Өлім. Өлімнен кейінгі белгілер




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау
Министрлігі
С.Ж.Асфендияров атындағы
Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Өлім.Өлімнен кейінгі белгілер

Орындаған:

Тексерген
Жоспары:

• Кіріспе
• Тіршіліктің жойылуы
• Негізгі бөлім
• 1.Өлім үрдісі
• 2.Мәйіттің сууы
• 3.Қанның қайта бөлінуі
• 4.Өлімнен кейінгі белгілер
• Қорытынды.
Тіршіліктің жойылуы
• Табиғаттағы тірі жан-жануарлардың бәрі де өз
тіршілігін өліммен аяқтайды,яғни мәйітке айналады.
“Өмір сүру-өлу деген сөз”деп Ф.Энгельс бекерге
айтпаған.
• Өлім-организмдегі тіршілігінің толық тоқтауы.Табиғи
және мезгілсіз немесе патологиялық өлім
болады.Өлу заңдылықтарын,оның себептерін және
өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді
танатология деп атайды.Табиғи өлім тұлға тіршілігінің
заңды аяқталуы болып есептеледі,ол организмі әбден
қартайып тозуынан дамиды.Патологиялық өлім
әрқашан мезгілсіз,кез келген жаста болуы
мүмкін.Өлімнің түрлері мен патонатомия,соттық
медицина пәндері таныстырады.
Өлу үрдісі

• Өлу үрдісі өте күрделі болып,бірнеше
сатылардан тұрады.Оларға:күй,жанталас
және клиникалық өлім,биологиялық түсініктері
болады.Өлімнің себептеріне қарай табиғи
зорлық-зомбылық нәтижесінде және ауруға
байланысты түрлеріне ажыратады.
• Табиғи өлім-адам әбден қартайып,ағза
қызметтерінің бірте-бірте әлсіреп,тоқтауымен
байланысты.
Биологиялық өлім
• Біршама уақыттан соң өлімнің
морфологиялық белгілері және өлімнен
кейінгі өзгерістер дамиды.Бұл өзгерістерді
анық білу және зерттеу,кейбір жағдайда
кездесетін жалған өлімді анықтаудада аса
қажет.Сол үшін мәйітті клиникада кемінде екі
сағат сақтап,өлімнің алғашқы белгілері
байқалғанда ғана патологиялық анатомия
бөлімдеріне көшіреді.
Өлімнің алғашқы белгілері
• Мәйіттің сууы
• Мәйіттің сіресіп қалуы
• Мәйіттің кебуі
• Қанның қайта бөлінуі
• Мәйіт дақтары
• Мәйіттің сууы өлгеннен кейін организмдегі зат
алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты.Дене
жылуы бірте-бірте азайып,айналадағы
температурадан төменірек дәрежеге дейін
түседі.
• Мәйіттің сіресіп қалуы дене бұлшық еттерінің
қатайып,тартылып қалуына байланысты.Бұл
өзгерістердің негізінде биохимиялық үрдістер
жатады.
• Мәйіттің кебуі -өлгенен кейін денедегі
сұйықтықтардың құрғап және буланып кетуінің
нәтижесі.Бұл үрдіс үрдіс өлгеннен соң
бірнеше сағаттан кейін
басталып,терінің,шырышты қабықтардың
кеуіп қалуына алып келеді.
Қанның қайта бөлінуі
• Өлгеннен кейін артерия қан тамырының
қысқаруы нәтижесінде қан вена тамырларына
өтеді және өзінің салиағына байланысты
дененің төменде жайғасқан бөліктерінде
жинала бастайды.Жүректегі және ірі вена
тамырларындағы қан ұйып қалады.Егер
жанталас дәуәірі ұзаққа созылған болса,қан
ұйындылары ақшыл-сары түске кіріп,оның
құрамы негізінен фибрин жіпшелерінен
тұрады.Кейбір жағдайларда,ауру тұншығып
өлгенде өан тіпті ұйымай сұйық күйде қалады.
Өлімнен кейінгі белгілер
• Өлімнің кейінгі белгілеріне аутолиз және шіру
үрдістері кіреді.Аутолиз үрдісі гидролиздеуші
ферменттердің белсенділігінің күшеюімен
байланысты.Мәіттің шіруі осы аутолиз үрдістерінің
күшеюімен және оған шірітуші бактериялардың
әсерінің қосылуымен түсіндіріледі.Шіру үрдісінің
жылдамдығы қоршаған ортаның температурасына
байланысты.Бірте-бірте организмдегі барлық
органикалық заттар іріп-шіріп жойылып,тек
сүйектердің бейорганикалық заттары ғана ұзақ
мерзімге сақталады.Бұл үрдісті уақытша кідіру үшін
мәйітті салқын жерде сақтау немесе бальзамдау
керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
• Ж.Ахметов “Патологиялық анатомия”
• www.google.ru
• Иммунопатология в клинике и
экспирименты и проблема
аутоантител,под ред.П.Мишера
иК.Форлендера 1963

Ұқсас жұмыстар
Жалпы танатология
Өлім,өлімнен кейінгі өзгерістер
Өлім және өлімнен кейінгі өзгерістер
Мәйітте табылған жарақаттардың тірі кезде алынғанын анықтау
Ежелгі Египет мәдениеті
ПЛАТОН ФИЛОСОФИЯСЫ
Постреанимациялық ауру кезеңдері
Жүрек астындағы бүкіл денеде қан айналымын кем дегенде
Егуден кейінгі асқынулар
ТЕРМИНАЛЬДІ ЖАҒДАЙЛАР
Пәндер