Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс




Презентация қосу
Бастауыш сыныптарда
казак тілі пәнінен
мазмұнды суреттермен
жұмыс
Мазмұны
Кіріспе.
I тарау. Қазақ тілін оқытудың жалпы әдіснамасы
1.1Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдіснамасы
1.2 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесінің
басқа ғылымдармен байланысы
1.3 Бастауыш сыныптарда қ азақ тілі әдістемесінің
мәселелері
IIтарау. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың
негіздері.
2.1 Бастауыш сыныптарда Қазақ тілін оқытудың
мақсаттары мен міндеттері
2.2 Қазақ тілін оқытудың принциптері. Көрнекілік принципі
2.3 Бастауыш сыныптарда казак тілі пәнінен мазмұнды
суреттермен жұмыс
2.4Практикалық бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер......
Кіріспе
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның
оқыту жолдары мен жағдайлары туралы
заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика,
психо-логия және лингвистика ғылымдарының
негізінде жинақталған практикалық тәжірибе
мен бұрыннан қалыптасқан теориялық
қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады.
Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына
мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін
оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?);
3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4)
құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5)
оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру
деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі
арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл
проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім
берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Әдістеменің мынадай міндеттері бар:
1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің
мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын,
бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін
анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу;
2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді
әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың
ерекшеліктері мен оқушылар құрамының
психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр
түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын)
зерттеу және сипаттау;
3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін
(ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары
туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл
қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана
білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.
1.2. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту
әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Тіл білімімен байланысы. Қазақ тілін оқыту
әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға
тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне
арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен
өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде
белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы
мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл
міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына
сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі,
лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей
қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен
түсінікті.
Психологиямен байланысы.
Психология оқушының психоло¬гиялық
ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары жүйке жүйесінің
қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың
әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге
көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланыс¬ты
әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика
жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын,
материалды қабылдау және есінде сақтау
дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды,
оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен
қаруландырады
1.3. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі әдістемесінің
мәселелері
Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың,
процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға,
қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту
әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады.
Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден
құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер
арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа
басты назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту
әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы
байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту
мен білім алу), оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен,
әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы,
дамуы және тәрбиелену
арасындағы байланыстарды анықтау қажет болады
Мектеп тәжірибесін зерттеу әдістерінің мына
түрлері белгілі:
1) оқыту процесіне байқау жүргізу;
2) мұғалімдер мен оқушыларға анкета тарату;
3) мектеп құжаттарын зерттеу;
4) әңгімелесу;
5) жазбаша тексеру жұмыстары.
Мектеп тәжірибесін зерттегенде, алдымен оның
мақсатын дәл айқындап, жоспар жасау
керек, тексеру жұмысына мұқият
дайындалып, сабақтарға байқау жүргізудің
схемаларын жасап, оқушылар мен
мұғалімдерге арнап, анкета дайындау қажет.
Эксперимент жүргізудің бірінші шарты - дәлелдеуге және
тексеруге қажетті терең ойластырылған гипотеза немесе ғылыми
болжам болады. Әдетте гипотеза, біріншіден, зерттеушінің
ойынша, оқушылардың қабылдауына лайықты білім мен дағды
және іскерлікті анықтау; екіншіден, оқытудың неғұрлым қолайлы
әдістері мен кұралдарын іріктеп алу тұрғысынан жасалады.
Екінші шарты - гипотезаны іске асыру үшін оқу әдістемелік
материалдар (оқушылар үшін оқу мәтіндерін, сұрақтар мен
тапсырмаларды, үлестірмелі дидактикалық матери¬ал) дайындау,
осыдан кейін эксперименттік оқу жүргізілетін болады.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастырудың көп тараған түрі
- эксперименттік және бақылау сыныптарына бөлу. Бұл ретте бір
сыныпта (эксперименттік) жаңа оқу материалы немесе жаңаша
оқыту әдісі енгізіліп, бас¬қа сыныпта (бақылау) оқыту өзгеріссіз
жүргізіледі. Екі сыныпта да оқушылардың даярлығы мен үлгерім
дәрежесі бірдей болуы қажет. Әдістемелік ғылымның дамуы үшін
қазіргі кезде эксперимент кеңінен қолданылып жүр, ол
алынған қорытындылар мен ұсыныстардың ғылыми-
практикалық маңыздылығының ақиқаттығын дәлелдейді.
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін
беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің
өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана
тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы
екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың
ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың
тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын
қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам
үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің
жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік
дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін
жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі
сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы
мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген
қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық,
ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік
проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне,
құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен
тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:
1) Толық сауатты адамдар даярлау;
2) 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық
қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз?
Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы
білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды;
ана тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай
болып қаруланған адамды;
әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың
дағдысын игерген, грамматикалық және стилистикалық
тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды жақсы игерген
адамды толық сауатты адам деп есептейміз.
2.2 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың
принциптері
Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың
формалары мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені
анықтауда дидактикалық прин-ципті басшылыққа
алады.
Принцип - латын сөзі основа первоначально-
руководящая идея... қазақшасы - оқытуда басшылыққа
алатын идея, қағида. Қазақ тілін оқытудың барлық
сатысында бағыт беретін негізгі жұмыс бағыты осы.
Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне:
түсініктілік принципі,
көрнекілік принципі,
жаттығу принципі,
өз бетінше оқыту,
саналылық принципін ұсынған.
қазақ тілін оқыту принциптері былайша
топтастырылады:
1. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі.
2. Жүйелілік принципі.
3. Көрнекілік принципі.
4. Саналылық пен белсенділік принципі.
5. Теорияны практикамен байланыстыру принципі.
6. Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі.
7. Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру
принципі.
Заман талабына сай оқыту принциптері іздеуді, зерттеуді
қажет ете береді.
Көрнекілік принципі
Көрнекілік принципі пәнді оқыту ісінде өте маңызды
орын алады, тілді оқытуда ерекше қызмет атқарады.
К.Д.Ушинский таныс емес бес сөзді қаншама қайталап
қиналатын оқушы сурет арқылы көрсетілген жиырма
сөзді лезде үйреніп алады деп бекер айтпаған. Он рет
айтқаннан бір рет нақтылы көрсеткеннің пайдалы
екеніне ешкім де таласпайды. Сондықтан мұғалім қазақ
тілі сабағында көрнекілікті өте ұтымды қолдануы қажет.
Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың ыңғайына қарай
көрнекілікті таңдауға болады.
Көрнекіліктің түрлері
1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғатқа
экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама,
шығарма жаздыру;
2. Көлемдік көрнекілік: фото, суреттер, картиналар,
диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент, т.б. көрсету
арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.
3. Дыбыстық көрнекілік: күйтабақ, грампластинка,
магнитофон, үзінді оқып, талдату.
4. Графикалық символдық көрнекілік: картина, схема,
таблица, диаграммалар.
Қазақ тілі сабағына тақырыптың ыңғайына қарай,
жоғарыда айтылған қажетті көрнекілік таңдалады.
Көрнекі құралдар оқушыны қызықтыру қызметін де
атқарады. Ол оқушы зейінін ұйымдастыруда да
маңызды. Сонымен бірге әрі көру, әрі есту, әрі ойлау
сияқты бірнеше сезіну түрлерінің қатысы тілдік
мәліметтің ұзақ сақталуына әсер етеді.
Қорытынды
Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны
мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және
мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім,
дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары,
шарттары туралы ғылым
Мазмұнды суреттер
Тілдің грамматикалық құрылысын, оның жекелеген
категорияларын оқушыларға жан-жақты түсіндіруде,
тақырыптық, талапқа сай жасалған суреттерді
пайдаланудың үлкен маңызы бар. Қазақ тіліндегі берілген
тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен
материалды қайталау, не бекіту, жаттығу жаздыру
кезінде пайдаланылған мазмұнды суреттер әрбір сабақтың
әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға білімді
қызықты, жалықтырмай игеруге себебін тигізеді. Білімді
игерту үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуда, ғылыми
білімді игеруде, деректерді еске сақтауда көрнекілікті
әрбір сабақ үстінде пайдалану қажет.

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда сын есімнің шырай түрін окытудын жолдары
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗАТ ЕСІМДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш мектеп
Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Шағын жинақты мектептегі бір пәнділік, бір тақырыптық сабақтарды дұрыс ұйымдастыру
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Бастауыш сыныпта етістікті оқыту тәсілдері
Тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Пәндер