Эпидемиялық процестің аймақ және уақыт бойынша көрінуінің сипаттамасы




Презентация қосу
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
УНИВЕРСИТЕТІ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Эпидемиология кафедрасы
”Эпидемиялық процестің аймақ
және уақыт бойынша көрінуінің
сипаттамасы”.
Орындаған: Кокшеева Н.Б.
Факультет: Жалпы Медицина
Курс: 3
Топ: 07 - 028
Тексерген: Жандосов.М.К.

Алматы 2010 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе:
1. Эпидемиялық процесс туралы жалпы түсінік

II. Негізгі бөлім:
1. Эпидемиялық процестің аймақ бойынша көрінуі
2. Эпидемиялық процестің уақыт бойынша көрінуі
3. Эпидемияның аймақтық және уақыттық белгілері

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер.
Эпидемиялық процесс
• Әлеуметтік-
экологиялық жүйе, яғни
паразиттік
микроорганизмдердің
халық арасында өмір
сүруін, өсіп-өнуін және
таралуын қамтамасыз
ететін көп деңгейлік
бүтін күрделі жүйе.
Эпидемиялық процестің элементтері

1. Қоздырғыш көзі 2. Берілу механизмі 3. Қабылдаушы ағза
Эпидемиялық процестің көріністері

Экзотикалық сырқаттанушылық Эпидемиялық процесті қолдайтын
табиғи және әлеуметтік жағдайының
болмауына байланысты осы жерге
тән емес, сырттан әкелінген
жұқпалы ауру.

Эндемиялық сырқаттанушылық Эпидемиялық процесті қолдайтын
табиғи және әлеуметтік жағдайының
болуына байланысты осы жерге тән
жұқпалы ауру.

Спорадикалық Бірен-саран шашыраңқы сипатта
тіркелетін сырқаттанушылық
Эпидемия Жұқпалы аурудың бүкіл халық
арасында таралуы.
Пандемия Бірқатар елдерде кездесетін
эпидемиялар
Эпидемиялық процеске әсер ететін факторлар

Табиғи Әлеуметтік

климаттық демографиялық

Гидро-геологиялық Тұрмыс жағдайы

Әлеуметтік
топырақтық
жағдайы
Эпидемиялық процестің
аймақ бойынша көрінуі;

• Аурудың тіркеу территориясын –
нозоареал деп атайды.
Нозоареал грек тілінен
аударғанда “nosos” – ауру+лат.
“area”- аймақ дегенді білдіреді.
Инфекциялық аурулардың территория бойынша таралуы

Бүкіл әлемдік Аймақтық

Аумақ Аумақ аралық
Бүкіл әлемдік территория бойынша
инфекциялық аурулардың таралуы
• Бүкіл әлем бойынша антропонозды және зоонозды
инфекциялардың таралуы. Бүкіл әлемдік территория
бойынша инфекциялардың таралуы әр аймақта өзіндік
ерекшелігі бар.
Жеке административтік аудан ішінде және тұрғылықты
аймақта, сонымен қатар административті аралық
территорияларда біркелкі емес аурулар жиі кездеседі, олар
белгілі бір эпидемиологиялық белгілер бойынша
біріктіріледі. Аурудың көрсеткіші әр түрлі аймақта
экологиялық ерекшелігі бойынша, сонымен қатар
эпидемиялық процестің даму механизмі бойынша әр түрлі
болады. Мысалы, Орта Азия территориясында басқа
аудандарға қарағанда гепатит А мен іш сүзегінің таралуы
жоғары, ал тырысқақтың таралу көрсеткіші төмен.
Аймақтық территория бойынша
инфекциялық аурулардың таралуы
• Бұл аурудың белгілі бір аймақта шектеулі таралуы болып
табылады. Мысалы, тырысқақтың эпидемиялық ошағы Оңтүстік-
Шығыс Азияда шектеулі территорияда ғана таралған.
Антропоноздардың аймақтық таралуы бір территорияда олар
ығыстырылган, ал басқа территорияда - жоқ. Аймақтық таралу
табиғи ошақтық инфекцияның болуымен түсіндіріледі. Бір
аурудың табиғи ошақтары – аумақтық таралуы болса, басқаларда
– аумақ аралық таралу болады. Трансмисивті аурулардың
қоздырғыштары тасымалдаушы ағзада көбею үшін және
эпидемиялық потенциалға ие болу үшін, сонымен қатар кейбір
қоздырғыштардың өмір сүруі үшін жоғарға температура қажет.
Сондықтан, бұл аурулардың ареалдары тропикалық және
субтропикалық аймақтарда көп кездеседі.
Инфекциялық аурулардың уақыт бойынша таралуы

Аурулардың біркелкі емес
маусымдық Қайталанып тұруы
көтерілуі
Инфекциялық аурулардың уақыт
бойынша таралуы
• I. Көп жылдық динамика бойынша:
Бұл белгілі бір аймақта және әлеуметтік топтарда
инфекциялық аурулар біркелкі емес уақыт бойынша
анықталады. Көпжылдық динамикаға эпидемиялық
тенденция мен аурудың қайталанып тұруы және ауру
көрсеткіштерінің көтерілуі мен түсуі жатады. Көп жылдық
динамикада эпидемиялық процестің интенсивті өзгеруінің
негізгі бағытын – эпидемиялық тенденция дейміз. Ол
аурулардың тұрақтануын, өсуін және төмен түсуін
анықтайды.
.

• II. Бір жылдық динамика бойынша:Бір жылдық
динамика мезгілдік және мезгіл аралық болып бөлінеді.
Маусым аралық – ол аурудың болмауымен немесе
аурудың мезгілдік кезеңнен қарағанда төмен болуымен
сипатталады.
Маусымдық – бқл эпидемиялық процестің даму
фазасындағы бірден бір айқын белгілерінің бірі. Бқл
жоғары көрсеткіштермен сипатталады.
Эпидемия белгілері:
1. Уақыт бойынша
2. Аймақ бойынша.
Аймақ бойынша эпидемия белгілері

Локальді Таралған

Белгілі бір аймаққа Аралас аймаққа
негізділген негізделген
Уақыт бойынша эпидемия белгілері

жіті созылмалы

Минимальді уақыт Максимальді уақыт
бойынша анықталады бойынша анықталады
Қорыта келгенде, эпидемиялық процестің аймақ және уақыт
бойынша көрінуін қарастыру қазіргі кезде маңызды
шаралардың бірі болып табылады. Себебі,инфекциялық
аурулардың аймақ және уақыт бойынша таралуы халыққа
орасан зор ықпал етеді. Эпидемиялық ошақтың алдын-алу
мен эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге әсерін тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер:

• С.Ә.Әміреев,Ж.Т.Темірбеков «Эпидемиология»,
Алматы - 2000 ж.43б.,61-68 беттер.
• Беляков “Эпидемиология”, Москва – 1989г.,
70-83 беттер.
• www.google.kz;
• www.яндекс.ru.

Ұқсас жұмыстар
Эпидемиялық процестің аймақ және уақыт бойынша көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы
ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТІҢ АЙМАҚТЫҚ МЕРЗІМДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ӘР ТҮРЛІ ТОПТАРЫНДА КӨРІНІС БЕРУІНІҢ КАЗІРГІ КЕЗДЕГІ СИПАТТАМАСЫ
Эпидемиялық процесс
Эпидемиологиялық зерттеулер, эпидемиологиялық әдіс түсінігі, эпидзерттеулер типтері
Эпидемиялық процестің сипаттамасы
Инфекциялық ауруларға профилактика
Инфекциялық аурулардың классификациясы
Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері және мақсатары
Микробтардың микроорганизмге енуі
Барабанды кептіру агрегаттары
Пәндер