АС БҰРШАҚ ЖАЙЛЫ




Презентация қосу
АС БҰРШАҚ

Орындаған: Диханова Д.П
ПВ-305
Тексерген: Оразбаев С.Ә
а.ш.ғ.д.профессор
Халық шаруашылығындағы
маңызы.
Ас бұршақ біздің елімізде барлық дәнді
бұршақ егістігінің 80%-дан астамында
өсіріледі. Оны азық-түліктік және мал азықтық
дақыл ретінде өсіреді. Оның тұқымдары амин
қышқылдарымен теңестірілген белокқа бай
(18-35%), олар жақсы пісірілуімен және
жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді.
Наубайхана өнеркәсібінде нанның белоктық
қоректілігін арттыру мақсатында бидай ұнына
10% ұнтақталған ас бұршақ ұнын
араластырады, нәтижесінде дәмдік, нандық
сапасы жақсарады.
Ас бұршақ көптеген дақылдарға тамаша
алғы дақыл, өйткені ол топырақта 50-70кг/га
дейін азот беріледі. Оның тамыр жүйесі қиын
еритін фосфаттарды ерітетін қабілетімен
ерекшеленеді.
Дақылдың тарихы.
Ас бұршақ бұдан 20мың
жыл бұрын бидай, арпа, тары,
жасымық, атбас бұршақ, ноғатык,
сиыржоңышқа және басқа
өсімдіктермен қатар дақылға
енген.
Соңғы археологиялық
қазбаларға қарағанда егістік ас
бұршақтың отаны Алдыңғы
Азия(Закавказье, солтүстік-батыс
Иран, таулы Түркіменстан, ішкі Кіші
Азия) елдері, бұларда оның ұсақ
тұқымды формалары өсіріріледі.
Н.И.Вавиловтың жазуы бойынша ірі
тұқымды ас бұршақтар екінші
шығу тегі орталығына- Шығыс
жерорта теңізі-бейімделген.
Ботаникалық
сипаттамасы
Ас бұршақ дүние жүзілік егіншілікте
өткен ғасырдың соңында 10млн. га.
жерде өсірілді, астық өнімі 4-9ц/га. Оны
кең түрде Европа елдерінде, АҚШ-да,
Канада, Қытай және Үнді елдерінде
өсіреді. Бүгінгі күні оның Қазақстандағы
егіс көлемі 30мың гектардай.
Ас бұршақ (Pisum L) бірнеше түрлерді
біріктіреді,олардың ішінде барынша кең
тарағаны полиморфты P.sativum L-
мәдени егістік ас бұршақ. Сурет-24
Ас бұршақтың тамыр жүйесі
кіндікті, сабағы жапырылғыш. Тек
қана штамбалы сорттарында оның
жоғарғы жағы жуандап өседі,
буынаралықтары қысқа және
жапырылмайды. Жапырақтары
күрделі қосқауырсынды, бұтақтанған
мұртшалармен аяқталады; сабақ
негізінде екі ірі жапырақ серіктері
болады. Гүл шоғыры-шоқгүл, жемісі-
бұршаққап, 3-10тұқымды.
Далалық ас бұршақ мал азықтық
мақсатқа ғана тұқымға, пішенге және
жасыл балаусаға өсіріледі. Оның
бағалылығы-оны қоректік заттары
тапшы, құмдақ топырақтарда өсіруге
болады, ол өте ерте піседі және
тұқым шаруашылығы тіпті солтүстік
өңірлерде тұрақты, әрі жақсы сүрі
жерді иеленуші дақыл.
Биологиялық
ерекшеліктері
Өсе бастағанда және тіршілігінің
алғашқы кезеңінде тамыр жүйесі
қарқынды дамиды да жер үсті
массасы баяу өседі. Тамырларындағы
түйнектер 5-8 жапырақтары
кезеңінде көктеуден 1,5-2аптадан
соң қалыптаса бастайды.
Максималды өсуі гүлденудің басынан
пісудің басына дейін байқалады.
Температураға, ылғалға және
топыраққа талаптары. Ас бұршақтың
жылуға талабы жоғары емес. Оның
тұқымдары 1-2С өне бастайды. Оның
өніп-көктеуіне 15-20С, ал дәндерінің
толысып пісуіне-22-26С жылылық
оңтайлы деп есептеледі. Ас
бұршақтың сорттарына байланысты
өсіп-жетілуіне қажетті белсенді
температура жиынтығы 1300-1700С
аралығында өзгереді. Ас бұршақтың
егін көгі қысқа мерзімді-6-8С
бозқырауды көтере алады.
.
Қазақстанда астыққа
өсіруге рұқсат етілген
және кең тараған
сорттары:
Романский 77. Ресейдің
қант қызылшасы ҒЗИ-да
шығарылған. Түршесі-
вульгалтум. Сорт орташа
мерзімде піседі,
құрғақшылыққа төзімділігі
жоғары, ауруларға орташа
төзімді. 1000тұқымның
массасы 180-250г. Ақмола,
Ақтөбе, Жамбыл, Батыс-
Қазақстан, Қостанай,
Қарағанды облыстарында
өсіріледі.
Неосыпающийся
1.Ресейдің Луган МАТС-
да шығарылған,
эвадукум түршесіне
жатады. Сорт орташа
мерзімде піседі,
шашылуға жоғары
төзімділігімен
ерекшеленеді,
зиянкестер мен
ауруларға орташа
төзімді. 1000тұқымның
массасы 180-240гр.
Ақмола, Шығыс-
Қазақстан. Қостанай,
Павлодар, Солтүстік
Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстанда өсіріледі.
Өсіру технологиясы.
Ауыспалы егістіктегі орны.
Ас бұршаққа жақсы алғы
дақылдар-өздерінен кейін
топырақты арамшөптерден таза
және жеткілікті мөлшерде
қоректік заттар мен ылғал
қалдыратын дақылдар. Оларға
сүріден кейінгі жаздықтар және
жақсы тыңайтылған отамалы
дақылдар(картоп,тамыржемісті
лер, жүгері т.б.) жатады. Ас
бұршақ қайталама егістікті
нашар көтереді. Ас бұршақты
жаздық дәнді астық
дақылдарынан кейін себуге де
болады.
Тыңайтқыш.
Ас бұршақ тұқымдарының әрбір
центнері тиісті мөлшедегі сабанымен
топырақта 6-6,5кг азот, 1,6-1,8кг. Фосфор
және 2-2,5кг. Калий шығындайды. Оның
қоректік заттарға барынша қажетсінуі
бүрленуден гүлденудің соңына дейін.
Гүлденудің соңына қарай ол қажетті
мөлшердегі калийдің 60-тан 100%-га
дейінгісін және фосфордың 65% мөлшерін
пайдаланады. Сондықтан фосфор мен калий
тыңайтқыштарын күзде, топырақты негізгі
өңдегенде енгізген жөн. Олар өсімдіктің
дамуын жақсартады және бактериялардың
азот фиксациялық қызметін күшейтеді.
Нақты жағдайларға байланысты ас
бұршаққа 50-60кг. P2О5 және 40-50кг/га.
K2O енгізіледі.

Ұқсас жұмыстар
Алғы дақыл
Асбұршақты өсіріп-баптау технологиясы
Ас бұршақ зиянкестеріне жалпы сипаттама
БҰРШАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ТАҒАМДЫҚ ӨСІМДІКТЕРІ
Ас бұршақ
Сингапур асханасы
Құрылымдық гендердің анықтайтын гендер
БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Емдік тамақтану
Көкөністердің жыныстық жолмен көбеюі
Пәндер