АБАЙ


Slide 1 Slide 2 Slide 3

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Сан ғасырлық Абай поэзиясы, ел қамын жақтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.

Ол халықтың түбегейлі мүлдесін, арман-тілектерін оқу-білім қаншалықты терең үғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік

қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында ақын үлкен творчестволық тұлға, қазақ халқының маңдай алды ақыны жүздеген поэзия туындыларының авторы, ұлы ойшыл ұстаз.

Slide 4

Курыстық жұмыстың мақсаты: Ұлы ақын Абайдың ағартушылық көзқарастары мен тәрбиелік идеаларын теориялық тұрғыдан талдау және зерттеу.

Курыстық жұмыстың міндеті:

-Абай шығармаларындағы тәрбие және ағартылушылыққа қатысты идеяларға талдау жасау.

-Абай туындыларын жинақтап, танысу.

-Абай шығармаларындағы ағартушылық көзқарастар мен тәрбиелік тағлымдарын практикада қолдану жолдарын көсету.

Slide 5

Зерттеу көзері: Зерттеуге байланысты поэзиялық туындылар, Абай шығармалары, мерзілімді басылмдағы материалдар мен басқа ғылымдардың Абай шығармашылығын зерттеу туралы еңбектері.

Зертеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық ғылыми әдебиеттер негізінде талдау, тұжырымдау және тәжірбиелік тұрғыдан салыстырмалы түрде зерттеу.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы:

Зерттеудің теориялық маңызы: Абай шығармаларын таныстыру, ағартушылық, тәрбиелік идеаларынның ерекшеліктерін көрсету, талдау оқырман қауымының ой- өрісін, тіл байлығын артыруға көмектесу.

Практикалық маңызы: Абай шығаршылықтарындағы ағартушылық және тәрбиелік идеаларды орта мектепте тәрбиелік және ашық сабақ өткізу кезінде пайдалану, ғылыми еңбекпен шұғылдануда көмекші құрал ретінде қолдану.

Slide 6

I ТарауАбайдың нақыл сөздерінің тәлім-тәрбиелік маңызы

Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні

Абай қазақтың салт-дәстүрлерінің озығын дәріптеп, дәурені өткен тозығын үнемі айыптап отырған. Мысалы, «асқа, тойға баратұғын» деген он ауыз өлең жолында қазақтың қыз айттыруы, ел шетіне жау шапты дегенде ел намысын қорғауға аттанған ердің қапыда жау қолынан қаза табуы, оң жақта отырған қалыңдықтың зар еңіреп жесір қалуы, адал махаббаттың иесі арудың сүйген жарының қазасына шыдай алмай өлуі жырланады. Ақын бұл арқылы жастарды елді, жерді сүюге тәрбиелеуді, шынайы махаббат жолында жастарды өзгеге үлгі-өнеге етуді мақсат тұтады. Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі болды. Ақын халықтың үлкені мен кішісіне өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер-білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.

Slide 7

Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» дегенде тек өз басын ғана айтып отырған жоқ, бүкіл сол кезге тән қоғамдық олқылық ретінде мәселені әлеуметтік дәржеге көтеріп, халқының мешеулеп қалған жай -күйіне келешек ұрпақтың назарын аударып ескерту жасайды.

Ақын мұрасының өміршеңдігін, замана озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптап қарасақ, оның өз заманының озық тілек-қасиеттерін айқынырақ танимыз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының ой-сана, ұғым-түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры арыда жатқанын ескерсек, Абайдың өнегелі өсиет сөздері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт жағдай өзгерді дегенмен халықтық ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып жаңаша сипат алып, жалғасын тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай мұралары кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір-шындығын танып-білуге үлкен себеп болатындығын мойындауымыз қажет.

Slide 8

Ақынның қарасөздері мен нақылдары- ақын творчествосының елеулі саласы, өлеңдері мен мұңдас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары. Абайдың қарасөздерін негізінен прозаның шағын түрі деп атау керек.

Абай: адамның ақылды, білімді болуы оның тумысынан емес, айналадағы дүниені сезіп-біліп, үйренуінен, еңбек етуінен деп қарайды. “Біз жанымыздан ғылым шағара алмаймыз, -дейді Абай. - Жаралып, жасалып қойған нәрселердеі көзбен көріп, ақылмен біліп сезбекпіз”. Демек, Абай білудің сезімдік және ақылдық таным арқылы болатынын құптайды. Бірақ ол ақиқатты анықтаудың өлшемі ақыл деп есептейді : “Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз, ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты, ақылменен жеңсеңіз”. “Ақыл мизаң, өлшеу қыл” деп танымдағы ақылдың рөлін көтермелеп, рационалистердің позициясына жақындайды.

Slide 9

Абайдың он сегізінші сөзінде: “…Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектін бәрі де ақымақтық”. Адамның сырт келбеті жөнінде жақсы пікір айтады. “Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап, әуре болмақ”-деп, ақын адамның сұлулығын сыртқы құбылыспен өлшемі ішкі мәнмен тұтастықта алып бағаланады.

Slide 10

Ақын “Отыз екінші сөзінде” ғылым -білімді күн көріс үшін ғана іздемеу керек, “ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін, үйренбек керек”, “әрбір ақиқатқа тырысып, ижтиһатымен көзің жетсе соны тұт”, -дейді, ол 34-38- сөздерінде діннің тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, алланың ақ жолыңда халықты имандылыққа тәрбиелеуді көздейді.

… Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық деп білесің.

Надандық-білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік-хайуандық болады.

Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады.

Залымдық-адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады. (отыз сегізінші сөзінен) .

Slide 11

Ақын қараңғы түндегі жарық жұлдыз тәрізді, надандыққа, түнекке және мәдениетсіздікке қарсы күресті. Оның арманы-орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы достық қатынасты күшейту, қазақ жастарын орыс тіліне, мәдениетіне үйрету ақынның бұл сөздерінің маңызы бүгінгі заманымызда да айрықша зор.

Ұлы ақынның осыдан бір жарым ғасыр бұрын айтылған ойлары қазіргі заманның өзекті мәселелерімен үндесіп жатқандығы айқын. Отанымыздың өсіп-өркендеуі үшін, елдегі саяси тұрақтылықты сақтау, ұлттар арасындағы бірлікті сақтау қажеттігі керек. Сонымен қатар, тек экономикалық дамыған елдер ғана келешекте әлемдік қауымдастықта өз орынын таба алады. Ал оған қол жеткізудің бірден бір жолы-ғылым мен білім дамуына баса назар аудару. Тек білімді халықтың ғана болшағы болатынын ескеруміз керек. Демек, А. Құнанбаевтың педагогикалық мұралары ұлттық педагогика ғылымының алтын қорына қосылған елеулі үлес болып табылады.

Slide 12

1. 2Абай қара сөздеріндегі ақыл мен нақыл ислами тұрғыда

Ұлы Абайдың діни көзқарасы, оның туындыларының исламмен астасқан тұстары толық айқындалып болған жоқ дер едім. Бұл кең әрі арнаулы зерттеуді керексінетін тақырып. Біз сөз еткелі отырған ақыл мен нақыл ақида ілімінің термин ұғымы. Ақиданың исламтанудағы негізгі пәндердің бірі екені мәлім. Ақиданы қазақша аударғанда «сенім» деген мағына білдіреді. Абай оқып, тәлім алған ескі медреселерде «Ақида» пәні жүргізілген.

Slide 13

Абайдың отыз сегізінші қара сөзінде ақынның діни, ақидалық көзқарасы, иманға қатысты пайымы айқын көрінеді. Мұнда ойшыл Алланың сипаттары мен есімдеріне тоқтала келіп: «Нақлия дәлелім - жоғарыдағы жазылмыш Алла Тағаланың есімдері. Ғақлия дәлелім - құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісі бірлән жаратқан анан басқа бірінен-бірі пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатұғын ғақылды инсанды жаратыпты», - дейді. Бұл мәтіндерден ғақыл мен нақыл - таным жолдары екендігін аңдаймыз.

Slide 14

Нақыл жайында Ислам ой-пікірінде екі түсінік бар:

А) жалпы түсінік: білімге, ислам дінінің екі каусар бұлағы болып табылатын Құран мен сүннетке негізделген түсінік. Бұл түсінігінде исламтанушылар арасында ешқандай келіс-пеушілік жоқ.

Ә) жеке түсінік: нақылға қатысты тәсілдерге негізделген түсінік. Бұл - Ислам ой-пікіріндегі таластың арқауына айналған. Бұл талас Ислам ой-пікіріне үлкен әсер ете отыра, әр түрлі мәселелер және де Ислам ой-пікіріндегі нақылға негізделген әр түрлі жеке түсінікті бағыттар пайда болуымен көптеген қиыншылықтар тудырды. Мысалға, муғтазилалық ой-пікірден пайда болған «Құранның жаратылуы» мәселесі, сонымен қатар сопылық ой-пікірде «Сопылық таным теория», философиялық ой-пікірдегі «Ақыл танымы», шиғалық ой-пікірдегі «имамдық» мәселесі.

Slide 15

ақыл мен нақылдың дәлелдік күші мәселесі Ислам ой-пікіріндегі кең ауқымдағы таластардың орын алуына себеп болды. Ол таластардың нәтижелері мына түрде болды:

А) Ақида және Кәләм ілімі салаларында ақыл мен нақылдың дәлелдік мәселесі турасында әр түрлі екі пікір пайда болды:

1) сәләфилік пікір ақылды дәлелді нақылдан төмен қоятын Кәләм жолын ұстанушы қарсыластарының ұстанымдарын айыптайды

2) кәләмдік пікір негізгі басшылықты және кең ауқымды көлемде көптеген шешімдерінде, сенімдік тұрғыдағы дәлелдерінде ақылға қарағанда, көбіне нақылға сүйенеді - сәләфилік қарсыластарының ақылға сүйенетін ұстанымдарын сынайды.

Slide 16

Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.

Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында “… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз.

Slide 17

Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды:

1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;

2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;

3) орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері

Slide 18

Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті.

Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары
“Абай – дана, Абай – дара қазақта”. Ақпараттық жоба
Мәнерлеп оқу қабілетін дамыту
Абай Құнанбайұлы саяси көзқарастары
Абай Құнанбаев 1845-1904
Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы арнайы мектеп-гимназия интернаты
Кеңгірбай қай шығарма кейіпкері
Абай Құнанбаев (1845-1904) жайлы
Мұхтар Әуезов (1897-1961)
Абай тарихқа енді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz