Ауыл шаруашылығын дамыту


Slide 1

Ауыл шаруашылығын дамыту Мазмұны І - тарау. Ауыл шаруашылығы саласында өндірісті қарқынды дамыту 1. 1. Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру 1. 2. Қазақстан Республикпсындағы ауыл шауашылығының даму деңгейін талдау ІІ - Тарау. ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары 2. 1Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелердiң көрсеткiштерi 2. 2 Батыс Қазақстан обылысының ауыл шаруашылығының дамуы

Slide 2

Кіріспе Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.

Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi.

Slide 3

1. 1. Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру

Ауыл шаруашылығы саласында ең алдымен аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру жалпыхалықтық іс болып табылды. Бүкіл ауыл шаруашылығы потенциалын қалыптасқан жүйе мен нарықтық емес қатынастар тұншықтырып, көп жағдайда экономикалық тиімділігін мардымсыз етіп, кейде бос жұмыс істетіп келді. Сөйтіп, Кеңес өкіметі мен Компартияның аграрлық саясаты ауыл шаруашылығын бүлдіріп қана қоймай, сонымен бірге бүкіл қоғамның дамуында елеулі қиыншылықтар туғызды.

Slide 4

Қазақстан Республикпсындағы ауыл шауашылығының

даму деңгейін талдау.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім өндірісінің көлемі 2011 жылы 27 %-ға өсті және 2, 2 трлн. теңгеден асты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің осындай өсуі соңғы 10 жылдың ішінде ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Slide 5

Өсімдік шаруашылығы. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2011 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 21, 2 млн. га, соның ішінде дәнді дақылдар - 16, 2 млн. га, оның ішінде бидай 13, 8 млн. га құрады. Майлы дақылдар 1, 8 млн. га, мақта - 160, 6 мың га, қант қызылшасы 21, 0 мың га, картоп және бақша дақылдары тиісінше 184, 2 және 196, 5 мың га алқапқа егілді. Дәнді дақылдар алқабы 2010 жылмен салыстырғанда 427, 3 мың га (2, 6 %) қысқарып, 16, 2 млн. га құрады, бидай алқаптары 448, 1 мың га қысқарып, 13, 8 млн. га құрады. Сонымен қатар, 2010 жылмен салыстырғанда дәндік жүгері алқабы - 2, 2 мың га, дәнді бұршақ дақылдар - 19, 9 мың га, күнбағыс - 85, 8 мың га, соя - 8, 9 мың га, зығыр - 95, 8 мың га, мақта - 23, 4 мың га, қант қызылшасы - 0, 9 мың га, көкөніс-бақша дақылдары - 12, 7 мың га, картоп - 4, 4 мың га, жемшөптік дақылдар - 97, 3 мың га ұлғайды

Slide 6

Құрылымдық және технологиялық әртараптандыру бағдарламасын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде үш жылдың ішінде майлы дақылдар алқаптарын екі еселеуге мүмкіндік болды (905 мың тоннадан 2011 жылы 1, 8 млн. га-ға дейін) . Өз кезегінде осы жағдай 1, 1 млн. тонна майлы дақылдарды жинауға мүмкіндік беріп, өсімдік майына деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз етті.

Slide 7

Мал шаруашылығы. 2011 жылы республиканың мал шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы малдың саны және мал шаруашылығы өнім өндірісінде оң серпін белгіленген, осында ірі қара малдың саны орта есеппен 12 %-ға, қой - 5 %-ға, жылқы - 17 %-ға, түйе - 6, 2 %-ға, құс - 5, 4 %-ға өсті. Асыл тұқым жүйесінің шаруашылығында асыл тұқымды ірі қара малдың саны 178, 8 мың бастан 196, 2 мың басқа (10 %-ға) ұлғайды. Еттің (сойылған түрінде) және жұмыртқаның өндірісі өткен жылғы деңгейде сақталды. Сүт өндірісі 3, 0 %-ға төмендеді.

Slide 8

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелердiң көрсеткiштерi

Slide 9

1-стратегиялық бағыт. Агроөнеркәсiптік кешенді дамыту.

Slide 10 Slide 11

Қазақстан Республикасы АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау

Slide 12 Slide 13

2Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды жетілдіру

Агроөнеркәсiптiк кешенiнiң дамуы тұрақтанды, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн және оның қайта өңделген өнiмдерiн өндiрудiң өсуi байқалады, азық-түлiктiң импорты төмендеуде, құрал-жабдықтармен және ауыл шаруашылығы техникаларымен жарақтандыру артуда, ауыл халқының қуаттылығы жақсарды.


Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық инфрақұрылымын дамыту
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Ауыл шаруашылығының жалпы және тауарлы өнімі, оларды сату жолдары
Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы
Өнеркәсіптің дамуы
Ауыл шаруашылық кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық өнімін сапасын жақсарту проблемалары
Ара ұялары мен омарталарды орналастыру
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру
Жер қатынастары мен жерге орналастырудың даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz