Рахиттің визуальды диагностикасы




Презентация қосу
АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ.

Рахиттің визуальды
диагностикАСЫ.
Орындаған :
Раимбекова И
Факультеті: Жалпы
медицина
Тобы: 07-012
Тексерген:
Нұрымбетов К.
ТІРЕК ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ:
Сүйек негізінде сүйек қабынан, сүйек
тығыз қабатынан, сүйек кемігінен,
буын қапшығынан, байланыс
жүйелерінен тұрады. Сүйек
құрамында атомдық салмағы үлкен
әртүрлі тұздар болғандықтан рентген
суретінде көлеңке береді,
көлеңкелері тұтас, контуры тегіс емес
ойыс-ойыс. Себебі рентген сәулесін
ұстайтын сүйектің тығыз бөлшектері-
тұз сіңген сүйек торшалары. Олардың
арасында қызыл майы бар
ойысталған қуыстар- рентген
Сүйектің рентген сәулесін
ұстамайтын мынадай
бөлшектері бар: сүйек қабы,
жілік майы, жілік майы қуысы,
қан тамырлары, жүйке жүйесі,
буын қапшығы, шеміршектер.
Рентген сәулесін тежеп
көлеңке беретін жалғыз-ақ
сүйек торшалары ғана.
Сүйек ақаулары.
Барлық сүйек дерттері 3 топқа
бөлінеді:
1. Өзінің қалыпты орнынан
ауытқуы, пішінінің, көлемінің
өзгеруі.
2. Сүйектің шет жағдайының
өзгеруі.
3. Сүйек құрлысының өзгеруі.
Сүйектің шет жағдайының өзгеруін сүйектің тығыз қабатының,
сүйек қабы өзгерістеріне байланысты болады. Сүйектегі кейбір
дерттердің салдарынан сүйек қабы сүйектің тығыз қабатынан
сыдырылып, оған тұз сіңіп, көлемі өсіп, кейін сүйектенеді де
сүйектің пішінін өзгертеді.
Сүйек құрылысының өзгеруі. Сүйекте торшалардың ыдырап
тозуы және жаңаруы болады. Екеуі де қатарлас бір мезгілде
өтсе рентген суретінде көрінбейді, ал бір құбылыс басым болса
ғана көрінеді. Бұндай өзгерістер физиологиялық жағдайда
кездессе, торшалардың саны өзгермей, олардың пішіні және
бағыты ғана өзгереді. Яғни сүйек құрылысы дерт салдарынан
ауытқыса, сүйек торшалары басым болып, сүйек кестелеріндегі
ойыстардың кішіреюі мүмкін.(остеосклероз) Сүйек
торшаларының ыдырауы басым болып сүйек кестелерінің
арасындағы ойыстар үлкеюі мүмкін (остеопороз). Остеопорозда
сүйек торшалары және олардағы минералды заттар азаяды
соның салдарынан сүйек рентген сәулесін аз ұстайды, Сүйек
құрылысы үлкейеді, тығыз қабаты жұқарады, жіліктің майы
тұратын қуыс кеңейеді. Сүйектің шеттері тығыздалып, жұқарып
анық көрінеді.
Остеонекроз- өлген сүйектің бөлшектері. Минералды заттар
өзгермейді. Сүйектің торшаларының жаңаруы және ыдырауы
тоқтайды. Кейін секвестрге айналуы не ыдырауы мүмкін.
Остеосклероз минералданған торшалардан саны көбейеді.
Сүйек құрылысы кішірейеді. Сүйектің тығыз қабаты
қалыңдайды, жілік майынан тұратын қуыс жіңішкеріп кейде
көрінбейді.
Периостит- сүйек қабы жаратылысында дәнекер ет рентген
сәулесін ұстамайды, сондықтан өз бетімен көлеңке бермейді.
Кейбір дерттің салдарынан сүйек қабы сыдырлап әртүрлі
минералды заттар сіңгеннен кейін өзінің көлеңкесін береді.
Атрофия- сүйек торшаларының саны да, сапасы да азайып
көлемі кішірейеді.
Секвестр- Деструкцияның ішіндегі өлген сүйектердің
бөлшектері. Тығыз қабатынан пайда болған секвестрлердің
көлеңкелері қою, шеттері жұлымдалған, формасы шеңбер
тәрізді. Кемік сүйектен пайда болған секвестрлердің
көлеңкелері сұйық, шеттері жұлымдалған, формасы
дөңгеленген не үшбұрышты.
Рахит
Ол Д витамині тапшылығы мен фосфор, кальций
алмасуының бұзылыстарынан дамиды. Этиологиясы:
Органикалық заттар аз түсуі;
Әртүрлі жұқпалы аурулар;
Д витаминінің тағаммен аз түсуі және теріде табиғи
жолмен түзілуі бұзылуы;
Микроэлементтердің жеткіліксіздігі: Fe ,Mg, Zn, Ca.
Қышқылдық сілтілік үйлесімділігі бұзылысына
қышқылдық жаққа ауысып, сүйектену бұзылады.
Қолайсыз және зиянды қоршаған орта.
Тұқымқуалаушылық.
Ферменттік жүйенің әлсіздігінен фосфор және
кальций асқазан ішек жолына , бүйрекке, сүйекке
тасымалдануының бұзылысы.
Рахиттің патогенезі.
Кальциферолдың тапшылығы кезінде аш ішекте,
бүйрек өзекшелерінде кальций мен фосфордың
сіңірілуі бұзылады, қанда олардың арақатынасы
өзгереді. Ауру басталған кезде гипокальциемия пайда
болады, ол қалқанша маңы бездері қызметінің
жоғарылауына әкеледі. Соның салдарыан
паратгормонның өндірілуі күшейіп, остеокластардың
белсенділігі артады, сүйек тінінің ыдырауы оның
түзілуінен басым болады, яғни сүйектің нәруыздық
негізінің түзілуі және минералдық тұздардың жиналуы
бұзылады. Нәтижесінде сүйек тінінен кальциймен
фосфордың шығуы күшейіп, гиперкальциемия және
гипофосфатемия пайда болады. Балаларда ағзаның
өсуі тоқталады. Ересектерде сүйек тінінде тұздардың
жиналуы бұзылуынан- сүйектің жұмсаруы
(остеомаляция) пайда болады.
Клиникалық көрінісі:
Рахиттің ең алғашқы белгісі жүйке жүйесінің
өзгерістері болып табылады. Бала ашуланшақ
болады, жиі жылайды, терлейді. Арнайы
белгілеріне қаңқа және жілік сүйектердің
өзгерістері жатады. Баланың бас сүйек еңбегі
көпке дейін бітпейді, бассауыты сүйектерінің
жұмсаруы байқалады. Әсіресе, кеуде қуысы
сүйектері бүлінеді: қабырғалар жұмсарады, төс
сүйегі алға шығып кетеді, қабырғалардың
шеміршектенген жерінде мешелдік “сүйел”
пайда болады. Кеуде қуысының пішіні өзгереді,
алға-артқа және көлденең бағытты кеңею
қабілеті жоғалады, бұл тыныстың шектелуіне
өкпенің қабынуына әкеледі.
Сонымен қатар, кеуде қуысының
пішіні өзгеруінен қан
айналымның жеткілксіздігі
жатады: бауырда және қақпа
веналарында қан іркіледі, бұл
құрсақ ішілік ағзалардың қызметі
бұзылуына әкеледі. Оның
клиникалық белгілері. Ішекте
тағам сіңірілуінің әлсіреуі, іш
кебуі, іш ауруы, өтуі, іш үлкеюі.
Рахиттің жіктелуі:
1. Дәрежесіне байланысты:
I дәрежелі жеңіл түрі
II Орташа түрі
III Ауыр түрі
2. Өту бағытына қарай:
Жедел
Жеделдеу
3. Ауру кезеңдері:
Бастапқы
Өршу кезеңі
Реконвалесценция
Қалдық көріністері
Алғашқы аурудың белгілері лжәне бастың шаш өсетін
бөлігінде. Бұл тері қышқыл иісті және теріні
тітіркендіріп, қышуды тудыртады. Физиологиялық
бұлшықет гипертонусы,осы жасқа байланысты ,
бұлшықет гипотониясына ауысады.Биохимиялық
зерттеуде қанда кальций концентрациясы қалыпты
және фосфор концентрациясы төмендеген, сілтілі
фосфатаза активтілігі жоғарылаған. Зәр анализінде
фосфатурия, аммиак және амин қышқылы сапасы
жоғарлаған. Өршу кезеңі. Өмірінің жарты жылында
нерв жүйесі және тірек қимыл аппараты бұзыла
бастайды. Рахиттің жедл кезеңінде остеомаляция
процесі дамиды. Ол кеуденің төменгі үшінші қабырғада
пайда болады, оны “етікші кеудесі” деп атайды.
Жамбас сүйектерінің тарылуы болады. Қабырғалар
диагфрагмаға қарай тереңдеп иіледі, оны “харрисон
жүлгесі” деп атайды. Рентгенограммада ұзын түтікті
сүйектің метафизі бокал тәрізді кеңейген. Зерттеуде
гипофосфатемия, гипокальцемия, слтілі фосфатаза
активтілігі жоғарлаған.
Рахиттің диагностикасы:
Қаның биохимиялық анализі мен клиникалық
көрінісіне қарап диагноз қоямыз. Осы
арқылы рахиттің қай кезеңін анықтай
аламыз. Рахитта фосфор контрациясы 0.65
ммоль|л, кальций концентрациясы 2-2.3
ммоль|л төмендеген. Рентгеннограммадағы
сүйектің өзгерістер: метафизді зонада
эпифиз және диафиз аралығындағы саңылау
үлкейген, эпифиз табақша тәрізді формада.
Реконвалесценция зонасында тура емес,
біртекті емес және өсу үшін фосфор
кальций жетіспеушілігі дамымаған.
Рахиттің емі:
Рационалды тамақтану, таза ауада
күн сәулесінің астында тұру, емдік
гимнастика және массаж жасау.
Балаларға тек Д витамині мен ғана
шектелмей, витаминдер комплексін
беру керек. Мысалы Подивит Беби,
балаларға арналған Биовиталь гелі,
және А витамині. Әдетте D3 витамин
тобын видехол, вигантол. Балықтың
майы рахиттің профилактикасында
және емдеуінде қолданады.
Қолданылған әдебиеттер:
Российский журнал гастроэнтерологии, гепатологии,
колопролоктологии “Лекции и обзоры”, 3/1999г.
О.В.Кокуева, О.А.Усова, Н.В.Новоселя “Клиническая
медицина” 5/2001г.
Г.П.Колтунова, И.В.Попова, Ю.В.Попов
“Медицинская визуализация”
Өсер Стамханұлы Кеңес “Медициналық рентген
диагностикасы”
“Вестник рентгенологии и радиологии”, 5/1997г.

Ұқсас жұмыстар
ӨКПЕНІҢ МӨЛДІРЛІГІН АРТТЫРУ СИНДРОМЫҢ ВИЗУАЛЬДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Көбіне күн сәулесінің жетіспеушілігінде мешел ауруы
Пиелонефриттің рентген диагностикасы
Көру ағзасының жарақаттары
Нәрестелердегі сарғаю синдромы
Өңеш жарасы
Визуалды диагностика
Психоактивті зат
ЖАТЫРДЫҢ ШЫРЫШТЫ АСТЫ МИОМАСЫ
СҮЙЕКТЕРДІҢ ӨСУІН ЖАТЫРДА НЕМЕСЕ ТУА БІТКЕН ЖІККЕ ПЕРПЕНДИКУЛЯРЛЫ
Пәндер