Подаграға қарсы заттар. Зәрлік конкременттерді шығару үшін қолданылатын заттар


Slide 1

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Кафедра: Фармакология. СӨЖ Тақырыбы:Подаграға қарсы заттар. Зәрлік конкременттерді шығару үшін қолданылатын заттар.

Орындаған: Дербисбекова У. Б. Факультеті: Фармация Курсы: III Тобы: 303 Қабылдаған:Есетова Қ. Ө.

Slide 2

Подагра қанда несеп қышқылы мөлшерінің жоғарылауымен, оның микрокристаллдарының буындарда, басқа тіндерде жиналуымен және де несеп қышқылынан тастар(ураттар) түзілуімен көрінеді.

Slide 3 Slide 4

Несеп қышқылы пуриндік негіздер алмасуының соңғы өнімі болып табылады. Ағзадан бүйрек арқылы шығарылады. Бүйрек шумақтарында несеп қышқылының фильтрациясы жүреді, екінші кезеңі несеп қышқылының проксималды бүйрек өзекшелеріндегі секрециясымен және оның одан әрі қайталама белсенді реабсорбциясымен аяқталады.

Slide 5

Подаграны емдеу үшін қолданылатын заттар қатарына несеп қышқылының мөлшерін төмендететін препараттар және қабынуға қарсы заттар жатады. Несеп қышқылының қандағы мөлшерін екі жолмен төмендетуге болады:

1. Несеп қышқылының ағзадан шығарылуын жоғарылату арқылы;

2. Несеп қышқылының түзілуін тежеу арқылы.

Несеп қышқылының ағзадан шығарылуына ықпал ететін препараттарды урикозуриялық заттар деп атайды. Оларға антуран, этамид, пробенецид т. б. препараттар жатады. (1-кесте. )

Slide 6

1-кесте. Подаграда қолданылатын заттар.

Әсерінің негізгі бағыты

Подагра ұстамасының алдын алу.

Подаграның жедел ұстамасын қайтару.

Несеп қышқылының шығарылуына ықпал ететін заттар(урикозуриялық заттар) .

Сульпинпиразон

Пробенецид

Этамид

Бензбромарон

Несеп қышқылының түзілуін тежейтін заттар.

Аллопуринол

Қабынуға қарсы заттар.

Колхицин

Диклофенак-натрий

Бутадион

Индометацин

Глюкокартикоид-тар.

Slide 7

Сульфинпиразон(антуран)

Сульфинпиразон пиразолон туындысы болып табылады. Үлкен мөлшерде проксималды бүйрек өзекшелерінде несеп қышқылының реабсорбциясын тежеп, оның зәрмен шығарылуын жоғарылатады. Аз мөлшерде несеп қышқылын ағзада ұстап, оның секрециясын төмендетеді. Сонымен қатар бензилпенициллиннің бүйрек арқылы шығарылуын азайтады.

Slide 8

Сульфинпиразон тромбоцидтер агрегациясын төмендетеді. Асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңіріледі.

Әсерінің ұзақтығы 10сағатқа жуық. Препарат және оның метоболиттері бүйрек арқылы шығарылады.

Жанама әсерлері көбінесе асқазан-ішек жолына тітіркендіргіш әсері тән, сирек қан түзуді тежейді, сондай-ақ аллергиялық реакциялар дамуы мен зәр шығару жолдарында тастың түзілуі мүмкін.

Slide 9

Пробенецид және этамид.

Бұл препараттардың урикозуриялық механизмі ұқсас, антуран сияқты бүйрек өзекшелеріне секреция жолымен бөлінетін бензилпенициллиннің жіне бірқатар заттардың шығарылуын азайтады.

Пробенецид бензой қышқылының туындысы. Ол энтералды енгізгенде жақсы сіңіріледі. Қан сарысуында жоғары концентрациясы шамамен үш сағаттан кейін жиналады. Әсер ету ұзақтығы 8-10сағаттан кейін жүреді. Преператтың үлкен мөлшері қан сарысуы белоктарымен байланысады. Негізінен секреция жолымен бүйрек арқылы шығарылады.

Пробенецид бірнеше жанама әсерледі:асқазан-ішек жолын тітіркендіруі, терілік аллергиялық реакциялар және бүйректе тас түзілін шақыруы мүмкін.

Slide 10

Этамид

Бензой қышқылы туындыларының қатарына жатады. Құрылымы бойынша пробенеңике ұқсас. Іштен жақсы сіңіріледі. Преперат науқастармен жақсы көтеріледі.

Жанама әсерлері:

Диспепсиялық бұзылыстар

Зәрде ураттардың тұнбаға түсуі

Конкременттер түзілуі мүмкін.

Slide 11

Аллопуринол(милурит)

Гипоксантиннің құрылымдық аналогы. Ағзада несеп қышқылының түзілуін тежейтін, бірақ белсенді аллопуринолдан төмен аллоксантинге айналады. Екі қосылыстың да әсер механизмі олардың ксантиноксидазаны тежеп, гипоксантин мен ксантиннен несеп қышқылының түзілуіне кедергі жасаумен түсіндіріледі. Аллопуринолдың әсері кезінде зәрмен несеп қышқылының орнына жеңілірек еритін гипоксантин мен ксантиннен шығарылады.

Slide 12 Slide 13

Аллопуринол ішектен тез сіңіріледі. Қанда барынша көп(мах) концентрациясы 1-ден 2 сағатқа дейінгі диапазонда анықталады. Қан сарысуында несеп қышқылы деңгейінің қалыпқа келуі 7-10 күннен кейін, оның тіндерге жиналған шөгінділерінің ыдырауы-бірнеше айдан кейін байқалады.

Slide 14

Аллопуринол метоболиттері бүйрек арқылы бөлінеді, 20%-ға жуық сіңірілмеген бөлігі ішек арқылы шығарылады. Препарат науқастармен жақсы көтеріледі. Терілік аллергиялық реакциялар, диспепсиялық бұзылыстар, подаграның асқынуы, сирек лейкопоэздің тежелуі және апластикалық анемия дамуы мүмкін.

Slide 15

Подаграға қарсы препараттардың қарастырылған топтары подаграның созылмалы түрінде қолданылады. Негізгі мақсат ауру ұстамасының алдын алу үшін несеп қышқылының алмасуын қалыпқа келтіру. Несеп қышқылы микрокристалдарының дәнекер тіндерде жиналуынан дамыған, қабыну реакциясы болып табылатын подаграның жедел ұстамаларында, қабыну мен ауру сезімін басатын қабынуға қарсы заттарды қолдану қажет. Осы мақсатта қабынуға қарсы стероидты емес заттарды(индометацин, бутадион, т. б) және гликокартикоидтарды қолданады.

Slide 16

Индометацин(метиндол)

Индометацин индолсірке қышқылы туындысына жатады. Бұл препараттың негізгі әсері-қабынуға қарсы жіне анальгетикалық әсері мен ыстықты түсіретін әсері айқын. Ол асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңіріледі. Қандағы барынша көп концентрациясы қабылдағаннан соң 1-4сағаттан кейін пайда болады. Ағзада биотрансформацияға ұшырап жартылай өзгерген күйде және бүйрек пен экскременттермен шығарылады.

Slide 17 Slide 18

Индометацинді қабынуға қарсы зат ретінде ревматоидты артритте, созылмалы ревматизм ауруларында және жедел подаграда қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
Белсенді иммундеуге арналған биологилық препараттарға қойылатын ветеринариялық санитарлық талаптар
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Ветеринариялық медицинада микробтарға қарсы препараттардың қауіпсіздік қолдануы
ФОСФОРОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР
Тұтқыр заттар сипаттамасы
Сабын және Синтетикалық заттар
ТҰТҚЫР ЗАТТАР СИПАТТАМАСЫ.ЖҰМСАРТҚЫШ ЗАТТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ.ШЫРЫШТЫ ЗАТТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
Дәрілік өсімдіктердің морфологиялық белгілері
Органикалық емес табиғаттың жіктелуі және номенклатурасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz