Ас бұршақ (Pisum sativum): биологиялық сипаттамасы, қоректік құрамы және Қазақстандағы сорттары


Slide 1

Ас бұршақ (Латын атауы:Pisum sativum) -Шырмалғыш немесе жер тағандап өсетін, біржылдық бұршаққынды өсімдік, асқа жасыл дәндері қолданылады. Бұршақ, тіпті, ежелден-ақ әйгілі көкөністерге жатады. Ол Таяу Шығыста және Балкандарда өсіріле бастаған көкөністердің ең алғашқыларының бірі болды. Итальян бағбандары шикі түрінде қолдануға арналған сұрыпты шығарғанша, оны асқа кептірілген дәндер түрінде XVI ғасырға дейін қолданды. Бұршақты Версаль бақтарында өсіруге бұйрық берген XVI Людовик оны өте қатты жақсы көрген.

Slide 2 Slide 3

Ас бұршағының 100 г - 79 ккал Ағуыздың, көмірсулардың, жасұнықтың тамаша көзі, құрамында темір, калий, фосфор, мырыш, С дәрумені, В тобының дәрумендері бар.

Slide 4 Slide 5

Асбұршақ - бұршақтар тұқымдасына жататын бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер. Шыққан жері - Ауғанстан, Эфиопия, Үндістан. Асбұршақ көкөніс дақыл ретінде 18 ғ-дан кеңінен белгілі. Қазір дүние жүзінде 6 - 7 түрі бар. Қазақстанда егістік және далалық Асбұршақ өсіріледі. Асбұршақ суыққа төзімді, сабағы шөптесін, төрт қырлы, жайылмалы немесе тік бұтақты болып келеді, биікт. 15 - 250 см. Жапырағы күрделі, қос тілімді. Тамыр жүйесі - тік шашақты.

Slide 6

Өздігінен тозаңданады, гүлдері ақ немесе күлгін түсті, жапырақ қолтықшасында орналасады. Тұқымы ірі, өнгіштігін 5 - 6 жылға дейін сақтайды. Жемісі - бұршақ. Жемісінің құрамында 20% құрғақ зат (белок, клетчатка, көмір қышқылы, күл, т. б. ) бар. Сондай-ақ В1, В2, Р, С, витаминдері, фоли қышқылы, биотин жәнетокоферол да кездеседі. Жемісі көктей, өңделген (консервіленген, мұздатылған) түрде пайдаланылады. Қазақстанның Жамбыл облысы, Қызылорда, Қостанай, Атырау облыстарында Асбұршақтың аудандастырылған сорттары (Қарағанды-1053, Өзбектік-71, мал азықтық-24, т. б. ) өсіріледі. [1]


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы асбұршақ (Pisum L.): шығу тегі, егіс технологиясы мен қоректік құрамы
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер: жоңышқа, эспарцет және түйежоңышқаның морфологиясы, қоректік құрамы және Солтүстік Қазақстанға арналған сорттары
Күріш (Oryza sativa): биологиялық сипаттамасы, тарихы және Қазақстандағы сорттары мен егу технологиялары
Бұршақ тұқымдастар: морфологиясы, қоректік құрамы және топырақтағы азот фиксациясының агрономиялық маңызы
Бұршақ тұқымдасының тағамдық өсімдіктері: түрлері, химиялық құрамы және денсаулыққа әсері
Жүзім шаруашылығы: биологиялық негізі, сорттары және агротехникасы
Майбұршақ (Glycine spp.): химиялық құрамы, биологиялық сипаттамасы және агротехникасы
Ас бұршақтың биологиясы, агротехникасы және экономикалық маңызы
Ас бұршақ дән қоңызының биологиясы, таралуы және санына есептеу әдістемелері (Қазақстан жағдайы)
Арпаның морфологиясы, биологиялық ерекшеліктері, агротехникасы және сорттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz