Проблемалық оқыту негізінде оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру


Slide 1

«Көркем әдебиет- оқушыға беймәлім

өмірді танытатын

қуатты құрал. »

Ғ. Мұсірепов

Slide 2

Екібастұз қаласы, Байет ЖОББ мектеп

Баяндама тақырыбы;

Проблемалық ситуация негізінде

оқушының көркем әдебиетке деген

қызығушылығын арттыру.

Баяндауды дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Амангелді Раушан

Slide 3

- .

Педагогикалық технологиялар көп түрлі

болуына қарамастан, олардың іске асуының

екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т. б. ), екіншісі - тəжірибемен жүзеге келуі (Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т. б. ) .

Slide 4

Проблемалық оқыту туралы ғылыми еңбектер, ізденістер, жинақталған тәжірбиелер көп кезеседі. М. И. Махмутов, М. Н. Скаткин, Г. Ю. Ксензова, поляк ғалымы В. Оконь т. б еңбектерімен қоса қазақстандық ғалымдар Т. Ақшолақов, Қ. Тасболатов, Ә. Дайыровалар ізденістерін атауға болады.

Проблемалық оқыту көркем шығармаларды меңгертудің өнімді жолы болып табылады.

Slide 5

Жалпы түрінде проблемалық оқыту технологиясының сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өздігінен олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.

Slide 6

.

Пролемалық ситуацияға дайындық сұрақтары;

1/ Абайдың Тоғжанды алғаш кездестіргендегісі қалай суреттелген?

2/ Абайдың өмірлік махаббаты Тоғжанға деген

шынайы сезімінің эпопея бойында өрілуі?

Көрсетілген сұрақтар проблемалық ситуацияға

дайындық ретінде ұсынылады.

Slide 7

І топ тапсырмасы.

Абай мен Тоғжан арасындағы шынайы махаббат, сезім толқындары қалай көрсетілгенін анықтаңыз.

/ Абай монологы, монологты оқу барысында сәйкестендірілген әуеннің ойнауы, Тоғжан суреті, атақты суретшілердің салған

Тоғжан портретін АКТ көрсету арқылы салыстыру, сурет салу/

Slide 8

ІІ топ тапсырмасы.

«Сап, сап, көңілім, сап» өлеңінің тууына «Абай жолы» эпопеясында негіз болған оқиғаны тауып, Абайдың ішкі сезімінің психологиялық жағдайын мәтінге түсіріп, өлеңді талдау барысында лирикалық қаһарманның адамзаттық құндылықтарын ашып көрсет. / өлеңді қолдануға болады/

Slide 9

ІІІ топ тапсырмасы.

Өмірлік махаббаты Тоғжанмен кездейсоқ кездесуін сахналық қойылым ретінде көрсету.

/алдымен сценариін жазу, атрибудтар дайындау, эпизодтарға ремарка жасау/

Slide 10

«

ІҮ топ тапсырмасы.

Абай мен Тоғжан хаты. Топ оқушыларына көп жылдар кездеспей кеткен Абай мен Тоғжанның хат жазулары ұсынылады.

Ұлдар-Абай. Қыздар -Тоғжан болып хат жазады.

Slide 11

“Оқушының ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа, өзіндік көзқарастарын өздігінен қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап табуға үйрету керек”

И. Кант

Slide 12

Синергетика - тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруының жалпы теориясы. Себебі: «Ол- материяның барлық құрылымдық деңгейінде әрекеттендірілетін жалпы ұстанымдарды қалыптастырады. »

Notes: епп

Slide 13

ЮНЕСКО-ның зерттеулерінде, талдауларында

әр индивидумның мектепте тиімді жұмыс

істеуі үшін төмендегі дағды мен біліктіліктерді

меңгерту керек. Олар :

- Бастамашылық.

- Әрекеттестік

- Ұжымдағы жұмыс

- Өзара оқыту

- Бағалау

- Коммуникация.

- Логикалық ойлау күші

- Проблемаларды шешу

- Шешім қабылдау

- Ақпаратты алу және пайдалану

- Жоспарлау

- Білім ала білу

- Көп мәдениеттілік дағдылары.

Slide 14

Баяндама әзірлегендер;

Салимова М. С Лебяжі Б. Уахатов ОМ

Амангелді . Р Екібастұз Байет ЖОББМ

Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек.

Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде

қолдану керек.

А. Байтұрсынов

Slide 15

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті сабақтарында кіріспе жұмыстар арқылы оқушылардың көркем шығармаларға қызығушылығын арттырудың әдістемесі
Бастауыш сыныптардағы проблемалық оқыту әдістері және оқушылардың ойлауын дамыту жолдары
Информатика сабағы: АКТ қолдану арқылы жиымдар мен жолдар тақырыбын оқыту және оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру
Проблемалық оқыту технологиясы: теориясы мен әдістемесі
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау: ойын элементтері мен инновациялық әдістер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру
Металдар тақырыбы бойынша қорытынды сабақ: оқушылардың химияға деген қызығушылығын инновациялық технологиялар арқылы арттыру
Әжібаева Гүлназ Айтжанқызының оқушылардың дене тәрбиесіне қызығушылығын арттыру және ұлттық ойындарды дамытуға бағытталған жұмыс жүйесі
Проблемалық оқыту технологиясы: мақсаттары, талаптары және әдістері
Математикада үш өлшемді оқыту мен ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру
Проблемалық оқыту технологиясы: теориясы, міндеттері және жоғары білімдегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz