Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқыту




Презентация қосу
Бастауыш сыныптарда
қазақ тілі сабағында
фонетиканы оқыту.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ
1.1 Фонетиканы оқыту әдістемесі
1.2 Морфологиялық әдістеме
1.3 Сөз жасау әдістемесі
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЫБЫСТАРДЫ ОҚЫТУ
2.1 Дыбыстардың айтылу үлгілері
2.2 Дауыссыз дыбыстарды үйрету
2.3 Сөйлеудің фонетикалық бірліктері
2.4 Буын. Дауыс ырғағы, екпін туралы түсінік
2.5 Дыбыс , әріп, фонема туралы түсінік.
2.6 Фонетикалық заңдар
КІРІСПЕ
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан.
Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының,
тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың
құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі
лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің
дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-
қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл
дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы
дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының
пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері,
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа,
3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік
емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері
арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын
дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы
жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің
қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы
немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің
тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда
болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу
нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша
қызметі.
Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады.
1. тыныстау аппараты;
2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады;
3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Зерттеу өзектілігі Еркіндік пен демократия қанатын жайып, экономикасы дамып,
келешегі даңғыл қазақ еліндегі Білім жүйесі де күрделі реформаларды басынан кешіріп,
ұлы көшке еруде. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің алдымызға үлкен
мақсаттар қойып отыр. Ол - жеке тұлғаның және қоғамның, «парасатты экономиканың»
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін
қалыптастыру талап етілуде. Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы
оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, қазақ тілі сабағында фонетиканың
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы керек.
Зерттеудің пәні : Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқыту.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы
оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу міндеті: Фонетиканы оқыту әдістемесі туралы толық мағұлмат беру. Дауысты,
дауыссыз дыбыстарды үйрету, олардың айтылу үлгісін көрсету.
Зерттеудің болжамы: Фонетиканы әдістері сан алуан. Осы әдістерді методикада
жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің
сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден,
мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді мектепте білім беруде қазақ тілін оқытуда түрлі
әдістерді қолданса, онда білім сапасы артады.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ
1.1 Фонетиканы оқыту әдістемесі
Тілдің дыбыстық жағының сырын оқушыларға түсіндіріп, онын лексикалық
грамматикалық құбылыстармен байланысы бар екендігін көрсету, мектепте
фонетнканы оқытудың аса маңызды теориялық міндеттері болып табылады.
Сондықтан да фонетика грамматиканың лексикамен саз тудыру сияқты
салаларынан бұрын оқытылады. Өйткені тілдіқ фонетикалық жүйесімен
таныстырмайынша, оның (тілдің) басқа жақтарын теориялық немесе практикалық
тұрғыда оқыту мүмкін емес.
Мектепте фонетиканы оқыту, практикалық мақсаттарды да көздейді. Мысалы,
қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің ерекшеліктерін оқушылардың білуі: дұрыс
жазу, әдеби тілмен сөйлеу нормаларын меңгеру, тыңдау мәдениетін дамыту т. б.
Фонетика курсының мазмұны. Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды:
a) физиологиялық (жасалу);
ә) акустикалық (естілу);
б) қызметі (сез жасау).
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі. Өздеріңізге мәлім, қазақ тілінде
37 дыбыс бар, бұлардың бәрі белгілі бір жүйе болып қалыптасқан.
Бұл дыбыстар іштей екі топқа (жүйеге) бөлінеді:
1) дауысты дыбыстар тобы немесе жүйесі — оның құрамында 12 дыбыс бар;
2) дауыссыз дыбыстар тобы — оның құрамында 25 дауыссыз дыбыс бар.
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйе тұрғысынан қарағанда:
1) қазақ тілінде айтылатын сөздердің бәрінде кездеседі, соларға жамылғы болып
тұрады;
2) сөйлеу мүшелерінде әр дыбыстың жасалу орны, әрқайсысынын айтылу және құлаққа
естілу әуені бар;
3) әрбір дыбыс белгілі бір сапалық ерекшелігімен екінші дыбыстан ажыратылып, оған
қарама-қарсылықта айтылады, демек, а дыбысын ә не ы дыбысынан ажырататынымыз
сияқты, б дыбысын п, т, к, дыбыстарынан ажырата аламыз, жеке айтылса да, сөз ішінде
келсе де, біздің құлағымыз, яғни есту қабілетіміз оларды бір-біріне шатастырмайды;
4) сөз ішінде дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы қалыптасқан. Мысалы: а) к, г,
дыбыстары байырғы сөздерде жуан дауысты дыбыстармен тіркесіп айтылмайтыны сняқты
қ, ғ дыбыстары, керісінше, жіңішке дауыстылармен тіркеспейді; ә) байырғы сөздер екі
дауыссыз тіркесінен басталмайды; б) көп буынды сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай
жіңішке айтылады, бұларға жалғанған қосымшалар да не бірыңғай жуан, не бірыңғай
жіңішке түрде қосылады.
1.2 МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ
Тілді оқып үйрену үшін, оның негізгі компоненттерін
(дыбыстық жүйесін,лексикасын, грамматикалық құрылысын),
қалыптасуы мен қызметін білу керек. Қоғамдық құбылыс ол өсіп
дамып отырады. Осы тұрғыдан оған сөздердің жасалуы мен
сөздердің түрленуі сияқты қасиеттері ерекше сипат береді.
Оқушылар сөздердің жасалуы жайында түсінік алғаннан кейін, енді
сөздердің түрленуі жайында, олардың жасалу тәсілдері жайында
оқып біледі. Ал сөздердің түрленуі грамматиканың морфология
бөлімінде өтіледі, мұнда ғылымда «сөз таптары» деп аталатын
сөздердің лексика-грамматикалық түрлерге бөлінуінде
қарастырылады.
Сөз таптарын оқыту оқушыларды синтаксистік жүйелі курсын
етуге даярлайды, дұрыс жазу ережелерін оқып үйренуге жағдай
туғызады, грамматика сабақтары оқушылардын тіл ұстартуы,
сөздіктерін байытуы, сөздерді қолдану ережелерін меңгеру
мақсатында пайдаланылады.
Сонымен бірге, сөз таптарын оқып үйрену оқушылардың
логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді, бұған әр түрлі сөз
таптарына жататын сөздерді грамматикалық белгілеріне қарап
жіктеу, тектік және түрлік ұғымдарды ажырату,
құбылыстарды қандай да бір белгілеріне қарап жіктеу сияқты
логикалық операциялар жүргізуге жетелейді.
Сөз таптарын оқытқанда кездесетін қиыншылықтар;
1) оқушылар «сөз таптары» мен «сөйлем мүшелері» ұғымдарын
шатастырады;
2) бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқандығын білмей қалады
(соң, кейін, әрі, бері сөздерінің әрі үстеу, әрі шылау болатындығы);
3) аттас формаларды ажырата алмау (жатыс септігі -да, -де
-мен жалғаулық да, де шылауы; көмектес септік –мен , -бен және
жалғаулық бен, пен: табыс септік -ды ты және сын есімнің -ды,
-ты жұрнақтары; етістіктің ме ме жұрнағы мен сол тұлғадағы
зат есім жұрнақтары сұрақтары
1.3 Сөз жасау әдістемесі.

1992 жылы қазақ тілі бағдарламасына «Сөздердің жасалуы» атты жаңа бөлім
енгізілді. Бұл бөлімнің IV класс бағдарламасында: «Сөз тұлғасы туралы түсінік,
түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік, септік,
жіктік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз» деген тақырыптар қамтылса, V
класс бағдарламасында: «Дара, күрделі сөздер. Біріккен сөз және оның емлесі.
Қос сөздер және оның түрлері. Қос сөздердің емлесі. Қысқарған сөздер және
олардың емлесін сияқты тақырыптар қамтылды. Бұл аталған тақырыптар
бұрынғы бағдарламалар мен оқулықтарда «Сөз құрамы», «Сөз тұлғалары»
деген жалпы тақырыптар морфология бөлімінде қарастырылып келген
болатын. Соңғы кезде сөздердің жасалуын өз алдына бөлім етіп дербес
қарастырылуда, яғни оның лингвистикалық негізі — сездердің жасалу процесі
— тек грамматикалық (морфологиялық) құбылыс қана емес, сонымен катар
тіліміздін сөз байлығын молайтатын, сайып келгенде, лексикалық та құбылыс
болып табылатындығынан. Басқаша айтқанда, сөздердің жасалуы — лексика-
грамматикалық категория.
Тіл туралы ғылымның бір саласы ретінде сөздердің жасалуы — сөздің
құрылымын, морфемальқ құрамына, сөз жасаудың тәсілдерін және сөздердін
жасалуының әр түрлі жолдарын зерттейді.
Сөз—мағыналық, бөлшектерден тұратын құрылым. Қазақ тіліндегі атауыштық
сөздер өздерінің құрылым бойынша негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Туынды сөздердің құрамында түбір және қосымша (жұрнақ) болады. Сөздің
барлық бөліктерін морфемалар деп атайды, түбірге косылып жаңа сөз тудыратын
немесе жаңа тұлға тудыратын бөлшектерді қосымшалар дейді.
Мектепте сөздердің жасалуын оқытудың танымдық әрі практикалық зор маңызы
бар.
Сөздердің жасалуымен танысуы біріншіденсөз құрылымының дамуы мен
сөздердің жасалуы белгілі бір заңдылыққа бағынатынын көрсету болса;
екіншіден, тілдің әр түрлі деңгейіндей бірліктердің арасындағы өзара
байланыстылықты көрсету, бір жағынан сөз жасау денгейі, екінші жағынан
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлер; үшіншіден, тілдің
грамматикалық құрылысын тереңірек білуге жағдай жасайды. Өйткені қазақ
тілінде грамматикалық мағыналарды білдірудің аса маңызды тәсілдері жалғаулар
мен сөз түрлендіретін жұрнақтар болады.
Туынды сөздерді талдаудың түрлері. Сөздердің жасалуын оқыту
кезінде туынды сөздердің құрылымы мен оның жасалу жолдарын
анықтауға тура келеді. Туынды сөздердің құрылымын
анықтағанда, сөзге морфемалық талдау жасалады да (түбір—
қосымша), оның жасалу жолдарын анықтағанда, сөз жасаушылық
талдау жасалады. Мысалы: ақшылдау—морфемалық талдау;
ақшылдау — ақшыл сөз жасаушылық талдау, демек тілде
ақшылдау деп те, ақшыл деп те туынды сөз қолданылады.
Морфемалық талдауда сөз құрамындағы барлық қосымшалар
бөлшектеліп көрсетіледі. Сөз тудырушылық талдауда сөздің
жасалу тәсілдері мен сөз жасау процесінде морфемалардың қосылу
тәртібі анықталады.
Морфемалық талдау: білімділік. Сөз тудырушылық талдау:
білімділік—білімді-білім
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты
дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің
болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар.
Оның 1-физиологиялық классификация;
2-акустикалық классификация.
Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда
әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің
қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің
қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
•Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан
дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына
жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).
•Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у -
еріндік).
•Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.
•Қысаң (ұ,ү,ы,і).
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.
Дауысты дыбыстар кестесеі
Еріннің Иектің (жақтың)Тілдің қатысына
қатысына қарай қатысына қарай қарай

Еріндік Езулік Ашық Қысаң Жуан Жіңішке
дауыст дауыст дауыст дауыстыл дауысты дауыстылар
ылар ылар ылар ар лар

О, Ө, У,А, Ә, Ы,А, Ә, О,Ы, І, (И),А, О, (У),Ә, Ө, Ү, І, Е,
Ұ, Ү І, (Э) Ө, Е У, Ұ, Ү Ұ, (И) (И), (У)
Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап
бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады. Тіліміздегі жалаң
дауысты фонема э болғанымен, қазақ сөздерінде е
жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э) түрінде көрсетілді.
Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі:
а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір
кедергіге ұшырайды.
ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады.
б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды.
в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу
дірілдейді яғни пассив қатысады.
2.2 Дауыссыз дыбыстарды үйрету

Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап
шығуынан жасалатын дыбыстар.
Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у),
һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне
соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда
үнге салыдр араласады.
Дауыссыз дыбыстар кестесі
Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар

П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ Р,л,,й,у,м,н,ң

Айтылу ерекшелігіне байланысты
Шұғыл Ызың
п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц;
в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ
Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстары жүйесі, олардың
топтастырылу жүйесі бірінші сыныптан бастал үйретіледі де, әр
сыныпта күрделеніп отырады. Қатаң, ұяң, үнді, дыбыстардың
айтылуының қазақ тілінде ерекшелігі бар. Сондықтан олардың
әрқайсысына тән дыбысталу ерекшелігін білу керек.
Орыс тілінде де дауыссыздар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді,
сондықтан дауыссыздың бұл түрлерін оқытуда оқушының ана
тілінен алған біліміне сүйену керек. Сонымен бірге дауыссыздардың
бұл топтарының ішінде екі тілге ортақ белгілері бар.
Мысалы: стп,т,м,б,зл,иг,н,р сияқты дауыссыздарды оқыту қиындық келтірмейді. Ал орыс тілінде
жоқ қ,ғ,ң,һ, дыбыстарын оқытуға мұғалім ерекше мәе береді. Бұл дыбыстардың орфоэпиясын
алғашқы күннен бастап дұрысс қалыптастыру мақсаты көзделеді. Оқушы бұл дыбыстарды ана
тіліндегі к,н,г.х-дыбыстарына ұқсатып айтадыі. Мұғалім олардың арасындағы айырмашылықты
оқушы санасына жеткізіп, олардың дұрыс айтылуын үнемі қадағалап отырады. Бұл дыбыстарды
оқытуда еліктеу, салыстыру әдісін қолданады.
Оқушы мұғалімнің бұл дыбыстарды айтуыға еліктейді, мұғалімге қосыла қайталайды, мұғалімнің
буынды, сөзді айтуын мұқият тыңдайды. Орыс тілінде дауыссыз дыбыстар жуан, жіңішке болып
бөлінеді, ал қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар жуан кемесе жіңішке болып бөлінбейді.
Бірақ дауыссыздардың сөзде жуан иемесе жіңішке айтылуы дауысты дыбыстарға байланысты.
Дауыссыз дыбыстардың бұл ерекшелігі салыстыру, тыңдау, жаттықтыру, қайталау, еліктеу
әдістері арқылы үйретіледі. Дауыссыз дыбыстарды үйрету мынадай жүйемен берілген:
Қатаң
П,Т, К-Қ.Ш, һ
Уяң

Б, Д, Г. 3, Ж
Үнді
М, Н, Ң, Ү. Р, Л, Й, У
Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстары жүйесі оқушыға топтастырылу арқылы үйретіледі. Олардың
әрқайсысына тән дыбысталу ерекшелігін білу керек. Орыс тілінде де дауыссыздар қатаң, ұяң, үнді
болып бөлінеді. Сондықтан дауыссыздардың бұл түрлерін оқытуда оқушының ана тілінен алған
біліміне сүйенуге болады.
Сонымен бірге дауыссыздардың. бұл топтарының ішінде екі тілге
ортақ белгілері де бар.
Мысалы: с,п,т,м,б,з,д,ш,н.р сияқты дауыссыздар оқытуда қиындық
келтірмейді. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды білу, оларды дұрыс
айтуға ғана пайдалы емес, дауыссыздардың топтарын, түрлерін
білу де байланысты сөйлеуге қызмет етеді. Сондықтан дауыссыз-
дардың жүйесін білу қазакша орфоэпияны дұрыс қалыптастыруға
да, ойын да дұрыс жеткізуге, дағдылануға көмектеседі. Орыс
тілінде жоң қ,ғ,ңңһ дыбыстарын оқытуда мұғалім ерекше мән
береді
Оқушы бұл дыбыстарды* ана тіліндегі к,г,и, х дыбыстарына
ұқсатып айтады
2.3 Сөйлеудің фонетикалық бірліктері

Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі.
Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен
құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің
фонетикалық бірліктері (единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс.
Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады.
Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы
сүймеген үй иесі баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация. Интонацияны
құрайтындар: 1) Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе керісінше; әрбір
тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі
немесе құралы ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың
көтеріліптөмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады.
Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі бөлшектің
құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді.
2) Сөйлеудің темпі – шапшаң немесе баяу болуы;
3) Сөйлеудің үдемелілігі, айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі (демнің қатты немесе әлсіз шығуы)
дегенді білдіреді;
4) Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай «көңілді», «ойнақы»,
«қайғылы» немесе «қорқынышты» секілді түрліше болуы мүмкін. Сөйлеу әуені бар да, дауыс әуені
деген де бар. Дауыс әуені (мысалы, баритон, бас, тенор, сопрано, т.б.) мен дыбыс әуені сөйлеу әуенінен
басқаша болады. Бұларды бір-бірімен шатыстырмау керек.
Такт - фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді.
Тілдегі атауыш сөздердің әр қайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан өз алдына такт құрай алады.
Көмекші сөздер атауыш сөздердің не алдында не соңында келіп, олармен тіркескен қалпында бір такт
жасай алады. Ал, көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды.
2.4 Буын. Дауыс ырғағы, екпін туралы түсінік .
Буынға тән негізгі белгілер:
буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның
саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс
. 2. буында мағына болмайды.
Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар
бөлшектерге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды
сөздің бірінші буыны – ат (түбір), екінші буыны – ты – сын есім тудыратын
жұрнақ, үшінші буыны – лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік
жалғау. 3. қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе
жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды
(аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі. 4. қазақ
тілінің байырғы сөздері, буындары екі дауыссыздан басталмайды. 5. тіліміздің
байырғы сөздерінің соңында еліктеуіш сөздерден басқа екіден артық дауыссыз
дыбыс келмейді. Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей
болып келеді:
Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі арқылы
енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы: спорт, пункт,
спектр, спринт. Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу жік – жігімен айтылған
дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде
кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единицалары ретінде
қаралады: 1) фраза, 2)такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе фонема.
Буынның түрлері
Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар:
ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Жеке дауыстыдан болған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға бітетін буын
ашық буын деп аталады. М-ы: а-ға, ба-ла...
Дауыстыдан басталып, дауыссызға бітетін буын тұйық буын деп аталады. М-ы: ат,
ақ, ін...
Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған
дауыстысы бар буын бітеу буын деп аталады. М-ы: жоқ, зор, бұлт..
Сөз құрамындағы буындардың барлығы бірдей айтылмай,біреуі
басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады.Мұндай
қасиетке екпін түскен буын ие болады.Осыған орай бұл буын екпінді буын деп
аталады.
1. Буынның біруі басқа буындардан айрықша күшті
айтылуы лебізді немесе динамикалық екпін деп аталады.Динамикалық
екпін фонациялық ауаның қарқыны буынның күшімен байланысты болады. (славян,
герман, түркі т.б. тілдерге тән)
2. Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының
ырғағы арқылы ерекшеленіп дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне
негізделеді.Екпінің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады
(қытай,корей,жапон,литва).
3. Квантитативті екпін (количество).Басқа буынның ішінен бір буын өзінің
құрамындағы дауыстылардың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады.
2.5 Дыбыс. Әріп. Фонема.
Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары
мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ
тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген сөздердің әр басқа сөздер
екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа
болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр
басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да
ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай
фонема деген ұғым пайда болды. «Фонема сөздер мен олардың
дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге
келмейтін дыбыстық единица». Фонемаларды зерттейтін ілім
фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі
болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес.Кейбір
дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін
мәні айрықша боса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні
болмайды.
Фонема дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы
болғанда сөздің жігін өзгертіп,морфемалардың жігін
ажырататын дыбыс. Фонологияда дыбысты зерттейтін
фонетика да екі түрлі пән емес.Тіл туралы ғылымның бір бүтін
саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан
және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз
құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған
дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты
жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді.
Мысалы: сан – сән, сол – сөл, ар - әр т.б. Бірақ түркі тілдерде
дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті жоқ.
Ал орыс тіліндегі дауыссыздардың қасиеті түркі тілдердегі
дауыссыздардан басқаша болып келеді. Орыс тілінде белгілі
жағдайда дауыссыздардың жуан немесе жіңішке айтылуының
сөз мағынасын ажырататын қасиеті бар. Қатаң мен ұяң
дыбыстардың да мағына ажырататын қасиеті бар.
Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада: 1. сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ. 2.
дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс – сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі
- сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі
болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға
құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ
жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің
екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе,
кейде бір әріп – бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің
(ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі
айырмашылығы бар:
1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне,
не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс
мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге
келеді.
2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады,
бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.
2.6 Фонетикалық заңдар
1. Фонетикалық заңдар.
Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен
дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің
дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында
дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп
аталады. Фонетикалық заңдылықтардың тілдің немесе
тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі
қалпына да қатысы бар.
Фонетикалық заңдар туралы ұғым көбінесе белгілі бір
тілдің немесе туыстас тілдердің дамуының әр түрлі
кезеңдерінде дыбыстарының өзгеруінің бір ізділігін ашып
айқындаумен байланыстырылады.
Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете
түсіну үшін фонетикалық заңдарды білудің айрықша
маңызы бар. Алайда тек мұнымен шектеліп қою
жеткіліксіз болады. Тіл тарихын жете білу үшін
фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық
жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет.
Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен
семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын,
оның даму жолдарын танып білудің кілті.
Сөздік
Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы
Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы
Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім
Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин
Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин
Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы
ілім
Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
Лингвистика – тіл туралы ғылым
Лингвист – тіл маманы
Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім
Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі
Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін зерттейтін ілім
Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған
термин
Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған
термин
Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала
Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім
Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту
құбылысы
Семиотика – таңбалар жүйесі
Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді
Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі
Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы
Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала
Синхрония – гректің бір кездегі
Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық
тәсілі
Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі
Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы
Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс
Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім
Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы .
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тілінен саналы әрі тиянақты алған білімдерін іс жүзіне асыруда жүйелі
жұмыс тәртібі үлкен рөл атқарады. Сондыќтан өнімді әдістерді методика
ќаѓидаларына сәйкес жүргізіп отыру маќсаты көзделеді. Жоғарыда айтылѓан
әдістерді іске асыру арнайы таңдалѓан материалдар негізінде жүргізілетін
жұмыстың психологиясына байланысты. әдістің ќолданылу жүйесі білім алу
көздеріне негізделе отырып, мына сияқты жұмыстың басты процестерін ескереді:
әдістің іске асырылу жүйесі объектіні меңгертудің психологиялыќ басќыштарына
ќатысты. Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы бойынша бұрын өтілген
материалдар мен жаңадан өтілетін объектілер жөнінде оќушыларда белгілі
дәрежеде ұғым, түсінік пайда болады. Бұл кезде өтілген материалдар оқушылар
ойында сәлеленеді. Белгілі бір логикалыќ ойлаудың тәсілдері мен екінші сигнал
жүйелері нәтижесінде ой ќорытындысы жасалады.

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗАТ ЕСІМДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану
Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпқа сан есімді оқыту
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Әдістеменің атауы Әдістеменің мақсаты
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Пәндер