ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақтың спорт және туризм академиясы
Кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті
Ұлттық спорт түрлері кафедрасы
М.С.Ботабаев
ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚ
ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы
Алматы, 2017
Жұмыстың көкейтестілігі.
Спорттың адам денсаулығына әсері ғана емес, оның қоғамдық
санадағы орны, адамдардың рухани өміріндегі жасампаздық қасиеті де
бұл тақырыпты тереңдей зерттеп, философиялық тұрғыдан нақты
жауап беруді қажет етеді. Аталған жұмыста спорт өнерінің әлеуметтік
маңызы, ұлттық ерекшеліктері мен болмыс-бітімі қазақ философиясы
негізінде талданып, зерделенеді.
Зерттеу нысаны.
Мұндай тақырыпты жете зерттеуді қолға алу ұлттық
болмысымызды тұтастай пайымдауға негізделген ұлттық өзіндік
сана мен тәуелсіздік рухының айғағы бола отырып, қазақ халқының
да спорттық өнеріндегі жекпе жек рухты тудыратын философиялық
ұғымдарын зерделеу болып табылатындығы сөзсіз. Сондықтан
ұлттық спорт өнеріндегі жекпе жек феноменін арнайы
философиялық деңгейде қарастырмағанмен, оның аспектілерін
және ондағы өзекті мәселелер туралы толымды ой, тың пікірлер
айтқан ғалымдардың еңбектерін де назардан тыс қалдырмадық.
Зерттеудің пәні -
спортшылардың жылдамдық
дайындығын жетілдіруі.
Зерттеудің мақсаты.
Аталған дипломдық жұмыстың мақсаты шығыс жекпе жегіндегі
күш дайындығы мен менталитет бойынша философиялық-теориялық
тұрғыдан зерделей отырып, спорт өнерінің тарихи-әлеуметтік
негіздерін философиялық тұрғыдан байыптап, ондағы жекпе жек
феноменін арнайы зерттеу объектісі ретінде бөліп алып, ғылыми негізде
талдап, мәнін ашу болып табылады.
Зерттеудің міндеттері
Мұндай зерттеу еңбек өзінің алдына мынадай міндеттер қояды:
- Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі спорт өнерінің қалыптасуының
тарихи-философиялық негіздерін қарастыру
- Спортшылардың жұмысқа қабілеттілігі мен қайта қалпына келтіру
жүйесін талдау
- Жылдамдықты қалыптастыру әдістерін қолданудың жалпы
қағидаларын зерттеу
- Жылдамдылық әдістемесін анықтау
- Шығыс жекпе-жегіндегі күш дайындығы және жылдамдылық
жаттығуларының техникасын зерттеу
Зерттеу әдістері
Өзіндік фактілі материалдарды алу мен жинақтау берілген зерттеу
міндеттеріне толығымен дерлік сай жүргізілді. Бұл жерде «шығыс жекпе
жек» үйренудің практикасында ұсынылатын және қолданылатын
әдістемеге, «Шығыс жекпе-жек» бойынша эксперименталды
бағдарламаның тиімділігін айқындау мен жалпы курсты оқытудың
эксперименталды бағдарламасын жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Мұның
барлығы біз жасаған зерттеу болжамына және оның арнайы
ұйымдастырылған эксперимент жағдайларында жүзеге асырылу
жолдарына бағынышты болды.
2 кесте — Қолданылған зерттеу әдістері
№ Зерттеу әдістерінің атаулары
1 Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы
2 Сауланма жүргізу және сұхбаттасу
3 Сараптамалы бағаламалар әдістері
4 Математикалық статистика әдістері
Зерттеудің ұйымдастырылуы
Оқыту мазмұны мен әдістемесін зерттеу кезіндегі ғылыми
зерттеулердің практикасында сауалнама жүргізудің маңызы зор.
«Шығыс жекпе-жекн» жоғары дене шынықтыру оқу
орындарында оқытудың мазмұны мен әідстемесін жетілдіру
жолдары туралы мамандардың пікірлерін анықтау үшін жағдайларға
орай жоғары оқу орындары, спорттық мектептер, жалпыға білім беру
мектептері оқытушыларымен, жаттықтырушыларымен, не
сауалнама, не сұхбаттасу жүргізілді.
Оқыту мазмұны мен әдістемесі ерекшеліктерін дәлелдеу үшін,
сондай-ақ, кейбір іс-ірекеттердің маңыздылығын толықтырып,
анықтау үшін сауалнама сұрақтарына жауап алу үшін жоғары
дәрежелі оқытушы-бапкерлерге сарпашы ретінде жүгіндік.
Сауалнаманың құрылымы төмендегідей болды:
1) кіріспе бөлімі, мұнда зерттеу міндеттері және респонденттің
алға қойылған мәселелерді айқындай білуіндегі рөлі көрсетілді;
2) негізгі бөлім оқыту курсының мазмұнын қолдану бойынша
мәселелерден, оқыту әдістерінен; оқытушы-бапкердің кәсіби деңгейде
ұғынуын қалыптастыру міндеті қойылатындығы, мәселелі
жағдайларды шешу қарастырылатындығы, кәсіби бағытты
жаттығулардың орындалуы, студенттерден «Шығыс жекпе-жек»
бойынша сабақтарда осы шығыс жекпе жек оқыту барысында
қисынды ойлану, құбылыстар мен фактілерге сараптама жасау талап
етілетіндігі туралы сұрақтардан құралды.
Сұхбаттасу.
Егер қандай да бір себептермен сауалнама жүргізу қиындықтар туындатса,
сұхбаттасу жүргізілді. Бұл «Шығыс жекпе-жек» бойынша сабақтардың мазмұны
әдістемесі туралы сұббаттасушының көзқарасын зерттеуді қарастырды. Бұл жерде
Алматы қаласының жоғары оқу орындарының 50 оқытушы-бапкерлері және Қазақтың
спорт және туризм академиясы бітіруші курстарының 100 студенті қатысты. Алынған
материал сауалнамалық мәліметтер сияқты өңдеуден өткізілді. Оқытудың білімділігі,
біліктілігін және дағдыларын айқындау тексеру барысында сараптамалы бағалау
әдісімен жүзеге асырылды. Бұл жерде ұжымдық сараптамалы бағалау қолданылды,
өйткені ұжымдық бағалау кезінде зерттеу қасиетінің шынайы маңызы жекелей
сарапшылар бағасының іштей ауқымында болуы мүмкін, олай болса жалпыланған
ұжымдық пікір біршама сенімдірек келеді.
Өзіндік қорғану мен қарсыластықсыз техникалық іс-
әрекеттерді орындау сапасын бағалау критерийлері
Қателіктер Шегерілетін балл
саны
Тәсілді орындауға кірісе алмайды, ол туралы түсінігі жоқ 10
Тәсілді орындауға кіріседі, бірақ оны орындай алмайды 8
Тәсілді орындау барысында 1 дөрекі қателік жіберіледі 7
Тәсілді орындау барысында 2 дөрекі қателік жіберіледі 6
Тәсілді орындау барысында 3 маңызды қателік жіберіледі 5
Тәсілді орындау барысында 2 маңызды қателік жіберіледі 4
Тәсілді орындау барысында 1 маңызды қателік жіберіледі 3
Тәсілді орындау барысында 2 маңызды емес қателік 2
жіберіледі
Тәсілді орындау барысында 1 маңызды емес қателік 1
жіберіледі
Өзіндік қорғаныс кезінде жіберілетін қателіктер:
1) дөрекі қателіктер: құлап бара жатқанда басын кілемге тизіпі
алу; қатты домалау, бірден тоқтап қалу;
2) маңызды қателіктер: алақанды тіреу клемге қарай төмен
бағышталмаған; тірек шынтаққа берілген; сан кеудеге тартылмаған;
3) маңызды емес қателіктер: Қол мен тұлға арасындағы бұрыш
40-50° асып кетеді; қолмен кілемді соғу байқалмайды; иек кеудеге
тартылмаған; кілемге соққы алақанның бар көлеміміне
берілмегенде; кілемді қолмен соғу кешігіңкі жүреді немесе одан
ілгері жүреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Ұсынылатын әдістемелік нұсқауларды шығыс жекпе жекпен
айналысатын спортшылардың жылдамдыққа келтіру жүйесін
жетілдіруде пайдалануға болады.
2. Медициналық, педагогикалық, психологиялық қайта қалыптастыру
тәсілдерін кешенді қолдана білген жағдайда, спортшы ағзасы шаршамай
үйлесімді жұмыс істеп, жаттығу жүктемесіне тиімді бейімделе алады.
3. Шығыс жекпе жекпен шұғылданушы балуандардың жан-жақты
дайындығымен қатар, жылдамдыққа келтіру жүйесін жоспарлау арқылы
ғана спорттағы жоғары жетістіктіктіктерге жетуге болады.
4. Гидропроцедуралар: 5-7 минут көлемінде контрасты душ: 1-2 минут
жылы душ (37-380С), 5-10 секунд салқын душ (15-180С), артынша
ыстық душ (42-450С) жылы сумен 1-2 минут араластырыла
қолданылды. Жылдамдыққа келтіру жүзуі балуанның жағдайына, көңіл-
күйіне байланысты 400 м ден 600 м дейін тағайындалды.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz