ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫ КЕЗІНДЕ ШАБУЫЛ МЕН ҚОРҒАНУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Slide 1

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

Олимпиадалық спорт факультеті

Спорттық ойындар кафедрасы

ИСИН АЛМАЗ БАЙМҰРАТҰЛЫ

«ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫ КЕЗІНДЕ ШАБУЫЛ МЕН ҚОРҒАНУ

ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт»мамандығы

Алматы, 2016

Slide 2

ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Волейболшылардың арнайы дене қабілеттерінің даярлығының қырларын зерттеуге айтарлықтай көп жұмыстар арналған, алайда осы саладағы ғылыми зерттеулер негізінен алғанда волейболдағы спорттық жетістіктерге әртүрлі шамада әсер ететін даярлықтың немесе қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жекелеген қырларын зерттеуге бағытталған. Мысалы, бірқатар авторлар жылдамдық көрсеткіштерін зерттеген, жұмыстарда волейболшылардың күш қабілеттері туралы мәліметтер келтірілген, сонымен қатар секіргіштіктің, төзімділіктің әр түрлерінің, координациялық қабілеттердің көрсеткіштері де зерттелді Іріктеп алу, жаттығу әдістемесі мәселелеріне және басқа да аспекттерге белгілі бір көңіл аударылды. Әдістемелік зерттеулердің нәтижесі, өскелең ұрпақтың дене тәрбиесімен және жекелей спорт түрімен айналысу жұмыстарын белгілі ғалымдар педагогика әдістемесі және тарихы, философия, психология, дене тәрбиесі мен әдістемесі, жасөспірім физиогогиясы, мектеп гигиенасы мамандарының жалпы әдістемелік негізіне сүйене отырып жүргізілгенін көрсетті. Бұл ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдаулар негізінде жалпы техникалық әдістер туралы және оны үйрету жайлы еңбектердің спорт секцияларында қолдану әдістемесіне байланысты зерттелмегендігі, яғни жалпы спорт саласына қатысты екендігі анықталды.

Сонымен, ғылыми зерттеулер мен психологиялық, педагогикалық, әдістемелік т. б. еңбектерді зерделеу және спорттық секцияларында жүргізілетін техникалық әдістерін үйрету мен бүгінгі таңда оған қойылатын талаптардың жеткілікті деңгейде зерттелмеуі арасында, бағдар ретінде дамытып, волейболдың техникалық әдістерін дұрыс үйретіп, оны жетілдіру арасында қарама-қайшылықтар айқындалды. Бұл қарама-қайшылықтар зерттеу мәселесін анықтап, тақырыпты ««Волейбол ойыны кезінде шабуыл мен қорғану әрекеттерінің ерекшеліктері» деп таңдауымызғаға негіз болды.

Slide 3

Зерттеу нысаны: Спорт үйірмелеріндегі біртұтас оқу-жаттықтырушылық үдеріс.

Slide 4

Зерттеу жұмысының мақсаты: волейбол үйірмелерінде шабуылға және қорғанысқа арналған техникалық әдіс-тәсілдер мен жаттығулардың құрылымын жетілдіру.

Slide 5

Зерттеу жұмысының міндеттері:

спорт үйірмелерінде техникалық әдістерді жетілдірудің психологиялық-физиологиялық негiздерiн анықтау;

волейбол ойынының әдіс-тәсілдері, техникасына сипаттама беру;

Волейболшылардың шабуыл және қорғаныс техникасын жетілдіру жолдарын анықтау.

Slide 6

Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша дене тәрбиесі және спорт салаларындағы ғылыми, әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; мемлекеттік арнайы деректік құжаттарды саралау; сұрақ-жауап, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, жапы білім беретін мектеп құжаттарын талдау, тәжірибелік- эксперименттік жұмыс, статистикалық әдістер.

Slide 7

Педагогикалық эксперимент

Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес екі түрдегі:

констатациялаушы және табиғи ашық педагогикалық эксперименттер жүргізілді.

Констатациялаушы педагогикалық эксперимент барысында допты қабылдау, шабуылдау, тосқауыл қоюды тестілеу нәтижелері бойынша жас волейболшылардың техникалық даярлық деңгейі анықталды. Корреляциялық және факторлық талдаулармен жас волейболшылардың техникалық даярлығының құрылымы анықталды, ол жас волейболшыларды техникалық даярлау процесінің мазмұнына және жүзеге асырылуына бағдарламалық әдісті жасап шығару үшін негіз болып табылды.

Волейболшылардың техникалық даярлығы волейболдан спорт мектептеріне арналған бақылау сынақтарының негізінде анықталады.

Slide 8

Бақылау сынағының түрлері

Спорт шебері

1 разряд

2 разряд

3 разряд

Допты екі қолмен төменнен қабылдау (5 рет)

4, 14+0, 09

3. 18-0. 13

2, 84+0, 13

2, 32+0, 10

Допты екі қолмен жоғарыдан беру (5 рет)

4, 18+0, 09

3, 80+0, 10

3, 08+0, 13

2, 78+0, 10

Шабуыл соққысы (5 рет)

4, 55+0, 05

3, 76+0, 13

3, 30+0, 1 9

2, 76+0, 10

Шабуыл соққысына тосқауыл (5 рет)

4, 31+0, 14

2, 94+0, 10

3, 10+0, 1 0

2, 18+0, 10

Допты ойынға қосу (5рет)

4, 76+0, 03

3, 86+0, 10

3, 54+0, 1 0

2, 70+0, 10

Техникалық көрсеткіштердің қосындысы

(25рет) 22, 52+0, 23

17, 54+0, 19

15, 32+0, 38

12, 70+0, 26

Ойынға қосылған допты төменнен екі қолмен қабылдап 6 аймақтан биіктігі 1, 5-3 метрге дейін жететін керілу тұрған жіптен асыру (5 рет) .

Екі қолмен допты жоғарыдан 2-3 аймақтан 4-ші аймаққа биіктігі 3 метрге керілу тұрған жіптен асыру. Жіпті Г тәрізді торға ілулі түрған антеннамен іске асырады, шабуыл жасау (5 рет) .

3 Екі қолмен 4-ші және 2-ші аймақтан 4-ші немесе 5-ші және 2-ші немесе 1-ші аймақтарға шабуыл жасау (5 рет)

6-шы аймаққа бағытталған шабуылға тоскауыл (5 рет) .

Допты ойынға қосу (жоғарғы, төменгі бір кырындап) 4-ші және 5-ші аймақтың бағыттау.

1 кесте - Волейболшылардың техникалык дайындык сапасынын өсу деңгейі

Slide 9

ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Зерттеу негізінен Павлодар қаласының №12 спорт мектебінің базасында жүргізілді. Зерттеуге 14-16 жас аралығындағы волейболмен шұғылданушы 20 оқушы қатысты. Оның ішінде үшінші разрядтан бастап, спорт шеберлері де болды. Зерттеулер екі кезеңмен жүргізілді.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы волейболдың даму тарихы
Спорттық ойындардың физиологиялық сипаттамасы
Волейбол алаңы
Допты қабылдау
Допты төменнен қабылдау әдісі
"Дарабоз" спорттық интелектуальдық сайыс
Ойыншының негізгі тұрысы
Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі
Негізгі позицияны үйрену
Процесс Ақпараттық процесс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz