МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту

Жұмыстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешуді көздейді:
а) зерттеудегі бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытудың ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру;
ә) мектепке дейінгі балаларға зерттеу жүргізіп, және құрастыру әрекеттерін дамытудың кейбір ерекшеліктерді анықтау және оның тиімді жолдарын айқындау;
б) математикалық өңдеуден алынған мәліметтерді талдау;
в) мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамытатын әдіс-тәсілдерді айқындау.

Зерттеу болжамы:
Мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдары арқылы алға қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз. Егер де жүйелі түрде балалармен бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту жұмыстары ұйымдастырылса, онда олар жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.

Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру, қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді әдістерді қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу әдістері: Бейнелеужәне құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын даму деңгейін анықтаушы тестермен қалыптастыруға арналған жаттығулар, философиялық, психологиялық, педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, оқушылардан сауал-сұрақтар алу, интервью алу, әңгімелесу, педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибе жұмыстары.
Зерттеу базасы: «Жансая» балабақшасы, Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе бөлімнен және бірінші тарауда бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту теориялары, ал екінші тарауда мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын даму деңгейін анықтаушы тестермен психологиялық жаттығулардың нәтижесі ұсынылады және қорытынды, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

I Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту
1. 1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту
Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе: қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты.
Бұл ұлағатты мақсаттың жүзеге асуының тиімділігі бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш пен балабақшаға тәуелді болатыны айдан анық. Өйткені, адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктерінің 80% -ті осы бастапқы оқу кезінде қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеп отыр.

1. 2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар балардың өзіндік ой - тұжырымын жасау оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер мәселелеріне көңіл бөлінген.
Бүгінгі таңда бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті деп баланың жеке басының жан -жақты дамуына, айналадағы дүниені белсенді түрде тануына, өздерінің алған әсерлерін графикалық және пластикалық формада шынайы әрі шығармашылықпен бейнелей білу қабілетін тәрбиелеуге жәрдемдесетін көркемдік іс-әрекетті түсінеміз. Бейнелеу өнеріне баулуда балалар сурет салу, мүсін жасау, жапсыру, конструкциялауға үйренеді [12, 13, 14, 15] .
Бейнелеу сауатын құрайтын бейнелеу құралдары мен әдістерінің барлық жиынтығын бала меңгере алмайды. Әрбір өнердің әсерлі құралдарының ерекшеліктерін педагогтың білуі олардың әрқайсысын бала түсініп, игеретінін және қайсысы балаға түсініксіз екенін анықтауға жәрдемдеседі.
Бейнелеу өнері негіздерін оқып үйрену процестерінде шығармалардың идеясына, мазмұнына, шебердің өзіндік жеке ерекшеліктеріне байланысты суретшілердің алуан түрлі бейнелеу құралдарын пайдалануы өзгеше болатынын балалар меңгереді.

Бейнелеу іс-әрекетінде мектеп жасына дейінгі балалар бірқатар графикалық және кескіндемелік білім мен дағдыларды меңгеріп, қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды талдауға үйренеді.
Сурет салу, мүсін жасау, конструкциялау сабақтарында жеке басының табандылық, мақсаттылық, ұқыптылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттері қалыптасады.
Бейнелеу өнерімен шұғылдану мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дамуына, олардың сөздік қорының байи түсуіне жәрдемдеседі. Педагог үйретудің негізгі әдістерінің бірі ретінде сөзді пайдаланады: сабақтың тақырыбын хабарлайды, тапсырманың орындалу ретін әңгімелеп береді. Тәрбиешінің айқын, әсерлі сөзі балаға бейнелеу процесін терең ой елегінен өткізуге көмектеседі.
Бейнелеу іс-әрекетін дамыту мәселесіне көптеген ғалым, педагогтардың зерттеулері арналған. Италияның өнер зерттеушісі Коррадо Риччидің «Суретші балалар» атты еңбегі (1887 ж. ) балалар суреттерін психологиялық талдауға арналған. Балалардың көптеген суреттерін зерттей отырып, бейнелеу шығармашылығының өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама берген.

Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрлеріндегі балалар шығармашылығы зерттелінді:
сурет салудағы графикалық іскерліктің қалыптасуы туралы (Т. С. Камарова) ;
мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың натурадан сурет салу ерекшеліктері және оларға басшылық жасау әдістері туралы (Р. Г. Казакова) ;
мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың сурет салудағы шығармашылығына табиғаттың поэтикалық образдарының ықпалы туралы (Л. В. Компанцева) ;
мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың декоративтік - өрнектік іс-әрекетінің қалыптасуы туралы (З. А. Богатеева) ;
декоративтік аппликациялық жұмыстардың материалында балалардың бейнелеу әрекетінің сенсорлық негіздері (Е. С. Рогалева) және т. б. еңбектерінде көрініс тапты [20, 21, 22] .

Бейнелеу қабілетттілігін ойдағыдай дамыту үшін көру аппараттары құрылысының да маңызы бар. Көздің анатомиясындағы немесе физилогиясындағы болмашы кемістік түсті сезе білуге әсерін тигізеді, ал түсті сезе білу суретші үшін соншалықты маңызды. Көзінің тор қабығының қолбалық аппаратының әрекеті бұзылған адам түсті ішінара ажырата алмаудан жапа шегеді, көбіне қызыл немесе жасыл түстерді ажырата алмайды (дальтонизм) . Дальтонизмнен жапа шегетін адамдар спектр түсін негізгі екі тонда - сары және көгілдір тонда қабылдайды. Мұндай адам айналадағы заттардың бояуын дұрыс қабылдап, оны живописть құралдарымен бере алмайтыны айқын.
Көздің өткірлігі де, яғни заттарды алыс қашықтықтан айыра білу қабілеті де көру аппаратының құрылысына байланысты. Көздің белгілі бір қашықтықтан айыратын заты неғұрлым кіші болған сайын, оның өткірлігі де соғұрлым жоғары болады. Кеңістікті көру көздің микроқозғалыстарының көру актісіне қатысуына байланысты.

Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту өзекті мәселе.
Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, шығармашылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігі әлі күнге дейін маңыздылығын жоймай отыр.
Қабілеттілік пен шығармашылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшыларын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және т. б. ) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас баларды тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған.

Қазіргі таңда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін баланы неге үйрету керек, қалай үйрету керек, әлде оны өз үйрене ала ма деген сұрақтар тууы мүмкін. Ол үшін оған алдымен тәрбиеші дайын болуы керек. Балаларды шығармашылыққа үйрету үшін:
-шығармашылықпен жеке-дара бала емес, топтың балалары айналысуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызуы керек;
-шығармашылық процеске баланы үзбей, сатылы түрде қатыстырған жөн;
-шығармашылық жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай тұрған дұрыс;
-бала жетістігін мадақтап, көтермелеу керек.

Баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту мүмкіндіктерін жетілдіруде баланың жас ерекшеліктерін есепке аламыз.
Г. С. Абрамов жастың өсуіне байланысты жаңа психикалық білімдердің қалыптасуын былай сатылап көрсетеді:
1-3 жаста заттық әрекеттерді меңгеру, белсенді тіл, өзіндік сана-сезім;
3-6 жаста символдарды қолдану, талдап қорыту нормаларынан хабардар ету, бірлескен мотивтер, шартты-диалогтық бағыт;
6-10 жаста өз еркімен сыртқы әрекетін жоспарлау, рефлексия (іштей өзіне-өзі сынмен қарау) дүниетанымы қалыптасады.
Осы даму ерекшеліктерінің өзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өтпейді және ең маңыздысы мынау деп қарауға болмайды.

№
Балалық
кезеңдері
Жас аралығы
Кезеңдердің басты шарттары
1
Тікелей эмоционалдық қарым-қатынас жасау кезеңі
Алғашқы күннен 1 жас
Сәбиде басқалармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі, олармен психикалық ортақтығы қалыптасады.
2
Заттың манипуляторлық қызмет кезеңі
1-3 жас
Өзіндік “Мен” қалыптасуының негізі болып табылады, бұл жаста сана қалыптасуы қатар жүре бастайды.
3
Ойын қызметі кезеңі
3-6 жас
Баланың қиялдауы мен ақыл-ой қызметі жүзеге асырылады, тілі дамиды.
4
Ойын қызметі кезеңі
6-10 жас
Оқу арқылы оқушылрадың теориялық санасы мен теориялық ойлауы, оқудың мотиві мен қажеттілігі дамиды.
Ескертпе - Немовтың Психология атты оқу құралынан алынды.
1-кесте - Бала психикалық даму кезеңдері

Балалардың қабілеттерін анықтап, оларды дұрыс дамыту - аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі. Әрі ол балалардың жасын, психофизикалық дамуын, тәрбие жағдайларын және басқа факторларды ескере отырып шешілуге тиіс.
Бейнелей білу қабілетін дамыту ең алдымен байқампаздыққа, айналадағы заттар мен құбылыстардың ерекшелігін көре білуге, оларды салыстырып, сипатты белгілерді бөліп көрсете білуге тәрбилеумен байланысты. Мұның үстіне баланың жасын ескермеуге, демек, 3 - 4 жастағы сәбиден, тіпті сурет салуға үйрету тым ерте басталғаннның өзінде, күрделі сюжетке құрылған суретті талап етуге болмайды. Оның ойлау қабілеті тиісті дәрежеде үйретілген мектеп жасына дейінгі ересек бала оңай шешетін мұндай тапсырмаларды шешу үшін қажетті деңгейге әлі жете қойған жоқ.
Бірақ жастары бірдей балалардың әр түрлі даму сатысында тұратыны белгілі. Мұндай өзі тәрбиеге, сондай - ақ баланың жалпы дамуына байланысты. Педогог мұны ұмытпауға тиіс, өйткені әрбір баламен жеке қарым - қатынас жасай білу - ойдағыдай тәрбие беру мен оқытудың басты жағдайларының бірі.

Балалардың алғашқы жұмыстары бөлшектердің пропорциясыздығымен ерекшеленеді. Мұны былай түсіндіруге болады: баланың зейіні мен ойы сол сәтте ол бейнелеп жатқан бөлікке ғана бағытталған, оның басқа бөліктерімен байланысы жоқ, осыдан келіп пропорциялардың сәйкес келмеуі келіп туады.
Ол әрбір бөлікті өзі үшін маңызды детальдардың бәрі бірден сиып кететіндей көлемде салады.
Пропорцияларды дұрыс беру қабілетінің дамуы сондай - ақ аналитикалық ойлаудың дамуымен, бөліктерді көріп, олардың қайсысы үлкен екенін анықтай отырып бір бөлікті екіншісімен салыстыра білу ғана емес, сонымен бірге бейнелеу процесінде әрқашан олардың пропорциялық тәуелділігін есте сақтай білумен байланысты.
Үйрету мен жалпы дамудың ықпалымен балада заттардың және олардың бөліктерінің арасындағы пропорциялық ара қатынастарды біршама дұрыс бере білу қабілеті пайда болады.
Кейде балалар өзінің образға деген жеке қатынасын бергісі келіп, пропорцияларын саналы түрде бұзады. Мұның өзі олар бейнелеу дағдыларын үйренді, енді өз бетімен жұмыс істей алады деген сөз емес.
Бірақ осы пропорцияны саналы бұзуды творчествоға алғашкы талрыныс жасалды. Сондықтан педагог бұған назар аударуға тиіс.
Бейнелеудегі неғұрлым күрделі міндетті қимылды бере білу болып табылады. Алдымен балалар заттың қимыл- әрекетін графикалық жолмен емес, ойынмен, сөзбен, ишарамен білдірді. Бейнеленіп отырган объектінің сымбатты кейпін бейнелеу процесін жеңілдететін бөліктердің біркалыпты дұрыс пайда болады.
Бірақ шын мәнінде динамакалық образ жасау киын, өйткені балалардың қабылдап алу қабілеті әлі дами қоймаган.

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі ересек балалар тек педагогтың басшылығымен біртіндеп қана бала бейнелеу құралдарын меңгереді.
Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін зерттеушілер - Е. А. Флерина, Н. П. Сакулина, Т. С. Комарова, Т. Г. Казакова, Н. Б. Халезова және басқалар живопись пен скульптурада суретші пайдаланатын көптеген әсерлі құралдарға белгілі бір дәрежеде мектеп жасына дейінгі баланың шамасы келетінін атап айтады.
Бір өнерге деген қабілеттілік адамның өзіне тән ерекшелігі болып табылады, мұның өзі оны жануарлар әлемінен бөліп шығарып, болмысты пайдалануға ғана емес, сонымен бірге оның турін өзгертуге де мүмкіндік береді.

Балалар шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшеліктері неде?
Балалар қоршаған дүниемен таныса отырып, оны өз іс-әрекетінде - ойнағанда, сурет салғанда, мүсін жасағанда, әңгімелегенде және т. б. қайталауға тырысады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда бейнелеу іс-әрекетінің мүмкіндігі бай, өйткені өзінің мәні жағынан оның жаңғыртушылық және жасампаздық сипаты бар. Бұл арада бала қоршаған дүниеден алған өз әсерлерін қайталауға, қиялындағы образдарды беруге, оларды алуан түрлі материалдардың көмегімен нақты формаға көрсетіп беруге мүмкіндік алады.
Көркем шығармашылық үшін қажетті жағдайлармен байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті процесінің ерекшеліктерін қарап көрелік.
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларда қабылдау мақсатқа бағытталған сипатқа ие болады. Олардың көпшілігі көзбен көріп сезінуге негізделеді, олардың көмегімен бала түсті, көлемді, форманы қабылдай алады. Бірақ балада тәжірибе әлі онша үлкен болмағандықтан, тек көру арқылы толық қабылдай алмайды, сондықтан неғұрлым толық елестетуге мүмкіндік беретін сезім түйсігі және басқа түсінулерді қабылдауға кіргізу қажет.

2. 3 Ересек жастағы балалардың бейнелеу, құрастыру әрекетіндегі шығармашылық
Балалардың образ жасаудағы әсерлі құралдарына тоқталамыз.
Шығармашылықтың ең бастапқы кезеңінде, бейнелеу формасы өте қарапайым болған кезде, бала образды жанды, нақты, әрекет етуші түрде ойлайды.
Бұл кезеңде бейнелеу құралдарын жеткілікті дәржеде игере алмай, ол осы іс-әрекетті дыбыстармен, ым-ишарамен, қимылмен білдіреді. «Міне мотор от алды, ж-ж-ж, машина жүріп те кетті! Ал мына бала машина соңынан жүгіріп барады» - дейді бала: содан соң қимылды бейнелей отырып, суретті үстел бетімен қозғалта бастайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz