Эдгар Аллан По. XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы



XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы
Эдгар Аллан По


Кіріспе:
Эдгар Аллан По XIX ғ/ғы американ әдебиетінің көрнекті әлемге танымал белді өкілдерінің бірі.
XIXғ/ң алғашқы жартысында -ақ қысқа әңгіме жанр американ әдебиетінде толық қанды танымал бола бастаған. Эдгар Аллан По осы жанрдың зергер шебері оның қаламынан туған шығармалар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған емес. Оның шығармашылығы еуропа әдебиетіне, соның ішінде Француз поэзиясынада үлкен әсер етті. Ол сим волизмнің бас ты өкілі болып табылады. Эдгар Аллан По ұлы жазушының шебер қаламы тудырған дүниенің табиғатына терең бойлау әрі қызық, әрі күрделі

1809 жылғы 19 қаңтарда Бостон қаласында актерлер отбасында дүниеге келді.
Шыққан тегі Ирландық оның әкесі Давит По ертеректе айрылып кетеді де болашақ жазушының шешесі, тегі ағылшын, Елизабет Арнольд По үймемелі- сүйемелі үш жасбаламен жесір қалады. Бірақ оның да өмірі қысқа болды.
Эдгар Аллан По

Курстық жұмыстың мақсаты: XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы Эдгар Аллан Поның өмірі мен шығармаларының көркемдік ерекшеліктері туралы мәлімет беру.
Курстық жұмыстың жаңалығы:Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері, Эдгар Аллан По туралы қызықты деректер

Эдгар Аллан По (1809-1849) ғажайып талант пен ащы тағдырдың иесi болды. Бiр жасында әке, үш жасында анадан айырылса, болашақ классиктiң сана-сезiмi күнәдан пәк сәби кезiнде-ақ өмiрдiң аяусыз, қатал сiлiкпесiне түскендiгi емей немене?!
Жетiм баланы дәулеттi саудагер Джон Аллан асырап алды. Эдгардың балалық шағы баршылықта өттi деуге болады. Болашақ қаламгер өгей шешесi мен оның сiңлiсiнiң мейiрiмiне бөленiп өстi. Өзiнiң жеке серуенге мiнетiн аты, атқосшысы, итi болды. Дегенмен, әйелi мен балдызына қарағанда Джон Аллан сараңдау, тоңқ етпесi көп кiсi едi. Тәкәппар, кiрпияз Эдгарға өзiнiң есебiнен күн көрiп жатқанын сәтi түссе ескертiп отыратын әдетi де бар-ды. Осыдан болар, Эдгардың өкiл әкесiне өмiр бойы жүрегi жылымай өттi.

Эдгардың бiлiм алуына да кең мүмкiндiк жасалды. 1815 жылы Алландар отбасы Англияға көшкенде, бiздiң кейiпкерiмiз Лондонның беделдi пансионаттарының бiрiнен дәрiс алды. 1820 жылы Отандарына оралып, Ричмондқа қоныстанғанда, Джозеф Кларк жетекшiлiк ететiн «Ағылшын классикалық мектебiнен» дәрiс алды.

По Джозеф Кларктың мектебiнен басқа мектепке ауысып, онда екi жыл оқыған соң, Шарлотсвилльдегi Виргиния университетiне түстi. Бiрақ, онда көп тұрақтай алмай, Ричмондқа қайта оралуға мәжбүр болды. Оның жедел оралуының себептерi белгiсiз, дегенмен 1827 жылғы ақпан айының түндерiнiң бiрiнде өкiл әкесi екеуiнiң арасында жайсыз әңгiме болғандығы анық. Шамасы, университетте Эдгар карта ойнаумен қатты әуестенiп, қайтара алмайтындай болып қарызға белшесiнен батса керек. Өкiл әкесi әңгiме үстiнде жеңiлтек бозбаланың бар борышын өтейтiндiгiн, бiрақ бұл үшiн ендiгi жерде Эдгар бұның талаптарына сөзсiз бағынуы тиiстiгiн айтады. Бұндай шартқа көне алмайтындығын аңғартқан тәкәппар ақын өзi тәрбиеленген бай үйдi тастап кетуге мәжбүр болады.

Бостонға келген ол мұнда өз қаржысына «Темiрлан және өзге де өлеңдер» жыр жинағын шығарған.

Талапкердiң сорына, жинақ ешқандай сұранысқа ие болмады. Қалтасы бос қалған жiгiт ендi әке-шешесiнiң жолын қуып, (марқұм әке-шешесi актерлар болатын) театрға қызметке тұруға құлшынады. Бұл қадамы да сәтсiз аяқталған соң, жас шамасын, аты-жөнiн өзгертiп, армияға ерiктi болып сұранған. Мұнда, ол бейнебiр әскери өмiрге жаратылғандай, аз уақыт iшiнде сатылап өсiп, кiшi командир дәрежесiне дейiн көтерiледi. Әйтсе де үш жылдық әскери қызмет босқа уақыт өткiзу екендiгi есiне түскенде жүрегi жылап қоя беретiн жiгiт өкiл әкесiне ақталу, бiр жағы кешiрiм сұрау хатын жазады. «Өмiрiмнiң ең әдемi жылдары текке өтуде» деп шағынады. Ол бұл жерде әскери қызметтiң әдебиетпен тiкелей шұғылдануға кедергi келтiретiнiн меңзеген болатын.

1. 2Кедейлiк пен қызғаныштың құрбаны
1835 жылдың жазында Балтимордан Ричмондқа қоныс аударған По редакторы Томас Уайт болып табылатын «Оңтүстiк әдебиет жаршысы» журналына редактордың көмекшiсi болып жұмысқа тұрады. Поның қабiлет-қарымын байқаған Уайт көп ұзамай редакцияның бүкiл жұмысын оның иығына артқан. Хат өңдеу, қолжазбалармен жұмыс iстеу, рецензиялар жазу. . . журналдың көлемдi бөлiгiн алатын осы мiндеттердiң бәрi Поның беделiн көтергенiмен, бiрақ мардымсыз қаламақыға iстелiнетiн шаруалар едi. Ұзамай журнал таралымы да көбейдi. Ал Поның пiкiрiне белгiлi қаламгерлердiң өзi құлақ асатын болған. Дегенмен, мазасыз журнал жұмысы әдебиетпен алаңсыз шұғылдануға уақыт қалдыра бермейтiн. Әйте де 30-жылдардың орта тұсында Поның материалдық жағдайы бiршама бiрқалыпты ырғаққа түседi де, ал әдеби шығармашылығы жоспарлы, мақсатты кейiп ала бастайды. Асылы, Поға алдымен бедел алып келген әдебиетшiлiгi емес, журналистiгi едi деп айтқан дұрысырақ болар.

Қастары болса Поның кейбiр iс-әрекеттерiн мазақ етуге тырысты. Шарап құмарлығын өсек қылды. Ал оның оңашада өз шығармаларының мәтiнiмен тынымсыз, барынша ыждағаттылықпен, бүкiл жан-дүниесi сымдай тартылып жұмыс iстейтiндiгiн аңғара бермейтiн. Аңғаруға тырыспайтын да. Алкоголь мен апиын ақынға осындай шығармашылық жұмыс үстiнде ой-санасын баурайтын құлазу сезiмiнен арылуға қажет болатын.
Кейде Поның қыстың күнi үй жылытуға отын сатып алуға да ақшасы болмаушы едi. Мұндайда, денсаулығы онсыз да әлсiзi әйел салқындап қалмас үшiн, оның омырауына мысық салып жылытатын. Бiрақ жоқшылық қоя ма, күйеуiнiң жанұшыра аласұрғанына қарамай, 1874 жылдың қаңтарында Вирджиния дүниеден қайтты.

Әйелiнiң өлiмi Поны қатты күйзелттi. Әдебиеттегi, тұрмыстағы жағдайым ендi оңала ма дегенде, бұл оқиға ақынды тұралатып кеткенi анық. Осы қырқыншы жылдары оның төрт жинағы жарық көрген-дi. 1845 жылдың қаңтарында «Ақшам айнасы» журналында бұл күндерi әлемдiк поэзияның үздiк жауһарларының бiрiнен саналатын «Құзғын» өлеңi басылған. Ол кезде ол. . . 10 долларға бағаланған-ды (кейiнiрек, өлгеннен кейiн, Поға кешеуiлдетiп болса да атақ-даңқ келгенде, аукционда осы өлеңнiң қолжазбасы 225 долларға, ал тағы бiр «Қоңырау» өлеңiнiң қолжазбасы 2100 долларға сатылған) .

Поның ажалы әлi күнге құпия. 1849 жылдың қыркүйегiнде Ричмондта «Поэтикалық принцип» деген тақырыпта тыңдармандардың тарапынан жақсы бағаланған лекция оқыған ол әлгi жерден, қалтасында 1500 доллары бар, аттанып кетедi. Одан кейiн не болғаны белгiсiз. Әлде көп мөлшерде пайдаланған есiрткiнiң елтуiне түсiп қалды ма, әлде бұның ақшасына қызыққан қарақшылар уландырды ма, бiр iшiмдiкханадан ессiз жатқан халде табылған. Ол Балтимордың емханасына жеткiзiлiп, сонда қайтыс болады.

Қалай дегенмен де, Поның өмiрден ерте кетуiне апиын мен алкоголь емес, үмiтсiз жоқшылық пен тынымсыз творчестволық жұмыс себепшi болды деген жөн сияқты.
По шығармашылығының өзiнен кейiнгi әдебиеттiң дамуына әсерi орасан зор. Осылай екендiгiне орыс ақыны В. Я. Брюсовтың «американ ақыны бiздiң Достоевскийдiң жол көрсетушiсi және көп мәселеде ұстазы едi» деген бiр ғана пiкiрi жан-жақты дәлел бола алады.
Бүгiнгi психология, психоаналитика, криминалистика ғылымдары да По шығармашылығына молынан қарыздар.
Өмiрi өксiкпен өткен ақынның мұрасы әлi талай ұрпақтың қажетiне жарап, шығармашылықтағы iзденiстерiне бағдаршам болып қала бермек.

2. 1Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Поэтикалық шығармалары. Эдгар По - талантты лирик, поэтикалық тілді қолдану мүмкіндіктерін кеңейткен күшті экспериментар. Өлеңнің аяқталған теориясын құрастырушы американ әдебиетінің алғашқыларының бірі болды. Поның ерте поэзиясы жетістіктерге ие болмаса да, онда ақынды өмір бойы алаңдатқан басты сұрақтар орын алды. Ол кейінгі лирикасының (1845-1849) мазмұнында жоғары әдеби баға алды. Оның «Ворон», «Улалюм», «Эннабел Ли», «Эльдорадо», «Қоңырау» атты шығармалары үлкен атақ әкелді. По өлеңге қысқалың, жаңалылық және шындық тән болу керек деп санады.

Ақынға үлкен атақ әкелген өлеңі «Ворон» (1845) деп аталады. В. Брюсов «Воронды» «қорқыныш» шынайлықтан табылған Эдгар Поның ерекше шеберлігі деп таныды.

Поэманың қысқаша мазмұны мынандай: «Жоғалған Леонара туралы» қайғырып отырған жалғыз қиялшыл адамның бөлмесіне құйын кіріп кетеді. Леонора дегеніміз, біреу «ешқашан» деген сөзді үйретіп қойған қарға Ақынның өзі «Қарға» деген тақырыпты «әдемі жас келіншектің өлімі» ретінде анықтайды. По әдемі әйелдің өлімін әлемдегі поэтикалық сюжет ретінде қараған По поэзиядағы музыканың ролін әдейілеп оқып үйренді.

«Қоңырау» өлеңінде әрбір бөлім әуенділікті иеленеді. Оқырманның алдында туу, үйлену, қайғы, өлім сияқты адамзат тағдырының кезеңдері ашылады. По лирикасының әуенділігіне ырза болған Морис Равель мен Клод Дебюсси ақын сюжетіне музыка ойлап шығарды. Фольклор балладасының жанрын пайдалана отырып, По махаббаттың шексіздігі туралы «Эннабел Ли» өлеңін жазды. Поның әйелінің анасы Марии Клеммге арнаған «Менің анама» атты сонеті адам баласын шынайлығы және қарапайымдылығымен қозғайды. По прозаикалық өмірге эмоцияналдықты, руханилықты, идеялдылықты кіргізбекші болған романтиктерге жатады.

Эдгар По - новеллашы. Ирвинг және Готорнмен бірге Эдгар По новелла ұлттық жанран құрушылардың бірі болды. Американ және әлемдік әңгімеге ықпалын тигізген 70 әңгіменің иесі болды. Райнов «Эдгар Поны толық негізбен үш жанрдың: детективтік, ғылыми-фантастикалық және қорқыныш әдебиетінің бастаушысы деп санауға болады деп атап көрсетті. По шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңге фантастикалық сипатқа ие болған 30 жылдары жазылған әңгімелері жатады. Оның «Қорқынышты» және «құпия» әңгімелерінің астарында өмірге деген терең қанағатсыздық, оның философиялық және эстетикалық қайыршылығы көрініс табады. По өмірінің соңына шейін әлеуметтік зұлымдықтың себебін білмейді. «Ашерлер үйінің құлауы» (1839) - жалғыздық тақырыбына құрылған әңгімесі. Шығармашылығының бірінші кезең бұл әңгімемен аяқталады.

По шығармашылығынан сонымен бірге біз ғылыми - фонтастикалық әңгімелер байқаймыз. По өз замнының ғылыми ойшыл әдебиетшісі болған, ол атақты Ньютонның, Лапластың, Фергюсонның, Гумбольдтың теориясын оқиды, астрономияны жақсы білді, Айды зерттеді. Дыбыс және түс туралы зерттеулер жазады. Бұл тақырыпта «Бутылкадан табылған қолжазба», «Низвержение в Мальстрем», «Шехеразаданың мың екінші ертегісі» атты еңбектері бар. Онда ол әдебиетпен ғылымды біріктіреді. По сонымен қатар юмористикалық, сатиралық әңгімелер қатарын жазады. Ол «Черт на колькольне» (1839), «Челове дела» (1840), «Эксвайдердің Томның әдеби өмірі» (1844) деген әңгімелерінде алаяқтық өмірін кертартпа суреттейді.

2. 2. Эдгар Аллан По туралы қызықты деректер
Өз туындыларында ғылыми-фантастика, детектив және мистиканы біріктіре білген америкалық жазушының жеке өміріне қатысты азды-көпті мағлұмат білсек те, ол туралы қызық деректерді біле бермейміз. Эдгар Аллан По АҚШ әдебиетіндегі романтизм дәуірінің өкілі болған. Уақыт өте оның «құпия» сюжетке толы алғашқы әңгімелері заманауи детективтің қалыптасуына негіз болды. Сондай-ақ, ғылыми-фантастиканың дамуына да айтарлықтай үлес қоса алған.

* Эдгар «Конхиологтың бірінші кітабы» (1839 жылы шыққан) атты реферат күйінде жазылған еңбегін тек ақша табу мақсатында жазады.
* Эдгар По «Бейл криптограммасы» атты мистификацияның авторы. Оның кітабындағы криптограммалар әлі күнге дейін шешімін таппаған.
* Эдгар Аллан Поның құрметіне Меркурийдегі кратер аталған. Роджер Желязны есімді америкалық фантаст-жазушы Поның биографиясын толық қамтитын «Қара тақ» атты роман жазған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz