Өндіріс




Презентация қосу
Орындаған:
Қабылдаған:
Қазақстан өнеркәсібі Кеңес Одағы кезінде шикізат өндіру
бағытында, шикізат көзіне жақын аймақтарда ірі зауыттар мен
комбинаттар салу кезінде дамыды. Қазақстан жері Кеңес
Одағының ірі шикізат базасы болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ұлттық
экономиканың шикізат бағыттылығын өзгертіп алу қиынға түсті,
өйткені сол кездегі мемлекеттің негізгі міндеттері – жоспарлы
экономиканы нарықтық экономикаға өткізу, экономикалық және
әлеуметтік қайта құру сакясатын жүргізу, шаруашылық
тіршілігін сақтап қалу болатын. Сол себепті осы жылдары,
керісінше, экономиканың шикізат бағыттылығы одан әрі күшейе
түсті.
Қазақстандағы жалпы трансформация, оның құрамындағы
меншік қатынастарын қатйа құру процестері, ғаламдық
интергацияның күшеюі және ұлттық экономиканың ашық болуы
отандық кешен шеңберінде әртүрлі меншіктік формалары, оның
ішінде шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындарға жағдай
жасалды.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі
шарттарының бірі, оның қоғамдық ұйымдастыруының жетілдіру
формалары – шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау
және орналастыру болып табылады.
Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек
әрекеті келесі үші кезеңнен тұрады.

Адамның еңбек
Еңбек заты, заттарын өңдеп,
яғни адамның оларды өз қажетін
Мақсатқа
қанағаттандыруға
сәйкес тиімді
бейімдейтін
жұмыс немесе іс - әрекетіне еңбек құралдары
еңбектің өзі бағытталған (машиналар,
нәрсенің барлығы жабдықтар,
құралдар)
Өндірістік жүйе ретінде
кәсіпорынның ішкі және
сыртқы ортасы болады.

Сыртқы ортаға-
экономикалық саясат, Ішкі ортаға – еңбек
құқықтық жағдай, ресурстары, техника
экономикалық, және технология,
әлеуметтік, бәсекелестік,
экологиялық және маркетинг
технологиялық және т.б. жатады.
жағдайлар жатады.
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны - өндірісті автоматтандыру
арқылы ғылыми-техникалық өзгерістер жағдайында даму.
Әрбір өнеркәсіптік мекеме өзінің қызметкерлерінің және оның отбасы
мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға арналған өндірістік
бөлімшелерден: шаруашылықтарға қызмет ету цехтары мен
телімдерінен, басқару, ұйымдастыру органдарынан тұрады.
Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және қызметкерлерге қызмет
көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара байланыс шамасы
және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өндіріп шығару
қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің)
жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері - цехтар, телімдер, қызмет
көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер ( өндірістік үдеріске тікелей
немесе жанама түрде қатысатын) олардың арасындағы өзара
байланыстардың барлығы оның өндірістік құрылымын құрайды. Ол
еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, берілген материалдық
өндірістің техника-экономикалық және экономика-географиялық
деректері негізінде техника мсн табиғи байлықтарды пайдалану
тиімділігін анықтайды.
әрбір цех және
қойма үшін аудан көлемі
есептеліп, олардың
кәсіпорынның бас жоспарында
кеңістіктік бойынша
орналасуы анықталады

өндірістік үдеріс кәсіпорын
барысында еңбек цехтарының
заттарының Ұтымды өндірістік құрамы, қуаты
цехаралық құрылымды құру берілген өнім
Қозғалысының келесі тәртіппен көлемін дайындауды
ең қысқа камтамасыз ететін
жүзеге асырылады:
маршруттары мөлшерде
белгіленеді белгіленеді

кәсіпорын ішіндегі
барлық көліктік
байланыстары,олардың жалпы
мемлекеттік (кәсіпорыннан тыс)
жолдарман өзара
қатынасы жоспарланады
Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар
жатады, оларда негізгі өнім (кәсіпорын шығаратын),
жабдықтаушы өнімдер (сырттан әкелінетін), материалдар мен
жартылай өңделген өнімдер, пайдалану үдерісінде өнімге қызмет
көрсету және жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер, бақылау-
тексеру жерден, сынақтардан өтеді, технологиялық мақсатқа әр
түрлі энергияны пайдаланады.
Жұмыскерлерге қызмет көрсетуші бөлімшелеріне тұрғын үй-
коммуналдық бөлімдер, олардың кызметтері, фабрика-асхана,
буфеттер, балабақша (ясли), санаторий, пансионаттар, демалыс
үйлері, профилакторий, медициналық санитарлық. Өндірісті
ұйымдастыру түрі деп өнеркәсіптік кәсіпорынның
ұйымдастырушылық және техникалық деңгей ерекшеліктерінің
кешенді сипаттамасымен түсіндіріледі. Өндірісті ұйымдастыру
түріне бірқатар факторлар ықпал етеді: мамандану деңгейі, өндіріс
ауқымы, дайындау көлемі мен қайталануына байланысты
өндірілетін көп өнім атауларының күрделілігі мен тұрақтылығы.
Өндірістің үш негізгі түрін ажыратуға болады: жеке-дара
(жекеленген), топтамалы (сериялы), жаппай.
Топтамалы өндірісте, керісінше, кәсіпорын
құрылымында әрқашан дерлік ұста және құйма цехтары,
стандартсыз жабдықтар, технологиялық
жабдыктандыру, металл өңдеу цехтары; өлшеу,
химиялық, қыздыру, металтану зертханалары;
орталықтан жоспарлау, диспетчерлік қызмет және басқа
да бөлімшелер болады.
Жаппай өндірісте кең мөлшерде мамандандырылған
негізгі және көмекші өндірістер, қызмет көрсететін
шаруашылықтар мен қызметтер болуы тән. Бөлшектер,
әдетте орталықтанған түрде дайындалатын ұтымды
дайындамалардан жасалады. Стандартсыз жабдықтар
және технологиялық жабдықтар өндірісі де осы тәсілмен
жүзеге асады. Оларды дербес құрылымдық бірлік болып
табылатын цехтар өз тұтынушыларына жеткізеді.
Кәсіпорын бөлімдеріне бас конструктор, бас технолог, бас
дәнекерлеуші, бас металлург, бас энергетик, бас
механиктің, сондай-ақ өнімді стандарттау және үлестіру
бөлімдерінің дербес қызметтері кіреді.

Ұқсас жұмыстар
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫ
Ұдайы өндіріс
Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері
Өндіріс және өндіріс жүйелері
Өндіріс теориясы
Өндіріс процесінің мәні және маңызы
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Өндіріс және оны ұйымдастыру
Пәндер