Уильям Шекспир




«Афиналық Тимон» трагедиясы: бейнелер мен стиль.

Диплом жұмысының мақсаты - Уильям Шекспирдің «Афиналық Тимон» трагедиясын тақырыптық, мәселелік, мазмұны мен образы, сонымен қатар стильдік мәселе тұрғысынан зерттеу. Ол үшін келесі міндеттерді шешу керек:
Диплом жұмысының міндеттері:
- өркендеу дәуірі мен оның әдебиетінің антикалық тақырыппен ХVII ғасыр гуманизмі негізі ретіндегі қарым - қатынасу мәселелерін қарастыру;
- шекспир шығармашылығындағы антикалық тақырыптың дамуын және оның шынай тарихи түрғыдан, сонымен қатар жалған кейіпкерлер мен жағдаяттар арқылы түсіндірілу ерешеліктерін бақылау;
- шекспирдің антикалық тақырыппен байланысты туындыларына қысқаша сипаттама беру;
- пьесаның жазылу тарихын, мазмұны мен кейіпкерлерін, сонымен қатар стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
ерекшеліктері анықталады.

Диплом жұмысының нысаны - Уильям Шекспирдің «Афиналық Тимон» пьесасы.
Диплом жұмысының құралы - тақырыптама, мәселенама, пьесаның стилі мен түр сипаты.
Диплом жұмысының өзектілігі - ұлттық және әлемдік әдебиеттің ұлы шеберілерінің бірі ретінде Уильям Шекспирдің шығармашылығын зерттеудің маңыздылығымен анықталады.
Диплом жұмысының жаңалығы Шекспирдің осы туындысының аз зерттелуімен айқындалады, оны одан әрі тереңірек зерттеу қажет.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлім мен қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде мәселе тарихына, Шекспир туралы әдебиеттерге қысқаша шолу жасалынады, диплом жұмысында қарастыру жоспарланған сұрақтар анықталады, тақырып дәйектемесі беріледі.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінде өркендеу дәуірінің антикалық тақырыппен байланысына, Шекспир шығармашылығының дамуына және драматург үшін антикалық тақырыптың маңыздылығы мен рөліне сипаттама берілді. Антикалық тақырыпқа арналған туындыларға, соның ішінде екі поэма - «Қателіктер комедиясы» атты комедия мен «Троил мен Крессида», «Кориолан», «Антоний мен Клеопатра», «Тит Адроник» трагедияларына қысқаша шолу жасалынды.
Диплом жұмысының екінші бөлімінде «Афиналық Тимон» пьесасының ерекшеліктері қарастырылған. Оның тақырыптамасы, мәселенамасы, стилі мен түр сипаты, сонымен қатар пьесаның философиялық үндестігі және ондағы бейнелеу - суреттеу құралдары қарастырылды.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері қорытындыланады және трагедияның стилі мен мазмұндық

Туған күні
23 сәуір 1564
Туған жері
Стратфорд Эйвон, Уорикшир, Англия
Қайтыс болған күні
23 сәуір 1616 (52 жас)
Қайтыс болған жері
Стратфорд Эйвон, Уорикшир, Англия
Мансабы
XVII ғасыр драматургы, ақыны
Шығармалардың тілі
ағылш. '
Қолтаңбасы
Уильям Шекспир

Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы Стратфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді (саудагер болған, қала мэры болып да сайланған) . Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда латын және көне грек тілдерін үйренді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады (ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т. б. ) . 18 жасында Уильям Анна Хесуэй деген өзінен 8 жас үлкен фермердің қызына үйленеді.


1612 ж. Шекспир туған қаласына қайтып оралады. Оның айналасында туғандары болады, бірақ сүйікті театры болмайды, ал театрсыз Шекспир өмір сүре алмады. 4 жылдан соң өзінің туған күнінде 23 сәуірде 52 жасында Шекспир қөз жұмды. Ол Стратфорд шіркеуінде жерленді

Уильям шекспир туындыларындағы көне тақырып
Қайта өрлеу дәуірінің асыл идеясы лайықты жеке тұлға туралы ой болатын. Уақыт осы идеяны қасіретті сынға салды, Шекспирдің шығармашылығы осының куәсі болды. Соңына қарай онда дауыл дәйек ойы ұлғая түседі, өйткені тап дауылдағыдай бәрі шыр айналып, матасып, жоқ болды.
Шекспир ұлттық мәдениет пен ағылшын тілінің қалыптасу үдерісін аяқтайды; оның шығармашылығы еуропалық Қайта өрлеу дәуірінің қасіретті қорытындысын шығарады. Кейінгі буынның жадында Жаңа уақыттың бастауында оның адами тұрпаттары мен өмірдегі оқиғалар галереясын жасаған бәрін қамтыған алып данышпан ретінде Шекспирдің бейнесі қалыптасты. Шекспирдің пьесалары күні бүгінге дейін әлемдік театр репертуарының негізін құрайды. Олардың көпшілігі әлденеше рет кино мен теледидар үшін экранға шығарылды.

Қайта өрлеу дәуіріндегі театрдың толық гүлденіп өсуі Шекспир шығармашылығымен байланысты болды. Осы тұста Ұлыбританияда К. Марлоның, Б. Джонсонның және т. б. драматургтердің шығармашылығы шырқау биікке көтерілді. 1576 жылы Лондонда тұңғыш театр ғимараты "Театр", бертін келе "Глобус" (1599), "Фортуна" (1600) салынды.

"Глобус" театры

"Глобус" - Лондонда 1599-1644 жылдары жұмыс істеген театр. Ғимараттың алдында рим жазушысы Петронийдің "Бүкіл әлем ойнайды" деген сөзі жазылған, Жерді иығына көтерген Геркулестің мүсіні тұрғандықтан театр "Глобус" атанды. Онда 1642 жылға дейін театрдың бас актері, трагик Ричард Бербедж (1567-1619) жетекшілік еткен "Лорд Камергердің қызметшілері" труппасы қызмет етті. Кейіннен труппаға Бербеджбен бірге Уильям Шекспир де басшылық жасады. "Глобуста" Шекспир және Қайта өрлеу дәуірінің басқа да драматургтері туындыларының қойылуы, бұл театрды елдің мәдени өмірінің ең басты орталықтарының біріне айналдырды.

Уильям Шекспир - ағылшын тілді жазушылардың ішінде ең ұлы. Оның пьесалары мен өлеңдер қазынасынан әрбір жаңа буын өзінің құпия мағынасын табады. Шекспир жиырма жыл бойы, 1592 бастап 1612 жылға дейін, екі монарх, Елизавета І (1558-1603) және Яков I (1603-1625) басқарған уақытта шығармашылықпен айналысты. Осы кезең ішінде Шекспир екі үлкен поэма, өзара байланысқан сонеттер циклін - әрқайсысында 10 буынды 14 жолдан тұратын ырғақты өлеңдер және 37 пьеса жазды.

Уильям Шекспир шығармаларының дамуы: оның эстетикасы және көркемдік қағидаттары. Оның шығармаларындағы көне материал ролі.
Шекспир шығармашылығы үш кезеңге бөлінеді.
Шекспир шығармашылығының бірінші кезеңі 1590-1600 жж. қамтиды. Оның алғашқы шығармалары 90-шы жж. басында жазылған: драмалық хроникалар, комедиялар және екі поэма «Венера мен Адонис» (1593), «Лукреция» (1594) . Бұл екі поэманы Шекспир граф Саутгемптонға арнаған. Осы жылдары аралығындағы пьесалары оптимистік сарында болып келеді. Комедияларында адамдардың бақытқа ұмтылу жолындағы кездесетін қиындықтармен күресі суреттеледі, жаңа дендеп келе жатқан буржуазиялық қатынастар әшкереленеді («Қателіктер комедиясы» - қойылуы 1594 ж., басылуы 1623 ж. ; «Асауға тұсау» - қойылуы және басылуы 1594 ж. т. б. І кезеңдегі пьесаларында Шекспир адамның және оның тұрған жерінің сұлулығын, өмірдің қарапайым қуаныштарын мадақтайды. Шекспирдің саяси көзқарасы пьеса-хроникаларында айқын көрінеді. «Генрих VI» (3 бөлімнің басылуы 1594-1623), «Ричард III» қойылуы басылуы т. б. пьеса хроникаларының негізгі идеясы - мемлекеттік бірліктің қажеттігі, феодалдық анархияны жою. Шекспир пьесаларында дүние жүзінде алғаш рет драматургия саяси күресті мифтік емес, реалистік әдіспен бейнеледі.

Шекспир шығармашылығының екінші кезеңі (1601-1608) .
Бұл жылдары ол бірқатар әлеуметтік- философиялық пьесалар жазды: «Гамлет» (1602), «Отелло» (1604), «Король Лир» (1606), «Макбет» (1606), «Антоний мен Клеопатра» (1607), «Афиналық Тимон» (1608), «Кориолан» (1608) т. б. Шекспир шығармашылығының желісі - қоғамның жаңаруын көрсету, қоғамдық зұлматтықтар мен адамды аздырар, өмірді сүреңсіз көрсетер діни сенімдерді әжуалау. Шекспир туындылары шындыққа қалтқысыз сенуді, өмірді сүюді уағыздайды. Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңі (1609-1612) бұрынғысынша зұлымдық пен адамгершіліктің күресін арқау ете отырып, тартысты көбіне ұнамды қасиеттің иесіне моральдық және реальдық жеңдіру арқылы шешеді. Бұл кезеңге «Перикл» (1609), «Цимбелин» «Қысқы ертегі» шығармалары жатады. Бұл трагикомедиялар - мазмұны драмалық болса да, соңынан жақсы аяқталатын пьесалар.

1590-жылдар аралығында Шекспир Лондонға келіп хроника жазуды бастайды. Шекспир хроникалардан - ұлттық тарихи оқиғалар туралы пьесалардан бастады, оның заңын ол Уақыт сөзімен белгіледі. Негізгі Шекспир хроникалары төрт пьесадан екі цикл құрайды (тетралогия) . Біріншісі - «Генрих VI» (үш бөлім) және «Ричард III». Екіншісі - «Ричард II» (1595), «Генрих IV» (екі бөлім; 1596-1598) және «Генрих V» (1599) . Бірінші тетралогияда Тағдыр мен Уақытты өзіне бағындыруға ұмтылған III Ричардтың мықты тарихи тұлғасы аласапыранның арасынан алға шығады.

Шекспир дәуірінде театр техникасы - Шекспир театрына, алғашқыда кезбе комедианттар топтары керуен және қонақ үй сарайларында қоятын спектакль жүйесі күмәнсіз сәйкес келеді; осы қонақ үй сарайлары әдетте екінші қабат бойынша ашық ярус-балконмен қоршалған ғимарат болып табылады, солар бойынша оларда бөлмелер мен есіктер орналасқан. Кезбе труппа, осындай сарайға енгенде, оның қабырғаларының тік бұрышының бірінде сахна қоятын; сарайда және балконда көрермендер орналасатын. Сахна тағандалған тақтай тұғыр түрінде орнатылған, оның бір бөлігі ашық сарайға шығатын, ал екіншісі, артқысы, балкон астында қалатын. Балконнан шымылдық түсірілген.

Шекспирдің комедиясы сатиралық емес еді, ол жанрдың одан кейінгі дамуының бәрінен осынысымен ерекше болды. Оның күлкісі өмірдің толысуын, оның қуатын, сұлулығын, құбылмалығын сезінуден бастау алады. Шекспир комедияларының өзінің ұлы тақырыбы бар ол - Жаратылыс. Өмір қызығын меңгерген болып көрінетін емес, шынайы нақты болмысымен берілген оның өзінің сүйікті кейіпкері - сайқымазақ бар. Шекспирдің барлық алғашқы комедияларын олардың бастапқыларының бірі - «Қателер комедиясының» атымен айқындауға болады.

Шекспирдің көне туындылары: «Венера мен Адонис», «Лукреция», «Тит Андроник», «Қателіктер комедиясы», «Троил мен Кресоида», «Антоний мен Клеопатра», «Кориолан».
Қателіктер комедиясы
Бұл пьеса - шекспирдің ерекше туындылдарының бірі - өмір жолында басып шығарылмады, тек қайтыс болғаннан кейін 1623 ж фолиода басылды. Мәлім болғаны сахнаға 1594 ж дейін қойылып шыққан. Бірақ дәлірек пайда болу уақытын белгілеуге бір тұспал көмек бола алады, оның мәтінінің мазмұны. «Қателіктер комедиясы» - бұл бөлек дүние, б. д. д ІІІ-ІІ ғасырдың римдік жазушысы Плавтаның «Менехма» комедиясының қайта жасалуы секілді. Оған қоса, Шекспир Плавтаның «Амфитриона» комедиясынан алынған, бірнешще кейіпті қосты, олар - егіздерге қосымшща жұп - қызметшілер. Бұл материалды таңдау және оның өңдеу әдебі шекспирлік пьесаның шынайылығын көрсетеді.

«Троил және Крессида»
Жанр, мерзімдеу, жасырын мағынасы, шығу жағдайы - барлығы осы шекспирлік шығармаларының бірқатар жұмақтарыболып табылады, осы уақытқа дейін қорытынды рұсатын ала алмады.
Пьеса 1609 жылы тек бір рет Шекспирдің өмірі барысында жарияланды, «Троил және Крессида тарихы» атауында, оның қызметшілері жүзеге асырған, «Глобус» театрында үлкен қойылым болды. Пьесаның шығу мерзімі келесі мәліметтерге негізделе қойылады. 1603 және 1604 жылдардағы бірнеше шығармаларда пьесаға бірқатар сілтемелер кездеседі. Басқа жағынан алып қарасақ, Бен Джонсонның «Стихоплет» пьесасынн аңғаруға болады, ол 1601 ж қойылған. Сол себепті шекспирлік пьеса 1602 ж жазылғаны анық.

«Антоний мен Клеопатра»
1608 ж пьеса кітапбасылымдарының тізімінде болғанымен, кітап басылып шығарылмады, тек пьеса мәтінін бере отырып, ең алғаш рет 1623 ж фолиода басып шағарылды.
Трагедияның екі тақырыбы - махаббат және саясат - бір-бірімен бірікті, бірақ біріншісі екіншісіне ықпал етпей, керісінше екіншісі біріншісімен бірігіп, оны әдемілей түсті. Барлығы мазасыз, субьективті, тұрақсыз болды. Сол себепті Антоний бұрынғы римдік емес. Филон айтқандай, рим ері рақат күй кешті.
Трагедияның басынан соңына дейін Антонийдің салмақтылығын, ерлігін, данышпандығын, адал сезімін, ұстамдылығын байқаймыз.

Афиналық Тимон»: құрылу тарихы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz