Таным дегеніміз не




Презентация қосу
«Дүние қалай құрылған?», деген сұраққа жауап беруге тырыстық. Енді уақыт екінші үлкен сұраққа жауап беруді
талап етеді. Осы өзімен-өзі өмір сүріп жатқан Дүниені адам танып-біле ала ма? Әрине, біз бүл сұраққа оң жауап
қайтарамыз. Тек болмыс шеңберіндегі заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу арқылы ғана адам оны ерікті
түрде шығармашылық жолмен қайта өзгерте алады. Бізді айнала қоршаған «екінші табиғат» - неше түрлі
машиналар мен механизмдер, әлектр стансалары, байланыс жүйелері т.с.с. - адамның дүниетаным мүмкіндігі, рух
қүдіретінің шынайы көріністері.
Таным деп біз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда
даму үрдісінде. Егерде көне замандағы адам найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде әсіресі кетіп, оны аспан
Қүдайының іс-әрекетіне теңестірген болса, қазіргі уақытта оның физикалық сырын 8-9 сыныптарда оқитын әрбір
оқушы айта алады. Адамзаттың мыңдаған жылдарға созылған тарихы танымның өте күрделі көпдеңгейлі қүбылыс
екенін мойындайды. Миллион-даған адамдардың дүниетану әрекетінің негізінде әртүрлі жырақтар мен
бүлақтардан қосылған өзен арнасы сияқты, қоғамдық мағынасы зор таным үрдісі қалыптасады. Алайда жеке
адамның санасында қалыптасқан кейбір түсініктер жалған болуы, я болмаса, кейбіреулері өз заманының
арнасынан шығып, бүгінгі өмірдің сүранысын тудырмауы да мүмкін. Сондықтан нақтылы тарихи қоғамның
сүранысына байланысты «табиғи таңдауға» үқсас үрдістердің негізінде жеке адамның санасындағы ойлар
қоғамның рухани байлығына айналады. Қайсыбір тіршілік сияқты, адам да айнала қоршаған ортаның
шеңберінде өмір сүреді. Алайда оның өмір сүру тэсілі басқа тіршіліктерден мүлде өзгеше. Егерде
қайсыбір жануар өзінің дене қүрылысы мүмкіндігіне сай айнала қоршаған ортаға бейімделген,
дүниедегі сан алуан қүбылыстардың ішінде тек өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қатысы бар
заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, тек соған сэйкес өмір сүретін болса, адам дүниеге өз санасы
арқылы универсалды, яғни жан-жақты қарай алады. Сонымен қатар айнала қоршаған орта нақтылы
тарихи өмір сүріп жатқан адамдардың таным мүмкіндіктері мен оны игеру деңгейінен әрқашанда
асып түседі. Олай болса, ол адамдардың Дүниені зерттеп игерхжолындағы шексіз мүмкіндіктерін
тудырады. Дүниетанудағы негізгі мақсат - зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі сырын
ашу, яғни оларды білу. Білім -эрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі, өйткені бірдемені білу
дегеніміз - сол жөнінде идеалдық түсініктің болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал білімді
белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.
• Синтез - заттың зертгелген қүрамдас бөліктерш ой арқылы қайта біріктіріп,
олардың бір-бірімен байланысын анықтау.
• Индукция - белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы
жекеліктен жалпылыққа өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция
әрқашанда толық емес.
• Дедукция - жалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика, юриспруденция,
қисында қолданылады.
• Экстраполяция - белгілі бір жеке ғылымның эдістемелерін, я болмаса
түжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар
ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік пәндер болғаннан кейін,
бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға болады (эрине, салыстырмалы түрде).
• Модельдеу - кеңінен жаңа техника, я болмаса технологиялар жасағанда
қолданылады. Мысалы, жаңа үшақтың ең алдымен қуыршақ моделін жасап,
аэродинамикалық құбырдан өткізіп, оның ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін
барып, шынайы жаңа ұшақтың сынағы басталадыД
• Тарихтық және қікындық эдістер де бірге қолданылады. Белгілі бір заттың
қалайша дүниеге келгенін, қандай нақтылы сатылардан өткенін, сол жолда
басқа заттардың оның даму жолын қалай бүрмалағанын т.с.с. біз тарихи эдіс
арқылы зерттейміз. Ол, эрине, ең алдымен қоғам өмірін зерттегенде кеңінен
қолданылады. Мысалы, тарихи эдіс арқылы Қазақ елінің дербестік алғаннан бері
қандай сатылардан өткенін, оның даму жолында қандай кедергілер-дің
болғанын, бүгінгі таңда қандай деңгейге көтерілгенін тарих-шылар егжей-
тегжейлі зерттеуде. Қисындық деп заттың ішкі табиғатьшан, Аристотельдің
сөзімен айтсақ, энтелехиясынан шығатын түзу жолды айтамыз. Яғни қисындық
дегеніміз -қысқартылған тарихтық. Соңғы - қисындықтың өзге болмысы.
• Абстрактіліқтен нақтылыққа өрлеу эдісі - ғылымдағы кең қолданылатын жэне
де қиын тэсіл. Оны жете түсіну үшін «сезімдік нақтылық», «ой нақтылығы» деген
ұғымдардың мэнін ашып алуымыз керек.
• Көз алдымызда күнбе-күн кездесетіннің бэрін біз түйсікте-ріміз арқылы біртүтас
зат ретінде қабылдаймыз. Оны біз сезімдік нақтылық дейміз. Ол бізге заттың
терең ішкі мәні жөнінде ештеңе айтпайды.
• Ой нақтылығы дегеніміз зерттелген заттың абстрактіліқ ұғымдар арқылы ішкі
жан-жақты байланыстары мен қатынаста-рының бірлігін, олай болса, оның мэнін
ашатын эдіс болып табылады.
Тарихи ғылыми білім дүниеге келместен бүрын, күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен пайда
болған қарапайым күнбе-күнгі білім дүниеге келеді. Ол адамның кэсіби танымдық іс-
эрекетінен емес, күнбе-күнгі өмірдің қажеттіліктерінен (аң аулау, балық үстау, еңбек
қүралдарын жасау, үй салу, бала тэрбиелеу, жеміс-жидек жинау т.с.с.) пайда болады.
Оған күнбе-күнгі өмір тэжірибесінен қоры-тылған халық даналығын көрсететін мақал-
мәтелдерді, адамгер-шілік нормаларды, эдет-ғұрыптарды т.с.с. жатқызуға болар еді.
Осындай өмірлік білімнің негізінде адамдар айнала қоршаған ортаны бағдарлай алатын
дәрежеге жетеді. Ал ғылыми білімге келер болсақ, ол арнаулы білімді меңгеру мен оны
шығармашылық жолмен дамытудың негізінде пайда болады. Оның қайнар көзі бертінде,
ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуінен басталады.
Жүре келе, ғылыми зерттеудің тақырыбына байланысты білімнің эртүрлі салалары
пайда болады. Табиғатты зерттеудің барысында астрономия, механика, физика, химия,
геология, биология т.с.с. ғылымдардың негіздері қаланады. Олардың басын біріктіріп,
жаратылыстану гылымдары дейміз. Адам мен қоғамды зерттейтін білім салалары
гуманитарлық, қоғамдық пэндерді тудырды. Оларға философия, психология, саясаттану,
мэдениеттану т.с.с. пэндер жатады. Гуманитарльщ білімдердің ерекшеліктері -олардың
мазмұнында нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан элеуметтік топтардың мүдделері мен
мақсат-мұраттарының бейнеленуі. Сондықтан белгілі бір қоғам өміріндегі қүбылысқа
әрбір әлеумсгтік топ өзіндік баға беруі мүмкін. Сонымен қатар бүл пэндердің бәрінің
басын бірік-тіретін қүндылықтарға келер болсақ, олар - адамды сүю, ізгілік, жақсылық,
жетілгендік, эсемдік, эділеттілік, еркіндік, теңдік т.с.с.
Практика ұғымы айнала қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін
бейнелейді. Әрине, адам да қайсыбір тіршілік секілді, айнала қоршаған ортасыз өмір сүре алмайды.
Қайсыбір жануар өзінің дене құрылысы, табиғатына байланысты айнала қоршаған ортаның
шеңберінде өзінің орнын тауып өмір сүреді. Ол тек қана өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама
қатысы бар заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, қабылдай алады. Яғни оның мұмкіндіктері
эрқашанда шектелген. Ал адамға келер болсақ, ол қоршаған ортамен универсалды, жан-жақты
қатынасқа түседі. Айнала қоршаған орта нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан адамның игеру
мүмкіндігінен эрқашанда басым болғаннан кейін, адамныңшексіз дуниетану мүмкіндігін тудырып,
оның жаңа күш-қабілеттерін оятады.
Білімнің шынайы мән-мағынасы оның емірге еніп, қоғамның материалдық жэне рухани жақтарын
жетілдіруде емес пе? Танымның негізгі мақсат-мүраты тек қана білімді жетілдіру ғана емес, сонымен
қатар қоғам мен адамның өне бойы өзгерістегі материалдық жэне рухани қажеттіліктерін өтеуде болса
керек.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, ғылымның қайнар көзінің өзі осы адамзат практикасының
қажеттіліктерінен шыққанын байқауға болады. Мысалы, көне заманда көшпенділер аспандағы
жүлдыздар мен планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай бастады. Көне Мысыр мен Қытайда
суармалы егін егу қажеттілігі үлкен каналдарды қазып тартуға мэжбүр етті, ал ол үшін жер бетіндегі
кеңістікті зерттеу қажет болды. Соның нэтижесінде геометрия мен математиканың негіздері жасала
басталды.
Қазіргі адамзат практикасына келер болсақ, оның қажеттілік-тері де ғылымның дамуының негізінде
жатқаны сөзсіз. Мысалы, АҚШ Невада штатында жақында орасан зор синхрофазатронды іске қосты.
Ол осы мемлекетке 6 млрд. долларға түсті. Осыншама қаражат бірнеше аса дарынды физиктердің
«білімкұмарлығы үшін» жүмсалды деп ойлау тым тү^рпайы болар еді. Ресей, басқа да ірі мемлекеттер
де ядролық физика саласын зерттеуге біршама қомақты қаражат жүмсауда. Ал оның негізгі себебі
адамзат прак-тикасынан шығатын энергияның жаңа көздерін ашу қажеттігінде жатқаны сөзсіз.
Өйткені органикалық шектелген энергия ресурс-тары (мұнай, газ, таскемір) жылдан-жылға азайып,
қазірдің өзінде алаңдатушылық тудырып отырғаны ешкімге де қү_пия емес. Сонымен жаңа энергия
көздерін ашу, оны игерудің арзан да қауіпсіз технологияларын жасау - бүгінгі таңдағы ғыльшның
негізгі мақсат-мұраттарының біреуіне айналып отыр. XX ғ. соңғы ширегінде дүниеге келген
эволюциялық химияның да алдындағы зор мақсат -күн сәулесін электр тогына айналдырудың арзан
технологиясын жасау, судың фотолизін жасап, су тегін практикалық түрде шексіз де таза энергия
көзіне айналдыру т.с.с.
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесі: түйсіктері, ақыл-ойы, ырқы,
сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі (интуиция) - бәрі де өзара бір-бірімен байланысты
түрде қатысады. Шынайы таным үрдісінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес.
Дегенмен де танымды жете түсіну үшін біз теориялық деңгейде оларды бір-бірінен
ажыратып қарастыруымызға болады. Осы түрғыдан келгенде, біз сезімдік танымнан
бастауымыз қажет сияқты. Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау
жэне елестету болып табылады. Айнала қоршаған Дүниемен адам өз түйсіктері арқылы
байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жүмсақ-қаттылығын,
ащы-тэттілігін т.с.с. анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан айнала қоршаған
ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар ажыратуға болмайды. Кең
түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер
беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, эрине, қоғамдық-тарихи дамудың
нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты. Адамның түйсіктері бір-бірімен
байланысты, олар өзара бір-бірін толықтырып, сэйкестендіріп отырады. Соның
нәтижесінде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. Затты қабылдау дегеніміз оның
ащы-тұщылығын, түрлітүстілігін т.с.с. қасиеттерін бөлек-бөлек ажырату емес, оның
біртүтас бейнесін тудыру болып табылады. Сонымен қатар ерекше ескеретін нәрсе -
адам дабыл-даған заттың барлық қасиеттерін бірдей бейнелей алмайды. Ол заттың тек
оған қажетті жақтарын ерекше белгілейді. Мысалы, егер көктемде біз алқызыл апорт
алмасын көрсек, оның біртү_тас бейнесінің ішінде оның хош иісіне ерекше көңіл
бөлеміз. Өйткені біздің оны жегіміз келеді. Егерде осы ахуал күзде болып, жаңа ғана он
алма жеп, сол апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, эсем жақтары мен
формасына ерекше көңіл бөлеміз, яғни оны жейтін тамақ емес, эстетикалық зат ретінде
қабылдап, лэззат аламыз. /
Әр1 адам дүниедегі заттарды өз жасына, өмірден алған тэжірибесіне, білімі мен кэсіби
іс-эрекетіне, тіпті мінез-қүлқына байланысты сана-сезіміндегі қалыптасқан
категорияларды (үғым-дарды) пайдаланып қабылдайды. Мысалы, жеңіл машинамен
эуес-тенетін адамның санасында неше түрлі солар жөнінде ақпараттар бар.
Енді абстрактіліқ ойлау формаларына келер болсақ, онда ец бірінші ұғымдарды атап өтуіміз қажет.
Үғымдарда заттар мен құбылыстардың адамға деген жалпы, мэнді, қажетті жақтары бейнеленеді.
Уақытында көркем түрде Г.Гегель үғымды табиғат-тың жаны деген болатын. Өйткені қайсыбір ұғым
мазмұнына заттың біршама мэнді қасиеттері кіріп, оның көлемін сондай қасиеттері бар көп заттар
құрайды. ¥ғымдар, бір жағынан, дүниедегі заттар мен құбылыстардың бізге керек сан алуан қасиет-
терінің бар екенін жэне олардың бір-бірімен байланыстарының байлығын бейнелесе, екінші жағынан,
адамның танымдағы белсенділігі мен нэтижелілігін, ой мен білімнің құнарлы күшін көрсетсе керек.
Жалпы алғанда, ойлау дегеніміз ұғымдарды ретімен байланыстырып, белгілі бір пікірге келу,
пайымдау болып табыла-ды. Мысалы, адам - ойлай алатын пенде десек, оның негізгі қасиеттерінің
бірін көрсетеміз.
Бірнеше бір-бірімен байланысты пікірлерді салыстырьш, белгілі бір қорытындыға келуге болады.
Мысалы:
Адам ойлай алады; ' Нұрлан - адам;
Нұрлан ойлай алады. " Алғашқы екі пікірді қорытудан үшінші пікір пайда болды.
Сонымен адам ойланған кезде белгілі бір зат жөніндегі сезімдік деректерді ұғыммен қамтуға
тырысады. Соның нэтиже-сінде сезімдік эртүрліліктің бірлігі анықталады, яғни зат жөнінде жаңа
білім пайда болады. Егер сезімдік деректер эралуандықты көрсетсе, ү_ғым олардың бірлігін алға
тартады. Мұны біз ғылыми тілде категориалдық (үғымдық) синтез (біріктіру) дейміз. Кейбір эдебиет
беттерінде оны дискурсивтік ойлау әдістері дейді.
Сонымен қатар адам таным қабілеттерінің бірі ретінде интеллект деген үғымды келтіруге болады. Ол
адамның ең жоғарғы, бүкіл Дүниені біртұтас ретінде қамтуға бағытталған, яғни филосо-фиялық
дэрежеге көтерілген ойлау қабілеті болып есептеледі.
Енді интуиция (көкей көз) мэселесіне келер болсақ, ол -тікелей шындыққа жету, оның ақиқаттығын
анық та айқын көру, ешқандай дэлелдеуді талап етпеу. Мэселенің қиындығы сол саған ашылған
шындықты басқаға жеткізу болса керек. Ол үшін оны тағы да ой елегінен өткізу қажет. Ал мұның өзі
интуиция адамның бүкіл сана-сезімімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қайсыбір көкей көз
арқылы берілген шындық сол мэселемен талай күндер, я

жылдар бойы айналысқан, оның бүкіл жан-тэнін баурап алған адамға келеді. Ал оның өзі сол
мэселенің шешілуі тіпті адамның саналы түрде ғана емес, сонымен қатар бисаналық жолмен жүріп
шешіл-генінің керінісі емес пе?
Таным үрдісі адамның ырқымен (воля) де тығыз байланысты екенін байқаймыз.
Ол адамды таньш жолында белгілі бір мақсаттарға, нэтижеге жеткізуге
көмектеседі. Адам өз ырқы арқылы бүкіл күш-жігерін жинақтап, оны зерттеуге
ү_мтылдырады. Алайда ырық әрқашанда сананьщ ең алдымен моральдық
құндылықтардың бақылауында болуы қажет. Ол эсіресе бүгінгі таңдағы
жараты-лыстану ғылымдарында қажетті. Өйткені адам дүниеге тереңдеген
сайын табиғаттың орасан зор күштерімен кез болып, ар-үжданы дамымаған
ғалымды сол күштерді өз мүддесіне жаратуға бағытталған пейілі мен іс-
эрекетін тудыруы ғажап емес. Мүндай жағдайда, ол адамзатты үлкен қайғы-
қасіретке, тіпті бұрын-соңды болмаған апатқа экелуі мүмкін. Көне Грек елінде
өз атын тарихта қалдыруды армандаған, бірақ қолынан үлы іс келмейтін
Герострат деген кісі Артемида құдайына арналған ғажап кесенені жағып
жіберген екен. Сол сияқты бүгінгі уақытта ғылым саласында қызмет етіп
жатқан геростраттар жоқ деп кім айта алар екен?
Таным үрдісінде аса бағаланатын нэрсе - ол адамның таланттылығы.
Біріншіден, ол адамға берілген табиғи дарынмен тығыз байланысты екенін
байқауға болады. Егер біреу көрке-мөнерге жақын болса, екінші - математика,
физикаға, үшінші -тілдерді игеруге ынтық болуы мүмкін. Адамдардың бүл
қабілеттері белгілі бір элеуметтік жағдайларды жасау, сонымен қатар
түлғаның қажымас еңбегінің арқасында талантқа, яғни шығармашылық
қабілетіне айналуы мүмкін. Кері жағдайда, адам табиғи дарынын таланттық
деңгейге көтере алмай, оны сөндіріп алуы да ғажап емес.
Танымның негізгі мақсаты - ақиқатқа жету, соның нэтиже-сінде ғана оны
практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.

Ұқсас жұмыстар
Таным теориясы мәселелері
Философиядағы таным мәселесі
ТАНЫМНЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН СУБЪЕКТІСІ
Таным термині
Ғылымның мақсаты
Таным мен шығармашылық
Өндіргіш күштер функциясы
Таным субъектісі және объектісі
Таным құрылымы
ТАНЫМНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ШЕКАРАЛАРЫ. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер