Полимерлердің қасиеті
Презентация қосу
Полимерлердің қасиеті
молекула құрамында өзара химикалық
немесе координаттық байланыстармен
қосылған жүздеген, мыңдаған атомдары
бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен
ерекшеленетін заттар тобы. Жоғары
молекулалы қосылыстар көбіне
молекулалары көп қайталанып
отыратын мономерлер тізбегінен тұрады.
Олардың ішіндегі ең қарапайымы —
полиэтилен, оның мономері — этилен.
Жоғары молекулалы
қосылыстар немесе полимерлер
Жоғары молекулалы қосылыстар табиғи (ақуыздар,
нуклеин қышқылдары, табиғи шайырлар), жасанды
(табиғи полимерді химикалық реактивтермен
әрекеттестіру кезінде алынатын), синтетикалық
(полиэтилен, полипропилен, полистирол, полиамид,
фенолды шайыр, т.б.) болып үш топқа бөлінеді.
Табиғи жоғары молекулалы қосылыстар Биосинтез
барысында тірі организм клеткаларында түзіледі.
Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар
мономерлерді поликонденсациялау, полимерлеу
арқылы алынады. Олардың тізбектері ашық, бірінен
соң бірі түзу сызық бойымен орналасқан мономер
бөліктерінен, тарамдалған немесе тор тәрізді
Жоғары молекулалардан құралған (қ. Полимерлер).
Жоғары молекулалы қосылыстар машина жасауда,
құрылыста, ауыл шаруашылығында,
электртехникада, медицинада, т.б. көптеген
салаларда кеңінен қолданылады.
Полимерлену реакциясы еселі (қос, үш)
байланыстардың есебінен немесе тұйық
тізбектердің ашылу салдарынан жүзеге
асады. Мономерде реакцияға қабілетті бір
топша болса жеткілікті. Полимерлену
инициатордың әсерінен тізбекті процесс
түрінде жүреді.
Инициатор ретінде бос радикалдарға жеңіл
айырылатын заттар қолданылады.
Радикалдар мономер молекулаларын
радикалдық түрге айналдырып,
полимерленудің тізбекті реакцияларының
басталуына себепші болады. Мысалы, стирол
бензоил пероксидінің әсерінен полистиролға
айналады.
Полимерленудің аралық өнімдері —
тұрақсыз бөлшектер (біздің мысалымызда
— радикалдар), сондықтан тізбектің өсуі
мономер түгел жұмсалып біткенше немесе
тізбек үзілгенше жалғасады. Тізбек екі
радикал өзара кездескенде, сондай-ақ
радикал басқа молекула әсерінен немесе
ыдыс қабырғасына соқтығысып жойылған
кезде үзіледі.
Полимерлену реакциясы радикалдық
механизмнен басқа иондық механизммен
де жүреді. Бұл кезде белсенді бөлшектер
қызметін оң иондар (катионды
полимерлену) немесе теріс иондар
(анионды полимерлену) атқарады.
зғ а
ң ы
р ы
ла
з а р
а е т !
Н м
ах
р
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz