Электродинамика курсындағы пәнаралық байланыс
Презентация қосу
Тақырыбы: Электродинамика курсындағы
пәнаралық байланыс
5В011000 – «Физика» мамандығы бойынша
Орындаған:
04404 топ студенті Жунбаева А.А.
Ғылыми жетекші:
ххххххххх Хххххххххх Х.Х.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Пәнаралық байланыс негізінде оқушыларының белсенділігін арттырудың
теориялық негіздері
1.1 Пәнаралық байланыс және оның оқушы белсенділігін дамытудағы рөлі
1.2 Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудың
дидактикалық шарттары
1.3 Оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру
жолдары
2 Электродинамика курсын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру
әдістемесі
2.1 Электродинамика курсын оқыту әдістемесіне қысқаша сипаттама
2.2 Электродинамика курсы басқа пәндермен байланысының әдістемелік негізі
2.3 Электродинамика курсын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру
жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің көкейкестілігі. Ғылым мен техниканың
ұдайы өсуі қоғам өміріне мәнді өзгерістер әкеліп жас
ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды.
Мұндай талаптар Қазақстан Республикасы жоғары
білімінің мемлекеттік стандартында бекітіліп, міндеттер
түрінде нақтыланды. Атап айтқанда: «...жеке адамның
шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай
жасау арқылы ой-өрісін байыту».
Зерттеудің мақсаты: Электродинамика сабағында сынып пәнаралық байланысты анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпы мектептегі сыныптарының физика сабағында
пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
айқындалса, «Физика» пәнін оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталса,
пәнаралық байланыс негізінде құрылған тапсырмалар жүйелі жүргізілсе, онда бұл оқушылардың оқу
үрдісіне белсенді араласуына, қызығушылығының артуына жағдай жасайды, танымдық белсенділікті
жоғары дәрежеге жеткізеді деп ойФФлаймыз.
Дипломдық зерттеудің мақсаты мен болжамы төмендегідей міндеттерді шешуге мүмкіндік
берді:
•Пәнаралық байланысты электродинамика курсының теориясын-
да және практикасында іске асыру мәселесінің жасалуын талдау; сыныптарды оқыту барысында
пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді
талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
•Физика сабақтарында пәнаралық байланыстарды енгізудің негізгі
бағыттарын көрсету;
•Сынып мұғалімдеріне электродинамика сабақтарында пәнаралық
байланысты пайдалану негізінде оқушылардың белсенділігін дамытуды жүзеге асыру жолдарының
аса тиімді формасы мен әдістемелерін табуға көмектесу.
•Жалпы білім беру жүйелерінде сыныптардағы электродинамика
сабақтарына пәнаралық байланыстарды енгізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеу обьектісі: электродинамика бөлімі бойынша оқушылардың белсенділігін арттыратын
пәнаралық байланысты қалыптастыру.
Зерттеу пәні: электродинамика курсын оқытуда пәнаралық байланыстарды пайдалану әдістемесін
қолдану үрдісі.
Жетекші идея: электродинамика оқыту үрдісінде пәнаралық байланыс негізінде жасалған әдістемеге
сай жүйелі жүргізілсе, ол оқушы белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді.
4-сұлба
Электрдинамика бөлімінің құрылымы
Электрдинамика бөлімініңерекшеліктері
Электрдинамикада ұғымдар абстрактілі және қиын болғандықтан, оларды оқып
үйренуде көптеген көрнекіліктерді, сұлбалар мен кестелерді, демонстрациялық
экспериментті, әртүрлі үлгілерді, суреттерді қолданады.
Оқушы көптеген электр және магнит құбылыстарын жақсы түсінеді, егерде осы
құбылыстарды түсіндіретін теорияны білетін болса. Мұндай теория Максвеллдің
математикалық дифференциал теңдеулермен берілген, электрмагнитгік өріс теориясы.
Орта мектепте оқушылардың математикадан дайындығы бұл теңдеулерді шешуге
жарамайды. Сондықтан да орта мектепте Максвелл теориясы сапалық деңгейде
электрдинамиканың барлық тақырыптарын қамтиды. Яғни электрмагниттік өріс, оның
материялылығы, өрістің энергиясы, әсер ету жылдамдығының шектілігі және т.б.
Электрдинамиканы оқып үйренуде оқушылардың көңілін іргелі тәжірибелерге аудару
керек. Іргелі тәжірибелер оқытуда, ғылымда негізгі болып табылады және олардың рөлі
зор.
Электрдинамикада іргелі тәжірибелер қатарына:
- Кулон тәжірибесі (1785-1788 жж.) екі зарядтың өзара әсерлесуі зарядтардың
шамалары мен ара қашықтығына байланысты тағайындалады;
- Эрстед тәжірибесі (1820 ж.) электр тогының магнит тілшесіне әсері көрсетіледі;
- Ампер тәжірибесі (1820 ж.) тоғы бар параллель өткізгіштердің өзара әсері;
- Ом тәжірибесі (1826 ж.) ток күші және кернеудің арасындағы байланысты
анықтайтын;
- Фарадей тәжірибесі (1831-1837 ж.ж.) электрмагаитгік индукция құбылысын
көрсететін;
- Герц тәжірибесі (1870-1880 ж.ж.) электрмагниттік толқынды шығарып және
тарататын толқындық қасиеттерін зерттеуге арналған;
- Милликен және Иоффе (1912-1913 ж.ж.) элементар электр зарядының шамасын
анықтайтын;
- Толмен-Стюарт тәжірибесі (1916 ж.) (немесе Мандельштам-Папалекси, 1913 ж.)
металдардың электр өткізгіштігі, олардағы еркін электрондардың қозғалысынан
болатындығын анықтайтын;
- Майкельсон және Морли тәжірибесі (1881 ж.) айырықша санақ жүйесінің
артықшылығы байқалмаған;
- Ремер (1676 ж.), Физо (1849 ж.) және басқа ғалымдардың жарық жылдамдығын
өлшеу туралы тәжірибелері;
- Юнг тәжірибесі жарықтың толқындық қасиетін анықтаған және т.б. жатады.
Қорытынды
Дипломдық жұмыста электродинамика курсы бойынша пәнаралық байланыс негізінде
сынып оқушыларының белсенділігін арттыру мәселесі зерттелді.
Белсенділік - білім сапасын арттыру негізі. Білім сапасын арттыру мұғалімнің
дайындығына, оқушының оқу/оқыту үдерісіне деген қатынасына, белсенділігіне
байланысты болып табылатыны қарастырылды.
Электродинамика курсын оқыту үдерісінде пәнаралық байланыс негізінде
оқушылардың белсенділігін дамыту проблемасы теориялық және эксперименттік зерттеу
нәтижесінде қорытынды жасауға мүмкіндік туды.
Пәнаралық байланыстарды оқу процессіне кірістіру оқушының оқу - танымдық
әрекеттерінің барлық компоненттеріне құнды қасиет береді:
- жалпы және нақты пәндердің оқу мақсаттарының бірлігі айқын көрінеді;
•басқа пәндерге деген қызығушылық себепші болып, білсем деген ынтасын арттырады;
•білімге құмарлығы, үйрену тәсілдері пәнаралық жұмыстардың негізінде кеңейту, білген
сайын біле түссем екен деген ынта туады;
•оқудың ағартушылық, зеректік және тәлімдік мәндерінің бірлігі орынды іске асып,
білімнің жүйелілігі олардың дүниетанымдық мәнін меңгеруге, танымның тартымды
әдістерін игеруге, зор ынтасын өсіруге әсерін тигізеді.
Зерттеу жұмысы негізінде мынандай ұсыныс айтуға болады:
Жоғарыда айтылғандарды және баспасөз беттерінде жарияланған
материалдардан ала отырып, бүгін әсіресе ертеңгі күні пәнаралық байланыстар
негізінде мектептерде оқу - тәрбие жұмыстарын жетілдіру қажет.
Зерттеу мәселесі күрделі және сан қырлы болғандықтан оның барлық
жағын жан-жақты қарастыру мүмкін емес. Болашақта пәнаралық байланыс негізінде
оқушылардың белсенділігін дамыту проблемасын шешу жалғасын табады деп
есептейміз.
Білім, білімдік сала оқушы құзыретінің, оқыту нәтижесінің бір бөлігі болып
табылатындықтан, келешекте төмендегідей бағыттарда зерттеу жұмыстарын
жүргізу керек деп білеміз:
- сынып оқушыларының іскерліктерін пәнаралық байланыс негізінде
қалыптастыру;
- сынып оқушыларының құндылық құраушыларын пәнаралық байланыс негізінде
жетілдіру;
- сынып оқушыларының құзыреттерін пәнаралық байланыс негізінде
қалыптастыру мәселелері алға тартылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz