Химия және адам денсаулығы
Презентация қосу
Химия және адам
денсаулығы
• Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен
тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер
адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы,
өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да
адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі.
Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы
саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына және тұлға ретінде
қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы зор. Басқа
ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге
бейімделген.
• Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады.
Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға
кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа
ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның
даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-
бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай
саналы түрде өзгертті.
• Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта
жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның,
күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза
болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай
жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды.
Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта
жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына
кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше
байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы,
ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға
болады.
• Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да
әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс
тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы
бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы,
тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері
әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс
ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс
Ферменттер
• Тірі организмде жүретін барлық процестер ферменттердің қатысуымен
атқарылады. Олардың әсерімен қорек құрамындан күрделі заттар
қарапайым қосылыстарға ыдырап, соңынан олардан осы организмге
тән макромолекулалар түзіледі. Ферменттерге өте зор талғамдылық
қасиет тән. Әр фермент тек белгілі бір затқа, белгілі бір байланыс түріне
әсер етеді.
• Ас қорыту жолында қоректік заттар түрлі микроорганизмдер
ферменттерінің әсерімен биологиялык, өндеуден де өтеді. Ас қорыту
жүйесінің айтарлықтай көлемді алдынғы бөлімдерінде (қарывда) және
ішектің кеңіген соңғы бөлімдерінде (әсіресе бүйенде) алуан түрлі
микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай тауып (түрақты
жылылық, кажетті ылғалдьгқ, сілтілік не байтарап орта, мол және
үздіксіз келіп тұратын қоректік заттар), тез көбейіп өседі де, қоректі
тездетіп ыдыратуға көмектеседі. Өсімдік тектес азық құрамында
организмде қиын қорытылатын және ас қорыту сөлдерінде ерімейтін
заттарға бай клетчатка көп мөлшерде болады. Ал ас қорытатын сөлдер
құрамында оны ыдырататын ферменттер болмайды. Сондықтан
клетчатка тек микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен
қорытылады.
Гормондар
• Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін
биологиялык белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың
біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан
құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы
арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін
орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды.
Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен
гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар
деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін
қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі
жүзеге асады. Қызметі - Зат алмасу қарқындылығын өзертеді; Ағзаның тіршілік ету
ортасына бейімделушілігі арттырады Өсу мен көбеюді реттейді Физиологиялық
үдерістерді күшейтеді немесе бәсеңдетеді Жасуша нысан - Гормон нысанада болатын
нәруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар гормонның деңгейінің кішкене
ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді, нәтижесінде олар
өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бәсеңдетеді. Нәтижесінде гормонның
мөлшері қалыпты жағдайға түседі
Дәрумен
• Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы
зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті
биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta –
тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин
салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған
тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.
• Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып
табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы,
ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің
қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса,
адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D
дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына
(гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі.
Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен
және дәрумен тектес заттар деп бөледі.
Назарларыңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz