Ата-ана мен баланың құқықтары
Презентация қосу
Ата-ана мен баланың құқықтары
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды, жетімдерді әлеуметтік қамтамасыз
етуге арналған құжаттарды рәсімдеу бойынша ақпарат. Ата-ана қамқорлығынсыз
қалған балаларды, жетімдерді әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған құжаттарды
рәсімдеу бойынша ақпарат.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды, жетімдерді әлеуметтік қамтамасыз
етуге арналған құжаттарды рәсімдеу бойынша ақпарат.
Қорғаншылық жэне қамқоршылық тағайындау кезінде 1998 жылғы 17 желтоқсан
№ 321-1 Қазақстан Республикасының Заңы «Неке жэне отбасы туралы», Қазақстан
Республикасының Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы 9-қыркүйек № 1346
бекітілген «ҚР Қорғаншы және Қамқоршы органы туралы Ережесі» басшылыққа
алынады.
Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың
ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы,
ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың
балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан
жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу жэне басқа да осыған
ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың
қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда, балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау қорғаншылық және қамқоршылық тағайындалады.
Әлеуметтік камтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде
басшылыққа алатын құжаттар:
Әлеуметтік қамтамасыз ету үшін тағайындау туралы арыз
Қамқоршы жэне қорғаншы органының қамқоршылық жэне
қорғаншылық
тағайындау жөнінде шешімі
Тұрғылықты жерінен жанүл мөлшері жөнінде анықтама
Кәмелетке толмаған баланың туу туралы куәлігі
Қамқоршы жэне қорғаншының жеке бас құжаттары
Баланың ата- анасы жоқ екенін растайтын құжаттар.
Қамқоршы және қорғаншы ретінде тағайындалған адамға қамқоршы
және қорғаншы органының шешімімен куәлік беріледі
9-тарау.
52-бап. Баланың отбасында өмір сүру және
тәрбиелену құқығы
1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.
2. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір
сүруге және тәрбиеленуге құкығы, өзінің ата-анасын
білуге құқығы, олардың қамқорлығына құдығы, өзінің
мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда,
олармен бірге тұруға құдығы бар.
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін
қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның
адамдық қадір-қасиетінің кұрметтелуіне құқығы бар.
Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана
құқығынан айырған жағдайда және ата-ана
қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында
баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның
13-тарауында белгіленген тәртіппен қорғаншы және
қамқоршы орган қамтамасыз етеді.
53-бап. Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-
қатынас жасау құқығы
1. Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен,
аға- інілерімен, апа-
сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен
қарым-қатынас жасауға
құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп
танылуы немесе ата-
анасының бөлек түруы баланың қүқығына әсер етпеуге тиіс.
Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен
қарым- қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі
мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен
қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
2. Қысыл-таяң жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, емдеу
мекемесінде болу
және т.с.с) ұшыраған баланың заңда белгіленген тәртіппен өзінің
ата-анасымен және басқа
да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
54-бап. Баланың өз пікірін білдіру қүқығы
Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу
кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе
әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған
бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса,
ескерілуге міндетті. Осы Заңда (56, 70, 84, 86, 88, 97, 98, 122-баптар)
көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органдар немесе
сот он жасқа толған баланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.
55-бап. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы
Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар.
Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың)
келісімі бойынша
қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер
ескеріле отырып беріледі.
Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған
балаларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмелетке толған
балалардың әкесінің аты- жөні бұл туралы өздері арыз берген
жағдайда өзгертіледі.
3. Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының
тегі әртүрлі болған
жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе
анасыньщ тегі беріледі.
Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер
ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы
мүмкін.
Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында
туындаған
келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.
Егер әкесі белгіленбесе, баланың аты анасының көрсетуі бойынша
қойылады, әкесінің
аты-жөні баланың кесі ретінде жазылған адамның аты бойынша (осы
Заңның 49-бабының 3-тармағы), тегі - анасының тегі бойынша
беріледі.
Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-
жөнін қорғаншы
және қамқоршы орган қояды.
56-бап. Баланың аты мен тегін өзгерту
1. Ата-анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегі
өзгереді.
Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-анасыньщ бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал
актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ
оған берілген текті басқа ата-ананың тегіне өзгертуге рүқсат беруге қүқылы.
Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған
кезде берілген тектерін сақтап қалады.
Егер ата-анасы бөлек түрса және бала бірге түратын ата-анасының біреуі оған өзінің
тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бүл мәселені баланың
мүдделеріне қарай және ата-ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді. Ата-
ананың түратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған,
әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап-бағу мен
тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз жалтарған ретте оның пікірін ескеру міндетті емес.
Егер бала бір-бірімен некеде түрмайтын адамдардан туған болса және әкесі заңды
тәртіппен белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы, баланың мүдделерін негізге
ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге
рұқсат етуге құқылы
Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегін оның келісімімен ғана өзгертуге
болады.
57-бап. Баланың ұлты
Баланың ұлты оның ата-анасының үлтымен айқындалады.
Егер ата-анасының үлты әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының
куәлігі немесе паспорт берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады.
Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі
мүмкін.
58-бап. Баланың мүліктік құқықтары
Баланың осы Заңның 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің ата-
анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау каражатын алуға кұкығы бар.
Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата-анасының
(олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және оны олар баланы
асырап-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.
Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді, мүлікті, сондай-ақ
баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құдығы
бар.
Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата-анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі
шығыстарға қатысуға құқылы.
Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 22 және 23-баптарымен белгіленеді.
Ата-ананың бала мүлкін басқару жөніндегі құқықтарын жүзеге асыруы кезінде оларға
осы Заңның 114-бабында белгіленген ереже қолданылады.
Баланың ата-ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата-ананың баланың мүлкіне
меншік құдығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата-аналар бір- бірінің мүлкін өзара
келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады.
Ата-аналар мен балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған жағдайда олардың
ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы азаматтық заңдарда
белгіленеді.
59-бап. Баланың қорғалу құқығы
1. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы
(олардың орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда
қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады.
Кәмелетке толғанға дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп
танылған кәмелетке толмаған адамның өз қүқықтары мен міндеттерін,
оның ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Баланың ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тарапынан
жасалған
қиянаттан қорғалуға құқығы бар.
Баланың қүқықтары мен заңды мүдделері бүзылған кезде, оның ішінде
ата- анасының (олардың біреуінің немесе олардың орнындағы
адамдардың) баланы асырап-бағу, тэрбиелеу, оған білім беру жөніндегі
міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дэрежеде орындамауы
кезінде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын теріс пайдалану
кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа
толғанда - сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш
жасауға құқылы.
3. Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, оның құқықтары
мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың
лауазымды адамдары мен өзге де азаматгар ол жөнінде баланың іс жүзінде тұратын
жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Мұндай
мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланың құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Ата — ана құқықтарын шектеу «Неке және отбасы түралы» ҚР Заына сәйкес сот
шешімі арқылы баланың мүддесін қорғау шарасы, ол кезде сот баланың мүддесін
ескере отырып, баланы ата — анадан (олардың біреуінен) оларды ата — ана
құқықтарынан шектеу туралы шешім шығара алады. Егер баланың ата — аналармен
(олардың біреуімен) қалуы: ата — аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән
— жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән —
жайлардың және с.с. салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса; олардың мінез —
құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, ата — ана құқықтарынан айыру үшін
жеткілікті негіздер анықгалмаған болса, ата — ана құқықтарын шектеуге жол
беріледі. Егер ата — аналар (олардың біреуі) өз мінез — құлқын өзгертпесе,
қорғаншы және қамқоршы орган ата — ана құқықгарын шектеу туралы сот щещім
шыққаннан кейін 6 ай өткен соң оларды ата — ана құқықгарынан айыру туралы талап
қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы
мерзім аяқталғанға дейін ата — аналарды (олардың біреуін) ата — ана құқықгарынан
айыру туралы талап қоюға құқылы. Психологиялық диагностика және дамыту.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz