Пластмассалар




Презентация қосу
Пластмассалар
• Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында
бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары
иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе
кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар.
Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэл. қасиеті
жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады.
Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді
Пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды.
Мысалы, фенол-фармальдегидті Пластмассалар,
поливинилхлоридті Пластмассалар, т. б. аталуы да
Пластмассаларға байланысты алынған. Полимерлерден басқа
Пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар
, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы
сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады.
Пластмассалар гомогенді (бір фазалы) немесе гетерогенді (көп
фазалы) материалдар болуы мүмкін. Гомогенді Пластмассаларда
полимер материалдың қасиетін анықтаса, гетерогенді
Пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады,
қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді.
• Пластмассалар 4 топқа бөлінеді:
• полимерлену өнімдері Пластмассалар (полиэтилен,
полистирол, т.б.) негізіндегі Пластмассалар;
• поликонденсациялану (полиамидтер, полиэфирлер, т.б.)
негізіндегі Пластмассалар;
• хим. модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі
Пластмассалар (протеин, целлюлоза, галалит);
• табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі
Пластмассалар Сонымен қатар термопластик. және
термореактивті Пластмассалар болады.
• Термопластикалық Пластмассалар қыздырғанда
пластикалық күйге химиялық өзгеріссіз өтеді. Оларды
бірнеше қайтара қыздырып, әр түрлі пішінге келтіруге
болады. Термореактивті Пластмассалар жылу әсерінен
алғашқы кезде пластикалық, одан әрі қыздырғанда
химиялық өзгеріске ұшырайды. Оларды алу үшін
құрылысы торланған қосылыстарға тез өтетін полимерлер
(эпоксид, анилин, фенол-альдегид, т.б.) қолданылады.
Пластмассалардың бұл түрінен жасалған бұйымдар шыны
тәрізді, сол қалпын терм. деструкция басталғанға дейін
сақтайды. Олар 100 — 500oС аралығындағы
температурада өзгеріске ұшырамайды. Пластмассалар
электртехника, машина жасау, құрылыс өнеркәсіптерінде,
ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен
қолданылады. Пластмассалар өндіру зауыттары
Қазақстанда Маңғыстау,Атырау облыстарында бар.
• Пластмасса негізгі қолданылу саласына
қарай бірнеше топқа бөліп қарастыруға
болады:
• Конструкциялық
• Электр және радио техникалық
• Антикоррозиялық және бүлдіргіш
орталарға тұрақтылық
• Дыбыс және жылу оқшаулағыштар
• Әр алуан материлдардың жақсы қасиеттері
пластмассаладран табылады. Сондықтан техникалық
көптеген мәселелерді шешкенде, пластмассалар ең
керекті, тіпті баламасы жоқ материал болып саналады.
Мысалы, болатты алатын болсақ, ол өте берік, бірақ
меншікті салмағы ауыр, мөлдір емес, электрден қорғай
алмайды. Ағашты алсақ, ол жеңіл, бірақ берік емес,
шіритін материал. Ал пластмассалар осы күрделі
талаптардың барлығына жауап бере алады. Олардың
арасынан берік те жеңіл. мөлдір және сынбайтын,
электрден қорғағыш қасиеттері жоғары және басқа да
сапалы қасиеттері бар түрлері кездеседі. Мысалы,
химиялық төзімділігі алтын мен платинадан жоғары,
үйкеліс коэффициенті өте төмен немесе өте жоғары, тағы
басқа материалдар да бар.
ң ы з ға
арла ры
На з !
ет
рахм

Ұқсас жұмыстар
Термореактивті пластмассалар
Пластмасса тара және орағыш жасау үшін материал ретінде
Пластмасса тара және орауыштар жасау үшін материал ретінде
Пластмассалардың Арзан қасиеттері
Ортопедиялық стоматология негіздері
Офицерлер үйі
Стоматологиялық полимерлер
Полимерлі материалдар мен бұйымдар. Акустикалық материалдар
Жартылай өткізгіштер табиғатта
Күрделі эфирлер
Пәндер