Ақсу-Жабағылы қорығы туралы


Slide 1

Ақсу-Жабағылы қорығы

Орындаған: Таукебай Қанат

Slide 2

Ақсу Жабағлы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық 4, 280м биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған.

Slide 3

Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Slide 4

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар мен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады.

Slide 5

Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.

Slide 6

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.

Slide 7

Теңіз деңгейінен 3, 000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген. Ақсу жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.

Slide 8 Slide 9

Орналасқан жері Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысы

Координаттары 42. 316667, 70. 61666742°19′00″ с. е. 70°37′00″ ш. б.  / 42. 316667° с. е. 70. 616667° ш. б. (G) (O)

Көлемі 131 934 га

Құрылған 1926 жылдың шілденің 14

Уәкілетті орган Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

Сайты www. aksu-jabagly. kz

Slide 10

ПРЕЗЕНТАЦИЯ СОҢЫ


Ұқсас жұмыстар
Ақсу Жабағылы қорығы
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
Қазір Ақсу - Жабағылы қорығы
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Ақсу - Жабағалы қорығы
Қорықтың аты
Қазақстанның қорықтары
Алматы қорығы
Қорықтар орналасуы картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz