Бастауыш сыныптарда сын есімнің шырай түрін окытудын жолдары




Презентация қосу
Бастауыш сыныптарда
сын есімнің шырай түрін
окытудын жолдары
Курстық жұмысының көкейкестігі
Бастауышта қазақ тілі пәнінен берілетін грамматикалық сауаттылықтың
негізін қалайды. Сондықтан да әр сабақтың мазмұнды, теориялық жағынан
ұстамды, әдістемелік жағынан түрлендіріліп жүргізгені дұрыс. Сонымен
оқушылардың сауатты жазуы, орфографиялық қағидаларды меңгеруі,
грамматикалық ережелерді үнемі назарда болуы керк.
Тақырыптық теориялық қолданылымы
Бастауыш мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі-
грамматика мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары
грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен
таныса бастайды. Сын есім туралы толық теориялық білім беру үшін
•ғылыми әдебиеттердің негізінде сын есімнің семантикалық топтары, шырайлары
мен синтаксистік қызметін ашу.
•бастауыш сыныптарда сын есімді оқытуға қойылатын талаптарды қалай іске
асыруға болатынын табу.
•бастауыш сыныптарда сын есімді оқытудың қазіргі әдістері мен тәсілдерін көрсету.
•оқушылар сын есімді сапалы түсіну үшін мұғалім қандай талап қою қажеттілігін
меңгерту.
•грамматика сабақтарының бастауыш мектептегі мақсаты мен міндетін көрсету.
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір
жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатынындай болу керек. Олай
болса сын есім турлы деп аталатын сөз табы неліктен есімдер тобына жататыны,
олардың өзара ұқсас, ортақ бірліктері, басқа сөз таптарынан айырмашылығын
балаларға жүйелі, теориялық негіз беру керек.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Шырай категориясы жайлы мағлұматтарды тиянақтау,
анықтау. Сын есім шырай түрлеріне қатысты зерттеулерді
жинақтау, мысалдық деректермен жұмыс. Негізінен әр сөз табы
басқа сөз таптарынан өзіне тән бір ерекше қасиетімен
ажыратылып, ерекшеленеді. Бұл зерттеу жұмысының максаты
сын есімнің шырай турін окытудын жолдарын анықтап,
көрсету.
1.1Сын есімнің шырайлары
Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның
бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Шырай
категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың
біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет
етеді. Шырай жұрнақтары қатыстық сын есімдердің бәріне
бірдей жалғана бермейді (түскі мезгіл немесе шоқпардай кекілі бар
қамыс құлақ дегендегі қатыстық сын есімдер шырай категориясын
қабылдамайды), олар заттанған сөздерге (баларақ), кейбір модаль
сөздерге (көбірек, азырақ), үстеулерге (ілгерірек, өте кейін)
жалғанады.
грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол
ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын
ешқандай салыстырусыз білдіреді.
•Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас
сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу,
-дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң,
-ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
•Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық
жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі
түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды,
ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді.
Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның
тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының
қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады.
Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
•Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз,
нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым
үлкен, аса бай.
1.2 Сын есімнің семантикалық топтары мен шырайлары және
синтаксистік қызметі
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі
де, еншісі де мол сөз табы сын есім.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық
ерекшеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып айқын
көрініп отырады.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән,
өзге есімдерден басқа ерекшеліктері бар.
Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-
сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т.б.) жағынан анықтайды, бірақ
ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да
тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Синтаксистік жағынан қарағанда, сын есім, өзінің табиғи
жаратылысына сәйкес, үнемі зат есімге анықтауыш ретінде
жұмсалуға лайық. Өйткені қандай белгі болса да, заттың
қасында болады да, дәйім затқа шек сүйейді. Мысалы: Үш-ақ
нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрек (Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың
құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да
жайлы (Ғ.Мүсірепов). Ол тапал, төртпақ екен де, мен ұзын,
жіңішке екенмін (Ә.Әбішев).
Сын есімдер морфологиялық (ситетикалық), синтаксистік
(аналитикалық), морфологиялық – синтаксистік (семантикалық)
тәсілдер арқылы жасалады.
Морфологиялық (синтетикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер
тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.
Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл бойынша туатын сын
есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы, негізгі
сандар мен туынды сандардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ
көйлекті, қара пальтолы т.б.), зат есім мен сын есімнің бір-бірімен
тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі
және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлану арқылы
(үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады.
Морфологиялық – синтаксистік (семантикалық) тәсіл бойынша
туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздердің
семантикалық жағыан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі
арқылы мысалы: (басқа, өзге, шала – жансап т.б.) жасалады.
Сын есім.

Түрлері Мысалдар
І.Мағынасын 1) сапалық ақ, қара, жеңіл, үлкен, сұлу
а қарай 2) қатыстық тұзды, арманды, ақшалы
ІІ.Тұлғасына 1) негізгі жақсы, әдемі, кең, суық
қарай 2) туынды қысқы, таулы, сынық, өткір
ІІІ.Құрамына 1) дара кіші, тар, нәзік, мол
қарай 2) күрделі ойлы-қырлы, қызыл ала,
ұзын бойлы, жақсы-жаман
Сын есімнің жасалуы
І. Морфологиялық (синтетикалық) тәсіл арқылы жасалауы.
1) Сын есімдердің есімдерден жасалуы.
Жұрнақтар Мыслдар
1. –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті атқты, пайдалы, тасты
1. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, тік. қалалық, жылдық, қоғамдық
1. –сыз, -сіз пайдасыз, білімсіз, ақылсыз
1. –қы, -кі, -ғы, -гі жазғы, күзгі, қазіргі, ішкі
1. –шыл, -шіл, турашыл, ұйқышыл, көпшіл
1. –дай, -дей, -тай, -тей таудай, тақтайдай, үйдей
1. –лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес пікірлер, қызметтес, жерлер, көршілес

8.шақ, -шақ көйлекшең, сөзгең, ашушаң
9.–и әдеби, мәдени, тарихи, әскери
10.–қой сәнқой, әзілқой, кәсіпқой
11.–қор жемқор, жалақор, ызақор
12. –паз өнерпаз, білімпаз, жағымпаз,
13.–дар, -тар, қарыздар, білімдар, хабардар
2. Сын есімдердің етістіктерден жасаулы.
Жұрнақтар Мысалдар
1. –қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек сынық, жабық, ашық, қорқақ, сирек, ісік.

2. –қыш, -кіш, -ғыш, -гіш сенгіш, сезгіш, тапқыш, тоқғыш.

3.-қыр, -гір, -ғыр, -гір тапқыр, өткір, білгір, ұшқыр.

4.-дық, -дік жалауылқ, тістеулік, маңыраулық.

5.-нды, -інді, -ынды, інді, -нді туынды, жаттанды, жасанды

6.-нқы, -інкі, -ыққы, -қкі басыңқы, ісіңкі, көтеріңкі.

7.-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қызба, бөспе, даурықпа, құрама.

8.-малы, -мелі, балы, -белі, -палы, пелі ауымпалы,таңдамалы,
серіппелі,бүрмелі

9.-улы, -улі ерттеулі, жинақтаулы, бүктеулі.

10.-ымды, -імді, мды, -мді жарамды, сенімді, тиімді, қонымды.

11.-шақ, -шек мақтаншақ, еріншек.
12.-қақ, -ғақ жабысқақ, тоңғақ, майысқақ.
13-қы, -кі -ғы, -гі, - жинақы, күлдіргі, бұралқы.

14-ғылықт, -гілікті, -қылықты, -кілікті жергілікті,тұрғылықты, жеткілікті,тыңғылықты.

15.-аған, -еген сүзеген, қабаған, қашаған.
ІІ. Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл арқылы жасаулы.

І. Қосарлы сын есімдер а) ұзын-ұзын, биік-биік.
ә) ұзынды-қысқалы, үлкенді-кішілі.
б) ұсақ-түйек, жаман-жұман.
в) қоғамдық-саяси, әскери-саяси.
ІІ. Тіркесті сын есімдер а) қара қасқа, қызыл ала.
ә) ақ шашты, қысқа бойлы.
б)жібек баулы, ат жақты.
ІІІ. Тұрақты тіркес а) қолы ашық, тілі ұзын, басы бос,
көзі ашық.
ә) көңіл көтерерлік, күн көрерлік.
2.1Шырай категориясы және оның түрлерінің зерттелуі
Қазақ тілінде сын есім орыс тіліндегі сияқты жеке өз алдына сөз
табы болып есептеледі. Олай деп отырған себебіміз, кейбір
тілдерде сын есім жеке дербес сөз табы деп есептелмейді.
Мәселен, парсы, фин тілдерінде сын есім зат есімнің құрамына
кірсе, корей, қытай тілдерінде ол етістік сөз табының құрамына
енгізілген. Ал сын есімді жеке сөз табы ретінде қарауға толық
мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Өйткені сын есім қандай, қай деген
сауалдарға жауап бере отырып, заттың көлемін, салмағын, түр-
түсін, түрлі сапалық қасиеттерін білдіретін сөз табы
ХХ ғасырда, қазақ тіл білімінің атасы саналатын – Ахмет
Байтұрсынұлы еңбектерінде де шырайдың үш түрі
көрсетіледі. Алайда ғалым шырайды жай шырай, талғаулы
шырай және таңдаулы шырай деп жіктеген [7, 218].
Кейінірек 1950 жылдарда сын есімнің шырай түрлерін іштей
жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай,
асырмалы шырай деп төртке бөліп қараса, алпысыншы
жылдардың аяқ шеніне қарай жарық көрген «Қазақ тілінің
грамматикасында»: «Ешбір салыстыру, күшейтуді білдірмей,
тек сапа я сындық белгінің формаларына негіз бола алатын
жай немесе негізгі шырайды есептемегенде, қазіргі қазақ
тілінде шырай категориясының төрт түрі бар. Мектеп
грамматикаларында жай шырай сын есімнің басқа шырай
формаларын жасаудағы негіз, таяныш тұлға болатынын
көрсету үшін беріледі», - деп көрсетілген
Мектеп бағдарламасы бойынша шырай категориясының үш түрі
беріледі. Ол: жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі
шырай. Ал жоғары оқу орындарында сын есімнің шырай
категориясы, оның түрлері әлі күнге дейін әр келкі беріліп келеді.
Кей еңбектерде: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі
шырай және асырмалы шырай деп шырайдың төрт түрін берсе,
енді бір еңбектерде жай шырай, салыстырмалы шырай және
күшейтпелі, я асырмалы шырай деп көрсетеді. Яғни, кей тілшілер
күшейтпелі шырай мен асырмалы шырайды шырайдың бір түрі
деп қабылдайды. Бұл, әсіресе, соңғы жылдары жарық көрген
еңбектерде көрініс тапқан.
2.2Бастауыш сыныпта сын есімнің мағыналық түрлерін меңгерудегі сабақтар үлгісі.
Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай
Сабақтың мақсаты :
а) Сын есімнің шырайлары туралы түсінік беру .Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне
ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;
ә) теориялық материалды жүйелі,тиянақты баяндауға дағдыландыру,өз бетінше жұмыс
істеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету, ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға, жылдамдыққа, топпен жұмыс барысында
ұйымшылдыққа дағдыландыру;
Сабақтың түрі :
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,ойын
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, маркер, стикер, плакат
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу.
Тренинг. «Көршімнің бір сыны» Тренинг шарты бойынша оқушылар көршісінің бір сынын атайды.
Шеңберде тұрған оқушыларға сөз табының бір атауы беру, сол арқылы топқа бөлу. (Мысалы: зат есім,
сын есім т.с.с. Зат есім бір қадам алға шығады.Олар бір топ болады да, сын есім бір топ болады. )
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қызығушылықты ояту.
«Тіке тест»
1.Қазақ тілінде неше жалғау бар?
2.Зат есімнің түрленуі.
3.Зат есім жіктеле ме?
4.Көптік жалғауларын ата.
5.«Менің атым» сөзі қалай тәуелденіп тұр?
6.«Білімнен» сөзі қай септікте тұр?
7.«Анамды» сөзінің септелу жолы
8.Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Берілген сөздердегі зат есімнің қызметін табу.
Айгүлді іздеген Бақыт кеш оралды.
Адамның мінезі әртүрлі.
б) Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту. «Құпия кілт» сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын
ашу.
1.Бір тектес түр мен түстің, сапа мен белгінің, дәм мен иістің әр қилы реңдерін білдіреді.
2.Оның екі түрі бар.3.Жұрнақтар арқылы жасалады.
4.Бір заттың сынын екінші затпен салыстыра қарап, бірінен бірі я кем, я артық екенін
білдіретін шырай түрі.
Жаңа сабақтың тақырыбы
«Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай»
Топпен жұмыс.
Екі топқа тақырып беріледі. Әр топ берілген тақырыпты қорғап шығуы керек. Қарсы топқа
түсіндіріліп, олардың сұрақтарына жауап беріледі. Әр топтан бақылаушы адам
тағайындалады. Оқушылардың сабаққа ынтасын қадағалап отырып, сабақ соңында
бағалайды. Өз тақырыптарын қорғау
барысында қарсы топ стикер арқылы білгісі келген сұрақтарын жауап беруші оқушының үстіне
жапсырады.
І топ / Сын есімнің шырайлары.
ІІ топ / Салыстырмалы шырай.
Мұғалімнің қорытындылауы.
Екі топ тақырыптарын қорғап болғаннан кейін мұғалім қорытып, толықтырып шығады
Түрі
Ережесі
Мысалы
Салыстырмалы шырай
Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін
шырайдың түрі
Ауырырақ, кішірек, жылылау
Күшейтпелі шырай
Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырай түрі
Сап -сары, аса маңызды
Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар мыналар:
Жұрнақтар
Мысалдар
-рақ, -рек;
-ырақ, -ірек;
Үлкенірек, көгрек
-Лау, -леу, -дау, -деу,- тау,- теу
Ұзындау, қысқалау
Тек жекелеген сапалық сын есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын
өнімсіз жұрнақтар бар. Олар:
-ғыл, -қыл,- ғылт, -қылт,
-ғылтым, -қылтым
-ғыш, -ілдір
.–аң,-қай,-ша,-ше
–шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім
Оқулықпен жұмыс барысынды І топ Салыстырмалы шырайдың жаттығуларын, ІІ топ Сын
есімнің шырайлары жаттығуларын орындайды.
І топ. 54- жаттығу. Берілген сын есімдерді салыстырмалы шарай жасаңдар.
ІІ топ. 49-жаттығу. Берілген сын есімдерді түрлі реңге түрлендіріп көріңдер. Шырай түрлерін
анықтаңдар.
Деңгейлік тапсырмалар.
Сәйкестендіру.
Өнерпаз ой
Түйінді бала
Басыңқы суретші
Әуесқой сөйлем
Таңдаулы адам
Сөзшең сөз
Суретке қарап әңгіме құра.
Мақалдардан сын есімдерді тауып, салыстырмалы шырай жасау
Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы.
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
Ағаш кессең ұзын кес,
Шаба келе қысқарар.
Темір кессең қысқа кес,
Соға келе ұзарар.
«Сөз тізбек»
Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау. Сын есім болуы
шарт.
Саналы... ыстық...
Өнерпаз... зерек....
Көреген...нәзік.....
Шығармашылық деңгей.
Берілген тірек сөздерді пайдалана отырып «Табиғатың тал бесік» тақырыбында шығарма
жазу.
Тірек сөздер: мөлдір бұлақ, таза ауа, биік қайыңдар, жасыл орман, тұщы су, көгілдір аспан
Бекіту. «Сын есімнің шырайларын, салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын жина.»
Білімді бағалау : Бағалау парағы арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма:
51-жаттығу.Көркем әдебиеттен сын есім шырайларына үш мысалдан жазу.
58-жаттығу. Салыстырмалы шырайды қатыстырып, «Бізді қоршаған түрлі түсті әлем
сипаты» тақырыбында әңгіме жазыңдар.
Қорытынды
Бұл жұмыста есім сөз таптарының күрделі бір түрі сын есімнің лексика-
семантикалык, грамматикалық сипаты, мазмұны баяндалып, сондай-ақ оның
жалпы сөз таптарындағы және есім сөз таптарынын ішіндегі грамматикалык
белгісін, кызметін ашатын негізгі түрлену белгісі - шырай категориясы ғылыми
тұрғыдан талданды. Әр ғалымның шырай категлориясына қатысты зерттеген,
жасаған түжырымы сараланды.
Шырай категориясының ғылыми-грамматикалык теориясын ашу мақсатында
жұмыстың талдау жолы бірнеше бөлім-тарауларға болініп отыр. Біріншіден
кіріспе берілді. Кіріспеде зерттеу жүмысының максаты мен міндеті қамтылды.
Осы максатқа жету жолында негізгі бөлімде шырайға қатысты бірнеше сүрақ
қарастырылды. Сын есімнің тілдік сипаты мен шырай кагегориясының теориялық
негізі сипатталды. Сын есімнің тілдік сипаты тарауында есім сөз таптарындағы
сын есімнің орны айқындалды деп айта аламыз. Бұл ретте жалпы әр сөз табының
өзінің ерекшелігі, яғни сөз таптарының ішінде өзінің алар орны болады.
Сонымен, сын есімнің өзіне тән белгілері ретінде: заттын түр-түсін, заттың
көлемдік, аумақтык, салмактык белгісін, сынын, заттың дәміне, иісіне және басқа
сипаттарына байланысты белгілерін білдіретіндігі тағы бір тұжырымдалды.

Ұқсас жұмыстар
Сын есім туралы ақпарат
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗАТ ЕСІМДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Сын есімнің түрленуі
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Әдемі зат
Көк сөзі сарғыш сөзі
Күшейтпелі шырай
КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ИНФОРМИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ
Сөйлем мүшелерін ата
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Пәндер