МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ




Презентация қосу
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ
ПІШІНДЕР ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін
алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет
пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан-
жақты жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұлбілім беру жүйесінің барлық буындарына, сонын ішінде мектепке
дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім-тәрбиенің
негізгі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады.
Зерттеудің мақсаты. Геометриялық пішіндерді оқыту әдістемесін
математика сабағында балалардың қызығушылығын ояту құралы ретінде
қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері.
•геометриялық пішіндер туралы түсініктерін қалыптастыру;
•сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай
( көзбен өлшеу, қолдан сызу, т.с.с) балаларда өлшеудің және геометриялық
пішіндерді салудың машықтық біліктерін қалыптастыру;
•кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау
•геометриялық пішіндерді анықтау әдісінің балалардың пәнге қызығушылығын
оятудағы тиімділігін тәжірбие жүзінде тексеріп, зерттеу нәтижесінде ғылыми-
әдістемелік нұсқау жасау, оны дәстүрлі оқыту әдістерінің нәтижелерімен
салыстыру;
Зерттеудің болжамы: Егер математика сабағында балалардың пәнге
қызығушылығын арттыруға бағытталған геометриялық ұғымдарды қолдану
әдісі пайдаланылса, онда балалардың танымдық ойлау қабілеті,
қызығушылығы артады, білімді игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі мекемелерде математика пәнін оқыту.
Зерттеу пәні: Геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері:
•зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми
әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;
•алдыңғы қатарлы педагогтардың іс-тәжірбиесімен танысу;
•дәстүрлі оқыту әдістері мен ұсынылған оқыту әдісіне салыстырмалы талдау
жасау;
Зерттеудің ғылыми-практикалық жаңалығы:
•ұсынылып отырған курстық жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың
пәнге қызығушылығын оятуға игі әсерін тигізеді және геометриялық
пішіндер туралы ұғымдарды сапалы игеруге көмектеседі.
•Геометриялық пішіндер ұғымын оқыту негізінде балалардың геометриялық
ұғымын қалыптастыруға арналған тапсырмалардың мектепке дейінгі мекеме
педагогтарының іс-тәжірбиесінде қолдануға кең мүмкіндіктің болуын
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы алғашқы ұғымы
Геометриялық пішіндер жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойыннан алады. Оқу
жылынын басында топқа шар, құрылыс материалдарын, мозайкалар т.б енгізеді. Балалармен
ойнай бастаған педагог геометриялық пішіндердің дұрыс атын атайды.
Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік
жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді
үйретеді.Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа алғаш рет келуі болады, сондықтан сабақты
пішіндермен таныстырудан бастау керек.
Пішін туралы түсінік құру үшін оның моделін қолданады (дөңгелек,
төртбұрыш, үшбұрыш т.б) картоннан, қағаздан істелгенін пайдаланады.

Балалар әр түрлі пішіндердің ішінде төртбұрышты, үшбұрышты
дөңгелекті таба алады.
Мектепке келген балалар келесі геометриялық пішіндерді ажыратып, дұрыс
атай білуі керек: үшбұрыш, төртбұрыш, шар, цилиндр.

Ол заттан өздері білген көлемді табуды үйренеді. Бұл жұмысқа ереже бойынша
30 минут бөлінеді. Оқу жылынын басында тәрбиеші баланың көлем туралы
білімінің деңгейін анықтайды. Егер балалар үшбұрыш пен дөңгелекті,
төртбұрыш пен цилиндрды ажырата алмаса онда ұзын пішіндердің моделі
салыстыру қажет болады.
Естиярлар және ересек топтарын геометриялық пішіндермен таныстыру әдістемесі
Естиярлар тобында әдетте алдыңғы топтан-кішкентайлардың екінші тобынан көшірілген
балалар болады, бірақ кейде жаңадан, бұрын мектепке дейінгі мекемеде болмаған балалар
да келіп қосылады. Тәрбиеші өз тобының құрамдық ерекшеліктерін ескеріп, жыл басында
оқу іс-әрекетідиференциялды өткізу қажет. Бағдарламада оқу іс-әрекеттердің мазмұнын
бұдан әрі күрделендіру көзделген, сондықтан бақшаға жаңа ғана келген балалармен
алдыңғы топқа арналған бағдарлама бойынша бірнеше оқу іс-әрекетін өткізген жөн.
Естиярлар тобында жиын, өлшем, форма жөніндегі, кеңістік және уақыт қатынастары
жөніндегі түсініктерін әрі қарай дамыта түсу, сонымен бірге балаларды санауға үйрету
және сан ұғымын алғашқы рет қалыптастыру көзделген.
Естиярлар тобынын бағдарламасында геометриялық пішіндермен олардың атауларын әрі
қарай анықтай түсу және неғұрлым айқынырақ дифференциялау көзделген.
Төрт жастағы балалар үшін бұл әбден түсінікті, өйткені олардың қолданылуында өздері іс
жүзінде айыра алатын әр түрлі геометриялық пішіндер бар( құрылыс материалы,
геометриялық мозайка т.б) Бұл топта балаларды осы пішіндердің кейбір қасиеттерімен де
( орнықтылығы және орнықсыздығы), сондай-ақ олардың әр-түрлі өлшемдерімен
таныстыруға болады ( кіші куб, үлкен куб, үлкен дөңгелек, кіші дөңгелек т.с.с) Бұл топта
балаларды айналадағы заттардың формаларын таныс геометриялық пішіндермен ( кітап
парағы-тік төртбұрыш ретінде, жұмыр қарандаш-цилиндр ретінде т.с.с) салыстыруды әрі
қарай жалғастыру керек.
Балаларды іс жүзінде оларға белгілі геометриялық пішіндермен таныстыру:
шар, куб, цилиндр, тік төртбұрыш, шаршы, дөңгелек, үшбұрыш. Геометриялық
пішіндерді қимыл-қозғалыс түйсігі арқылы қарастыру әдістеріне және олардың
кубтың бұрыштары көп,шар мен цилиндрде бұрыш жоқ, шар мен цилиндр
домалайды, ал куб орнықты деген сияқты ерекше белгілерін айқындап ашу
әдістеріне жаттықтыру. Геометриялық пішіндердің бұрыштарын, төбелерін және
қабырғаларын ажырата білуге үйрету.
Геометриялық пішіндермен таныстыруда заттың пішінін анықтау

Бала бес жасқа қараған шақта оның заттың пішіні туралы түсінігін
пысықтау және сопақша (овал), ромб секілді кейбір жаңа геометриялық
пішіндерден таныстыру жұмысы жалғаса береді.
Баланың зейіні біртіндеп жинақталушы ұғым-төртбұрышты
түсінуге бағыттаймыз. Мұндағы барлық жұмыс геометриялық
пішіндерді өзара салыстыруға және олардың түрліше модельдеріндегі
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға негізделеді. Алдымен екі,
содан соң үш және төрт пішінді – шаршыны, төртбұрышты,
үшбұрышты және ромбыны өзара салыстырамыз. Үлгі ретінде
геометриялық пішінді пайдалана отырып, әр түрлі пішінді заттарды
салыстыруға көп көңіл бөлу керек. Баланың осы кезде заттардың
ерекшеліктерін толық және жекелей көрсете білу дағдыларын
қалыптастырып, олардың пішінін талдауға, заттардың арасындағы
күрделі байланыстар мен қатынастарды түсіне білуге үйрету қажет.
Баланың алуан түрлі өзіндік әрекетін ұйымдастыруда оны заттың
күрделі пішінін көру және сипап байқау, ауыз екі сипаттамасы бойынша
бағалау қабілетін дамыту көзделеді.
Баланы әр түрлі геометриялық пішіндермен таныстыруда оның назарын пішіннің
негізгі ерекшеліктеріне, кейбір белгілеріне аудару керек. Мысалы, пішін
бұрыштарының саны мен шамасы, қабырғалары, олардың теңдігі мен теңсіздігі,
өзара орналасуы, геометриялық пішіндерді белгілеріне қарай топтастырып,
пішіндерінің мұндай алуан түрлілігін атап көрсету қажет.
Баланың затты пішіні мен құрылысына қарай түрліше ұстап қарайтынына назар
аудару керек. Заттың пішінін айыруда баланың қолы мен көзі бір-біріне көмектесіп,
үйлесімді әрекет етеді, өзі танып білген жайларын тиянақтайды. Сондықтан ата-
ананың міндеті баланың істеген әрекетін сөзбен дұрыс тұжырымдау.
Бес жастағы бала затты екі қолымен бірдей сипалап көреді. Мұнда екі қол бір-біріне
қарсы немесе екі жаққа қимылдайды. Бала объектінің бүкіл жағдайын толық
айқындай алмайды.
Ол мұны үлкендердің басшылығымен біртіндеп меңгереді. Ондай жағдайда баланың
сөзі нақты мазмұнға, сөздік бейнеге толы болуына назар аударған жөн. Затты көзбен
көріп, қолымен ұстамайынша ол туралы толық түсінік алу қиын екені белгілі болуға
тиіс.
Төрт бұрышы да тең түскен,

Осынша жақтау және тең.
Мұндай шаршы, мен білсем,
Табылмас-ау еш жер.
Бұл орманның
пішіні
Бауырсақтыңда
мүсіні
Кішірейтсек біз
мұны
Шығады тоқаш
наны боп.
Үш бұрышы бар, Балалар ол не?
үш қабырғасы бар,
Ұзындықтары әр
түрлі болуы
мүмкін ол не
балалар?
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы түсінігін
қалыптастыруда дидактикалық ойындардың маңызы.
Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір түрі, өйткені ойын
балалардың негізгі іс-әрекеті. Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын
қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше. Пішіндерді өткен кезде
шар, куб, «не домалайды, не домаламайды?» ойыны арқылы осы екі пішіннің ерекшелігі,
қасиеті туралы түсіндіру өте тиімді. Білім берудегі дидактикалық ойындарды нәтижелі
қолданудағы негізгі шарты: ол ойын таңдаудағы бірізділікті сақтау, келесі дидактикалық
принциптер міндетті түрде ескеруі керек; түсініктілік, қайталанылуы, тапсырмаларды
біртіндеп орындау.
Осындай жұмыстан кейін баланы заттың пішінін көзбен байқап, оған ауызша сипаттама
беруге дағдыландыру қажет. Ол үшін «Менің суретімде не бейнеленген?» ойынын
пайдалануға болады.
«Үй құрылысының ретін көрсет»
Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру: ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін
процесстерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің
үлгісі.
Ойынның мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды,
пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бөлімі бойынша
«Таным» білім саласындағы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін
зейіндерін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға арналған
әлеуметтік ойындарды қолдану қажет. Ойын ойнату кезінде мына
кеңестерді ескеру әрбір тәрбиешінің міндетіболып табылады.
•Ойын балаға да, үлкендерге де қуаныш әкелуі қажет.
•Баланы ойынмен қызықтырыңыз, бірақ оны ойнауға мұқтаждамаңыз,
ойын тапсырмаларымен ашуға дейін қысым көрсетпеңіз.
•Баланың қызығулары «толқынмен» өтеді. Сондықтан, балада ойынға
қызығушылығы басылғанда, ол ойын туралы екі айға тіпті көпке дейін
«ұмытыңыз», сосын оны бала «кездейсоқ» есіне түсірсін.
• Ойын кезінде күштеу жағдайын болдырмау керек. Баланың белсенді
қимылдарын тоқтатпаңыз.
Тәжірибе тапсырмасы бойынша оқушылардың білімді игеру нәтижесіне тоқталатын
болсақ, бақылау тобында “өте жоғары деңгей” көрсеткіші бойынша 6 оқушы, ал пайызбен
есептегенде 27 %, “жоғарыдеңгей” көрсеткіші бойынша 11 оқушы, ал пайызбен есептегенде
50 %, “орташадеңгей” көрсеткіші бойынша 5 оқушы, ал пайызбен есептегенде 23 %.
Ал тәжірибелі топта “өте жоғары деңгей” көрсеткіші бойынша 5 оқушы, ал пайызбен
есептегенде 25 %, “жоғары деңгей” көрсеткіші бойынша 9 оқушы, ал пайызбен есептегенде
45 %, “орташа деңгей” көрсеткіші бойынша 6 оқушы, ал пайызбен есептегенде 30 %.
Тәжірибеміздің анықтаушы кезеңінің қорытындысы бойынша оқушылардың білім игеру
нәтижесі осындай деңгейде болып отыр.
Бақылаушы топтың нәтижесі “өте жоғары деңгей” көрсеткіші бойынша 5 оқушы,
ал пайызбен есептегенде 23 %, “жоғары деңгей” көрсеткіші бойынша 10 оқушы,ал
пайызбен есептегенде 46%, “орташа деңгей” көрсеткіші бойынша 7 оқушы, ал пайызбен
есептегенде 31 %, болса, тәжірибелі топтың нәтижесі “өте жоғары деңгей” көрсеткіші
бойынша 6 оқушы, ал пайызбен есептегенде 30 %, “жоғары деңгей” көрсеткіші бойынша
10 оқушы, ал пайызбен есептегенде 50 %, “орташа деңгей” көрсеткіші бойынша 4 оқушы,
ал пайызбен есептегенде 20 %.
Бақылау тобының нәтижесі тәжірибелі топтың нәтижесіне қарағанда білімді
игеру деңгейі төмен.
Тәжірибенің анықтаушы кезеңі мен қалыптастырушы кезеңін салыстыратын
болсақ, қалыптастырушы кезеңде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі жоғары деңгейде
болды.
Тәжірибе қорытындысы бойыншы салыстырмалы
көрсеткіштер
Тәжірибеге Анықтаушы кезеңдегі Қалыптастырушы кезеңдегі
алынған теориялық білімі мен Оқыту техноло- теориялық білімі мен іскерлік
топтар іскерлік деңгейі (%) гиясы деңгейі (%)

«өте «жоғары «орташ «өте «жоғары» «орташа»
жоғары» » а» жоғары
»

Бақылау 27 50 23 Дәстүрлі 23 46 31

Тәжірибе 25 45 30 Проблемалы 30 50 20
ГЛОССАРИЙ
1) Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ — жер и
көне грекше: μετρέω — «өлшеу») — математиканың кеңістіктік
пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа
да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.
2) Пішін (Форма) — қарапайым орташа күрделі, күрделі, өте күрделі
тікбүрышты, үшбүрышты, көпбү- рышты, цилиндрлі, жайылмалы
қорамалы болып келеді.
3) Дөңгелек
Математика саласында қазақ тілінде қалыптасқан термин. «Дөңгелек»
сөзі «шар сияқты, жұмырланып, дөңгеленіп келген, сопақ емес»
Дөңгелек – жазықтықтың шеңбермен шектелген және оның ортасын
қамтитын бөлігі.
4) Шеңбер-Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин.
«Шеңбер» сөзі «темір қоршау»
Шеңбер – бір жазықтықта жататын берілген нүктеден (шеңбер
ортасынан) барлық нүктелері бірдей қашықтықта орналасқан тұйық
жазық қисық сызық.
5) Тіктөртбұрыш-Қазақ тілінде Тіктөртбұрыш – ішкі бұрыштар тік, ал
қарама-қарсы қабырғалары тең әрі параллель келетін төрт қабырғалы
геометриялық фигура.
6) Үшбұрыш-Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Үш»
және «бұрыш» сөздерінің бірігуі арқылы жасалған.
Үшбұрыш – бір түзудің бойынша жатпайтын үш нүктенің арасын қосатын
түзудің кесінділерінен пайда болған тұйық дөңес сынық сызық.
7) Тік бұрыш-Математика саласында қалыптасқан термин. «Бұрыш» сөзі
«заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене
түйіскен жері» деген мағынаны береді.
Тік бұрыш – Өзінің сыбайлас бұрышына тең бұрыш.
8) Шар-Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин.
Шар – дөңгелекті диаметр төңірегінде айналдырғанда пайда болатын әрі
барлық нүктелері центрден бірдей қашықтықта жататын қисық беттен тұратын
геометриялық фигура (пішін).
9) Доғал бұрыш- Күрделі терминнің алғашқы «доғал» сөзі «сүйір емес» деген
мағынаны береді. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе
ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді.
10) Бұрыш – бір нүктеден шыққан әр түрлі екі сәуледен құралған
геометриялық фигура.
11) Дидактикалық ойын -балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір түрі
12) Ойын- балалардың негізгі іс-әрекеті.

Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуы
Мектепке дейінгі ұйымдарда дамытушы ортаның дәстүрі
Таным білім беру саласы
Дидактикалық ойынның маңызы
Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру
Роликті конькимен сырғанау
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Пәндер