Бастауыш сыныпқа сан есімді оқыту


Slide 1

Бастауыш сыныпқа сан есімді оқыту

Slide 2

Мазмұны Кіріспе

I. Бастауыш мектепте граматиканы оқытудың маңызы II. Бастауыш мектеп оқушыларына сан есімді меңгертудің психо- педгогикалық ерекшеліктері III. Сан есімді өту процесінде жалғаулармен жұрнақтардың маңызы IV. Бастауыш мектепте сан есімді басқа сөз таптарымен байланыстыру

Байланыстыра оқытудың әдістері мен жолдары Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға үмтылыстан туған үрдіс. Мұндай үрдістен білім беру салалары да шет қалған жоқ. Соның әсерінен қазақтілін оқыту үрдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы ұйымдастыруға алып келді . Бұл үрдіс окушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана - сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жақты дамытуға арналған.

Slide 4

Курстық жұмыстың мақсаты Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту тапсырмалары аркылы оқушылардың тілдік қабілеттерін жетілдіру. Курстық жұмыстың міндеттері:

Бастауыш сыныпта сан есімді түсіндірудің оңтайлы жолдарын анықтау;

Окушылардың сан есім туралы білімдерін дұрыс колдану дағдыларын қалыптастыру;

Ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.

Курстық жұмыстың нысаны Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту процесі алынды Курстық жұмыстың әдістері. Ғылыми жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.

Slide 5

Курстық жұмыс үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде жұмыс тақырыбына сай педагогикалык, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Бастауыш сыныпта қазак тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмаларын қолданудың міндеттері айқындалды. Екінші кезеңде Бастауыш сынып казақ тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмаларын қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Сан есімді оқыту тапсырмаларын тиімді түрлері анықталып, жүйеге келтірілді. Курстық жұмыстың теориялық маңызы Бастауыш мектепте сан есімді оқыту тапсырмалары аркылы оқытуға байланысты алынған ғылыми кағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.

Slide 6

Курстық жұмыстың теориялық маңызы Бастауыш мектепте сан есімді оқыту тапсырмалары аркылы оқытуға байланысты алынған ғылыми кағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.

Курстық жұмыстың практикалық маңызы Курстық жұмысымда да ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Жұмысым кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Slide 7

II. Бастауыш мектеп оқушыларына сан есімді меңгертудің психо- педагогикалық ерекшеліктері Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпараттар тасқынынан оқушыларды ұлттық сана-сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін қажетті деректерді оқыту процесіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы керек. Бұл үшін қазақ тілі сабақтарында оқушыларды сан есімді оқыту арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындату қажет.

Slide 8

Сондықтан қазақ тілін сан есімді оқыту арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз болады. Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани дамытуда сан есімді оқытуда кеңінен қолдануға болады. Себебі, сан есімді оқыту барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып - қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан- дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді

Slide 9

1. Оқытудың ғылыми принципі бойынша оқушыларға сан есімді оқытуда берілетін білімдік, танымдық материалдар қазақ лингвистикасының қол жеткізген үхтанымдарына сай болуы керек. Оқулықта берілген материалдар ғылыми стильмен оқушыларға түсінікті етіп жазылуы қажет. Бұл үшін оқушыларға игертілетін білімнің дәлдігі, тақырыптар мен терминдердің анық болуы талап етіледі. Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілін меңгертуде тілдік материалдар тіл біліміне сүйеніліп сүрыпталды. Бү_л жерде екі талап орындалуы қадағаланды. Біріншісі, сан есімді оқыту арқылы тілдік материалдар білім стандартында белгіленген міндетті деңгейден жоғарылатып берілді, қазақ тілі сабақтары тереңдетіліп оқытылды

Slide 10

2. Оқытудың жүйелік принципі дегеніміз оқушыларға сан есімді оқытуда игертілетін білім, дағды және біліктер өзара ішкі тәртіппен бір-бірімен сабақтаса байланысып, тілдік материалдарды белгілі бір ретпен берілуі. Бұл жалпы білім беретін бастауыш мектептерде оқытылатын қазақ тілінен меңгертілетін тілдік материалдардың бір-бірімен тығыз байланыста, бір жүйеге біріктірілгендігін көрсетеді.

Slide 11

Оқытудың көрнекілік принципі бойынша оқушылардың қазақ тілін меңгеру сапасын көтеру, игерген білімдерін жадыда берік сақтау қабілеттерін жетілдіру барысында плакаттар, кеспе қағаздар, муляждар, портреттер пайдаланылады. « Осы сияқты көрнекі құралдарды әрбір сабақта қолданып отыру оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен нақты ойларын дәл, анық етіп пікірлерін пайымдауға септігін тигізеді.

Slide 12

бастауыш сыныпта қазақ тілін сан есімді меңгерту барысында төмендегі талаптар ескерілуге тиіс:

а) көрнекі құралдар игерілетін білімнің толық және анық болуын қамтамасыз етуі;

б) көрнекі құралдардың өтілген тақырыптарға сәйкестендірілуі;

в) көрнекі құралдар оқушылардың бақылағыштық және ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіруі;

г) көрнекі құралдар өтілген материалдардың сапалы және терең меңгерілуіне септігін тигізуі,

д) көрнекі құралдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, психикалық қабілеттеріне сай болуы керек.

Осы аталған талаптар орындалған кезде ғана оқушылар қазақ тілінің заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін сапалы меңгереді.

Slide 13

Теория мен практиканың байланысы принципі тұрғысынан тілдік материалдарды терең меңгертумен қатар игерген білім, дағды мен біліктерін тілдік қарым-қатынаста орынды пайдаланып, оқушылардың дұрыс сөйлеуін қалыптастыру көзделді. Қазақ тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмалары біріншіден, оқушылардың продуктивті ойлау қабілеттері жетілдіріледі, екіншіден, олардың сөздік қоры молайтылып, тілі дамытылады, үшіншіден, диалогтық сөйлеумен байланыстырыла монологтық сөйлеу қабілеттері қалыптастырылады, төртіншіден, қиялы дамытылып, шығармашылық қабілеттері жетілдіріледі, бесіншіден, сөйлеу әдебі туралы түсініктері нығайтылып, тіл мәдениеттері арттырылады, алтыншыдан, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз ойын, пікірін, көзқарасын дәл жеткізеді.

Slide 14

Оқытудың саналылық пен белсенділік принципі бойынша оқушыларға қазақ тілінің ережелері негізгі заңдылықтарын жаттанды емес, сапалы түсіндіру көзделді. Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушыларға сапалы білім беріп, олардың өтілген материалдарды саналы ұғынуына мүмкіндік береді. Оқушылардың тілдік материалдарды саналы түсінуіне оның сабақ барысындағы зейініне тікелей байланысты. Мұғалім сабақты қызықты өтіп, бала зейінін өзіне аудара алса ғана оқушы білімді толық игереді. Меңгерілген білімдері мен дағдыларының негізінде окушылардың өзіне деген сенімі артып, сабаққа белсене арласады. Игерген білімдерін практикада дұрыс қолданады. Осының негізінде оқушылардың білімді саналы меңгеруі мен белсенділігі арасында тікелей байланыс туады.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗАТ ЕСІМДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Заттың сынын білдіретін сөз таптары
Тыңдалмаған сөз жетім
Бала тіліндегі грамматикалық қателердің сипаты
Бастауыш сыныпта етістікті оқыту тәсілдері
Шағын жинақты мектептегі бір пәнділік, бір тақырыптық сабақтарды дұрыс ұйымдастыру
Қарлығаш боп шалқы
Сан есім 4-сынып
Ауыспалы келер шақ Сен ерте кетпекшісің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕЙІМДЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz