тездеуі.

Slide 13

Ойық жара ауруының негізгі көрінісі ол ауыру сезімі. Ол асқазан тұсында ортаңғы сызықтан сәл солға немесе сәл оңға қарай орналасады. Субкардиалды ойық жара кезінде ауыру сезімі тура төс сүйегінің астынан байқалады. Ауыру сезімі кеуде тұсының сол жағына, омыртқаның кеуделік және белдік бөлімдеріне беріледі.

Slide 14

Асқазан обыры (рак)

Асқазан обыры жиі кездесетін қатерлі ісік. Көбіне 60-70 жастағы адамдар ауырады, кейде жастарда да кездеседі. Асқазан обыры бір отбасында, қаны А(II) топтағы адамдарда жиі кездеседі.

Slide 15

Бір қатар ауруларды обырға бейімділік тудыратын аурулар деп есептейді, оларға сему гастрит, әсіресе эпителий дисплазиясымен өтетін гастриттер, асқазан полиптері В тапшылық анемия, сирегірек ойық жара ауруы жатады. Аурудың алғашқы белгілері тәбеттің бұзылуы, жүрек айнуы, тамақтан соң эпигастрий тұсындағы толып кету және ауырлау сезімі.

Slide 16

Емдеу шаралары асқыну дамымаған шақта консервативтік шаралармен (бактерицидті препараттар, спазмолитиктер, Н2 блокаторлар, антацидтер, симптоматикалық ем) шектеледі.

Slide 17

Қорытынды

Қорыта айтқанда ойық жара ауруының дамуында туа біткен бейімділіктің белгілі бір маңызы бар. Сонымен қатар кілегей қабаттың резистенттігінің азаюы, өттің қайта асқазанға түсуі әсер етеді. Қоршаған ортаның жағымсыз себеп шарттары (стресстер, шылым шегу, арақ ішу) да ойық жараның туындауына әкеліп соғады.

Slide 18

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б. Н. Айтбембет “Ішкі ағза ауруларның пропедевтикасы” Алматы 2007

2. “Жалпы микробиология” Оқу әдістемелік құрал Алматы 2008

3. Ж. О. Аяпова ”Цитология, эмбриология және гистология” Алматы 2007

4. www. google . ru

Slide 19

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Гликопептидті антибиотиктер
Асқазан жəне ұлтабар ойық жара ауруы
БМСК мекемесіне жүгінген кездегі шағымдар
Өңештің зақымдануы және аурулары
НЕГІЗГІ БӨЛІМ АСҚАЗАН ОЙЫҚ ЖАРАСЫ
ШИГЕЛЛЕЗ
АСҚАЗАН, ОН ЕКІ ЕЛІ ІШЕК ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫНЫҢ АСҚЫНУЫ
Ауырсыну синдромы
Өңеш атрезиясы
Ойық жара ауруы этиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz