ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ



Жалпақ құрттар типі
www. ZHARAR. com

Құрттар - екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер.
Бұлардың денесін тері-бұлшықетті қапшық қаптайды. Дене тұрқы шұбалаңқы келеді. Эктодерма мен энтодерма аралығында дененің үшінші қабаты - аралық қабат мезодерма орналасады. Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы гельминтология деп аталады.
www. ZHARAR. com

Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы
Сорғыш құрттар өкілі
Жалпақ құрттар
Жалпы саны 15 мыңнан аса түрлерді біріктіретін жалпақ құрттар 5 класқа жіктеледі. Біз тек кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар және таспа құрттарға ғана тоқталамыз. Бұлардың денесінде қуыс жоқ. Бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді болғандықтан, жалпақ құрттар деп аталған Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды.
денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығынан аралық жасушалы қабат - мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесі түзіледі. Дене жабынын цилиндр тәрізді жасушалардан тұратын жабын ұлпасы - эпителий қаптайды. Эпителий жасушаларында кірпікшелер бар. Еркін жүзетін жалпақ құрттардың (мысалы, ақ сұлама) жабын жасушаларында да кірпікшелі жасушалар бар. Паразиттік жолмен тіршілік ететін құрттардың дене жабынының құрылысы ерекше болады.
бауырсорғыш, таспа құрттар өкілі - сиыр таспақұрты - нағыз паразиттер. Олардың эпителий ұлпасында жасушасы жоқ, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол түзіліс сірқабық деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.
Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе зәршығару (қажетсіз заттарды бөлу) жүйесі деп аталады. Бұл - бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйе.
www. ZHARAR. com

Жалпақ құрттар
Қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды. Мысалы, ақ сұлама жұмыртқадан дамып, піллә түзеді. Ол жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейеді. Бауырсорғыштың дернәсілдері жұмыртқадан әр түрлі пішінде шығып, негізгі және аралық иелерде дамиды. Паразит жалпақ құрттардың жыныстық ұрпақтары - негізгі иеде, ал дернәсілдік ұрпақтары аралық иеде мекендейді) . Таспа құрттар өкілі - сиыр таспақұртының негізгі иесі - сиыр. Оның денесінде жұмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі - қармақшалы дернәсіл; екіншісі - таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі - финна. Ересек таспақұрт негізгі иесі - адам денесінде өмір сүреді. Жалпақ құрттар - суда, топырақта, ағзалар денесінің сыртында және ішінде тіршілік ететін омыртқасыз паразит жануарлар. Бұлардың еркін тіршілік ететін түрлері ұсақ шаяншалар, құрттар және судағы жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар, жануарлар мен өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады. Халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен бірге таспақұрттардың барлығы жануарлар мен адам өміріне зиян келтіреді. Ішекте өмір сүретін паразиттер - эндопаразиттер. Ал ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер эктопаразиттер деп аталады.
www. ZHARAR. com

Еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт. Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзеді. Сұламаның дене қимылын реттейтін әр түрлі бұлшықеттері бар Сыртқы қимылға сақиналы бұлшықеттер қатысады. Аралық қабат қимылын қиғаш бұлшықеттер реттейді. Ал ішкі қабаттағы қимыл бірыңғай салалы бұлшықеттер мен реттеледі. Кірпікшелі құрттардың аузы, асқорыту, зәршығару және жыныс мүшелері бар. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттардың көпшілігінде асқорыту жүйесі мүлде жойылып кеткен. Бұл құбылыс әсіресе таспа құрттардан байқалады.
Ақ сұлама
www. ZHARAR. com

Назарларыңызға
Рахмет!!!
www. ZHARAR. com
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz