Ланшафт туралы түсінік
Презентация қосу
Ланшафт туралы түсінік
Орындаған: Тохтахунова Р.
Ландшафт—орыс ғалымы А.Г.Исаченконың
берген анықтамасы бойынша, геологиялық
қалыптасуы, даму тарихы, жер бедері, климаты
мен өзен-көл сулары, топырағы, биоценоз
құрылымдары бірегей аумақтар.
Экожүйе мен геожүйелер арасында ұқсастықтар мен
айырмашылықтар да бар. Екеуі де түптеп келгенде,
табиғат кешендерін сипаттайтын ұғымдар.
Айырмашылығы — біріншіден, экожүйе бойынша
табиғат кешендері тең дәрежеде қарастырылады.
Екіншіден, ландшафт кеңістікте орналасу жағынан
шектелген болса, экожүйе құрылымында
айқындалған шекара болмайды. Тек шартты түрде
ғана бөлінеді. Мысалы, Шарын, Іле тоғайы, Жетісу
Алатауы экожүйесі, т.б.
Географиялық қабықка мысал ретінде әр түрлі
ландшафтылық құрылымдарды атауға болады. Олар:
өзен-көл сулары мен жер асты суын қамтитын жердің
беткі қабаты, топырақ, өсімдіктер әлемі мен жануарлар
дүниесі, ауаның төменгі қабаты. Осы қабатта ғана
тіршілік ететін барлық тірі организмдерге қолайлы орта
қалыптасқан. Ландшафтылық орта тундра белдемінде 5
—10м-ді қамтыса, тропиктік белдемде оның тіршілік
аймағы 100— 150 м-ге жетеді. Мұның негізгі себебі —
жер бедерінің дамуы мен органикалық дүниенің таралу
қалыңдығына байланысты. Сонымен, геожүйе мен
экожүйедегі негізгі айырмашылық — геожүйе қызметі
жағынан полицентрлі, ал экожүйе биоцентрлі (тірі
жүйелерде) болып келеді.
Географиялық ландшафтыларды ғылыми
негізде көрнекті ғалым П.П.Семенов-Тян-
Шанский толық зерттеді. Оның айтуынша,
ландшафтылар:
• табиғи
• жартылай табиғи
• мәдени
• қалпына келе бастаған
Қазіргі кезде Қазақстанда ландшафтының табиғи, антропогепдік мәдени түрлерін
кездестіреміз.
Табиғи ландшафтылар — өзгеріске түсе қоймаған, яғни адам қолы тимеген табиғат
кешендері. Ондай ландшафтыларды Қазақстанның биік таулы аймақтарынан,
сондай-ақ шөл және шөлейт табиғат белдемдерінен кездестіруге болады.
Антропогендік ландшафтылар — табиғат кешендеріне адам баласының тікелей
немесе жанама әсер етуіне байланысты өзгерген жерлер. Мысалы, бау-бақша,
егістіктер, кесілген ормандар, жайылымдар. Кейде мұндай антропогендік
ландшафтылар кайта қалпына келуі мүмкін. Адам баласының дұрыс
пайдаланбауынан ландшафтылар тозып (деградация), кейде тақырлар мен
жарамсыз жерлерге айналып кетеді. Ғылыми деректер бойынша жер шарындағы
Сахара, Гоби, Такла-Макан, Орта Азиядағы кейбір құм экожүйелері антропогендік
ыкпалдың тікелей немесе жанама әсерінің салдары екені дәлелденген. Бұл
фактілердің қатарына біз Орталық Қазақстан, Арал, Оңтүстік Қазақстан
аймағындағы топырақ эрозиясына ұшырап жатқан мыңдаған гектар жарамсыз
жерлерді жатқызамыз.
• Қандай территориялық табиғат кешені болсын зоналық және азоналық
факторлардың әрекеттеріне байланысты үздіксіз өзгеріп, дамиды. Бірақ
ландшафтының даму тарихын зерттеп білу өте қиын іс. Өйткені адам
әрекеті мен табиғи процестер арасында қайшылық жиі болып тұрады.
Міне, осылардың нәтижесінде ландшафтының, даму тарихын
баяндайтын белгілер із-түзсіз жойылып кетуі ықтимал. Дегенмен,
ландшафтының даму тарихы, формасы, негізгі заңдылықтары туралы
біршама жияақталған материал бар.
• Ландшафтының даму формаларын алғаш рет Л.С.Берг зерттеп,
тұжырымдады. Ол ландшафт өзгерісін қалпына келетін қайтымды және
қалпына келмейтін қайтымсыз типтерге жіктеді.
• Ландшафтының қалпына келетін өзгерістері тәуліктік, ыаусымдық,
жылдық, ғасырлық, дәуірлік ырғақты табиғат құбылыстары мен апатты
оқиғаларға байланысты болады. Олар ландшафт динамикасын дамытуда
жеке-дара да, бірімен-бірі қосарланып та әрекет етеді.
• Ырғақты табиғат құбылыстарына байланысты болатын қалпына келетін
өзі өрістер ландшафтының, құрамдас бөлік аралық динамикалық
тұрақтылығын сақтайды. Оны сипатына қарай С.В.Калесник (1970)
кезеңді және циклді деп екіге бөлген.
• Кезеңді ландшафт өзгерістері жыл сайын белгілі бір
тұрақты уақыт өлшемінде қайталана береді. Оның күн
мен түннің ауысуына байланысты болатын тәуліктік
және жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты болатын
маусымдық ырғақтылығы байқалады. Тәуліктік ырғақ
жердің өз өсінен айнала қозғалысына байланысты.
Тәуліктік ырғақты жылу балансының, ауа
температурасының, абсолют және салыстырмалы
ылғалдылықтың, фотосинтез процесінің, тірі
ағзалардың, белсенділігінін, бриз желі сипатының, т.б.
күндізгі және түнгі айырмаларынан айқын көруге
болады. Жер өсінің еңкіштігіне байланысты күн сәулесі
жер бетіне түрліше бұрышпен келіп түсетін
болғандықтан, тәуліктік ырғақ әр турлі радиациялық
белдеулерде түрліше байқалады. Оның, жалпы сипаты
экватордан полюстерге жылжыған сайын көмескілеке
береді, тіпті поляр белдеуін де байқала да қоймайды.
• Жер шарының, қалған географиялық белдеулеріндегі жылдың төрт
мезгілі мен фазалары (белгілі мерзім араларында өзгеруі) түгелдей
байқалады да, суық жерлерде (көпжылдық тонды аудандарда) жылу
балансы, шөл мен шөлейтте ылғал балансы негізгі фактор рөлін
атқарады.
• Маусымдық ырғақ жер бетінің абсолют биіктігі артқан сайын да
түрленеді. Іле Алатауының төменгі бөлігінде (1000—1800 м биіктікке
дейін) жыл мезгілінің қыс, көктем алды мезгіл, ерте көктем, көктем,
ерте жаз, жаз, ерте күз, күз соңы, қыс деген маусым, ал жоғары
бөлігінде (2500—3200 м биіктікте) қыс, көктем алды мезгіл, күз соңы,
қыс деген маусымдық ырғақ байқалады. Ал биік таулы бөлігінде
(3200 м бңіктіктен жоғары) маусымдық ырғақ байқалмайды.
Маусымдық ырғақ Қазақстан жері ландшафтыларында айқын
байқалады. Соған орай халқымыздың ата кәсібі қалыптасқан.
Ертеден мал шаруашылығымен айналысатыи ата-бабамыз жыл
маусымы ауысқан сайын көктеу, жайлау, күздеу және қыстау
қоныстарына ұдайы көшіп-қонып отырған. Маусымдық табиғат
құбылыстары "сәуір", "бесқонақ", "үркер", "шілде", "есекқырған" деген
т.б. атаулармен халық санасына берік сіқген. "Сәуір", "бесқонақ",
"уркер" деп жауын-шашын көп түсетін көктемді айтады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz