Көңіліңді бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста
Презентация қосу
Бірінші Желтоқсан дүниежүзілік Ж. Қ. Т. Б. мен күрес күніне
байланысты 8асыныбында өтілетін " Көңіліңді бойыңды мөлдір
бұлақтай таза ұста" атты ашық тәрбие сағатының жоспары.
Сабақтың тақырыбы: " Көңіліңді бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста".
Сабақтың мақсаты :
Зиянды әдеттер туралы түсінік беру.Қоғамға және адам ағзасына
темекінің , ішімдіктің , есірткінің теріс әсері туралы түсінік
қалыптастыру. Оқушыларды мектеп партасынан - ақ жаман әдеттерден
аулақ болып өсіру , қоршаған ортадан тек қана жақсы әдеттерді
бойларына сіңіру.
Сабақтың білімділігі :
Өсіп келе жатқаен жасөспірімдерге ЖҚТБ ауруының адам өміріне
қаншалықты залал келтіретіні туралы ой өрбіту ЖҚТБ туралы
түсініктерін кеңейту.
Сабақтың дамытушылығы :
Оқытудың интерактивті әдістері арқылы оқушыларға ой тастау , сол
арқылы әр оқушының жеке пікір көзқарас білдіруіне жол аша отырып,
сөйлеу қабілетінт жетілдіру.
Сабақтың тәрбиелілігі :
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ЖҚТБ ауруын қалайша
жұқтырмау және одан қалай қорғану жолдарын үйрете отырып,
қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру.
Сабақтың өтілу әдісі :
1 Түсіндіру әдісі мен сабақтың негізгі мақсатына жету.
2. Әңгімелесу, топтастыру.
3. Суреттеу, сұрақ-жауап.
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
5. Қорытынды.
Сабақтың көрнекілігі:
Зиянды заттардан аулақ болуға шақыратын плакат - суреттер, 1."
Жастар есірткіге қарсы"
2. "Темекі тартқаның, өкпе - ауруына жол тапқаның"
3. " Маскүнемдік ақылдан адасу үшін жасалған жаттығу"
4. Тірек - сызба
5. Сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық :
" Бір - бірлеріңе күлкі сыйлаңдар "
Балалармен сәлемдесу. Содан соң оларға "Әрқашан осылай
аман жүріңдер!" деген сөз айту. Мұғалімнен соң балалар бір-
біріне жылы лебізді сөздер айтып, жымияды.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Балалар 1- желтоқсан Дүниежүзілік СПИД пен күрес күні
болып, 1988 жылы бекітілді. Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың "
Қазақстан - 2030" жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі
- "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты "
тармағында' азаматтарымыздың өмірі аяғына дейін сау болуы
үшін, оларды қоршаған табиғи ртаның таза болуы үшін ,
азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі
көрсетілген. Осыған орай оқушыларды салауатты өмір салтына
насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу, болашақ отбасының
өмірге тәрбиелеу мақсатында сендерге темекі, ішімдік, есірткінің
зияны туралы және ЖҚТБ , АҚТБ туралы ой өрбіту , ашық тәрбие
сағатында көлемді мағлұмат беруді жөн көрдім.
1. Темекі туралы.
Европа халқы Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін
темекімен танысты.Алғашқы саяхатшылар кепкен жапырақты
шиыршықтап ауыздарына салып жүрген туземдіктерді көріп таң
қалыпты.Туземдіктер оны "Табако" деп атап, саяхатшыларға сыйлайды.
Егер қарсылық танытса өздерін қүрметтемегендік деп қабылдаған.
XVI - ғасырда Францияда темекі емдік қасиеті зор деген
түсінікпен кеңінен тараған. Франция королевасы темекіні бас ауруынан
жазатын дәрі ретінде иіскеп жүрген. Бастапқыда Европада темекіні тек
иіскейді, одан кейін жаппай тарта бастады.Осыдан адамдар жиі
уланғандықтан кейбір елдердің үкіметі темекі тартуға тыйым сала
бастайды.Мысалы:Англияда темекі тартқан адамды мойнына арқан
салып, көшеге шығарып денесіне дүре соққан.
Тропикалық аймақтарда "цэцэ " деген шыбын тіршілік етеді.
Егер ол адамды шақса онда адам жұқпалы кеселге ( Мәңгілік ұйқыға
кетеді) шалдығып өледі. Ал цэцэде маса сияқты түтіннен қорқады екен.
Соны білген ертедегі адамдар қылқан жапырақтарды кептіріп, үгіп
түтікшелерге салып тартқан. Темекі тарту ауыз қуысының тамақтың
өкпе мен кеңірдектің зиянды ісігінң пайда болуының басты себебі.
2.1шімдік туралы.
Арақпен достасарсың,абыройыңмен қоштасарсың.Алкоголь-у!
Ағзаның ішкі мүшелерерінің және асқазан ауруларына шалдықтырады.Ағзаға
келіп түскен алкоголь бірден өзінің "зиянды қызметіне" кіріседі.Ол алдымен
нерв жүйесіне қарай" асығады".
Нерв жүйесіне ми жұлын және нерв қызметі кіреді.Алкоголь жүйке жүйесінің
өткізгіштік қабілетін тежеп қабылдау жылдамдығын баяулатады.Адамның
қабылдау қабілетін төмендетуімен бірге ойлануды есте сақтауды
нашарлатып"топастандырады".
Ішкі мүшелердің қалыпты қызметін бұзады,жүрек үнемі оттегімен
қоректік заттарды қажет етеді.Ал ішімдіктер осы қызметке кедергі
жасап,жүректің қызметін баяулатады осыдан жүрек тоқтап қалуы да мүмкін.
Бауыр бір сағатта бір грамм алкогольды зиянсыз етеді.Осы процесс
барысында бауырдың кейбір клеткалары тіршілігін тоқтатады.Ал көп
мөлшердегі алкоголь ішімдігін бауыр зиянсыз ете алмайды,ондай жағдайда
адам қайғылы жағдайға душар болады.
Темекі түтіні Ішімдік ішкен адам.
Осы тірек сызбаға оқушылар жауап береді.
3.Есірткі туралы.
Есірткі анаша -ғасыр тажалы. Онымен бүкіл әлем болып күресуде.
Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен.Есірткі- бір басын кессең,екінші басы
шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.Көкнәр деген шөп
болады.Есірткінің біразын осы шөптен жасайды."Көкнәрдің көз жасын ішкен
адам өмір бойы жылап өтеді" деген сөз бар халықта.
Есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді.Тек қана өзі емес
ата-ана бауырларын да жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.
Сахналық көрініс. "Есірткі зобаланы". Бала: Ана, кешір мені, кешір.Мен
осындай күйге ұшырадым. Білесізбе,мен.....мен...нашақормын.Мен үшін бұл
дүниенің қызығы жоқ.Атып келе жатқан таңға қарап қуана алмаймын.Адамша
сөйлесіп, адамша күле алмаймын ана! Мен үшін өмірдің бар қызығы-
наша,наша,наша!Наша тапшы, апа! Жанымды қоярға жер таба алмай өліп
барамын, апа наша берші.(жылайды)
Анасы: Құлыным-ай дүлыным......қалай тап болдың бұл пәлеге-?!
Анаша дегенің-көрініп келген ажал еді-ғой.Соны біле тұра........сорлы балам
ажалмен ойнағаның не болғаны,өміріңнің бар қызығынан қуанышынан
айырып,сені қасіреттің қара құрдымына батырған қаніпезер кім.сені сонша
сорлатқан қай тас жүрек-?
Есірткі тасушы
Есірткі таратушы:-Ол қаніпезер кім еді деймісің-? Ол мен, не
істейсің маған байғүс.
Ана:-Сен бе едің-? жүзі қара,құлынымды адамдық жолдан
тайдыратындай не істеген еді ол саған -? Не жазығы бар еді-?
Есірткі таратушы: Рас,оның маған еш жазығы жоқ.Бірақ қазір дүниені
ақша билеген заман........Оны өзің де жақсы білесің.Ақша,ақша! Егер
сенің балаң сияқтылар болмаса,сол ақшаны мен қайдан алам.кім
береді-?
Ана:-Ақша,ақша дейсің.ақшаңдап қалғыр........қай заманда
адамнан ақша
қымбат болып еді. Ақшаның жолында құрбандыққа шалынардай не
кінәсі бар еді құлынымның.
Есірткі таратушы:-Күнәсі не деймісің-? Күнәсі әлсіздігі. "Жоқ" деген
сөзді айтуды үйретпепсің балаңа.Маған да керегі сондай адамдар
мен оны дискотекада қармаққа іліндірдім.
Иә,мен оны дискотеада қармаққа іліндірдім.Мен оған экстази
ұсындым.Ақша сұрағаным жоқ.Тегін бердім.Ол жоқ керек емес деп
айта алмады.
Ана: "Экстази бердім" деймісің .Ол неменесі тағы да.
Есірткі таратушы : экстази деген-есірткінің осындай жас балаларға
арналған түрі.Оны қабылдаған бала шаршағанын қарнының ашқанын
шөлдегенін білмейді.Таңды-таңға ұрып,билей береді,билей береді.
Ана: Құлынымның мойнына тозақты осылай салдым десеңші.
Есірткі таратушы: Иә балаңның мойнына алғашқы тозақ осылай
салынды.Балаң менің құлыма айналды.Ол есірткіден ақша
аямаитын.Бірте,бірте ол есірткінің ең күшті түрлеріне ауыз
салды.Тамырына шприц салып барып.жаны жай табатын болды.Ол үшін
көп ақша керек еді.Балаң енді өзінің үйіне өзі ұры болып түсті.Үйіндегі
қымбат заттардың бәрін сатты.Міне, көрдің бе.балаңның түбіне өзінің
әуесқойлығы жетті."Жоқ!","Болмайды!" деген сөзді үзілді кесілді айта
алмайтын табансыздығы жетті түбіне!
Ана:-Жоғал,жоғал! Сен ажал әкелуші ұрпаққа өлім себуші нағылетсің.Мен
жалғызымды сенің қанды қол шеңгеліңе тастай алмаймын.Жоғал.
Есірткі таратушы:-Ей,бейшара әйел! Сенікі құр далбаса! Көрдің
ана балаңның хәлін,өлгелі тұр ғой.Оған қазір керегі- анаша.Оған дәл қазір
анасынан да анаша қымбат.Сен оған анаша бере алмайсың.Ал мен
беремін.Тегін беремін. Бала:-Тегін дедің бе? Тегін бе ? Есірткі таратушы:-
Анаша керек пе саған-?Бала:-Иә керек өліп барам.Берші! Өлтірмейін
десең,берші.Есірткі таратушы:-Егер анаша алғың келсе,тас кенедей
жабысқан шешеңді әрі алып кет.(Бала жүгіріп келіп шешесін итеріп
жібереді)
Есірткі таратушы: Айтпадым ба саған.Оған қазір анасынан көрі анаша
қымбат. (Анасы қолын көкке жайып зар илейді.Бала алақанын жайып,анаша
сұрап тұр). Баласы: Жылап тұрып. Бұл тірлікте не тындырдым не көрдім,
Құрбанымын"Есірткі " деген кеселдің
Ақтамай-ақ кетіп барам арманын,
"Жалғыз бала" деп өсірген анамның.
Кім кінәлі,аялаған анам ба-?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба-?
Тек қана өзім кінәлімін, сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым.
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол үшын.
Құтқаратын күш жоқ,онда,әлсіз тірі өліксіз
Жат әдетпен темекіге,
Есірткіге жоламаңдар сол үшін!
(Азалы да ащы әуен ойнайды)
Нашақор.
Сөзжұмбақ: Иммунитет.
Оқушылар сөзжұмбақты шешіп тақырыпты ашады.
Иммунитет-ауруға қарсы түратын қорғаныш күш.
4.АҚТҚ.ЖҚТБ дегеніміз не-?
А Ж
Қ Қ
Т Т
Қ Б
Адамның иммуно тапшылық вирусын Францида 1983 ж Пастер
институтынан Люк Монтанье,АҚШ-та Роберт Галло ашты.Бұл ашқан
жаңалықтары үшін ғалымдар Нобель сыилығына ие болды.АҚТҚ диаметрі 100
нм ұсақ бөлшектер.
Бұл вирустың ерекшелігі ол организмге енгеннен кейін иммундық жүйенің
маңызды жасушасы Т лимфоциттерді жояды.Әдетте адамның 1 мм 3 қанында
800-1200 ге дейін осындай клеткалар бслады.Егер олардың саны 500 ден
азайса.адам түрлі вирустардан,микробтардан ауру тудырғыш саңырау
құлақтарға қарсы қорғансыз болады.
Вирус ағзаның барлық сұйық бөлінулерінен анықталады.Ол аздаған
мөлшерде зәрде ,түкірікте, жаста терде және т.б бөлінулерде болады.АҚТҚ
сыртқы ортаға өте тұрақсыз.Ол күн сәулесінің әсерінен 56° С.Жоғары
тем.Түрлі дезинфекция Ерітінділерімен жойылады.Хлорамин ерітіндісінде 2
мин,жойылады. АҚТҚ-қалай таралады-?
- Жыныстық қатынас арқылы:
- Егу кезінде ауру жұққан шприцті қолданған кезде.
- Қан және препараттар арқылы,мыс:қан құю кезінде.
- Босанғанда.емізгенде жұқтыруы мүмкін.
Тірек сызбаны түсіндіру.
І.Қан-тіршілік көзі.
2.Фагоцитоз құбылысы.
3.Эритроциттердің маңызы.
4.Тромбоциттердің қызметі.
Мерзімдер,деректер,оқиғалар. 1983ж.
Люк Монтанье (Франция) және Роберт Галло (АҚШ) соңында АҚТҚ деп
аталған,бір-біріне тәуелсіз қоздырғыш ашты. 1987ж.
ЖҚТБ бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауқымды бағдарлама
бекітті.
ЖҚТБ-БҰҰ Ассамблеясы сессиясында талқыланған ең бірінші ауру болды.
Қазақстанда алғашқы рет АҚТҚ-мен жұқпаланған адамдар тіркелген. 1988 ж.
Желтоқсанның бірі күні Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күні болып аталады.
1994 ж.
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ ауруларының алдын алу туралы Заң
қабылданды. 1998 ж.
Женевада (Швейцария) ғылымдағы алға басуларға қарамастан,миллиондаған
адамдар ЖҚТБ-дан дәрі-дәрмектердің қымбаттылығы және қол
жетпейтіндігінен өлетіні мойындалған ЖҚТБ бойынша XXII Халықаралық
конференцич өтті. 1999ж.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі Зіқаңтарда № 12
"Қазақстан Республикасының оқу орындарында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу
бойынша сабақтар енгізу туралы"бұйрығына қол қойылды.
2001ж. Маусымның 25-27 жұлдызында Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас Ассамблеясының АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша арнайы сессия өтті.
14 қыркүйекте Қазақстан Республикасында "АҚТҚ/ЖҚТБ індетінің алдын
алудағы 2002-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы" № 1207 ҚР
үкіметі қаулысымен бекітілді. 2002ж.
Барселон қаласында (Испания) ЖҚТБ бойынша ХІV Халықаралық конференция
өтті. 2003ж.
Қазақстан АҚТҚ/ЖҚТБ індетін және оның салдарын жеңу бағдарламасын жүзеге
асыруға ғаламдық қорынан 22,36 млн.АҚІІІ доллары көлемінде жәрдем қаржы
алды.
Қорытынды:
Шешілмейтін жұмбағы, сұрағы көп,
Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет.
Қалу керек өмірдің бұлағы боп.
Қалу керек өмірдің шуағы боп.
Денсаулықты сақта түзу өсесің,
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харам менен тәніңді улап не етесің! ?
Жаман әдет көп шектірер қасірет
Сақта өзіңді.жақсылыққа жетесің!-деп
Ашық тәрбие сағатын аяқтаймын. Өздеріңді сақтаңдар, шәкірттер!
Облыстық “Ақ көгершін”ән байқауының Лауреаты
Мәден Еркеназ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz