Өлімнің сатылары, алғашқы белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер


Slide 1

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Қабылдаған: Серикбай М. К

Орындаған: Абилдаева Адия Факультет: Жалпы медицина

Тобы: 218

Өлім және өлімнен

кейінгі өзгерістер

Slide 2

Жоспары

Өлім

Өлімнің сатылары

Өлімнің алғашқы белгілері

Өлімнен кейінгі өзгерістер

Slide 3

“Өмір сүру ─ өлу деген сөз” Ф. Энгельс

Өлу заңдылықтарын, оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды.

Slide 4

Өлім-организмдегі тіршіліктің толық тоқтауы. Табиғи және мезгілсіз немесе патологиялық өлім болады. Табиғи өлім тұлға тіршілігінің заңды аяқталуы болып есептеледі, ол организмнің қартайып тозуынан болады. Патологиялық өлім әрқашан мезгілсіз, кез келген жаста болуы мүмкін.

Slide 5

Өлімнің сатылары

Жантәсілім алды (преагония) -кезінде өліп бара жатқан адам есінен айырылады, рефлекстері жоғалады, науқастың жүрек соғысы жиілеп, әлсірейді, артынан сирейді, тынысы үзілісті тыныстарға ауысады.

Slide 6

Кейін тынысы, жүрек соғуы тоқтайды, былайшы айтқанда ақтық үзіліс пайда болады.

Бірнеше секунд-минуттан соң агония (грек. Agonia-жантәсілім) басталып, агониялық (ақтық дем) қозғалыстары байқалады. Бұл кезде қан қысымы қайтадан көтеріледі. Артынан тыныстық қозғалыс және жүрек қызметі мүлде тоқтайды.

Slide 7

Осыдан клиникалық өлім дамиды, барлық рефлекстер жоғалады, қан қысымы, тамыр соғуы анықталмайды. Бұл саты 5-6 минутқа созылады. Ары қарай келесі сатысы биологиялық өлім байқалады. Ең алдымен жүйке жүйесінде қайтымсыз өзгерістер дамиды. Бірінші болып мидың сыртқы қыртысының одан кейін мидың бағаналық бөлімінің және жұлынның қызметтері істен шығады.

Slide 8

Өлімнің алғашқы белгілері

Мәйіттің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте-бірте азайып, айналадағы температурадан 0, 5-1°С төменірек дәрежеге дейін түседі.

Slide 9

Мәйіттің сіресіп қалуы дене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Мәйіттің сіресуі жақ, бет, мойын бұлшықеттерінен басталып, бүкіл денеге тарайды, бір тәуліктен кейін барып олар қайтадан босай бастайды.

Мәйіттің кебуі - өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтардң құрғақ және буланып кетуінің нәтижесі. Бұл үрдіс өлгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін басталып, терінің, шырышты қабықтардың кеуіп қалуына алып келеді. Көздің мөлдір қабығы күңгірттеніп, ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтып, сарғыш сұр түсті болады.

Slide 10

Қанның қайта бөлінуі өлгеннен соң артерия қан тамырының қысқаруы нәтижесінде қан көк тамырларына өтеді және өзінің салмағына байланысты дененің төменде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды.

Мәйіт дақтары өлгеннен соң 2-4 сағаттан кейін пайда болады. Олар мәйіттің төменгі бөліктерінде көкала-қызыл немесе қоңыр күлгін түсте көрінеді. Қолмен басқанда олардың реңі ақтаңдақтанып барып аз ғана ақыттан соң өз реңіне қайта кіреді.

Slide 11

Аутопсия- деп өлу себептерін анықтау үшін мәйітті ашып көру әдісі. Патологиялық анатомияның негізгі әдісі болып келді.

Slide 12

Өлімнен кейінгі өзгерістері

Аутолиз үрдісі гидролиздеуші ферменттер белсенділігінің күшеюімен байланысты. Сол үшін аутолиз ферменттер көр болған ағзалардан басталады. Ұйқы безінде, бүйрекүсті безінде, бауырда аутолиз үрдісі күштірек көрінеді.

Slide 13

Мәйіттің шіруі осы аутолиз үрдістерінің күшеюімен және оған шірітуші бактериялардың әсерінің қосылуымен түсіндіріледі. Шіру үрдісінің жылдамдығы қоршаған ортаның температурасына байланысты. Үй температурасында шірудің бірінші белгілері 2-3-ші күні-ақ көріне бастайды. Өлгеннен соң шірітуші бактериялар тез көбейіп, өздерінен гидролиздеуші ферменттерді бөліп шығарады, нәтижеде органикалық заттардың бәрі ыдырай бастайды.

Slide 14

Қолданылған әдебиеттер

Ахметов Ж. Б “Патологиялық анатомия”

Нұрмұхамбетұлы Ә. “Патофизиология”

www. googl. kz


Ұқсас жұмыстар
Өлім үдерісі және өлімнен кейінгі морфологиялық өзгерістер
Өлім: анықтамасы, түрлері, кезеңдері, белгілері, реанимация және өлімнен кейінгі өзгерістер
Сот-медициналық танатология: өлімнің белгілері, түрлері және мәйітті зерттеу әдістері
Еттің сапасына әсер ететін негізгі факторлар және сойылғаннан кейінгі өзгерістер
Босанудан кейінгі септикалық аурулар: жіктелуі, клиникалық белгілері, емі және алдын алу
Босанудан кейінгі септикалық аурулар: жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу
Мезолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың қоғамдық құрылымы мен шаруашылықтағы өзгерістер
Жүрек-өкпе реанимациясының әдістері және өлімнің клиникалық кезеңдері
Тәуелсіз Қазақстан: 1991 жылдан кейінгі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени реформалар мен өзгерістер
Қан кетудің жіктелуі, клиникалық белгілері және алғашқы медициналық көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz