Тәрбиеші мамандығы мақтанышым


Slide 1

Тәрбиеші мамандығы мақтанышым

Slide 2

Мен бүгін Ерекше бір сезіммен ояндым, Сәулелі шуақты ақ таңға боядым, Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған, Өмірімнің мәніне айналған, Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан!

Slide 3

Мен тәрбиешімін. . . Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар. . . Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді.

Ал тәрбиеші ше?

Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса - міне, нәтиже.

Slide 4

Мынау менің кішкентай бөбектерім. . . Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді

Slide 5

Бүлдіршіндерді кейін мектепке барғанда бағдарламаны тез меңгеруіне өз септігімді тигізіп, әр баланың өз бойында бар бір өнерге деген икемін аңғарып, сол өнерін аша біліп ары қарай дамытуға үлес қосу.

Тәрбиешілерге бұл мақсаттың қойылу себебі: балалар мектепті бітіргенде қай салаға баруын көбіне білмей жатады. Сондықтан тәрбиешілер баланың бойындағы талабын осы кішкентай кезінен бастап аша білулері керек.

Менің тәрбиеші болғандағы басты мақсатым:

Slide 6

Білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбиешінің міндеті

Slide 7

біріншіден әдептілікке үйретуден бастаған.

екіншіден баланы қайырымды, мейірімді болуға баулыған.

үшіншіден тілалғыш, шыншыл, ата-ананы, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге, сонымен қатар ел қорғаған батыр болып, халық алдында қызымет етуге тәрбиелеген.

Тәрбие басы

біріншіден әдептілікке үйретуден бастаған. екіншіден баланы қайырымды, мейірімді болуға баулыған.

үшіншіден тілалғыш, шыншыл, ата-ананы, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге, сонымен қатар ел қорғаған батыр болып, халық алдында қызымет етуге тәрбиелеген.

Slide 8

Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді. . . Әр бала өзінше бір әлем. . . Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл. . . Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қалтарыс - бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?! Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер сирек. . . Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай.

Slide 9

« Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де, ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие»

К. Д. Ушинский.

Slide 10

Менің түсінігімше, тәрбиеші тәрбие жұмысына үнемі атсалысып, балаларға қамқор болып жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, үйлестіруші жан. Өйткені, тәрбиеші балалардың ортасында жүріп, олардың мінез-құлқын біліп, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізеді.

Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәрбиешінің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Шындығына келгенде, тәрбиешінің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, сыпайылық т. б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін тәрбиешінің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Тәрбиешінің жеке басында, сөз бен ісінің арасында алшақтық болмау керек деп ойлаймын.

Тәрбиеші қандай болу керек?

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
ТӘРБИЕШІ ПОРТФОЛИОСЫ
Тәрбиешінің мінсіз тәрбиеші туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу
Жұлдызға тән мамандық
Тәрбие әдістері
Мамандығым – мақтанышым (балабақшадағы тәрбиешілер сайысы)
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан
ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІ
Қызыл түсті асық
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz