МАҚТА ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ



Мақта өсіру технологиясы.
Тексерген: Оразбаев С. профессор.
орындаған: Жанібекова Е. ПА-304.

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мақтаның түрлері мен сорттары.
Мақтаның биологиялық ерекшеліктері.
Мақта өсірудің технологиясы және жинау.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Мақта - аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта - сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезеңінде-ақ жинай бастаған-ды. Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды. Оны ең әуелі Үндістанда, одан соң Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа, торғын маталар, муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді. Қазір мақта Үндістанда, Америка Құрама Штаттарында, Қытайда, Бразилияда және басқа да елдерде егіледі. Біздің елімізде Орта Азия республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда, сондай-ақ Закавказьеде өсіріледі. Мақта жылылықты, күн көзін, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол әдетте суармалы жерде өсіріледі. Өзінің биіктігі бір немесе бір жарым метр шамасында болады. Гүлдері ірі, ұрығы - қауашақты. Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді. Егер қауашақтан сол бір үлпілдек массаны жұлып алып қарасақ, одан біз мақтаның тұқымын көреміз. Енді осы тұқымның біреуін алайық. Оны жалпы массадан ажыратып алу оңай емес. Оның сырты ұйысқан талшық болып келеді. Мұны жаза бастасақ, олардың ұзынды-қысқалы өте нәзік талшықтар екенін көреміз. Мақта талшығы немесе мақта дегеніміз міне осы.

1. Мақтаның түрлері мен сорттары.
Бірінші түрі - орташа талшықты кәдімгі немесе мексикалық мақта. Оның көсегі ірі, жұмыр, жоғарғы жағы үшкір, қауашағында 5-10 тұқымы бар. Талшығының сапасы жоғары, ұзындығы 30-35 мм, ал жіңішкелігі 17-20 мкм.
Екінші түрі - жіңішке талшықты перу немесе сегнет мақтасы. Оның көсегі ұсақ конус тәрізді, ұзынша келеді, қауашағы 3-4 ұялы, онда 5-8 жалаңаш тұқымы бар . талшығының сапасы жоғары, ұзындығы 38-40 мм, жіңішкелігі 12-18 мкм .
Қазақстанда негізінен мақтаның орта талшықты сорттары өсіріледі. Оңтүстік Қазақстанда мақтаның Киргизский-3, C-4727, C-6524 және Ф-108 сорттары аудандастырылып себіледі.
Мақтаның екі түрі белгілі:


2. Мақтаның биологиялық ерекшеліктері.
Мақта жылу сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы топырақ +10-120 C жылынғанда өне бастайды. Бірақ бұл температура оның көктеп шығуы үшін жеткіліксіз. Мақтаның өсу бойы кезеңінде дамуына қолайлы температура - +25-300 С . Ауаның температурасы +250C тан кем емес немесе 36-370 C -тан артық болса, өсімдік дамуы баяулайды, ал температура 00 C -тан төмен түссе, мақта үшін өте қауіпті. Өсу жағдайына, түріне, сортына байланысты мақтаның толық пісіп жетілуі үшін +2800-36000С активті температура қажет.
Мақтаның транспирациялық коэффициенті 400-600 ге тең. Мақта тек суармалы жерлерде ғана мол өнім береді. Суды ең көп қажет ететін кезеңі гүлдену жеміс құру кезі.
Мақта қара, қызыл-қоңыр, сүр топырақтарда жақсы өніп өседі. Оған қышқыл және батпақты топырақтар қолайсыз.

3. Мақта өсірудің технологиясы және жинау. Алғы дақыл.
Мақтаның ең жақсы алғы дақылы жоңышқа қыртысы мен оның аударылған құйқасы. Жоңышқа топырақты органикалық заттармен, азотпен байытады. Осының арқасында топырақ құрылымы жақсарып, оның құнарлығы жоғарлайды. Сонымен қатар жоңышқа топырақты екінші рет тұзданудан сақтайды және мақтаның негізіг ауруын солдырманы азайтады.
Мақта өте жылу сүйгіш болғандықтан Қазақстанда өсірілетін ауданы шектелген, яғни оны ауыспалы егісте бір орынға бірнеше жыл қатарынан қайталап отырғызуға тура келеді.

Тыңайту жүйесі.
Мақта егісіне минералдық тыңайтқыш енгізудің мөлшері жоспарланған өнімге, топырақтағы қоректік заттардың қорына, қолданылатын агротехникаға байланысты. Шитті мақтаның 1 тоннасы топырақтан 40-50 кг азот, 15-20 кг фосфор, 50 кг калий сіңіреді. Осы аланған элементтер орнын органикалық және минералды тыңайтқыштар толтырады. Мақта өсіп дамуының алғашқы кезеңінде қоректік заттарды аз мөлшерде пайдаланады. Атап айтқанда, көктеп шыққаннан кейін бүрлену кезеңіне дейін барлық пайдаланатын азот пен фосфордың 3-4%, ал калийдің 2-3% сіңіреді. Аталған қоректік элементерді ең көп қолданатын кезі гүлденуден жаппай пісуге дейін. осы уақыт ішінде азоттың 65-70%, ал калий мен фосфордың 75-80% пайдаланады. Мақтаны интенсивтік технологиямен өсіргенде, осы көрсеткіштерге сүйене отырып берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшері мен мезгілін белгілеу керек.
Берілетін барлық азот тыңайтқыштарының 25% егін себер алдында, ал қалған 75% тұқым себу кезеңінде және үстеме қоректендіру арқылы берген дұрыс.

Топырақ өңдеу.
Мақтадан жоғарғы және тұрақты өнім алудың маңызды шараларының бірі топырақты өңдеудің дұрыс жүйесін қолдану болып табылады. Ол күзде және көктемгі егіс себер алдындағы топырақ өңдеу жұмыстарынан тұрады. Күзде топырақты негізгі өңдеу тәсілі мақтаның алғы дақылдарына байланысты. Алғы дақыл жоңышқа болса жерді сыдыра жырту жоңышқаның көктеп кетуін тежейді. Жер ПЯ-3-35 плугтарымен жыртылатын болса ғана оны сыдыра жыртқыштармен өңдеген дұрыс. Өйткені аталған плугтар жоңышқаның 30% тей кесілмеген түсімін қалдырып отырады. Олар көктемде өсіп кетеді де топырақты өңдеуге қиындық жасайды. Алғы дақыл мақта болса онда солдырма ауруына қарсы күресу үшін танап қоза пиялардан босатылуы керек. Коза пия топыраққа көміледі. Ерте көктемде топырақты өңдеу ылғал жабудан басталады. Егер топырақты тырмалауды 10 күн кешіктірсе әр гектардан 200-300 текше метр ылғал жоғалтады. Сондықтан оны екі ізбен тырмалау керек. Содан кейін топырақ жолдарын тегістеу керек. ПР-5 тегістегішпен 2 рет тегістейді.

Тұқымды себуге әзірлеу және себу тәсілі.
Гаммоз жұқпалы ауруын жою және тұқымның түбіт-түгін механикалық ажырату, бір орталықтан дәрілеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни шаруашылтар тұқымды заводтардан себуге әзір күйінде алады. Себу алдында тұқым тек ылғалдандырылады. 1тонна тұқымға 900 литр су жұмсап, полиэтиленмен 12-20 сағат ұстайды. Ылғалдандыру көрсетілген мөлшермен үш рет жүргізіледі. Мақта жылу сүйгіш оны топырақтың тұқым сіңіру тереңдігі 12-140 қызғанда себеді. Тым ерте немесе кеш себілген тұқым топырақта 20-25 күн өнбей жатып шіри бастайды. Ал көктеп шыққандары өте сирек және әлсіз, ауруға шалдыққыш келеді. Оңтүстік аймақта сәуірдің 15-25 не дейінгі аралықта себеді.
Мақтаның қатар аралығы 60-90 см жиі ұялы, не пуктирлі әдіспен себеді. Қазіргі кезде мақта өсіруді комплексті механикаландыру, қол еңбегімен қаржыны аз жұмсау үшін қатар аралығын кең - 90 см етіп себеді.
Пунктирлі әдіспен қатар аралығы 90см етіліп себілген өсімдіктер 90×20-2 схемалары бойынша орналастырады.
Ұялы әдіспен қатар аралығы 60 см етіліп себілген өсімдіктер 60×25-2-3 схемалары бойынша орналастырады.

Тұқым себу мөлшері мен тереңдігі.
Себу схемасына байланысты әр гектарға 40-100 кг-ға дейін тұқым себіледі. Орта талшықты мақталар үшін бір гектарға өсімдік жиілігі 100-120 мың, ал жіңішке талшықты мақтаныкі 120-130 мың дана болуы керек. Интенсивтік технологиямен өсіргенде мақтаны төрт қатарлы СХУ-4 және сегіз қатарлы CXC-8 сеялкаларымен 4-5 см тереңдікке себеді.

Мақта егісін суару.
Мақта егісіне берілетін су мөлшерін топырақтың сортаңдану, ыза суының тереңдігі мен минералдану дәреесін ескере отырып белгілейді. Ыза суының деңгейі жер бетінен 1м тереңдікте жатқанда мақта егісінің жылдық пайдаланған су мөлшерінің қосындысы 11700м3 болып, оның ішінде 9140м3 ыза суын пайдаланған. Бұл жалпы пайдаланған судың 78%-і. Ыза суы 3 метр тереңдікте жатқан бұл көрсеткіштер осыған сәйкес 4780м3 және 5, 6% болған. Осыдан ыза суы неғұрлым жер бетіне жақын жатса, соғұрлым қолдан берілетін су мөлшері аз болатынын көрсетеді. Егер топырақта тұз шамалы болса, онда жырту аладында әр гектарға 2000-2200 м3, ал тұзы көп болса 3000-3500 м3 су береді. Жырту алдында танапты осылай 2-3 рет суарады. Мақта үшін ең қолайлы ылғалдылық жалпы топырақтың ылғал сиымдылығының 70% болып есептеледі. Мақта пісу кезеңінде бұл көрсеткішті 60% ке дейін төмендету керек. Мақтаны суару оның даму кезеңіне байланысты. Мысалы: бүрлену кезінде әр гектарға 500-700 м3, гүлдену жеміс құруда 800-1000, ал пісу мезгілінде 500-600 су керек. Негізінен мақтаның екі үш жапырағы пайда болғаннан бастап гүлденгенше 2-3 рет, гулдену кезде 3-4 рет, ал пісе бастағанда 1-3 рет суарады. Мақта егісін негізінен жүйектік әдәспен суарады. Суару жүйегінің ұзындығы жер бедеріне, топырақтың су өткізгіштік қабілетіне және өсімдіктің қатар аралығының кеңдігіне байланысты. Суару көбінесе ДДА -100M жаңбырлатқыш агрегаттың көмегімен жүзеге асырады.

Арам шөптерге қарсы гербидциттерді қолдану.
Бір жылдық қос жарнақты және астық тұқымдас арам шөптерді жою үшін әр гектарға 1, 6-3, 5кг 80% которанды СХС-8 селкасымен икемделген ПВГ-8 құралымен шашады. Ал көп жылдық құмай, ажырақ, жатаған, бидайық сияқты арм шөптерге қарсы сүдігер жыртқан соң 40-55кг 80% долопонды шашып тастайды. шырпу - өсімдік бойындағы қоректік заттарды реттеуге, пісуінің тездеуіне және мақта өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды агротехникалық шара. Дер кезінде және дұрыс шырпылған жағдайда мақта көсегінің салмағы артады, олардың пісіп жетілуі тездейді және алынатын өнім көйеді. Шырпу көпшілігінде 10-15 өнім беретін бұтақ пайда болған кезде КРХ-5, 4 қопсытқышына ЧХВ-5, 4 шырпуышын тіркеу арқылы жүргізіледі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz