Джек Лондон




Презентация қосу
Джек Лондон
Курстық жұмыстың өзектілігі. Джек Лондон 12 қаңтар
1876 жылы Сан-Францискода дүниеге келді. Оның анасы
сыйлы отбасынан шыққан – Фтора Уэлман, әкесі – жас
кезінде теңізші, кейін астролог болған Генри Уильям Чэни.
Ол әйелін баласы туылмай тұрып, тастап кеткен, және
баланы оның өгей әкесі - қарапайым, нәзік мінезді,
қажымас еңбекқор және бақытсыз адам Джон Лондон
тәрбиелеген.Мен атақты америкалық жазушы Джек
Лондонның шығармашылығына көңіл бөлдім, себебі оның
туындылары менің ойымша өмір шындықтарына толы.
Олар оқырманды қызықты сюжеттерімен және
кейіпкерлердің тамаша мінездерімен де баурап алады. Джек
Лондон әңгімелері терең шынайы, оларда тылсым
ешнәрсе жоқ, бірақ та мені бұл жазушының адам өмірінде
бағындыруға болатын биік шындарды көрсетуі
таңқалдырды.
Курстық жұмыстың мақсаты:Джек Лондонның өмірі мен
шығармаларының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталып
мәлімет беру.
Курстық жұмыстың жаңалығы:Джек Лондон әңгімелерінің
көркемдік ерекшеліктері.
Шығармалары:
•“Қасқырдың баласы” (1900)
•“Оның әкесінің құдайы” (1901)
•“Аяздың балалары” (1902)
•“Қар қызы” (1903) романы
•“Ақ азу” (1906, қазақ тілінде 1938 — 48) повесі
•“Жолда жүрген жолаушылар үшін” (1899, қазақ тілінде
1961)
•“Солтүстік жорығы” (1900, қазақ тілінде 1960)
•“Өмірге құштарлық” (1900, қазақ тілінде 1951)*
•“Тыртық адам” (1900, қазақ тілінде 1960)
•“Мың дюжина” (1903, қазақ тілінде 1927 — 51)
•“Темір өкше” (1912)
•“Айлы алқап” (1913)
•“Үлкен үйдің қожасы” (1916)
•“Телегей теңіз, аттаныс” шығармасын 1926 ж. “Жаңа
мектеп” журналына (4,5 сандары) алғашқылардың бірі болып
аударып, жариялаған — Ж.Аймауытов.
1.1Джек Лондонның өмірбаяны
1976 ж қаңтарда Джек Лондонға 100 жыл толды. Ол қырық жасынан аз
ғана аттап, өмірден қайтты. Әдебиетте ол бар жоғы 17 жыл жұмыс
атқарды. Шығармашылық өмірінде қырық төрт кітабын шығарды –
романдар және хикаяттар, мақалалар және әңгімелер, пьессалар және
репортаждар. Жазушының өмірден қайтқаннан кейін алты жинақтары
шықты.
Елу кітап – Джон Гриффит Лондонның он жеті жылдық әдеби өмірінің
қорытындысы осындай. Әрине, бұл америкалық жазушы-бүлікшінің
барлық шығармалары уақыт тексерісіне шыдамады. Бірақ қазір де
жазушының тандамалы кітаптарын оның отандастары оқуда, АҚШта,
Еуропада, Азия елдерінде, Африкада. Әлем елдерінің көбісінде Джек
Лондон шығармалары әртүрлі тілдерге аударылырып, көптомдық
жинақтары басылып шығарылуда. Кеңес Одағы кезінде Джек Лондон
танымал шетел жазушыларының бірі болып табылады.
Джек Лондонның кең танымалдылығының құпиясы,
белгілі америкалық әдебиетші Вен Вик Брукстің айтуы
бойынша, сол бір «жаңа, жасампаз екпін» шығармалары,
«сол кезгі америкалық әдебиетте жалпы сентиметалдық
бағытпен қрама-қарсмы болды» және «мұқият үдерісті және
өмір сағымының тәттілігіне» тура шақырылған автор
публикациясының баллеристикасын құрметтеді. Бұл
беталыс – капитал елдерінде әлі де үстем болып тұр. Сол
себепті де бүгін де жер шарының әр бұрышындағы адамдар
өзінің өмірлік сұрақтарына Джек Лондон кітаптарынан
жауап іздейді. Оларды оның кейіпкерлерінің энергиясы, іс-
әрекетке дайын болуы, жан дүниелерінің кеңдігі және
батылдығы, әлеуметтік әділдік сезімі қызықтырады.
Джектің алғашқы шынайы достары, өгей қарындасы Элиза, оған
құштарлығын өмірінің соңына дейін сақтаған, және емізуші-негр әйел
Дженни Прентис болды. Өзінің әңгімелерінде балалық шағы туралы
жазуы бойынша, ашаршылық көріп, қатарынан қалыс қалғаны,
қарапайым жұмысшылар арасында өткізгенін байқауымызға болады.
Жас Джек бала кезінен жауапкершілік сезімін мойнына алып және кез
келген жағдайда өгей әкесі мен анасына көмек қолын созғысы келді.
Ол түнгі сағат уште тұрып, таңғы газеттерді сатуға шығатын. Уйге
жете алмай, мектепке, мектептен к ейін көшеге, кешкі газеттерді
таратуға баратын. «Әрбір центті үйге әкелдім, ал мектепте бас киімім,
кебіс, киімдері үшін ұяттан өлердей болдым. Міндет – бәрінен бұрын,
қазірден мәңгіге, менде балалық шақ болмады.....Сенбі күндері мұз
апарып,тасыдым, ал жексенбі күндері ойыншыларға шарларды қойып
бердім....».
Джек мектепті толық бітірмеді. Үй ішін асырау үшін ол теңізге
шығып, теңіз қарақшысы болды, солай отбасын бір түнде
қанағаттанарлықтай қаражатпен қамтасыз етте алды. Тапқан олжасын
анасымен бөлісіп, жарты жылдан соң фабрикада жұмыс істейді.
Анасының кеңесімен ол жергілікті газетте шығатын «Сан-Франциско
колл» конкурсына қатысады, екі күн ішінде азын-аулақ «Жапония
жағалауындағы Тайфун» атты очерк жазды. Очерк сайыста бірінші
орын алып, 1893 жылы 12 қарашада газетке жарияланды. Алайда
бірнеше жылдар өте келе, Джек Лондонның мақалалары мен
шығармалары америкалық журналдардың беттеріне басылып шыға
бастады. Жиырма бес доллар сыйақы тез тарқап кетеді, Джек
фабрикада жұмысын жалағастырды. Жұмыс жалақысы тиын ғана
болғандықтан, «Келли армиясының» жауынгері болғысы келіп,
Вашингтонға жетпеді. Джек Лондон бірнеше жылдан кейін «Жол»
очеркін сипаттайды (1907 ж).
1.2Джек Лондон әңгімелеріндегі күшті адамдар
Әрине, Джек Лондон коркемөнерпаз шеберлігіне бірден жетпеді. Оған
жету қиын, әрі ұзақ жол болды. Лондонның шығармашылық жолының
алғашқы кезеңі – 1890 жыл, Аляска туралы әңгіме авторы ретінде
Лондон үлкен жолға түсу уақыты.
Лондонның солтүстік әңгімелер стилінде эпикалық көрініс табады.
Клондайлық эпопея үзінділерінен үлкен бір фрагментт екені
байқалады. Олардың персонаждарының біріккені – олардың көбісі адам
да, жануар да – драмматикалық күрестің қатысушылары, сондай-ақ
солтүстік пейзажды қайталаушы болып келеді. Тұлғалардың жинақы
және сараң жол, киімдер және арнайы солтүстік жабдықталу,
шаршаушы ишара және ым, ауыр жұмыс жасаушы, табиғат
қаталдығынан азапталған кейіптер. Қорытындыны оқырманның өзі
жасауға әкеледі; жас Лондоннның өнері сондай, оқырман өзі көп
ойланып, көп елестете білуі керек, соңына дейін автор көрсеткен
жолмен ғана жүруі тиіс.
Солтүстік әңгімелер Лондон көзқарасының дамуын
бейнелейді. Мысалы, ашкөздіктің барлығы да анық
естіледі, барлық анық ойлар адамның тек өмірмен
арпалысы кезінде ғана емес, сондай-ақ алтын көрсе
періште жолдан таяды демекші, байлық көрсе ашкөздік
пайда болатыны айтылған. Лондон әңгімелері оқиға
барысының ары қарай өрбуін шыдамсыздықпен күтуге
мәжбүр етеді. Бірақ оқырман ойы оқиға желісінің
күтпеген жерден өзгеруі емес, жағдайдың шиеленісуімен
байланысты болды. Кейіпкерлер қиын жағдайларда іс-
әрекетке көшеді, олардың өміріне қауіп төнеді – бұл
Лондон шығармасының ерекше әдебі. Жақсы әңгімелер көз
алдына оқиға барысын келтіртіп, оқиға желісі
қысқартылып, қорытынды үзіліп тасталынады. Бұл кейбір
шолушылардың ойындағы америкалық Киплинг емес, өз
жолын табушы талант.
2.1 «Өмірге деген Махаббат»әңгімесі
«Өмірге махаббат» (1905ж) – Джек Лондонның танымал солтүстік
әңгімелерінің бірі. Ол жазушының көптеген туындылар жинақтарына
қосылды, бізде және шетелдерде жарық көрді.
Әңгіменің танымалдылығы лайықты. Оның эмоциялық ықпалының
құпиясы, Джек Лондоннфң көркемөнерпаздық талантының болуы,
жоғары жазушылық шеберлігі.
Лондонның туындыларында кездесе бермейтін , баяндаумен
басталады. Бастамасыз және бастама бөліксіз автор оқырманды
оқиғаны ң ортасына алып келеді.
Аяқтарын сүйрете, ақсаңдай басқан жүдеу екеу жағаға қарай еңкейе
берді. Су бойындағы шашылып жатқан қойтастардың ортасына жеткенде
алдыда келе жатқаны тәлтіректеп кетті. Әбден шаршап-шалдыққаны ап-
анық көрініп тұр. Ту алыстан шыдамдылықпен ғана көтеріп келген ауыр
азаптың айқын табы жүздерінен мен мұндалайды. Өздерінің көтерген
жүгі бар. Онысы алашаға орап, арқаларына таңып алған кішкене бума.
Шекелерінен іліп алған тағы бір жалпақ қайыс буманы төмен жібермей
көтеріп тұр. Қолдарында – ау мылтығы. Алға қарай екпеттей еңкейіп,
көздерін жерден алмай, еңкеңдей ілгерілеп келеді.
Бірінші қатардан бастап және ары қарай Лондон кейіпкерге сүйенеді,
адами сезімдермен байланысты – көзқарастар. Бұл оған картинаны
көрнекі етіп, қиялыдң дұрыстығын жоғарылату үшін... Әрине, егер
жазушы осымен ғана шектелсе, онда оқырмандар түсінігіміз
көптеген ашық бояулардан құрдым болар еді. Біз суықтықты
«сезінеміз», серікетстіктің бірінің солғын дауысын «естиміз». Бірақ
әңгіме көрермен кейіпіне басымыраққ келеді – не автор көзқарасымен,
не болмаса оқиға қатысушы көзқарасымен.
Үш бетті-ақ оқи отырып, көзқарас, дыбыс, татым, суықты сезіну,
қорқыныш сезіледі, автор біздің жүрегімізде алғашқы жауап қатуды
тудырды.
«Ол өзінің жалғыз болғанын айналасын бір шолып өткенде білді.Жан
жағы құлазып тұр еді.Төмен қыраттар көкжиекпен ұштасып жатып».
Жалғыз қалған жолаушыны суреттей отыра Лондон болашақ
пен өткен күнге кейіпкерінің санысы арқылы
суреттейді.Осылай оқушыға кейіпкерінің аштығын
суреттейді.Лондонның ең жақсы көретін тәсілі оқушының
ой санасын кейіпкердің сезімдерін бірден сездіріп еліктіріп
әкетеді.Жазушылық кезеңнің бастапқысында жас жазушы
Клоудесли Джонсу ға жазған хатында көркем шығармаларға
деген көз қарасын жазды.Ол сенімді түрде «ұайталаумен
айналыспандар,кейіпкерлерін бұл жайлы өздерінің ісімен
өздерімен көрсетсін.Оқушылардың санасын трагедиямен
жауландар.деп айтады.
Өмірге деген әңгімесіне келетін болсақ.
Аштық пен қорқыныш кейіпкерді бірден билейді.Бірақ ол
алдағы тірлігін алдын ала болжайды.Сағатына қарап
қояды,уақытымен құлағын бұрауды ұмытпайды.Ауыртып
алған аяғымен жалғыз қалады,бірақ қорқынышын жеңе
біледі. Ол бүлінген аяғымен жападан жалғыз қалса да
қорқынышын жеңе білді.Бара бара оның жағдайы нашарлай
берді.Басында аштықтан қиналғаннан нәтижесіз шілдерді
аулауы шалшықта балық іздеуі тарбақа немесе құрт болсада
іздеп асқазанын алдамақшы болды.Оның түйсігін бір ғана
ой жаулап алды:қарын тойдыру!Сонымен қатар тағыда
қиындықтар туындауда:аяқ кеймі жыртылған көрпеден
тігілген шұлығының сау тамтығы жоқ.
Қар түсті.Адам от жақпайт тіпті суда қайнатпайды.ашық аспан астында
ашық күнде ұйықтайды,ал қар болса өңменінен өтетін суық суға
айналады.Ақыры екі шабақты ұстайды.Оларды шикілей жеп
алды.Соңынан тағы үшеуін ұстады,екеуін жейді де біреуін келесі күнге
таңғы асқа алып қалады.Бұл күні ол он мил ге жақын жол жүрді.Келесі
күні жүрегі мүмкіндік берген кезде қозғала отырып бес милге жақын
жол жүрді.Міне енді даладан қасқырлардың ұлыған дауысы жиі естіле
бастады.Үш қасқыр бұқпантайлап оның жолын кесіп өтті.Әзірге
бұқпантайлап ,алдағы өліммен парапар қауіп туралы алғашқы
ескерту.Жолаушы жолда кездескен шілдерді қуып жетуге
тырысады,нәтижесіз,тіптен күші қалмады.Ол қапшығындағы
заттарының барлығын дерлік лақтырған болатын,енді қапшығының
ішіндегі алтынының жартысын шығарды.Бұл жаққа келуге себепші
болған алтындар кешкісін бұл алтындарды да лақтырады.Ол уақыт өте
келе есінен тана бастады.Айналада жүрген қасқырлар әліде жақындар
емес.Байғұс жолдан киіктің жалаң сүйегін тауып алды.
«Өлу қорқынышты емес.Өлу ұйықтау.Ажал-бұл соңы,
тыныштық. Енді неге өлгісі келмейді?» Міне енді жүрелеп
отырып ойға шомылуда деп жазады Лондон,сүйікті тісімен
ұстап соңғы нәрін сорғылауда.Сипаттау қорқынышты бола
бастады.Тіршіліктен алыста қалған адам қасқырлардан
қалған қалдық тамақтарды жеп,сүйектерді таспен
сындырып ашқарақтана жұтады.Ол тіпті таспен өз
саусақтарын ұрғылап алсада ауруды сезбейді.
2.2 Солтүстік әңгімесі.
Солтүстіктің аты солтүстік,-деп жазды Лондон,- бұл жерде адамдардың
жүректері алыс жерлерге саяхаттап көрмеген адамдар ешқашан
түсінбейтін бүртүрлі заңдарға бағынады.Бұл жағдайды кей кездері
саяхатшылардың өздері де түсіне бермейді.Лондон сипаттаған бас
кейпкерлерге солтүстікте ең бастысы алтын емес ,байу емес:біреулерін
Клондайктың романтикасы ынтықтырды,басқалары осы жердегі бір
бірін байланыстыратын достық пен пәк адамгершілік қарым қатынас
ынтықтырды.Алайда адамдарды солтүстікке алтын құмарлық
жетеледі,және ол табиғат заңын бұза алмады яғни байлыққа кенелу
арманына жетеледі.Әсерлі романтика және алтын құмарлық араласып ел
солтүстігінде солтүстік тұрғындарын қалыптастырды.
Әрине,Лондон өзінің дүниеге акелген бас
кейіпкерлерінің маңызды кездерін керемет аша
білді:үлгілі іс әрекетімен және сұмпайы ойлары бар
кейіпкерлермен әрдайым келісе бермейді.Бұндай қарама
қайшылық оның бірнеше әнгімелерінің мәтінін
бұзды.Лондон бұл жағдайды жұмсартқысы келді,біресе
көмектік шиеленіске апарып ,біресе бұл әнгімеге алтын
үшін тайталасты көрсетіп романтикалық түс берді.
«Алыс жерлерде» әңгімесі Лондонның Клондайкта
кездестірген ерекше мінезімен ерекшеленетін ,солтүстік
заңдарын айқын өрнектейтін екі адам туралы.Біреуі
солтүстікке тек байу мақсатында барған бұрынғы кантор
қызметшісі.Екіншісі байлық үшін емес,айқын әсер алу
мақсатында басқалармен бірге келген романтик
интелегент.
Уэзерви және Катферт бір біріне барлық жағынан қарама
қайшы,тек бір сәйкестігі,олар солтүстікке арналмаған
адамдар.Әркім сезу керек қаталдық заңын сезбейді.Бәріне
бірдей міндеттелген жауапкершілікті сезбейді.
Кей кездері екеуі өмір сүруге жарамды жерлерден алыс
күркеде қыстауларына тура келді.Олар өркениеттен
алшақ,табиғатпен бетпе бет қалады.Осы кезде топас
канторлықтың тәкапарлығы өмір заңы ретінде басты
мәселеге айналады.Екеуінің арасындағы текетірес пайда
үшін емес,өмір үшін болатын.Бір кесе секер үшін
төбелестен соң өлейн деп жатқан Катфертті денесімен
басып отырған Уэзербиді суреттеумен әңгіме аяқталады.
Әңгіменің соңы керемет сөз түйндеулерге толы.Сюжеттік және
психологиялық жағдайларды бағытталған солтүстік мінезі айқын
суреттелген.Әдебиеттанушылар жас Лондон әнгімесін романтикага
жақын екенін әрдайым айтады.Новелладағы Клондайк кейпкерлері тіпті
Лондон жасаған Клондайк әлемі романтикаға толы.
Клондайкта ашылған картинасы ,яғни солтүстіктің өзіндік заңы өте
әсерлі,оны шынайы тіпті деректі шығарманың көлеміне сиғызу үлкен
еңбек.Бұл әнгімеде солтүстіктің тәкаппар сұлу табиғаты,көлемді
эпикалық масштабта драммалар,өткір келіспеушіліктер ,шиеленіскен
қарым қатынастар суреттеледі.
Алыс қырларда әнгімесіне қайта оралсақ ,оны қайталап оқығанда
солтүстіктің қорқынышын жеңе алмаған адамдарды еске
түсіреміз.Солтүстік қорқынышы ұлы суықпен ұлы кешірімсіздіктің
айрылмас досы. Табиғаттың тылсым күшіне бас иген және оның
құдыретінен қорыққан адамдар туралы әңгімеде философиялық тұрғыда
әсерлі өрнектелген.
1902жылы құрастырылған «Аяз балалары» үндістер тақырыбындағы
шығармасы солтүстік туралы әнгімелерінің шыңы болды.Үндістерді
суреттеуге бағытталған Америка әдебиетінде Лондонға дейн де бірнеше
жазушылар болды.Мысалы:Купер және Лонгфелло.Лондон олардың
ізденісін синтездегендей.Оның үндістер туралы новеллалары
үндістердің ұлттық мінезі және өмір сүру үрдісін кеңінен зерттеді.
Лондонның ақындық реализмі үндістер цикілінде көркемдік жемісін
берді.Лондон үндістерді үлгі тұтқан жоқ оған өркениеттен
қашу,қалыпты өмір сүруден қашқан үндістердің өмірі жат болды.Алайда
қатал ,адамды ерлікке әділдікке үйрететін солтүстік заңдары әлі де өмір
сүруде.Бұл заң солтүстік тұрғындарына ана сүтімен ұрпақтан ұрпаққа
беріліп келеді.Солтүстік туралы әнгімелер поэзия арқылы
қанаттанған.Шығармашылығының құлдырау жылдарында Лондон
өзінің алтындай Клондайттық ағынына келіп жоғары кәсіби
шеберлікпен орындаған тағы бір новелланы өмірге алып келді.Бұл
әңгімелер солтүстіктік шынайы ойлары үндістердің ұрпақтан ұрпаққа
беріліп келе жатқан өзіндік құндылықтары мен салт дәстүрлері туралы.
Бұл дәстүрлерді сақтап қалу уақыт өткен сайын қиындап
барады,өйткені іргелес қоныстанған келімсектер ,басқыншылар
өздеріне ұнаған жаңа әлемге «қызыл терілелерді»мұйын ұсындыруға
барынша әрекеттенеді.
2.3«Өмір заңы»әңгімесі
Кәрі Коскуш ұйып тындады. Оның көз жанары ерте сөнді, бірақ
есту қабілеті бұрынғыдай өткір күйінде қалды, аздаған дыбысты
сезіп, құрғақ маңдай асты жалтырлаған есі келешекке қатысы
болмады.
Ал бұл, Сит-Кум-То-Ханың ащы дауысы; ол оларға жегу әбзелін
кигізе отырып, айқаймен итті ұрады. Сит-Кум-То-Ха – оның
қызының қызы, бірақ оның қар үстінде жалғыз отыратын, бәрі оны
ұмытқан және бишара, қаусаған шалға бекерге уақыт жұмсау үшін
ол өте қолы бос емес адам. Аялдамадан түсер кез келді. Алда ұзақ жол
бар, ал қысқа күн баяулағысы келмейді. Оны өмір шақырады, өлім
емес өмір талап ететін жұмыс шақырады. Ал ол өлімге сондай жақын.
Бұл ой бір минутқа қарияның жаның түршіктірді, және ол қалтараған
қолдарымен аударып жанындағы аздаған бір шоқ шыбыққа қарай
қолын созды. Шыбық қасында екенін байқап,
ол қолын қайтадан үстіндегі теріге қарай тығып, қайтадан
құлақ салды....
Қортынды
Жазушы шығармаларындағы биік белесі — “Мартин Иден” (1909, қазақ
тілінде 1968) роман-биографиясында автордың өзіндік тұлғасы, қоғам
мен қоршаған ортаны тануы, шығармашылық өнер жөніндегі ойлары
көрініс тапқан. Кейіннен Лондон шығармаларын
Мұхтар Омарханұлы Әуезов, М. Дәулетбаев, Б. Омаров, т.б.
қаламгерлер аударған. Әуезовтің “Көксерек” повесінен канадалық
жазушы Эрнест Сетон — Томпсонның “Винипег қасқыры” мен
Лондонның “Ақ азу” атты шығармаларының әсері байқалады. Мұның
өзі қазақ көркемсөз өнерінің әлем әдебиетімен сабақтаса дамығанын
көрсетеді. Лондон шығармалары бұрынғы Кеңестер Одағы аумағында
көп аударылып, кең тарағанДжек Лондонның солтүстік және оңтүстік
туралы әңгімелері және оның шынайы романдарына тәнті болған
әдебиеттанушылар оның таңғажайып нәрселеріне таң қалмады.

Ұқсас жұмыстар
Оған қоса, болашақ жазушы
Әдеби кейіпкерлер әлемі
ДЖЕК МА - АЗИЯДАҒЫ ЕҢ БАЙ АДАМ
ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМДЕ ШАРТ
Менің мектептегі күнім
ЛОНДОН
Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы
Бағыт ұйымдастыру
Лондон-Алматы сақтандыру компаниясы жайлы
Лондон олимпиадасы
Пәндер