ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ




Презентация қосу
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІ МЕН
СИПАТЫ
Қазіргі таңда дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі
мәселелердің бірі – адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Осы мәселе
бүкіл елді толғандыруда. Мұны шешудің бірден-бір жолы экологиялық білімді
жеке тұлғаға қалыптастыру керек екенін көптеген ғалымдар айтқын.
Айналамыздағы орта бүлініске ұшырап айқымды экологиялық проблеалар
туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық қоғам мүшелерінің -
оқытушылардың,дәрігерлердің, ғалымдардың, өндірушілердің,
саясаткерлердің назарына ілініп отыр.
Қазақстан Республикасында экологиялық білім берудің тұжырымдамалық
негізіне өркениетті елдің өзін-өзі қолдап, тұрақты дамуы жатады. Бұл
тұжырымның негізі Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған Қоршаған орта
және даму “РИО-92” конференциясында қабылданды.
Жас ұрпаққа экологиялық білім беру, бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір
қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігі “Қазақстан Республикасының
жалпы білім беретін мектептері тұжырымында (1993)” атап көрсетілген.
Осыған орай , Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Республика білім және ғылым
қызмеикерлерінің II съезінде “жалпы адамзаттық құндылықтың мәні –
маңызын түсінетін, ой-өрісі дамыған, білімді, экологиялық мәдениетті тұлға
қалыптастыру-жаңа ғасырдың күн тәртібінде тұрған басты талабы”, -деп
көрсетуі бұл мәселенің көкейкестілігін айқындай түседі.
Демек, экологиялық білімді тұлғаны қалыптастыруда педагогика ғылымдарындағы
экологиялық білім ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеп, оны ұтымды
пайдалану – өте маңызды мәселе. Сондықтан, қазіргі таңда “адам-табиғат”
жүйесіндегі қарым-қатынастың үйлесімділігін қамтамасыз етуде, экологиялық білім
жетекші орын алады. Оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру, олардың
қоршаған ортаға саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынасын орнатуына, нақты,
жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді. Оқушыларға экологиялық білім бере
отырып, бір мезгілде табиғат қорғауға тәрбиелейміз.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның экологиялық санасын,
мінез-құлқын, мәдениетін жоғары деңгейге көтеру. Жеке тұлғада бұл қасиеттер жеке
дара қалыптаспайды.Керісінше ол білім мен тәрбие беру арқылы бір-біріне егіз
сияқты қатарласа жүреді.
Экологиялық білім беру сабақтастық пен жүйелілік және үзіліссіздік ұстанымын тірек
етеді. Үзіліссіз экологиялық білім беру мектепке дейінгі тәрбие беру оның бастапқы
сатысы болып табылады. Бұл кезде балалардың табиғатпен қарым*-қатынасын
барынша дамыту қажет, себебі олар жас кезінен бастап қоршаған ортаға әсер ететін
немесе зиян келтіретін заттарды түсіне өсуі керек.Балалар үлкендерге еліктеп
өсетіндіктен отбасындағы мүшелер мен тәрбиешілердің өздері өнеге көрсетуі қажет.
Сол үшін қазақ халқымыз “ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” деп бекер айтпаған.
Жалпы білім беретін орта мектептегі экологиялық білім берудің теориялық
мәселелерін зерттей келе мынадай басты принциптерге тоқталамыз:
Оқушының экологиялық білімін қалыптастырудағы пәнаралық тәсіл.
Экологиялық білім берудің жүйелілігі мен үзіліссіздігі.
Оқушылардың қоршаған табиғи ортаны оқып үйренудегі және көркейтудегі
интеллектуалды және эмоциялық негіздегі іс-әрекеттің бірлігі.
Экологиялық білім беру мәселесін әлемдік, ұлттық және өлкелік деңгейде
қарастыру.
Осы аталған принциптерді сақтайтын болсақ, табиғат қорғауды және соған тәрбиелеу
жұмыстары оң нәтиже береді.
Адамның білім алуы ғұмыр бойы үзіліссіз болуы тәрізді хмимялық-экологиялық
білім алуда үзіліссіздікпен іске асырылуы керек. Ресейдің атақты әдіскер- ғалымы
Г.М.Чернобельская үзіліссіз білім беруді күнделікті игерілетін ақпараттың көлемі
күн сайын пәрменді бола беру керек деп айтқан.
Үзіліссіз химиялық – экологиялық білім берудің негізгі бағыттары мыналар:
1. Химияның негізіне сүйеніп, өлі табиғат, тірі табиғат және олардың арасында болатын
құбылыстардың салдарынан туындайтын заттарды ашып көрсету.
2. Химиялық эксперимент нәтижесінде түзілген заттардың зиянды жақтарын нақтылау.

3. Химия ғылымының экологиялық аспектілері арқылы химиялық-экологиялық ұғым
мен көзқарасты қалыптастыру.
4. Химиялық – экологиялық ұғымдарды басқа жаратылыстану ғылымдараның
жүйесімен қалыптастыру.
5. Химиялық – экологиялық ұғымдарды қалыптастыру кезінде жергілікті, өлкелік
материалдарды кеңінен пайдалану.
Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымы, қоғам, табиғат және қоршаған орта
үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпағымызға жеткізу. Оның ішінде қоршаған
орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай
алатын, адамгершілігі мол, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары ұрпақты
тәрбиелеу маңызды орын алады. Экологиялық білім беру – өте күрделі процесс,
Экологиялық білім беру жүйесі туралы дүние жүзілік тәжірибеге қарағанда оның әртүрлі
моделі қолданып келеді. Атап айтқанда:
Көп пәнді жүйе (мектепте оқылатын барлық пәндер өздерінің тақараптарына
сәйкестендіріп экологиялық білім беру)
Бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі)
Аралас (экология жеке пән ретінде оқытылады).
Дүниежүзілік тәжірибелерді саралай келе, біздің республикамыздың оқу жүйесінде
экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды(1995). Оның негізгі
мақсаты – көпшіліккіе, жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Ол
төмендегідей оқу жүйсінен тұрады:
Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру
Мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру
Арнайы білім беретін колледждерде экологиялық білім беру
Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі саласы бойынша)
Мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру
Көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Жалпы және арнайы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарындағы экологиялық
білім беру мен тәрбие осы алғашқы мәліметтерге сүйене дамытылады.
Экологиялық білім беру жүйесін қалыптастыру, оқушыларды қоршаған ортаны
қорғау сезімі мен жауапкешілікке баулу, экологиялық білім жетістіктерінен
хабардар болу, нормалық-құқықтық құжаттарды білу, негізінен, мектеп
қабырғасында жүзеге асады.
Экологиялық білімді қалыптастыру құралдарының жүйесі – бұд педагогикалық
жүйедегі экологиялық білім беру мен мазмұнда және ұйымдастыру-басқару
компонентерінің жиынтығы.
Экологиялық білі берудің теориялық әдістемелік негіздерін жүзеге асыруда
оны оқытудың материалдық базасын нығайтудың маңызы зор.
Оқушылардың дәстірлі пәндер негізінде теориялық білім қалыптастыру
құралдарының бірі – көрнекиі құралдар.
Оқу-тәрбие жүйесінің бөлшігі – көрнекі құралдардың құрылымы мен
сапасы экологиялық білім берудің мақсаты мен міндеттері, оқыту мен
тәрбие берудің мазмұнымен анықталады.
Оқу тиімділігін көрнекі құрадар арқылы арттырудың ғылыми негіздерін
зерттеуші В.И.Евдокимов өз еңбектерінде “Көрнекілікті материалдардың
қасиеті мен ерекшеліктерін оқу процесінің түрлі жағдайларындазерттеу
және оның ең маңызды міндеттерін жүзеге асырудың тиімді тәсілдеріне
негізделген зерттеуде ғана түрлі дидактикалық мәселелерді шешуге
көрнекіліктің тигізетін әсерін айтқан”.
Оқушылардың экологиялық білімнің психологиялық-педагогикалық негіздерінің
мәселесін атап көрсетсек: оның жүзеге асырылуы “экологиялық тәрбие”,
“экологиялық мәдениет”, “экологиялық сана”, “дүниетаным”, “экологиялық
императив” деген түсініктерге тікелей байланысты, әрә тәуелді.
Экологиялық білімнің психологиялық заңдылықтары оқушылардың қоғамдағы ізгілік
және азаматтық нормаларды қоршаған ортаға бейімдеу негізінде қалыптастыру,
табиғатты тану үрдісінде экологиялық және табиғат қорғау білімдерін оқытудың,
жан-жақты экологиялық жүйелерде қоршаған ортаның өзара әрекет және өзара
байланыс құрылымдары мен факторларының проблемалылығы, шәкірттердің
экологиялық білімдерін, бейімділігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында
табиғатқа жаңашырлық және эстетикалық көзқарастарын дамыту сияқты адамның
алған білімдеріне қарай іс-әрекеттің мол жиынтығы қарастырылады.
10б сынып оқушыларының үлгерімі

10 2 3

4 5

0
2 3

12 4 5

0

2 3 4 5
2 3

4 5

0

2 3 4 5
2 3

4 5

0

2 3 4 5

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім және тәрбие беру
Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Мектеп ісін басқару жүйесі
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудегі білім берудің рөлі
Қазіргі кездегі білім беру парадигмалары, педагогикалық білімнің спецификасы
Мектептерді басқарудың ерекшеліктері
Білім берудің парадигмалары
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар (экологиялық тәрбие)
Пәндер