Өкпе мен тіндердегі газ алмасуы және газдардың қан арқылы тасымалдануы


Slide 1

Өкпе мен тіндегі газ алмасу.

Дем алғанда өкпеге кіретін атмосфералық ауа мен деммен бірге шығатын немесе альвеолалық ауаның құрамындағы әр газдың мөлшерін жеке салыстырып өкпе альвеоласындағы газдар мен қан құрамындағы газдардың өту бағытын анықтауға болады. Негізгі газдар атмосферада оның жеке қабаттарында ұдайы бір мөлшерде болады. Адам дем алғанда осы атмосфералық ауа өкпкгк енеді, ал өкпедегі альвеолалық ауа мен дем шығарғанда шығатын ауада оттегі мен көмір қышқыл газ мөлшері ұдайы өзгеріп отырады. Өкпедегі газ алмасуының негізгі көрсеткіші - альвеолалық ауадағы газдардың құрамы мен мөлшері. Атмосфералық ауамен альвеллалық ауа құрамындағы газдарды салыстырсақ, оттегінің атмосферадан қанға, ал көмір қышқыл газдың қаннан альвеолаға өтетінін байқауға

Slide 2

Құрғақ ауаның құрамы.

Ауа құрамы

О2

СО2

N2 және инертті газ

Атмосфералық ауа

20, 94

0, 03

73, 03

Деммен шығатын ауа

16, 0

4, 5

79, 5

Альвеолалық ауа

14, 0

5, 5

80, 5

Slide 3

Деммен бірге шығатын ауа мен альвеолалық ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газ мөлшерін салыстырсақ деммен шыққан ауада оттегі көбірек, көмір қышқыл газы азырақ, альвеолалық ауа өкпеден шығарда тыныс жолындағы ( өлі кеңістіктегі ) атмосфералық ауамен араласып кетеді. Белгілі бір тін мен қан құрамындағы газдардың алмасу тәртібін білу үшін қандағы газдардың физикалық жайы мен мөлшерін, кернеу күшін анықтау керек. Газдар қан айналысының үлкен және кіші шеңберлеріндегі капилярдан бір тәртіппен өтеді, сондықтан өкпеде немесе белгілі бір тінде өтетін газ алмасу болады.

Slide 4

Қандағы жалпы газ қысымын 1858ж И. М. Сеченов анықтаған. Әр газдың меншікті қысымы қанда кернеу күшіне тең болса, сұйықтықта және ерітінді үстінде газ тепе - теңдігі пайда болады. Ал газдың меншікті қысымы кернеу күшінен жоғары болса, ол ери бастайды. Кернеу күші деп - бір молекула газдың ерітіндіден сыртқа шығаруға жұмсайтын күшін айтады. Газдың еруі ерітіндінің құрамына, сұйықтықтың үстіндегі сақталған газдардың көлемі мен мөлшеріне, ерітіндінің температурасына және газдың табиғатына байланысты. Газдың ерітіндіге көшуі мен ерітінді үстіндегі газдар қатарын шығуы арасында тепе - теңдік болады. Газ молекуласының ерітіндіден бос газдар арасынан шығатын күшін газдың сұйықтықтағы кернеуі деп атайды.

Slide 5

Оттегі мен көмір қышқыл газдың меншікті қысымы және кернеу күші (С. Б. Б . )

Қан айналысының кіші шеңберіндегі капилярларда, оттегінің меншікті қысымы венадағы кенеу күшінен 60 мм жоғары (100 - 40 = 60 мм. с. б. б ) сондықтан да оттегі альвеоладан венаға ауысады, сөйтіп вена қаны артерия қанына айналады. Вена қанындағы көмір қышқыл газдың кернеу күші альвеоладағы меншікті қысымнан 6 мм жоғары (46 - 40= 6 мм. с. б. б) .

Газ түрлері

Альвеолада Венада

Альвеолада Тінде

O2

100 → 40

100 → 20

CO2

40 ← 46

40 ← 60

Slide 6

Газдардың қан арқылы тасымалдануы.

Тірі организмде тіршілікке қажет газдар өкпеден тінге, тіннен өкпеге қанмен жеткізіледі. Оттегі мен көмір қышқыл газы, және азот қанға атмосфералық ауадан енеді. Газдың мөлшері артерия мен венада бірдей емес, артерияда оттегі, венада көмір қышқыл газы көбірек. Ал оттегі қаннан тінге өтеді, көмір қышқыл газы тіннен қанға өтеді. Азот - газ алмасуына қатыспайтын бейтарап газ. Оның көлемі () артерия мен вена қанында бірдей болады.

Газдардың қандағы мөлшері( % )

Артериялық

18 - 20

52

Веналық

12 - 14

58

Қан

Газдар

Мөлшері

Slide 7

Оттегінің қан арқылы тасымалдануы.

Оттегі көбіне гемоглобинмен қосылып оксигемоглобин түрінеде тасымалданады. Гемоглобин нің толық оксиглобинге айналуы, яғни 100 мл қандағы оттегінің мейлінше көбеюі - қанның оттегіне қанығу сыйымдылығы деп саналады. Әдетте 1 литр қанның оттегіне деген сыйымдылығы 180 - 200 мл. Бір грамм гемоглобин мл оттегімен әрекеттесетіні белгілі.

Оксигемоглобиннің ыдырауы. ( диссоциациясы)

Гемоглобин сұйықтығындағы оттегінің кернеу күшін біртіндеп жоғарлата отырып, с. б. б. 40 мм жеткізсе, гемоглобиннің 75%, ал 60 мм -ге жеткізсе, 90% -і оксигемоглобинге айналады.

Slide 8

Тыныс алудың реттелуі.

Тірі организмнің тіршілік етуіне қажет аса маңызды қызметтерді белгілі бір орталықтар реттеп отырады. Тыныс алуға адам денесіндегі бұлшықеттер қатысады. Демді ішке алу, шығару, тыныс алу еттерінің жиырылуы арқылы іске асырылады. Тыныс орталығының қозу жиілігін реттейтін мидағы, оның құрамындағы орталықтардың және ми қыртыстарындағы нейрондардың тыныс орталығына қарай бағытталған сигналдарының маңызы зор. Осының бәрі тыныс орталығының өмір бойы белгілі бір ырғақпен қозуының және сыртқы, ішкі ортаның өзгерістеріне бейімделуінде маңызы зор.

Slide 9

ЖОСПАР

Кіріспе. Өкпе мен тіндегі газ алмасу.

Негізгі бөлім. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.

а) оттегінің қан арқылы тасымалдануы

б) оксигемоглобиннің ыдырауы. ( диссоциациясы)

Қорытынды. Тыныс алудың реттелуі.

Slide 10

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА: Қалыпты физиология

Тақырыбы:Өкпе мен тіндердегі газ алмасу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы.

Орындаған: Көлдейбаев . А. Е

Факультет:Жалпы медицина

Курс:3

Топ: 07-029

Қабылдаға:

Алматы 2009-2010 жыл

Slide 11

Қолданылған әдебиеттер.

Сәтбаева Х. Қ. Өтепбергенов А. А. Нілдібаева Ж. Б. Адам физиологиясы. Алматы 2005ж

Ә. Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. Алматы 2007ж


Ұқсас жұмыстар
Өкпе мен тіндердегі газ алмасудың механизмдері, тыныс көлемдері және рефлекторлы реттелуі
Тыныс алу жүйесінің физиологиясы: оттегінің тасымалы, өкпе газ алмасуы және кессон ауруы
Тыныс алу жүйесі: құрылысы, қызметі, газ алмасуы және патофизиологиясы
Тыныс алу жүйесінің биохимиясы мен физиологиясы: құрылым, газ алмасу, өкпе көлемдері және тыныс жетіспеушілігі
Аэробтық тыныс алу және өкпе мен ұлпа газ алмасуының механизмдері
Өкпедегі гидростатикалық қысым градиенттері және олардың аймақтық өкпе қан айналымына әсері
Сыртқы тыныс алу және бронх жүйесі: газ алмасу, тасымалдау және нейрорегуляция
Көмірсутектердің табиғи көздері: табиғи газ және мұнайға серік газдардың құрамы, кен орындары және қолданылуы
Липидтер алмасуының сатылары: құрамы, тасымалдануы және физиологиялық рөлі
Идеал газдардың анықтамасы және негізгі заңдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz