Азаматтық іс жүргізудің міндеттері мен принциптері




Презентация қосу
С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина
Университеті

Кафедра: Денсаулық сақтау мен фармациядағы
менеджмент және маркетинг, құқық негіздерімен

Тақырыбы: Азаматтық іс жүргізудің
міндеттері мен принциптері

Орындаған:
Факультет: Жалпы медицина
Топ:
Қабылдаған:
ЖОСПАР:
• Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
• Заңдылық
• Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін сотта қорғау
• Меншікке қол сұғылмаушылық
• Судьялардың тәуелсіздігі
• Сот ісін жүргізу тілі
• Сотта істі қараудың жариялылығы
• Сот актілерінің міндеттілігі азаматтық сот ісін
жүргізу принциптерінің мәні
• ҚОРЫТЫНДЫ
• ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Азаматтық сот ісін жүргізудің
міндеттері
• Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
азаматтардың, мемлекеттің және
ұйымдардың бұзылған немесе даулы
құқықтарын, бостандықтарын және
заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау,
заңдылық пен құқық тәртібін нығайту,
құқық бұзушылықтың алдын алу болып
табылады.
Заңдылық
• Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда баянды
етілген құқықтарына және бостандықтарына қысым
жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті
заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен
азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен
бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша
іс жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске
осы актіні конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс
жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің шешімін
алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады
• Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және
ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның
бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты
болады
• Сот істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге
органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол
өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан
жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді
қолданады.
• Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық
нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас
қатынастарды реттейтін құқық нормаларын
қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда
дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын
негізге ала отырып шешеді.
• Егер заң актілерінде немесе дауласушы
тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың
шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен
парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып
шешуге міндетті.
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
• Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс
жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек
қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін
кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа
әкеліп соғады.
• Төтенше, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттар
шешімінің заң күші болмайды және орындалуға тиісті
емес.
• Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін
жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра
пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген азаматтық
сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған
соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші
жойылуға тиіс.
• Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін осы Кодексте
көзделген тәртіппен тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта
қарай алады.
Адамның құқықтарын, бостандықтары
мен заңды мүдделерін сотта қорғау
• 1. Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық
құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа
жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе
азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың
немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және
заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп
жүгінуге құқылы.
• 2. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру
мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын,
қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып
(арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.
• 3. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген
соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен
төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып
қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ.
Жеке адамның ар-намысы мен
қадір-қасиетін құрметтеу
• Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде
азаматтық процеске қатысушы адамның ар-
ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін
кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге
тыйым салынады.
• Азаматтық сот ісін жүргізу барысында
мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға
келтірілген моральдық зиян заңда
белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.
Меншікке қол сұғылмаушылық

• Меншікке заңмен кепілдік беріледі.
Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен
айыруға болмайды.
• Азаматтық сот ісін жүргізу барысында
адамдардың банктегі салымдарын және
басқа мүлікті пайдалануға тыйым салу,
сондай-ақ оны алып қою осы Кодексте
көзделген жағдайлар мен тәртіп
бойынша жүргізілуі мүмкін.
Судьялардың тәуелсіздігі
• Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады
және Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен заңға ғана бағынады.
• Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне
сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді.
Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне
қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол
заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер
бойынша судьялар есеп бермейді.
• Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан
Республикасының Конституциясымен және заңмен
белгіленген.
Барлық адамдардың заң мен сот
алдындағы теңдігі
• Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот
алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады.
• Азаматтық сот ісін жүргізу барысында:
азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді
және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі,
ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты
жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген
мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс; заңды
тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді
және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне,
ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына,
меншік нысанына және басқа да мән-жайлары
себепті кемсітілмеуге тиіс.
Сот ісін жүргізу тілі
• 1. Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде
жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде
мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей
қолданылады.
• 2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген
тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір
азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот
ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
• 3. Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді
білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта ана тілінде
немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау,
түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс
материалдарымен танысу, сотта сөйлеу осы Кодексте
белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін
пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
Тараптардың айтысуы мен тең
құқықтылығы
• Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен
тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады.
Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады
және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.
• Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз
айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен
амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен
адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің
нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз
бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған,
алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы
Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды
алуға жәрдемдеседі.
Куәлік жауап беру міндетінен
босату
• Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және
ауқымы заңмен айқындалған жақын
туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті
емес.
• Діни қызметшілер тәубаға келіп, өздеріне
сенім білдірген адамға қарсы куәлік беруге
міндетті емес.
• Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде
көзделген жағдайларда аталған адамдар
жауаптар беруден бас тартуға құқылы және
бұл үшін қандай да болсын жауапқа
тартылмайды
Білікті заң көмегін алуға құқықты
қамтамасыз ету
• Әр адамның азаматтық процесс
барысында осы Кодекстің ережелеріне
сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы
бар.
• Заңда көзделген жағдайларда заң
көмегі тегін көрсетіледі
Сотта істі қараудың
жариялылығы
• Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта
істі қарау ашық жүргізіледі.
• Мемлекеттік құпиялар болып табылатын
мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса,
сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке,
отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен
қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық
айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды
қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға
кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған
іске қатысушы адамының өтінішін сот
қанағаттандырған кезде, сондай-ақ осы Кодексте
көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық
сот отырысында жүзеге асырылады
1. Оспанов Қ.И. “Құқық негіздері” Алматы
2007
2. Е. Баянов “Қазақстан Республикасының
МЕМЛЕКЕТІ мен ҚҰҚЫҒЫНЫҢ негіздері”
3. www.google.ru
4. www.yandex.ru
5. ww.mail.ru
6. www.google.kz

Ұқсас жұмыстар
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары ұғымы бойынша азаматтық процестік құқық саласының ғалымдарының пікірлері
Тараптар - сотта субьективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы
Прокуратура
Жер құнын бағалау
Азаматтық қорғанысының азаматтық ұйымдары
Ұйымдарының есеп саясатымен танысу
Құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу
Шаруашылық нысандарының азаматтық қорғанысы
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс
Пәндер