Жер құнын бағалау




Презентация қосу
Жер құнын бағалау
Мазмұны
Кіріспе

I Тарау. Жердің жалпы мінездемесі және оның бағалауы
1.1. Жер ресурстарын пайдалану және жер қорын пайдалану
1.2 Жерді экономикалық бағалау әдістері және оның негізгі
принциптері

II Тарау. Жер бағасын айқындау
2.1 Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекет беретін жер
учаскелерінің кадастрлық бағалау

III Тарау. Жерді бағалаудың тиімділігі
3.1. Жерді бағалаудың ел болашағына және экономикаға әсері
3.2. Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлікті бағалау
механизмін жетілдіру жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың мақсаты
- Жерді экономикалық бағалау әдістері
және оның негізгі принциптері
- Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу
үшін мемлекет беретін жер учаскелерінің
кадастрлық бағалау
- Қазақстан Республикасындағы
жылжымайтын мүлікті бағалау
механизмін жетілдіру жолдары анықтау
«Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау
Қазақстан Республикасы аумағында жер учаскелерінің
кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және оның
нәтижелерін салыстыру бойынша бірыңғай тәсілді
қамтамасыз ету мақсатында жасалған.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
19қарашасындағы №442-11 ҚРЗ Жер кодексіне және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2
қыркүйектегі №890 «Жер учаскелерін жеке меншікке
беруде, мемлекеттің немесе мемлекеттік жер иеленушілер
жалға беруде жер учаскелері үшін төлемақының базалық
ставкасын, сондай-ақ жер учаскелерін сату құқығы жалға
бергені үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы»
қаулысына сәйкес жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау)
құнын айқындау жөніндегі тәртібін белгілейді.
Бағалау жүргiзудiң негiздемелерi

1. Қазақстан Республикасының азаматтық
заңдарына сәйкес бағалаушы мен тапсырыс
берушiнiң арасында жасалған бағалау жүргiзу шарты
бағалауды жүргiзуге негiздеме болып табылады.
Бағалау жүргiзу шарты бойынша бағалаушы
бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзге құнын
белгiлеу үшiн қызмет көрсетуге мiндеттенедi, ал
тапсырыс берушi осы қызметтерге ақы төлеуге
мiндеттенедi.

2. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда
объектiнi бағалау, оның iшiнде қайта бағалау соттың
немесе уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жүргiзiлуi
тиiс.
3. Сот және уәкiлеттi орган бағалаушыны
таңдауда дербес болады
Бағалау жүргiзу шартына қойылатын мiндеттi талаптар
1. Бағалау жүргiзу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң өтемдi
қызметтер көрсету шарты туралы нормалары қолданылады.
2. Бағалау жүргiзу шартында мыналар қамтылуға тиiс:
1) тапсырыс берушi мен бағалаушының деректемелерi:
жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұратын жерi;
заңды тұлға үшiн - атауы, орналасқан жерi (почталық мекен-жайы), банктiк
деректемелерi;
2) бағалау объектiсiнiң (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi,
айқындалатын құнның түрi;
3) бағалау түрi;
4) бағалау объектiсiнiң түрi;
5) бағалау жүргiзудiң мерзiмдерi;
5-1) бағалау жүргiзу кезiнде қолданылатын бағалау стандарттарына нұсқау;
6) көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы төлеудiң шарттары, тәртiбi және мөлшерi;
7) тараптардың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi;
8) тапсырыс берушiнiң бағалау объектiсiне меншiк құқығын растайтын құжаттың
деректемелерi не тапсырыс берушiге бағалау туралы шарт жасау құқығын беретiн
өзге де негiздемелер;
9) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның
деректемелерi (лицензия берген орган көрсетiлген оның нөмiрi мен берiлген күнi).
Бағалау жүргiзу шартында осы тармақта көзделмеген өзге де талаптар болуы
мүмкiн.
Шаруашылықтарда дәнді дақылдар өсіру
көрсеткіштері
Рет Бонитет балы Нақты түсім (Өн) Есептелген түсім
№ (Б) (Өе)

1 16 1 2,8
2 21 5 3,8
3 25 3 4,6
4 29 6 5,5
5 34 6 6,5
6 38 8 7,4
7 41 9 8,0
8 46 10 9,1
9 40 9 9,7
10 50 10 9,9
11 52 11 10,3
12 55 11 11,0
13 56 12 11,2
14 58 11 11,6
15 60 13 12,0
16 62 12 12,4
17 65 15 13,0
18 66 13 13,3
19 68 14 13,7
20 75 13 14,9
Бағалау туралы есептiң мазмұнына қойылатын талаптар

1. Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша екi дана етiп бағалау
туралы есеп жасалады, олардың бiрi - тапсырыс берушiде, екiншiсi -
бағалаушыда сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына
қойылатын талаптар бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық
актiлерде белгiленедi.

2. Жеке кәсiпкер болып табылатын бағалаушы жасаған есепке ол қол
қояды және оның жеке мөрiмен расталады.
Бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның
есебiне бағалаушы-жеке тұлға қол қояды, заңды тұлғаның басшысы
немесе ол уәкiлеттiк берген адам бекiтiп, мөрмен расталады.

3. Егер бағалауды бағаланатын бағалау объектiсiнiң құрамына кiретiн
әртүрлi бағалау объектiлерi бойынша бiрнеше бағалаушы жүргiзген
жағдайда, есепке әрбiр бағалаушы өзi бағалау жүргiзген бағалау
объектiлерiн көрсетiп қол қояды.
4. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетiлуге тиiс:1)
бағалаушының атауы (тегi, аты, әкесiнiң аты, (ол болған жағдайда);
2) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына
лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi;
3) айқындалатын құнның түрi;
4) есеп жасаудың күнi және бағалау жүргiзудiң күнi;
5) бағалау объектiсiнiң (объектiлерiнiң) атауы және (немесе)
орналасқан жерi мен сипаттамасы;
6) бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау амалдары мен
бағалау әдiст
7) бағалау жүргiзу кезiнде пайдаланылатын бағалау стандарттары;
8) нақты деректердi алу көздерi көрсетiле отырып, бағалау жүргiзу
кезiнде пайдаланылатын нақты деректер;
9) есеп негiздемесi;
10) бағалау нәтижесi;
11) жүргiзiлген бағалаудың нәтижесiн толық және айқын түсiндiру
үшiн қажет өзге де мәлiметтер.
жерді бағалау әдісі оның бағасын топырақ бонитетіне-өнімділігіне сәйкес
озық шаруашылықтардағы өнімнің өзіндік құны арқылы анықтауға
саяды. Жердің сапасының жиынтық көрсеткіші ретінде бір өлшем
ауданнан алынатын нақты өнімділіктің оған жұмсалған шығындарға
қатынасы бойынша анықталатын «өлшемдес өнімділік» көрсеткішін
қолдануды ұсынады.

формулаларымен бағаланатын көрсеткіш бірдей болады деп есептеледі.
Мұнда: Б- жерді бағалау балы;
У0 Уэ –бағаланатын және үлгілік жердің өнімділігі
С0 Сэ – бағаланатын және үлгілік жерлерден алынатын өнімдердің
өзіндік құны;
То Тэ – бағаланатын және үлгілік жерлерде жұмсалатын шығындар.
Жерді бағалаудың қосымша белгілері ретінде 1 гектар жерге есептелген
өнімнің абсолюттік өнімділігінің күрделі қаржыға (өндіріс негізгі
қорының құнына) қатынасы алынады. Бұларда бағалау белгілерінің әр
түрлі болуына қарамастан, бағалау балл көрсеткішін анықтау тәсілі
бірдей.
Үлгілік (эталон) жер бөлігіне қатысты есептелген
бағалау көрсеткіші:

Мұнда: Б- есептелетін бағалау балы;
До- бағаланатын жердің көрсеткіші
Дэ- үлгілік жердің көрсеткіші.
Жерді экономикалық бағалау туралы экономистердің
арасында да бірнеше көзқарастар белгілі. Оларды негізгі
екі: шығындық және ренталық деп екіге бөлуге болады.
С.Г. Струмиллиннің әдістемесі бойынша
жердің экономикалық бағасы мына
фомуламен анықталады:

мұнда: К- 1 гектар жерді игерудің орташа
құны (шығындары) (республика бойынша)
У , У- бағаланатын жер және орташа
(үлгілік) жер бойынша 1 гектар

Т жерден алынатын өнімдердің осы
өнімді алуға жұмсалатын
шығындарға қатынасы.
Бағалау стандарттары
1. Қазақстан Республикасында бағалау стандарттары
деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
әзiрленген және уәкiлеттi орган бекiткен бағалау
стандарттары танылады.
Бағалаушылардың бағалау қызметiн жүзеге асыру
кезiнде бағалау қызметi саласындағы Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн
халықаралық стандарттарды пайдалануға құқығы бар.
2.Бағалау стандарттары бағалау қызметiнiң барлық
субъектiлерi үшiн жалпыға бiрдей мiндеттi болып
табылады және олардың күшi Қазақстан
Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
3. Бағалау стандарттары қабылдануы Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу туралы
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын стандарттау
жөнiндегi нормативтiк құжаттарға жатпайды.
Жер мониторингі.
Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды
бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді
болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу
мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-
күйін базалық (бастапқы), жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді
Жер мониторингінің міндеттері
1.Жер мониторингінің міндеттері:
1.жердің жай-күйінің өзгерістерін уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжам
жасау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен зардаптарын жою
жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2.мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді
пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік
басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету болып
табылады.
2.Жер мониторингінің жердің санаттарына сәйкес келетін ішкі жүйелері
болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергілікті жер
мониторингі жүзеге асырылады.
•Жерді жүйелі түрде бақылаудың, суретке түсірудің, зерттеудің, түгендеудің
нәтижелері, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың
материалдары, мұрағаттық деректер, жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да
мәліметтер жер мониторингі үшін ақпарат көздері болып табылады.
Жер мониторингін жүргізу
1.Жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыруды
жер ресурстарын басмқару жөніндегі орталық
уәкілетті орган жүзеге асырады.
2.Жер мониторингі бойынша мемлекетаралық
және халықаралық бағдарламаларды іске
асыру Қазақстан Республикасының басқа
мемлекеттермен жасасқан келісімдері мен
шарттарында айқындалатын тәртіппен және
жағдайларда жүзеге асырылады.
3.Жер мониторингін жүргізу және оның
деректерін пайдалану тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері
Жер монитоингін жүргізу кезінде қажетті ақпаратты алу үшін
қашықтықтан зерделеу, жер бетін суретке түсіру және бақылау
әдістері, сондай-ақ қор деректері қолданылады.
Жер мониторингін техникалық қамтамасыз ету жер
ресурстарын басқару жөнінідегі тиісті аумақтық органдарда
ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттері бар
автоматттандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге
асырылады.
Жер мониторингінен алынған нәтижелер
автоматттандырылған ақпараттықжүйенің мұрағаттарында
(қорларында) және деректер банкінде жинақталады.
Азаматтар, кәсіпорныдар мен мекемелер, халықаралық
ұйымдар, шет елдік заңды және жеке тұлғалар жер
мониторингінің мәліметтерін белгіленген тәртіппен
пайдаланады.
Жер учаскеісінің қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы
жолдардың сапасына байланыстығына төмендегідей түзету
коэффициенттері қолданылады (ҚР Жер кодексі 11-бабының 4-
тармағындағы 3 тармақша).
Қорытынды:
Қорыта келгенде жердің құндылығы барлық
қоғамда оның тұтыну құнын өндіретіндігімен
анықталады. Сондықтан жерді экономикалық
бағалау оның қоғамдық құндылығын есептеу
болып табылады. Жердің тұтыну құндылығын
бір жағынан оның тіршілік орны екендігі
қалыптастырады. Осыған сәйкес
экономикалық бағалау белгісі оның өндіргіш
күш ретінде және өмір сүру ортасы ретінде
қоғамдық құндылығы. Осы түрғыдан жердің
қоғамдық құндылығы неғұрлым жоғары болса,
ол соғырлым қымбатқа бағалануы тиіс.

Ұқсас жұмыстар
Жер телімінің нарықтық құның бағалау
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге нарықтық бағалау жүргізу
Жылжымайтын мүліктерді бағалау
Жылжымайтын мүлік нарығы
Алматы қаласы метро құрылысын салу кезіндегі жер дауларын қарастыру
Бағалаудың қағидалары
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ
Арнаулы салық режимдері
Жобаның құнын басқару
Жердің бағасы - қаржы кадастырының керекті элементі
Пәндер