СТУДЕНТТЕРДІ САУЫҚТЫРУ ҮШІН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ


Slide 1

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақтың спорт және туризм академиясы

Кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті

Күрес кафедрасы

Ж. Қуаныш

СТУДЕНТТЕРДІ САУЫҚТЫРУ ҮШІН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ

ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы

Алматы, 2017

Slide 2

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі:

денсаулықты нығайту мен сақтауды және қазіргі бар қайшылықтарды жоюды қамтамасыз ететін дене шынықтыру-сауықтыру жүйелерін одан әрі теориялық және экспериментальды зерделеу қажеттілігімен түсіндіріледі.

Зерттеуімізде спортшылардың өзара қатынасы мәселелеріне, оның әлеуметтік тәжірибе жинақтауға қалай әсер ететіндігін, сол тәжірибені көпұлтты спорттық ортада пайдаланғанда қандай нәтиже беретіндігін білу мақсатымен спорт психологиясы жөніндегі ғылыми әдебиеттер де кеңінен пайдаланылды.

Slide 3

Зерттеу пәні - спорттық-сауықтыру және дене тәрбиесі ортасы болғандықтан, зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты жекелеген жалпы теориялық ережелерді нақтылауға мүмкіндік беретін дене тәрбиесі және дене шынықтыру теориясы мен әдісі жөніндегі зерттеу жұмыстары талданды. Сол мақсатта Ж. К. Оңалбектің, Л. П. Матвеевтіњ, Б. Тойлыбаевтың, В. В. Белорусованыњ, Н. А. Васильеваныњ еңбектерін айрықша атап өткен жөн.

Slide 4

Зерттеу нысаны - Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби дайындау процесі.

Slide 5

Зерттеу мақсаты - Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандарды кәсіби дайындығын жетілдірудің негіздері.

Зерттеудің міндеттері:

1. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде кәсіби даярлаудың теориялық- негіздеріне шолу жасау.

2. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде олашақ мамандардың кәсіби дайындығын жетілдірудің негізгі педагогикалық, медициналық-биологиялық шарттарын айқындау.

3. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде энергетикалық қамтамасыз ету арқылы дене қозғалыстары, режимдер, бағыт-бағдарламаларын құрудың мазмұнын сипаттау.

4. Болашақ маманның кәсіби дайындығын жетілдіру бағытындағы дене шынықтыру-сауықтыру жүйесін энергетикалық жағынан қамтамасыз етуді негіздеу.

5. Болашақ мамандардың кәсіби дайындығын дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары негізінде жетілдіру жүйесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеру.

Slide 6

Зерттеудің әдістері

Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық негіздері, тұлғаның дамып, жетілуі мен толысуының жалпы диалектикалық принциптері, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық әрекет пен тұлғалық ізденушілік қатынас туралы қазіргі философиялық қағидалар; таным теориясы; жеке тұлға, іс-әрекет, мәдениет теориялары, адам - қоғам - табиғат жүйесіндегі диалектикалық байланыстар, оқу процесін басқару мен ұйымдастыру теориясы, дене тәрбиесі теориясы.

Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен негізділігі. Әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы тексерумен және практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.

Осы орайда В. М. Выдриннің дене мәдениеті қызметінің бірінші ерекше түрі деп, сабақ процесі барысында дене тәрбиесімен айналысуға болатын және дене мәдениетіне деген қатынас қалыптасатын дене мәдениеті білімін беру екендігін атауы кездейсоқ емес, ол сонымен бірге дене мәдениеті компоненттерінен әр адам өзі үшін өзіндік теория жасап алу қажеттігін атап көрсетеді.

Slide 7

Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесіне келетін болсақ, онда студенттер жалпы тәрбие теориясы мен дене тәрбиесі теориясына сүйене отырып, мыналарды оқып игереді:

жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру мен оның тәсілдерін;

дене тәрбиесінің жаратылыс-ғылыми негіздерін;

дене мәдениеті мен спорттың гигиеналық негіздерін;

дене мәдениеті мен спорттың әлеуметтік қызметін;

кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығын;

еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы дене мәдениетін.

Оның негізгі түсініктері мен терминдері де айқындалады.

Slide 8

Зерттеудің ұйымдастырылуы

Болашақ мамандарды дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде кәсіби даярлау процесі мәнінің құрылымы және мазмұнының анық түсінігінің болуы зерттелетін құбылысты модельдеуді, ойша эксперимент әдісін қолдануды қажет етеді.

Болашақ мамандарды дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде кәсіби даярлау процесі мәнінің, құрылымының және мазмұнының анық түсінігінің болуы зерттелетін құбылысты моделдеуде, ойша эксперимент әдіс-тәсілдерін қолдануды керек етеді. жолымен нақты бар жүйені материалды немесе ойша ұқсатуды іске асыру, бұл жағдайда аналогтарда осы жүйенің ұйымдастыру және жұмыс істеу

Slide 9

Біз үшін сол авторлар тапқан және баяндаған моделдің болуы жөніндегі керекті және жеткілікті шарттары негізгі болады.

Атап айтқанда:

- модель мен түпнұсқа арасында ұқсастық қатынастығы болады, оның формасы айқын көрсетілген және дәл анықталған (бейнелеу және ұқсастықты анықтау шарттары) ;

- модель ғылыми таным процесінде зерттелетін объектінің орнын басатын болады (репрезентативтік шарты) ;

- моделді зерттеу түпнұсқа жөнінде ақпарат алуға жол береді (экстраполяция шарты) . Сонымен, модель объект жөнінде белгілі дәрежеде "квазиақпарат" береді, сондықтан моделдің өзін және моделді зерттеудің нәтижесінде алынған ақпараттан, объект жөніндегі ақпаратқа ауысуды құрудың

анықталған ережелері қажет.

Slide 10

Берілген әдістемелік негізгі сүйене отырып, мотивтік компоненттің құрамдас бөлігінің мазмұнын нақтылай түсуге болады:

спорт саласы маманы есебінде дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде өз мүмкіндігі мен білімін көтеруге деген қажеттілігі;

- дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде өз мүмкіндігі мен білімін арттыруға деген қызығушылығы;

- кәсіби даярлығын жетілдіруде бұлшық ет қызметін энергиямен қамтамасыз етуге құштарлығы; өз бетімен білімін дене шынықтыру-сауықтыру саласында көтеруге деген қажеттілігі;

- дене шынықтыру жүйесінде дене қозғалысы, режимдер, бағыт-бағдарлар құру арқылы кәсіби даярлығын жетілдіруге деген қызығушылығы;

- энергетикалық қамтамасыз етілген спорт маманы ретінде өмір сүріп отырған ортада спорт пен дене шынықтыруға деген келешек ұрпақтың салауатты өмір салтына сенімділігі.

Slide 11

ҚОРЫТЫНДЫ


Ұқсас жұмыстар
Кенжебеков Бораш Жоғары білімді маманның кәсіби құзыреттілігі - маман тұлғасының ішкі психологиялық қасиеттері мен күйлерінің, кәсіби
Қазақтың ұлттық ойын түрлері
Спорттағы жарнаманы ұйымдастыру
Президенттік сынамалар
Дайындық кезеңдері
Дене шынықтыру - спорт қатынастары субъектілерін ынталандыру құралдары
Бастауыш сыныптарда дене мәдениетін қалыптастыру жолдары
Ерте және мектеп жасына дейінгі, балалар дене тәрбиесінің негіздері
Дене шынықтыру сабағы
Дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz