Агробизнес


Slide 1

Агробизнес

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе

I тарау Агробизнесті мемлекеттік реттеу

1. 1Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі

1. 2Агроөнеркәсіп кешенді қалыптастыруды жоспарлаудың ерекшеліктері 1. 3 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары

II тарау Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары

2. 1 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда бәсекелестіктігін

қалыптастыру стратегиясын болжамдау

III тарау Батыс Қазақстан обылысының агробизнес кешені

Агроөнеркәсіп саласының даму бағыты

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Қосымша

Slide 3

Кіріспе Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Агроөнеркәсіптің негізгі мәселелерінің бірі саланы терең экономикалық дағдарыстан шығару, қайта жаңарту және мемлекеттің халқын отандық азық-түлік өнімдерін қамту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Агроөнеркәсіптік тиімділігін арттыру. Зерттеудің негізгі мақсаты және мәні. Агроөнеркәсіптік өндірісінде нарық қатынастарының қалыптасуы жағдайында меншік пен жұмыскерлердің мүдделерімен байланысты біраз өзекті мәселелерін қамтитын, агроөнеркәсіптік өндірісінің тиімді экономикалық тетіктерін ұсынып, нарық экономикасы жағдайында оның жетілу жолдары мен формаларының жоғарғы варианттарын таңдап, жетілдіру жолдарын ғылыми түрде негіздеу болып табылады.

Slide 4

Қойылған мақсатка сәйкес талдау барысында келесі міндеттер шешіледі: • шаруашылық жүргізу тетіктері мен шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктерінің мәні мен құрылымына шолу жасап, олардың басты буындары мен өзара байланысын анықтау; • кәсіпорын кызметінің сыртқы экономикалық орта элементтері мен шаруашылық ішіндегі экономикалық тетіктерді талдау; ; • ауылшаруашьшық кәсіпорындары қызметінің тиімді ұйымдық нысандарын белгілеу; • шаруашылық ішіндегі экономикалық қатынастарды жетілдіру мәселелерін зерттеу;

Slide 5

Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі «Нарық шартында ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен реттеудің теориялық аспектісі» - экономикалық механизмнің мазмұны мен маңызының теориялық ережелері зерттелген және қорытындыланған. Жекелеген экономистер «шаруашылық механизм» мен «экономикалық механизм» ұғымдарына шектеу қояды, соңғысы шаруашылық механизмінің құраушысы деп есептеледі. Экономикалық механизм - шаруашылық механизмі мен ұйымдастырушылық - экономикалық қатынас түрлерінің бөлігі, оның мағынасы өнім өндіруге әрекет жасаушы әртүрлі әдістердің қатынасының дұрыстығын анықтауға бекінеді (оның ішіне баға және қаржылау-несиелеу механизмі, салық пен сақтандыру жүйесі, АӨК инвестициялау мен бюджеттік қолдау да кіреді) .

Slide 6

Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бюджеттен қаражат бөлу

Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бюджеттен қаражат бөлуді негізгі үш бағыт бойынша қарастырады: мемлекеттік мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру, ауылшаруашылық өндірісті тікелей бюджеттік қолдау және сақтандыру.

Заңға сай агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бөлінетін бюджеттік қаржы:

инвестициялық қызметті қолдау, оның ішінде жаңа техника мен құрал- жабдықтарды алу, асыл тұқымды жануарлар мен сортты дақылдарды дәндерді мақсатты бағдарламаға сәйкес алу;

топырақтың құнарлылығын арттыру және жақсарту шараларын жүргізу, ауылшаруашылық дақылдар зиянкестерімен күресу жұмыстарын жүзеге асыру, жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу, жою, онымен қатар қоршаған ортаны қорғау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;

кадрлар біліктілігін арттыру және дайындауды ұйымдастыру;

өтем ақы, жәрдем ақының түрлері (әлеуметтік, несиелік жәрдемақы) .

Slide 7

Агроөнеркәсіп кешенді қалыптастыруды жоспарлаудың

ерекшеліктері

Аграрлық саясат - мемлекеттің жалпы және экономикалық саясатының құраушы бөлігі. Аграрлық саясат - саясаттың өзге құраушыларымен тығыз байланыста құрылады - сыртқы сауда, өнеркәсіптік, экологиялық, әлеуметтік және т. б. Аграрлық саясат аграрлық кешеннің (ауылшаруашылық өндірісі, агробизнес құрылымдары, ауылшаруашылық нарықтары, ауылдық қоғамдастықтар және т. б. ) қызметімен байланысты мәселереді кешенді шешуде мемлекет қолданатын принциптер мен шаралардың жиынтығы ретінде анықталады.

Slide 8

Мемлекеттік аграрлық саясат келесі принциптерге негізделуі тиіс:

тұрақтылық: тағайындалған мерзім ішінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің алдында мемлекеттің міндеттемелерін орындауы;

нақтылық: мемлекеттік қолдау тікелей ауылдық тауар өндірушілерге көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы дамуын қолдауда бюджеттік қаражаттарды делдалдық ұйымдардың алуына жол берілмейді;

кепілденген: оның жекелеген бағыттары мен бағдарламаларына енгізілген, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау бойынша мемлекет міндеттері;

құзіреттілікті шектеу және бәсекелестіктің теңдей шарттарын сақтау: республикалық бюджеттен алынатын қаржылық қолдау жергілікті бюджеттің қаржылық қолдауымен толықтырыла алады, бірақ тек өздерінің бағдарламалары бойынша;

халықаралық міндеттемелерді есепке алу: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруда Қазақстанның халықаралық келісімдер бойынша, оның ішінде, оның Әлемдік сауда ұйымына қатысуынан туындайтын, міндеттемелері ескеріледі;

теңдей қол жеткізімді: шаруашылық жүргізудің барлық үлгілері, шаруа қожалықтары мен тұрғындар шаруашылығын қоса ескергенде, олардың барлығының бюджеттік қолдауда теңдей құқы бар;

АӨК нарықтық орнының бұзылуына жол бермеу;

жанама тұтқаларды максималды қолдану мүмкіндігі және тікелей әсер ету құралдарын минималды қолдану;

АӨК қолдау үшін бөлінген қаражаттардың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету;

реттеу шаралары жүйесінің қазіргі макроэкономикалық жағдайларға, нарық конъюнктурасына, әлемдік тенденцияларға баламалығы.

Slide 9

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі

бағыттары

Агроөнеркәсіп кешені дамуының басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту үшін экономикалық реформаларды дамыту және кеңейту қажеттілігі туып отырАгроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу, елді азықпен қамтамасыз ету мәселелері, әлеуметтік құндылықтары бар мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері болып табылады.

Slide 10

Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары

2011 жылы тиісті мемлекеттік қолдау көрсету арқылы агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде:

- АӨК салаларын тұрақты дамыту;

- ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2007 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 2 есеге ұлғайту;

- жыл сайын ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндірісін 5 % -ға ұлғайту;

- ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін өсіру;

- отандық өнімнің ұлттық бәсекелік артықшылықтарын дамыту;

- инновациялық технологияларды еңгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша қосымша қуаттылықтарды еңгізу;

- еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігі;

- 2011 жылы балық аулауды 350-400 тоннаға дейін ұлғайту.

- ауыл тұрғындарының мақсаттық топтарындағы 3, 5% -дық үй шаруашылықтарына шағын кредит беру;

- агроөнеркәсіптік кешен салаларының жұмысын басқаруда жоғары деңгейге қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады

Slide 11

Стратегиялық жоспарлаудың республика бойынша 2004-2015 жылдарда жүзеге асыру кезеңдері:

1-кезең 2004-2005 жылдар;

2-кезең 2006-2010 жылдар;

3-кезең 2011-2015 жылдар.

Стратегия жоспарын іске асыруға жұмсалатын инвестициялық сипаттағы тікелей шығындардың болжамды мөлшері жылына 1, 2 млрд АҚШ долларына белгіленген. Ал, стратегияны іске асыруға белгіленген мемлекеттік шығындардың құны 2005 жылғы бағалармен жылына 260 млн АҚШ долларын құрайтыны қаралған.

Стратегиядағы іс-шараларды қаржыландыру үшін Даму Банкінің, инвестициялық қордың, инновациялық қордың қаржыларын тарту белгіленген.

Болжамдар бойынша индустриялық- инновациялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына кемінде 8, 8-9, 2 пайызға қамтамасыз етеді. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жалпы ішкі өнім көлемін 3, 5-3, 8 есеге көбейтуге мүмкіндік беретінін көзделуде. Ал, өңдеуші кәсіпорындарда жылдық орташа өсу қарқыны 8-8, 4 пайызға дейін жеткізуге, еңбек өнімділігін салыстырмалы жылдары кемінде 3 есе арттыруға, ЖІӨ-ге энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді.

Slide 12

Батыс Қазақстан обылысының агробизнес кешені

Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені аймақ экономикасының біршама ірі және маңызды секторларының бірі болып табылады. Оның негізін жалпы аймақтық өнім құнында үлесі 6, 2 % болатын ауыл шаруашылығы құрайды. Облыстың ауыл шаруашылығы бидай, арпа, қара бидай, тары, сиыр еті, қой еті және жылқы етін өндіруге мамандануда. Жалпы өнім құрылымында дәнді дақылдар - 28, 5%-ды, ет - 32, 4%, сүт - 17, 4%, картоп - 2, 7%, көкөніс - 2, 1%, жұмыртқа -1, 2%, жүн - 0, 7%, майлы дақылдар - 0, 4%, бақша дақылдары - 0, 4%, жеміс-жидек - 0, 5%, басқа өнімдер - 13, 7%-дан келеді.

Slide 13

Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Бағалау

1 кезең

2 кезең

Жауапты орындаушы

2010

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Мақсаттық индекаторлар:

Ауыл шаруашылық өнімдерінің физикалық көлем индексі

өткен жылмен салыстырғанда %-бен

98, 5

121, 7

101, 1

101, 0

101, 3

100, 9

Орал қаласының ауыл шаруашылық бөлімі

Ауыл шарушылығындағы 2015 жылға қарай 2009 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігін

арттыру

мың тенге

1046

1344

1430

1528

1637

1718

Орал қаласының ауыл шаруашылық бөлімі

Жету жолдары:

Басым ауыл шаруашылық мәдени дақылдарын, тұқым шаруашылығын өндіруді, минералды тыңайытқыштар сатып алуды субсидиялау.

Басыңқы мәдени дақылдар өндірісіне субсидия бөлу арқылы көктемгі-далалық және жинау жұмыстарына қажетті жанармай материалдарын және басқа тауар-материалдық құндылықтар бағасын арзандату.

Отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тыңайытқыштар (органикалық түрінен басқаларына) мен отандық өндірістік гербицидтер бағасын арзандату.

Аса қауіпті зиянды организмдер мен ауруларға, зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық күрес жүргізу.


Ұқсас жұмыстар
Агробизнеске түсінік
Мақтарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі жағдайында “Тракторлар және автомобильдер” пәнінен “Интербелсенді әдістері арқылы оқыту технологиясын жобалау”
Жеке кәсіпкерлік туралы
Жерге орналастыру саласындағы заманауи геодезиялық аспаптар
Қазақстан Республикасында агробизнес және кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің жіктелуі
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылықта пайдаланылатын су ресурстары(Өсімдік шаруашылығы)
Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Лизинг – Шағын бизнестің үлкен болашағы «Байлық көзі иелену құқығында емес,пайдалану құқығында жатыр»
Украинаның логистикалық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz