Биология оқу әдістемесінің дамуына үлес қосқан Қазақстандық адіскерлер жане олардың еңбектері


Slide 1

Биология оқу әдістемесінің дамуына үлес қосқан Қазақстандық адіскерлер жане олардың еңбектері

Slide 2

Мазмұны

I Биология оқу әдістемесі 1. 1Биологияны оқыту әдістемесінің даму тарихы.

1. 2 Биологияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы II Қазақстандағы биология ғылымы 2. 1 1Биологияны оқыту әдістемесінің дамуына үлес қосқан әдіскерлер. 2. 2 Қазақстандық әдіскерлердің еңбектері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Зерттеудің көкейкестілігі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандарты бойынша. Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту ісі егеменді еліміздің саяси, әлеуметтік, қоғамдық даму талаптарынан туындап отыр.

Slide 4

Зерттеудің мақсаты: Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету және пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

-Биологияның педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтау;

-Биология курсының пәнаралық байланыстарын айқындай отырып, ғылыми тұрғыдан сипаттама беру;

-Биологияның басқа пәндермен байланысын көрсету;

-Биологияны оқытуда пәнаралық байланысты қолданудың тиімділігін көрсету.

Зерттеу обьектісі: биология әдістемесін қалыптастыру.

Зерттеу пәні:биологияны оқытуда пәнаралық байланыстарды пайдалану әдістемесін қолдану үрдісі.

Slide 5

Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т. б. ), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.

Жеке пәндердің методикасы - зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т. б.

Slide 6

1. 1Биологияны оқыту әдістемесінің даму тарихы.

Биологияны оқыту әдістемесі - мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.

Методика - оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика - оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.

Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу -тәжірибе алаңы керек.

Биология оқыту методикасы - жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.

Slide 7

Биологияны оқыту әдістемсінде ұғымдарды қалыптастыру мен дамытуға бұрыннан бері зор көңіл аударылады. Н. М. Верзилиннің жетекшілігімен «Биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы» жасалды (1956) . Бұл еңбек биологияны оқыту әдістемесіне маңызды оқиға болды. Теория мектеп курстарында және жалпы алғанда биология пәнінде оқу материалын таңдауды анықтауда және орналастыруда ғылыми қор (база) жасады, оқыту әдістері мен тәрбиені қайта қарауға әсер етті. Ұғымдарды дамыеу теориясы арнайы зерттеулер аясында, оның ішінде биологиялық ұғымдардың арнайы топтарын (табиғаттанушылық, , экологиялық, эволюциялық физиологиялық, систематикалық, генетикалық т. б. ) дамудың тиімді әдістемесін жасауда, оқушылардың өз беттерімен ойлай алуын дамытуда, орта мектепте биологияны оқыту әдістерін дамытуда біраз бағыттарды белгіледі.

Slide 8

Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:

1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;

2. Патриотттық тәрбие;

3. Еңбек және экологиялық тәрбие;

4. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;

5. Эстетикалық және әдептілік тәрбие.

Оқу материалының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек кана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.

Slide 9

1. 2 Биологияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы

Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі. Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.

Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А. С. Выготский өз еңбегінде « . . . білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек» деген.

Slide 10

Биологияны оқыту әдістемесінің тіл әдебиетпен байланысы.

Сабақтың мазмұнын түсіндіргенде әдеби тілмен жатық, түсінікті сөйлеуге тырысу. Кейде тақырыптың мазмұнына байланысты тіл әдебиет пәндерінен үзінді келтіруге болады.

Оқыту әдістемесінің география пәнімен байланыстылығы.

Сабақтың мазмұнына байланысты объектілердің кездесетін материктерін көрсету, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын көрсетуге болады.

Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.

Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.

Биологияны оқыту әдфістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.

Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.

Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады.

Оқытудың әдістерін жасап береді.

Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.

Slide 11

2. 1Биологияны оқыту әдістемесінің дамуына үлес қосқан әдіскерлер

Биология пәнінің оқыту әдісін дамытуда профес­сор Борис Евгеньевич Райковтың (1880-1966) еңбектерінің маңызы ерекше. Ол сабақ беру әдістерінің проблемалары мен даму тарихын зерттеудегі еңбектері мп зоология оқулығының авторы. Ең бірінші рет биология пәнін оқытуда арнайы кабинеттік жүйеге көшуді колдады.

Б. Е. Райков 1924 жылы Ленишрадта биологиялық станция ашып ғылыми зергтеулер мен бақылаулар жургізді. Табиғатқа экскурсиялар өткізудің білім деңгейін көтерудегі маңызын атап көрсетті. Осы жылдары Наркомпрос мектептерде сабақ берудің жаңа әдістерін «лабораториялык» және «жоспарлау әдістерін» қолдануды нүскады. Лабораториялық, әдіс класс, сабақ кестесі, сабақтардың орньш алып, мүғалімнің рөлін кеңесші деңгейінде көрсетгі. «Жұмыс қоғаамшаларында» тапсырмалар беріліп ай соңында конференциялар өткізілді. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастаи оқу-агарту жүйесінде жаратылыстану пәндерін оқытудыц жалпы жөне арнайы оқу-әдістсмелері қарқынды дами бастады.

Slide 12

1932 жылы 25 қазанда ЦК. ВКП(б) ның үйғарымында «Сабақ» оқытудың негізгі формасы екендігі корсетілді және барлық мектептердің түрлері жалпыға бірдей білім беретін он жылдық орта мектептерге ай­на лды. Биологияны оқыту ғылыми түрғыда бірізділікпен, жүйелілікпен жүргізілді. Осы ксзеңдердегі методикалық проблемаларды дамытуда оздерінің үлестерін қосқан белгілі әдіскерлер Ю. И. Полынский (1872-1930) , Д. А. Судовский( 1873-1942), М. М. Беляев (1880-1955), В. Ф. Натали (1890-1965), П. И. Боровицкий (1896-1966), Н. М. Верзилин (1903-1984) т. б. болды.

1937-1941 жылдары «Мектеп биология» журна­лы Б. В. Всесвятскийдің редакциясымен жарық көрді. 1946-1948 жылдары Б. Е. Райковтың редакдиясынан Леимшрадтагы «Мектептегі жаратылыстану» журналы к а ііга жаңғырып кейіннен Москваға «Мектептегі биология»- деген атиен ауысты.

Slide 13

XX- ғасырдың 30 жылында Н. П. Дубинин, Романов, Райт эволюцияның ең басты факторы - гендердің жылжуы жайлы жаңалық ашты . Олардың ұйғаруы бойынша эволюция үшін ең маңызды фактор жеке мутация ғана емес, гендердің кездесу жиілігіндегі кездейсоқ өзгерістер болып саналады, мысалы тасқын су, өрт, салдарынан гендердің кездесуін өзгертіп, соның нәтижесінде популяция құрылымы өзгеріп, ол ұрпақтан - ұрпаққа берілуі мүмкін . Эволюциялық теорияның дамуына тағы бір үлесін қосатын биологияның саласы, молекулалық бтология, генетиптердің эволюциясын айқындауға мүмкіндік береді . Осының нәтижесінде биологиялық теорияның деңгейін көтеріп, тірі организмдерді зерттеуде онтогенетикалық, популяциялық шегінен тыс сырларын ашуға мүмкіндік береді

Slide 14

2. 2 Қазақстандық әдіскерлердің еңбектері

Ғылымның дамуына байланысты 40-шы жылдардан бастап мектеп биологиясына жаңа эксперименттер мен демонстрациялау снгізу қажеттігі туды.

Slide 15

Ленинградтағы А. И. Герцен атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану кафедрасьшда, 1938 жылдары мүғалімдердің біліктілігін арттыру институттарында әдіскелер үжымының еңбектері жарияланып методикалық зерітеулердің жаңа бағыттарып дамытты «Арнайъі методика», «биологияны оқытудың жад­ны әдістері», - проблемалары шешуін тапты.

Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1939) Тұңгыш рет ана тілінде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу қүралдарын жазды. Солардын бірі «Жануарлар» 1922 жылы Ташкентге басылып шықты. Жұмақан Маусымбайұлы КҮДЕРИН (1891 -1938) Қазақтан шыққан түңғыш биолог-ғалымдардың бірі, ботаника жөнінде «Өсімдіктану» атты оқу қүралын 1927, 1930 - жылдары басып шығарды. Ол жиырма жасында ауылшаруашылык мектебін бітіріп, егіс жөне мал шаруашылығының маманы атанды.

Slide 16

Қазақстан Ғылым Академиясының академиктері Н. В. Павлов, И. Байтулин, Б. А. Быков, Ғ. Бияшев, корреспондент мүшелері Л. Қылышев, А. Ғаббасов, ғылым докторлары Б. Қалымбетов, М. В. Бессчетнова, т. б. қатысуымен кең ауқымды ботаникалық-географиялық, геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Ең үлкен гербарий жинақталды, өсімдік биологиясы туралы аса бағалы басылымдар жарық көрді. Мысалы, 9 томдық “Қазақстан флорасы”, 13 томдық “Қазақстанның споралы өсімдіктер флорасы”(Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1986), т. б. Республика зоологтары омыртқалы және омыртқасыз жануарлар фаунасын зерттеді; кәсіптік мәні бар бірқатар сүтқоректі жануарлар (ондатр, америка құндызы) мен балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, көксерке, т. б. ) жерсіндірілді.

Сирек кездесетін, жойылып бара жатқан құстар мен сүтқоректілерді, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділерді, балық түрлерін қорғау, олардың санын көбейту шаралары қарастырылды. Ақ бөкен, бұлғын, суыр, тиін, саршұнақ сияқты аңдарды халық шаруашылығында пайдалану жолы табылды.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымының тың серпілістері
Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесіні қазіргі жағдайы, даму болашағы
Қан клеткалары
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Ежелгі дәуірде
Қазақстан Қытай қатынасы
“Коммуналды гигиена ғылымының дамуына үлес қосқан Қазақстандық гигиенист ғалымдар”
Қазақстанның ұлы математиктері
Медициналық мекемелердегі ғылыми зерттеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz