Астықты сақтау технологиясы


Slide 1

Астықты сақтау технологиясы

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Орындаған: Әбсадықова М.

Мырзамет А.

Қабылдаған: Карибжанова М. С

Группа: ТППК-51

Slide 2

Астық сақтау мәселелерінің технологиясы

Slide 3

Адамзат өсімдік өнімдерін, тіпті жабайы өсімдік дәндерін азық ретінде пайдаланғаннан бастап, оны сақтаумен айналысып келеді. Өсімдік дәндері, әсіресе, мәдени дақыл дәндері жылдың бір мезгілінде ғана өнім беретіндіктен және сол өнімді жыл бойы тұрақты түрде жасау, қалыпты тұтыну қажет болғандықтан өнімді сақтау мерзімін арттыруға, оның сапасын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілген. Азықтың бұл түрін сақтау үшін әр түрлі жер асты қамбалары, ағаштан, тастан жасалған жер бетіндегі қоймалар қолданылады. Оларға мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасау арқылы сақтау мерзімін арттырып отырды. Ол туралы мәліметтер археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында көптеп табылған. Солардың бірі ретінде осыдан 700-800 жыл бұрын Кап тауында жер астына көмілген жалпы сыйымдылығы 750 т болатын, көлемі әр түрлі 80-нен астам қыш құмыраларды айтуға болады. Құмыралардың кейбіріне бидай мен арпа дәндері сақталып қалған.

Slide 4

Сақтау кезiнде астық қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар:

1. Астықты сақтау экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық, фитосанитарлық талаптарға жауап беретiн, астық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн астық сақтау қоймаларында жүзеге асырылады.

2. Астық сақтау қоймаларының аумағы қоршаулы және атмосфералық жауын-шашын суағарларға бұрылған қатты жабыны болуы тиiс. Аумақтың карантиндiк және басқа да зиянды организмдермен залалданған учаскелерi залалсыздандырудан өтулерi тиiс.

Ғимараттардың жертөлелiк қабаттарының және жерасты тоннелдердiң жайғастырылуы оларға жерасты суларының өтуiн болдырмауы тиiс.

3. Астық сақтау қоймалары ғимараттарының құрылыс құрастырмаларының материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлуi тиiс.

4. Өндiрiстiк үй-жайлар қабырғаларының, төбелерiнiң, ұстайтын құрастырмаларының, есiктерiнiң, едендерiнiң, сондай-ақ силостар мен бункерлердiң қабырғалары томпақтарсыз, ойпақтарсыз, бүртiктерсiз болуы және оларды тазалау мен залалсыздандыруды жеңiл жүргiзуге мүмкiндiк берулерi тиiс.

Астық сақтау қоймаларының едендерi ойықтар мен жарықтарсыз болуы, тегiс асфальтбетонды жабыны болуы тиiс, қабырғаларының беттерi тегiс, тазалау мен залалсыздандыру үшiн қол жетерлiк болуы тиiс. Астық үйiндiсiне шыны түсуiн болдырмау үшiн терезелер iшкi жағынан тормен бiтелуi, шырақтар - торы бар қорғаныс қалпақтарымен қоршалуы тиiс. Белсендi желдету арналарының кiру тесiктерiнiң атмосфералық жауын-шашынның кiруiне жол бермейтiн, тығыз жабылатын қақпақтары болуы тиiс.

Slide 5

Астық сақтау қоймаларында:

1) астықпен бiрге басқа материалдар мен жабдықты сақтауға;

2) қоймалық үй-жайлардың iшiнде астық тазалау, басқа да машиналарда iштен жану қозғалтқыштарын қолдануға;

3) қойманың екi жақ қақпасы жабық тұрғанда жылжымалы механизмдермен жұмыс iстеуге;

4) қатты отынмен жұмыс iстейтiн кептiргiштерде тез тұтанатын сұйықтықтармен және жанғыш сұйықтықтармен, ал сұйық отынмен жұмыс iстейтiндер факелдың көмегiмен жағуға;

5) кептiргiштерде ақауы бар температура бақылау аспаптарымен және оттықтағы от сөнiп қалған кезде отынды берудi автоматты түрде тоқтататын қондырғысыз және электрлi тұтату жүйесiмен немесе оларсыз жұмыс iстеуге;

6) астықты транспортер лентасынан биiк етiп үюге және лентаның транспортер тетiктерiмен үйкелуiне жол берiлмейдi.

Slide 6

7. Жылжымалы кептiру агрегаты астық қоймасының ғимаратынан кемiнде 10 метр қашықтықта орнатылады.

8. Астықты астық қоймаларында желдету кезiнде желдеткiштер жанғыш қабырғалардан кемiнде 2, 5 метр аулақ орнатылғаны жөн.

9. Кептiргiштегi тетiктердiң мойын тiректерi мен басқа да бөлiктерiн пайдалану нұсқаулығына сәйкес тұрақты майлау қажет.

10. Астықты кептiру кезiнде оның қызмет көрсетушi тұлғалары жұмыс уақытында кептiру ғимаратында ешқайда кетпей болғаны және оның жүзеге асырғаны жөн.

11. Сақтауға келiп түскен зиянкестер ластаған астық физикалық (суыту, кептiру, тазалау) және химиялық әдiстердi қолдана отырып өңдеуге тартылуы тиiс. Химиялық залалсыздандыру үшiн құралдар пайдаланылады.

12. Астық қоймасына астық түскен сәттен бастап оны сақтаудың барлық кезеңi iшiнде астықтың әрбiр партиясының сапасы мен жай-күйiн жүйелi қадағалау жүзеге асырылады. Қадағалаулар астықтың ылғалдылығына, температурасына, зиянкестермен залалдануына, иiсiне және түсiне жүргiзiлуi тиiс.

13. Сақтау кезiнде астықтың температурасы мен ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтың болуы астық сақтау қоймалары үшiн мiндеттi талап болып табылады.

Slide 7

Астық массасының қасиетінің жалпы сипаттамасы

Slide 8

Астық массасының барлық қасиеттерін тәжірибеде келесідей 2 топқа бөледі:

Физикалық

2. Физиологиялық

Астықтың физикалық қасиеттерін пайдалана отырып, жұмыс тиімділігін арттыруға, жұмсалатын шығын көлемін азайтуға болады.

Өндірісте бұл қасиеттер міндетті түрде бақыланып отырады.

Сондай-ақ, астықтың бұл қасиеттері сақтау режимі мен тәсілдерін таңдағанда, технологиялық процестерді автоматтандырғанда, тазалау, кептіру жұмыстарын жүргізгенде, бір жерден екінші жерден жылжытқанда элеваторлар мен ірі қоймалардың жобасын дайындағанда ескеріледі. Сақтау кезінде есепке алынатын астықтың негізгі физикалық қасиеттеріне оның сусымалылығы, өздігінен ерекшеленуі, қуыстылығы, ылғал мен газдарды сіңіруі, жылу сыйымдылығы, жылу өткізгіштігі, ылғал өткізгіштігі және т. б жатады

Slide 9

Бидай Сұлы Қарақұмық

Күріш Арпа Тары

Дәнді дақылдар

Slide 10

Астықтың сусымалылығы. Астықтың бір қасиеті оны бір жерден екінші жерден жылжытуда, жоғарыдан төмен қарай қозғалтуда, конвеирлерді, көтергіш құралдарды қолдануда өте тиімді. Әсіресе, автомашина немесе вагон қораптарынан астықты түсіруде есепке алынады. Астық массасының сусымалдылығы «Үйкелу бұрышы» мен «өздігінен құлау бұрышы» арқылы анықталады.

Астық жинайтын машинаның суреті және сызбанұсқасы

Slide 11

Ылғалдылық бойынша астықтың жай-күйi*

Жаңа жиналған астық (қабылдаған сәтiнен бастап үш ай iшiнде)

Басқа астықтың температурасы

+10оС-тан жоғары

+10оС-тан 0-ге дейiн

0оС және төмен

құрғақ және орташа құрғақ

5 күнде 1 рет

15 күнде 1 рет

15 күнде 1 рет

15 күнде 1 рет

ылғалды

күн сайын

2 күнде 1 рет

5 күнде 1 рет

15 күнде 1 рет

дымқыл

күн сайын

-

-

-

Бидай, қара бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, тритикале, дәндi бұршақ дақылдары

Астық температурасын бақылау жиiлiгi

Slide 12

С. Г. Герасимовтың зерттеуі бойынша элеватор силостарыдың өздігінен ерекшелеудің 3 түрі бар :

Қалыпты ерекшелну;

симметриялы ерекшелену;

ассиметриялы ерекшелену.

Физикалық заңдылыққа байланысты зат жоғарыдан төмен қарай құлағанда, ауа кедергісіне ұшырап, бір қалыпта туспейді.

Қабырғаға жақын жиналған жеңіл қоспалар, ұсақ дәндер ауа алмасу процесін нашарлатып, өнімнің ішкі қабатынан ауаның дұрыс бармауына әкеліп соқтырса, ал орта шеніне жиналған ылғалы мол ауыр дәндер, қоспалар оны қыздырады.

Украинадағы астыққа арналған элеватор силостары

Slide 13

Өздігінен қызудың кез-келген түрінің дамуының жалпы заңдылығы бар

Slide 14

Астық массасының құрамына және қасиетіне әсер ететін факторлар

Slide 15

Астық массасының құрамы.

Астық қоймалары 100-ден астам дән, бұршақ, майлы және құрама жемдік дақылдары қабылданады. Көптеген сыртқы өзгешеліктеріне қарамастан барлық астық партияларының өңдеу және сақтау объектісі ретінде ұқсастық жақтары бар.

Астықты өсіру, ору, оны қоймаларға тасымалдау кезінде көптеген қоспа компоненттер қосылады, сондықтан оның құрамын білген дұрыс. Астық массасының құрамына мыналар кіреді:

1. Негізгі дақылдардың дәні, тұқымы және басқа түрдегі дәндер де кіреді;

2. Минералды және органикалық түрдегі қоспалар;

3. микроорганизмдер;

4. Зиянкес жәндіктер;

5. Дән ауалық арасы бар қуыстар.

Сонымен астық массасының құрамы тірі организмдер комплексінен тұрады. Астық массасының жалпы қасиеттері екі топқа бөлінеді: физикалық және физиологиялық болып аталады.

Slide 16

Астық массасының құрамына және қасиетіне әсер беретін факторлар.

Бұларға әсер беретін факторлардың қатарына мыналар жатады: - табиғи климаттық жағдай;

- дән және тұқымның сорттық өзгешеліктері; - астық өнімін ору және оны тасымалдау жағдайлары; - бастапқы кездегі астықты сақтау жағдайы. Табиғи-климаттық жағдай дән дақылдардың өсіп дамуына, дәндерінің

химиялық құрамына, олардың сандық мөлшеріне көп әсер береді.

Жаңбыры көп болатын ылғалды жерде дақылдың өнімділігі жоғары болады да, бірақ азот мөлшері аз жиналып дәннің белоктық шамасы төмен келеді.

Астық дақылының өнімі пісіп келе жатқан кезде ауаның ыстығы 350-400С шама кезінде дән құрғап кетеді, керекті пластмасса түріндегі заттардың қозғалысы тоқтап қалады. Ол толығымен пісіп жетілмейді. Егін даласынан келіп түскен астық массасының құрамында өлшемі, салмағы, қалпы, химиялық құрамы, биологиялық өзгешеліктері бар әр түрлі дәндерден құралады. Осының көп өзгешілікте болуы табиғи-климатттық жағдайда көбірек байланысты болады.

Slide 17

Астықты ору және сақтауға дайындау

Slide 18

Астық өнімін ору және оны тасымалдау жағдайлары. Астық массасының құрамы мен қасиеттеріне ору технологиясының әдістері, орудан кейінгі өңдеу мен сақтау өзгешеліктері, астықты комбайннан оны жайғастырып сақтау үшін тасымалдау жұмысының жүргізу жүйесі, техникалық шарттардың орындалу тәртібі т. б. әсер етеді. Ең басты дер кезінде оруды ұйымдастыру және лайықты әдістерді таңдап қолдану, көп шығының болмауын тудырады.

Ерте немесе кеш ору астықты сандық және сапалық шығымын көбейтеді. Орудың мына әдістері бар: тура комбайнмен ору; егінді жатқызып ору, кепкен соң астықты комбайнмен жинап, дәнін бөліп шығару; жаңа индустриялы технологиямен үйінде түрде астықты орып, кепкен соң майдалау.

Астықты тасымалдау жолдары да әр түрлі болып келеді: егіс даласындағы комбайннан астық массасын транспортпен астық кәсіпорындарына жеткізу; егіс даласындағы комбайннан астық массасының бір бөлігін тікелей үлкен қоймаларға, ал қалғанын фермерлік, астық токтарына тасымалдау; егіс даласындағы комбайннан астықты түгелдей фермерлік кіші қоймаларға, одан соң үлкен қоймаларға тасымалдау.

Осы тасымалдау жүйелеріне байланысты астық массасының бастапқы сақталу жағдайлары әр түрлі болып келеді. Яғни оның ылғалдылығы және демделу тездігі.

Slide 19

Ауыл шаруашылығы дақылдарын ысырапсыз тез, қолайлы да қысқа мерзімде жинау, қоймаға тасымалдау, сақтауға не сатуға әзірлеу жұмыстары. Егін жинаудың екі әдісі бар: 1) комбайнмен тікелей ору; 2) бөлектеп ору. Бөлектеп ору әдісі екі не үш сатыдан тұрады. Бұл әдіс бойынша егін орылып, дестеге салынады. Бұдан соң салынған десте жинағышы бар комбайнмен жиналып бастырылады. Егіннің ерте не кеш пісуі басқа да талаптармен (топырақ құрамы, ауа райының жағдайлары, т. б. ) қатар дақыл сорттарының биология ерекшеліктеріне де байланысты. Мыс, Қазақстанның тың игерген облыстарында қуаң жылдары егін 13 - 15 тамызда, ал жауын-шашыны көп жылдары 10 - 15 қыркүйекте піседі. Осыған орай республикамыздың егіні өте кеш пісетін солт. облыстарында Егін жинаудың бөлектеп ору әдісі көбірек қолданылады. Мұнда астық тиейтін жүк машиналары егін орып жүрген әрбір комбайнға бекітіліп беріледі.

Slide 20

Астықты қабылдау, орналастыру

Және сақтаудың технологиялық негіздері

Slide 21

Астықты қабылдау және өлшеу тәртібі

1. Бақылау үшін қайта өлшеп таразы журналдарына тиісті белгі қою арқылы таразылардың дұрыстығына және астықты таразыға тартудың дұрыстығын күн сайын тексеріс жүргізіледі.

2. Қағида 1-қосымшада көрсетілген Технохимиялық бақылау схемасына сәйкес жүзеге асырады.

3. Астықтың партияларын қалыптастыру және оны орналастыру қолданыстағы мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық стандарттар (бұдан әрі - стандарттар) бойынша жүзеге асырылады.

4. Астықтың партияларын қалыптастыру кезінде (күріштен, рапстан, күнбағыстан, жүгеріден, тарыдан және қытай бұршақтан басқа) өңдеуге дейінгі ылғалдылығы және арамшөпті қоспалары бойынша былай орналастыруға болады:

1) ылғалдылығы бойынша;

құрғақ және орташа құрғақ;

ылғалды;

22 %-ға дейін ылғалды; «есептеу табиғаты» деген көрсеткіш қолданылғанда - 23 %-ға дейін;

22 % -дан жоғары ылғалды арасы 6 %; жүгері дәні үшін - 5 %;

2) арамшөпті қоспалары бойынша:

таза және орташа таза;

стандартқа сәйкес шектеу нормаларына дейін арамшөпті;

стандартқа сәйкес шектеу нормаларынан артық арамшөпті.

Slide 22

5. Ылғалды және дымқыл астықты рециркуляциялық кептіргіштері бар технологиялық желілерге жібергенде партияларды қалыптастыру астықты ылғалдылық және арамшөпті қоспалары жағдайлары бойынша бөлмей-ақ жүргізіледі.

6. Сұлының, тарының, қарақұмықтың, күріштің, асбұршақтың, жасымықтың, үрме бұршақтың, арпаның, күнбағыстың құнды сорттарының астығы бөлек орналастырылады.


Ұқсас жұмыстар
Астық қоймалардың сыйымдылығын есептеу
Дәнді ақтау
Астықты тазалау сапасын бақылау
Астық шаруашылығы - дәнді дақылдар өндіру жүйесі, Қазақстандағы егіншілік кәсібінің негізгі саласы
Азық және азық қоспаларына қойылатын талаптар
Астықтың орудан кейінгі пісіп жетілуі
Жарма алудың аппаратуралық - технологиялық схемаларын қарастыру
Өздігінен қызудың шығу көздері
ОЗОН - АУА ҚОСПАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДӘНДІ
Қара бидай ұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz